2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы


Бірінші класс баласының сөзі



бет55/72
Дата05.02.2022
өлшемі1,36 Mb.
#12789
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   72
Бірінші класс баласының сөзі
Менің оқып-жазғаным –
Алтын, күміс қазғаным.
Ел көгіне ұшуға
Құс боп қанат жазғаным.


1914
Әділ сөйле
Ерме жалған -өсекке,
Айтқын сөздің әділін.
«Бас кеспек бар» - десек те,
Тіл кеспек жоқ жан інім.
1914
12 дәріс сабақ. Тақырыбы: Татар әдебиетіне жалпы шолу
6. Татар әдебиеті
Жазба әдебиеті көне дәуірден басталады. Ең көне үлгілері – Ғалидың ізгі махаббаты жырлаған «Жүсіп және Зылиха» (13 ғ-дың басы) поэмасы мен авторы белгісіз діни-эпикалық «Кесікбас» («Кисекбаш») жыры, «Сопыларға өсиет» атты дидактикалық шығарма т.б. сондай-ақ Алтын Орда дәуірінде жазылған. Құтбтың (14ғ) «Хұсрау және Шырын» (1342) поэмасы мен Хорезмидің «Махаббат кітабы»(1354),беріректегі Махмұт Бұлғаридің «Жұмаққа жолы» (1370) мен Мұхамедиярдың әр алуан поэмаларын (16ғ.) атауға болады. Феодализм дәуіріндегі татар жазба әдеиеті суфизмге негізделген діни-дидактикалық сипатта дамыды. Мұның өкілдері: Мавля Кули (17ғ.2-жартысы), Утыз Имяни(1754-1834), Шамсетдин Заки (1825-65) және т.б. болды. 18 ғ-дағы әдебиетте саяхатнамалар (Ғали Чокри, 1826-89) басым болса, 19ғ-да діни мадақ өлеңдер, хат, әңгімелердің авторларымен қатар, Әбділманих Ғабдессалямолв –Қарғалы (1782-1828), Ғабделжаббар Қандали(1797-1860), Мифтахетдин Ақмолла (1831-95), Яков Емельянов (1848-99) тәрізді татардың реалистік поэзиясының қалыптасыуна елеулі үлес қосқан бір топ ағартушы ақын-жазушылар әдебиет майданына келді.
19ғ. әдебиетінде мұсылмагдық схоластикаға қарсы ағартушы-демократиялық бағыт кең өріс алды.бұл тұста Әбунасыр Курсави (1776-1818) бастаған антифеод. Күресті Шигабутдин Маржани (1813-89) одан әрі жалғастырадлы. Каюм Насыри (1825-1902) өзінің әдеби, ғылыми пед.еңбектерімен ттардың қазіргі әдеби тілінің негізін қалады. Ақмолла, Загир Бигеев (1870-1902), Ғадірахман Ильяси (1856-95), Фатих Халиди (1851-1923) шығармаларында адамгершілік, ізгілік пен зұлымдық, надандықтың бітіспес күресі сипатталады. Закир Хади (1863-1933), Шакир Мұхаммедов (1865-1923) бастаған бұл күрес 20ғ-дың басындағы әдебиетте революциялық-демократиялық бағытқа келіп ұласты. 1905-07 жылдардағы революция тұсында татар тілінде газет,журналдар шыға бастады, әдеби-сын, революциялық публистицтика дамыды. Дәл осы тұста бүкіл халықтық демократиялық қозғалысқа Ғабдулла Тоқай (1886-1913), Ғалымжан Ибрагимов (1887-1938), Мажит Ғафури (1880-1934),Ғ.Камал (1879-1933), Ф.Амирхан (1886-1926), Ш.Камал (1884-1942) тәрізді ақын, жазушылар жігерлі үн қосты. Рев.-демокр. идеология мен либералдық-буржуазия күшейе түсуі пролет.әдебиеттің тууына жол салды. Бұл жағдай революционер – жазушы Ғ. Құлахметов (1881-1918) творчествосынан айқын көрініс тапты. әдебиетке С.Рамиев (1880-1926), З.Ярмаки (1890-1965),Ш.Бабич (1895-1919), Мұхаммед Ғали (1893-1952),Ф.Валиев (1892-1914), М.Файзи (1891-1928), К.Тинчурин (1887-1947) тәрізді ақын, жазушылар қосылып, Ұлы Октябрь революциясын құшақ жая қарсы алды. Азамат соғысы жылдары әдебиет майданына Ш.Усманов (1898-1937), М.Мақсұт (1900-62), Қ.Нажми (1901-57), Мұса Жалил (1906-44), Х.Такташ (1901-31), А.Шамов (1901ж.т.), Б.Рахмат(1897-1957) тәрізді жауынгер жазушылар келіп қосылды. Татар совет әдебиетінің 20 жылдардағы туындылары Ғ.Ибрагимовтың «Қызыл гүлдар» (1922) повесі мен «Терең тамырлар» (1928) романында, Ш.Камалдың «Таң сәріде» (1927) романы мен Қ.Нажмидың «Шұғылалы соқпақ», «Күн астындағы жаңбыр» (1930) повестреніде, сондай-ақ Ф.Бурнаш (1898-1946), Х.Туфан (1900 ж.т.) шығармаларында жаңа өмірдің жалынды күрескерлерінің бейнелері жасалып, дәір көріністері эпикалық сипат алды. 30 жылдары татар әдебиетінде соц.реализм қалыптаса бастады. Еңбек, коллективтендіру, өндіріс тақырыбы өз шешімін тапты. Осы тұста Ш.Камалдың «Жақсылық пайда болғанда» (1937), М.Ғаляудың (1887-1938) «Мұхаджар» (1934), М.Амирдің (1907 ж.т.) «Ақ Еділ»(1936), Ғ.Башировтің (1901ж.т.) «Сиваш» (1937) роман, повестері жарық көрді. Бұл кезең әдебиетінен адамның рузани өмірін филос.мәнмен жырлайтын А.Файдидің (1903 – 58) «Флейталар» поэмасы мен «Тоқай» драмасы елеулі орын алды. Әдебиеттің өзге жанрлары да даму, өолеу үстінде болды. Комедия жанрларында К.Тинчурин (1887-1947), Хұсни, Н.Исанбет (1900ж.т.) тәріздес жазушылар көзге түсті. Ұлы Отан соғысы жылдарында көптеген ақын, жазушылар майданға аттанып, жауға қарсы күресте қаламымен де, қаруымен де қажырлы еңбек етті. Мұса Жалил, Ф.Карим, С.Хаким (19911 ж.т.), М.Садри (1903 ж.т.), З. Нұри (1921ж.т.), С.Баттал (1925ж.т.) жырлары мен Нәжми, Ғази, Х.Усманов (1908ж.т.), Т.Гиззат (1895-1955). Н.Исанбет (1900ж.т.) шығармалары соғыс жылдарының әдеби жылнамасына айналды. Мұса Жалилдің «Маобит дәптері» кейін тарихи өшпес даңққа бөленді. Соғыстан кейінгі дәіур әдебиетінде бейбіт кезең мен коммунизм орнату жолындағы қажырлы еңбек тақырыбы кең орын тепті. Бұл кезеңде қысқа әңгіме, повестремен қатар эпикалық туындылар да бой көрсете бастады. Қ.Нәжмидің «Ескек жол» немес «Көктем желі» (1948), Башировтың «Намыс», Абсалямовтың «Ғазинұр» (1953), Ғазидің «Ұмтылмас жылдар» (1-3кіт., 1949-66), Әмірдің «Таза жаны» (1-2бөл., 1954-60) мен т.б. көптеген туындыларда замандас бейнесі жасалды. Бұл жайт драматургия саласынджағы Ишмұратовтың «Дауылға қарсы» (1964), Исанбеттің «Мұса», (1956), Әмірдің «Бостандық» (1960), Ш.Хұсайыновтың «Зүбайда – адамзат баласы» (1965), Х.Вахиттің (1918ж.т.) «Алғашқы махаббат» (1960) атты шығармаларынан да жақын көрініс тапты. Балалар әдебиеті дамыды. 60 жылдары И.Юзеев (1933ж.т.), Ш.Ғалиев (1928 ж.т.) Э.Мәліков (1921ж.т.), С.Сүлейменова (1926ж.т.), Р.Файзуллин (1943ж.т.), Р.Харисов (1941ж.т.), Н.Фатах (1928ж.т.) Э.Қасимов (1930ж.т.), Ю.Аминов (1924), С.Шүкіров (1918ж.т.), Т.Минуллин (1935ж.т.) және т.б. көптеген жастар келіп қосылды.
Сын мен әдебиет тану ғылымы да өсіп өркен жайды. Танымал ақын, жазушылар творчествосы мен әдебиет тарихына арналған бір топ монографиялар жарық көрді. «Татар совет әдебиетінің тарихы» жазылды (1965). Бұл іске Х.Усманов (1908ж.т.), М.Ғайнуллин (1903ж.т.), Ғ.Халит (1915 ж.т.)Б.Ғиззат (1918ж.т.), Ғ.Кашшаф (1907ж.т.), Х.Хайри (1910ж.т.), Р.Бикмұхамедов (1928ж.т.), Н.Юзеев (1931 ж.т.), Р.Мұстафин (1931ж.т.) және басқалар қатысты. Татар әдебиетінен қазақ тіліне Ғ.Тоқайдың «таңдамалы шығармалары» (1952,1975), «Жезтырнақ» (1957), «Шөрәлі» (1966) атты жинақтары, Ғ.Ибрагимовтың «терең тамырлар» (1936), «Қазақ қызы» (1960), «Біздің күндер» (1971), Нәжми Қауидің «Көктем желі» (1952), Хусни Фатихтың «жаяудың соқпағы» (1960) романдары, Жалил Мұсаның «Жырларым» (1955), «Соғады жүректері»(1966), И.Салаховтың «Көкшетау жырлары» (1961) жинақтары, Ш.Усмановтың «Торғай даласында» (1972) повестер мен әңгімелер жинағы, Исанбет Нәкидің «Мұса Жалил» (1962) трагедиясы т.б. шығармалар аударылған.
13 дәріс сабақ. Тақырыбы: Ғ.Тоқай шығармашылғы

14 дәріс сабақ. Тақырыбы: Түркімен әдебиетіне жалпы шолу. «Көрұғлы» - батырлық эпос. Түркімен әдебиетінің классигі – Мақтымқұлы Фраги.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет