Аалы Токомбаев
(1904-1988)
Сонымен қатар алаштың ардағы Әокей Марғұланмен түйдей құрдас, туысқан қырғыз халықының үлкен ақыны, жазушы, қоғам қайраткері Аалы Токомбаев биылғы жылы 100 жасқа толады екен.
Ол Шоңкелін ауылында, Қырғызстанда 1904 жылы кедей әулетінде туды. Ташекеттегі В.И.Ленин атындағы Отраазиялық коммунистік университетін бітірген.(1922). Қырғыз тіліндегі алғашқы газет 1924 жылы шыққан, мұнда негізінен Қырғыз совет поэзиясының бастауында тұрған Тоқтағұл Сталығанов, Аалы Токомбаев сынды ақындардың өлңдері жарияланды. Токомбаевтың есімімен қырғыздың жазу әдебиетінің туып, дамуы байланысты. Оның алғашқы шығармаларының тақырып аясы кең, революциялық пафос тын. Алғашқы өлеңдер жинағы «Ленин хақында» (1927) – ақын халықтың жоқтау жырларының үлгісін пайдаланып, көсемнің ажалына қайғырып, жоқтау айтады.
«Әйел афнасы» атты кітапта (1929) қырғыз әйелдерін социалистік құрылысқа белсене араласуға шақырады. Оның 30ж. туындылары осы заманғы тақырыптарға арналған: «Еңбек гүлі»(1932), «Шабуыл»(1933), «Алғашқы жырлар» (1934), «Тұтқын Марат»(1932) және басқалары.
Аалы Токомбаев 1934-49 жылға дейін Қырғыз Жазушылар одағының басқармасының төрағасы қызметін атқарды. Қырғыз Ғылым Академиясының академигі болды. Жоғары кеңестің депутаттығына сайланып, қоғамдық өмірге етене араласты.
30ж. аяғы мен 40ж.басында ол «Днестр терең теңізге құяды»(1939), «Жараланған жүрек»(1940), «Әуен сыры», «Дат»(1940) шығармаларын жариялайды.
Ұлы Отан соғысының отты жылдарында ақынның дауысы ерекше қуатпен естілген еді. «Мен жауынгер», «Алға», «Кек аламыз» атты өлеңдері мен дастандары «манастың жерлесі»(1941), «Жиырма сегіз туралы», «Алғыс» атты өлеңдер жинағы (1944) жарық көрді. Сондай-ақ қырғыз театрларының сахналарында бірнеше пьесасы табыспен жүрді.
Соғыстан соңғы жылдарда Аалы Токомбаев ірі реализм шебері ретінде қалам сермейді. Бұл кезеңнің туындылары: «Өз көзіңмен», «Майлыбай»(1953), «Менің метрикам»(1955), «Қобыз күйі»(1960) деп аталады.
Аалы Токомбаев өлеңмен роман жазған адам. «Таң алдында» - сюжеттік негізінде қырғыз халқының патша өкіметіне қарсы азаттық күресінің оқчиғалары алынған. Бірінші бөлімі –«Қанды жылдар», екінші бөлім «Таң алдында» деп аталатын бұл өлеңмен жазылған роман 1967 жылы Тоқтағұл Сатылғанов атындағы республикалық Мемлекеттік сйылықты алды.
Аалы Токомбаев шығармалары СССР халықтарының көп тілдеріне аударынлған.
Аалы Токомбаев ана тіліне Низами, Гете, Пушкин, Шиллер,Лермонтов, Абай, Жамбыл, Маяковский, Маршак жырларын аударды. Оның есімі қырғыздың жаңа заманғы әдебиетінде әдеби сын мен публисцитиканың басында тұр.
Түгелбай Сыдықбеков
Кеңсу ауылы, Қырғызстан республикасы, Ыстықкөл облысы, Түн ауданында туған. Қырғыз кеңес жазушысы. Қырғыз ҒА-ның академигі.(1954). Кедей шаруа отбасында туған. Әдеби қызметін 1928 жылдан бастады. «Күрес» атты тұңғыш өлеңдер жинағы 1933 жылы шықты. «Батырлар» (1936), «Ақын бұлбұл» (1938) өлең кітаптары басылды. Сыдықбеков 1935 жылы қырғыз әдебиетіндегі тұңғыш роман «Кеңсуды» жазды. (1-2кітап, 1937-38жылы жарияланды). 1939-40 жылы «Темір» романы жарық көрді. Сыдықбековтың даңқын шығарған –«Біздің заманның адамдары» атты романы (1948, Кеңестік мемлекет сыйлығын алған, 1949 жылы қазақ тілінде 1950). Бұл роман бірқатар шетел тілдеріне аударылды. Сыдықбеков шығарамаларында «Тау ішінде» романы ерекше орын алады. Оның 1-ші кітабы 1955жылы (қазақ тілінде,1961ж), 2-ші кітабы 1958 жылы (қазақ тілінде 1961ж) басылды. Бұл шығарма – «Кеңсу» романынның қайтадан өңделіп басылғын нұсқасы. Сыдықбеков 1955 жылы «Зайыптар» атты трилогиясының алғашқы екі кітабын жариялады. Ол қырғыз балар әдебиетін дамытуға да үлес қосқан жазушы. Бұл салада оның «Тау балалары » атты романның (1952, қазақ тілінде 1956) орны үлкен. Ең Қызыл Ту ордені мен және медальдармен наградталған.
Қ.с.энц.481бет 10 том.
№10 дәріс сабақ. Тақырыбы: Өзбек әдебиетіне жалпы шолу. Әлішер Науаи шығармашылғы.
Өзбек әдебиеті
Өзбек әдебиетінің ұзақ тарихы бар. Ол халық ауыз әдебиеті мен көрші халықтар әдебиетінің ықпалы негізінде қалыптасқан. өзбек әдебиетінде әлемдегі фольклордың барлық түрлері кездеседі: эпостық циклдер, лиро-эпостық жырлар, салт жырлары, жоқтау, сықақ т.б. Аталған жанрлардың ішінде көш орын алатыны – халық өмірін баяндайтын тарихи оқиғаларға құралған дастандар. Оларға «Күнтуғмиш», «Алпамыш», «Таһир мен Зуһра», «Арзигүл», «Ашиқ пен Ғариб» т.б. жатады. Өзбек әдебиетінің дамуына Ахмет Югнаки,Құтыб, Хорезми, Дүрбек секілді Орта Азия түркі әдебиетінің белгілі өкілдері мен парсы-тәжік әдебиетінің классигі Жәми творчествосы үлкен ықпал жасады. Өзбек әдебиетінің дүние жүзі әдебиетіне белгілі болып, кеңінен танылуына Лутфидің шәкірті Ә.Науаидің творчествосы негіз болды. Ол сол кездегі дәстүр бойынша өз өлеңдерін парсыша жазумен бірге өзбек (түркі) тілінде де жазған. Науаи «Екі тілдің таласы» атты кітабында өзбек тілінің поэтикалық байлығы мен мүмкіндігін теориялық жағынан дәлелдеп шықтыү 16ғ-да өзбек әдебиетінің игі дәстүрін жалғастырушы Бабыр болды. Ол өзінің «Бабырнама» атты көлемді шығармасы арқылы өзбек әдебиетінде әдеби мемуарлық шығарманың негізін салды. 17ғ.мен 19-ғ-дың 1-жартысы аралығында Тұрды, Гүлхани, Мунис, Хорезми (1778-1829), Агаки (1809-1874) секілді ақындар мен Надира (1791-1842), Увайси (1780-1850), Махзуна сияқты ақын қыздар творчествосы елеулі орын алды. 19ғ-дың 2-жартысында өзбек халқының Россияға қосылуы, өзбек әдебиетінде демократтық-ағартушылық идеяның пайда болуына себепші болды. Мыс., Мұқими (1850-1903), Фурқат (1853-1909), Дилшад (1800-1905) секілді ақындар халықты оқу-ағартуға, орыс мәдениетінен тәлім алыға, ауыз бірлікке үндеді. Әсіресе ағартушылық-демократтық идеяны үгіттеу Х.Хакімзаде Ниязи (1889-1929), С.Айни (1878-1954), А.Қадыри(1894-1940)шығармаларында кең орын алды. Олар өз шығармалары арқылы халықты отаршылдық мен феодалдық езгіге қарсы күреске шақырып, әйел теңдігі мен бұхара халықтың саналы түрде топтасуын қозғауды негізгі тақырып етіп алды. Өбастаушылары да Айни мен Хамзаның революциялық рухта жазылған «Бай мен батырақ (1927) драмасы, «Кеңес жасасын, «Ей, жұмысшылар т.б. өлеңдері жаңа заманды, соц. өмірді насихаттады. Айнидің реалистік прозалары мен А.Қадыридің «Өткен күндер» (1925), «Мехрабтан шаян (1929) романдары өзбек әдебиетінде алғашқы жазылған романдар болды.
20ғ-дың басында Ғ.Ғұлам (1903-66), Айбек (1905-68),Х.Әлімжанов (1909-44),А.Қаһар (1907-68), К.Яшен (1909ж.т.), Ұйғын (1905ж.т.), т.б. жазушылар қосылды. Бұл кезде өзбек әдебиетінің өкілдері қала мен ауылдағы соц.құрылыс жеңістерін суреттей отырып, ескіліктің кесапатын әшкереледі. Әсіресе дінге, аяққа басылған әйел теңдігі мәселелеріне үлкен көңіл бөлді. Байлар мен секілікті сақтауға жасаған түрлі тап жауларын сынайтын «Муштум» сатиралық журналы шыға бастады. Ол өзбек әдебиетінде памфлет, фельетон жанрларының дамуына негіз болды. 30 жылдары ақын-жазушылардың шеберлігі артып, натуралистік баяндау тәсілінен арыла бастады. өзбек совет әдебиеті поэзия жанрының көне классикалық дәстүрін жалғастыра отырып, жаңа бағыт, жаңа түр мен мазмұнға ие болды. Бұл ретте, әсіресе, В.Маякрвскийдің жаңашыл әдісін үйрену, оны өзбек әдебиетіне қолданудың ерекше орны болды.
өзбек әдебиеті туындылары СССР Жазушыларының 1-съезі қарсаңында СССр халықтары тілдеріне аударылып, Одақ көлемінде кеңінен таныла бастады. Ұлы Отан соғысы жылдары өзбек ақын-жазушылары Отан қорғау тақырыбын өз шығармаларына негізгі өзек етті. Ғ.Ғұлам»Шығыстан келемін» атты жинағына енген өлеңдері, Айбек тарихи өмірбаяндық «Науаи»(1945) романы, Ұйғын мен И.Султан «Әлішер Науаи» драмасы үшін СССР мемлекеттік сыйлығының лауреаты болды. Өзбек әдебиетіндегі Отан соғысы тақырыбына байланысты өзге халықтардың алғашқы образдары жасалды(мыс., Яшеннің «Басқыншыларға өлім»т.б.). Отан қорғау тақырыбы Шухраттың «Шинельді жылдар», А.Рахмат, И.Рахымдардың повестерінде де бейнеленді. Отан соғысынан кейінгі жылдары М.Шейхзаде (1908-67) поэзиясы елеулі орын алды.Бұл кезде 30-жылдары әдебеит майданына келген Мирмухсин (1920ж.т.), Зулфия (1915ж.т.), А.Мухтар (1921ж.т.), Т.Тула (1917ж.т.)Шукурулла (1920ж.т.) т.б. ақын-жазушылар өнімді еңбек етті. Драмматургия саласы жаңа табыстарға жетті. Қаһардың Отанымызды қайта қалпына келтіру кезін суреттеген «Жібек созан»(1949), өзбек халқының еңбек жолын суреттеген Ұйғынның «Бостандық» («Хуррият»),»Ұшу», Яшеннің «Жарық жұлдыз», Н.Сафаровтың «Шығыс таңы», З.Фахтуллиннің «Сатқындар», Ә.Якубовтың «Берілгендік», А.Қаһардың «Ауру тістер» атты драмалары өзбек әдебиетіне қосылған кееск туындылар болды.Сондай-ақ Б.Рахмановтың «Жүрек сыры» (1951), С.Әзімовтың «Қанды сілем»(1964) секілді сатиралық пьесалары жазылды. Проза жанрында Айбектің «Науаи» (1945), И.Рахымның (1916ж.т.) «Шын махаббат»(1957) романдарын туған елді сүю тақырыбына арналса, Айбектің «Алтын аңғардың желі» (1950), «Ұлы жол» (1957), Қаһардың «Синчалық»(«Шанашақтай шымшық», 1958) повесі, И.Рахымның «Берілгендік»(1958), Ш.Раштдовтың «Жеңімпаздар» (1951), «Боранна да күшті» (1958) роман, повестреніде колхоз құрылысындағы жетістіктер бейнеленсе, Х.Ғұламның «Алау» (1958), М.К.Исмаилидің (1908) «Таң алдындағы Ферғана» (1958, жөнделіп басылуы 1966), Ж.Шариповтың «Хорезм» (1960-69) романдары рев. Тарихи тақырыпқа жазылды. А.Мухтар «Апалы -сіңілілері» романында (1954) ө-да жұмысшы табының туып, қалыптасу тарихын бейнелесе, «Туу (1961 романы совет адамының моралы туралы проблемаға арналды. Ол «Шынар (1970) романында бір семья тарихын суреттеу арқылы өзбек халқының бірнеше ұрпағын бейнеледі. П.Қадыровтың (19258) «Қара көздер (1966) романы мен А.Якубовтың «Жігіт болу оңай емес (1945) повесінде қазіргі жас еңбек қаһармандарының образы бейнеленген. Қазіргі өзбек әдебиетінде К.Мухаммади,К.Хикмат, П.Момын,Х.Нәзірдің балалар үшін жазған шығармалары одақ көлеміне танылды. Өзбек совет әдебиетінде А.Хашим,А.Саади, А.Шарафитдинов т.б. бастаған әдебиет тану ғылымы қалыптасты. 30 жылдары бұл сала Ю.Сұлтанов, И.Сұлтан, Х.Якубовтармен толықтырылса, соғыстан кейінгі жылдары А.Қаюмов; А.Қаюмов, В.Абдуллаевтар өнімді еңбек етіп келеді. Қазақ тіліне Ә.Науаидің «Таңдамалы шығармалары» (1948), «Ғазалдары»1968, А.Қадыридің «Өткен күндер (1963, Айбектің «Науаи» (1948), «Киелі қан» (1963), А.Мухтардың «Апалы-сіңілілері»(1960), Ш.Рашидовтың «Дауылдан да күшті» (1959) романдары, Ұйғынның «Өлеңдер мен поэмалары» (1961), Ғ.Ғұламның «Таңдамалылары» (1963), Яшеннің «Жарық жұлдыз» атты пьесалар жинағы, А.Қаһардың «Синчалақ» (1960), Н.Фазыловтың «Жүрек әмірі»(1961), Мирмухсиннің «Жоғалған гауһар» (1961) т.б. повестері аударылды. Өзбек тілінен аударылған шығармалардың ішінде жарына қарай топтастырылған «Өзбек өлеңдері» (1960), «Өзбек пьесалары»(1961), «Өзбек халқының ертегілері» (1957), «Мүшәйра» (1972) атты жинақтар да бар.
№11 дәріс сабақ. Тақырыбы: Өзбек кеңес әдебиетінің өкілі – Хамза Хакім-Заде
5.2 Хамза Хакимзада Ниязи
(1889-1929)
Дүниеде бір адамдар болады. Олардың көктемнің нөсеріндей дүркіреп өткен қысқа да қызық өмірінсіз бүкіл бір халықтың тарихи мәдениетін көзге елестету мүмкін емес. Сондай ұлы тұлғалардың бірі – Хамза Хакимзада Ниязи еді.
Хамза еліміз тарихының ең бір күрделі кезеңінде өмрі сүріп, өлең жазды. Ғұмырының тұтас бір дәуірін адамзаттың бақытында арнады. Оның бүкіл болмысы жаңа мазмұндағы социалистік мәдениетіміз бен өміріміздің негізін салып, халыққа білім беруді жаңа жағдайда дамытуға жұмсалды.
Хазма 1889 жылы 6 мартта Қоқан шаһарында, дәрігер семьясында дүниеге келді. «Әкем көзі ашық, оқыған кісі болғандықтан, деп жазады ол өзінің өмірбаянында, - 1898 жылы өзбекше, парсыша сауатымды аштым,1899 жылдан 1906 жылға дейін медреседе ескі жүйемен білім алуды жалғастырдым». Бірақ медресенің дәрісі, діни схоластика (діни философиялық ілім) зерек Хамзаны тез жалықтырады да, ол енді өз бетінше оқып, ізденуге көшеді.
Өзбек әдебиетінің классиктері – Лүтфи,Науаи шығармаларын зерттеп оқу, парсы-тәжік, әзірбайжан классик жазушыларының творчествосымен танысу, Гүлхани, Мұқими, Фұрхат секілді патриот ақындарының мұраларын сүйіп оқу, өзбек халық әндерін, ертегілері мен дастаандарын зейін қойып тыңдау, ұлы орыс жазушыларының кітаптарына зер салу, сол кезде шығып тұрған газеттер мен журналдарды, революциялық листовкаларды жібермей оқу, ең бастысы – халықпен тығыз байланысып, бірге жасап, біте қайнасу – Хамза өткен өмір мектептері осылар еді.
Хамза 1908 жылы Наманганда оқып жүрген кезінде революционерлермен таныс болғанын еске алып, кейін былай деп жазды: «Қолмен көшіріп, кішкене кітапша, хабарландырулар шығарып жүретін бір татар жігітімен әңгімелесіп тұрушы едім. Сол жігіттің әсері ме екен, ұзамай мен ескі патшалар тұрмысынан «Шындық кімде?» деген ұлттық роман жазуға кірістім.Содан бергі жерде менің өлеңдерім ұлттық және революциялық рухта жазыла бастады».
Хамзаның күрделі де қиын, тыным алмай шарқ ұрумен өткен өміріне зер салып қараған адам, оның нағыз батыр болғанын көрер еді.
Шынында, Бұхара, Қаразым, Наманган, Қоқан өңірінде білім мен мәдениет жұмыстарын жолға қою, кездескен қиындықтарға, кедергілерге қарамастан, Қоқан, Әндіжан қалаларында алғашқы ұлттық театрдың негізін қалау, ұлттық музыка, театр өнерінде ірі ұмтылыстар жасау, азамат соғысы жылдарында Каспий сырты майданын бойлап үгіт поезында саяси-тәрбие істерін жүргізу, «Өлке өнері» труппасына жетекшілік ету, дін және ескі әдет-ғұрыптың ұясы болған Шахимордандағы дінбасылардың іс-әрекетін әшкерлеу, кедей шаруаларды коллективтендәру ісіне қатысу сияқты толып жатқан машақатты жұмыстарды Хамза өзінің жігерлілігімен, бейнетқорлығымен, бостандық пен әділеттілікті жан-тәнімен сүйе білуі арқылы ғана іске асырады.
Хамза әдебиетінің барлық жанрында еңбек етіп, бүкіл бір халықтың, қала берді көп ұлтты совет халқының мәдени игілігіне айналған үлкен мұра қалдырды. Ұлттық поэзиямыздың классигінің ең таңдаулы туындыларынан құралған 200-ге тарта ғазалдан тұратын «Нихон жырлары» («Девони Нихоний») топтамасы, 5 кітаптан тұратын «Ұлттық әндер үшін ұлттық өлеңдер жинағы» (1916-1919) кітаптары, «Жеңіл әдебиеті», «Оқу кітабы», «Қирағат»(дауыстап оқу) кітабы секілді педагогикалық шығармалармен қатар публисцистикалық мақалалар, қырыққа жаықн драмалық туындылар жазды. Бұл бар болғаны жағдайда жүріп, творчестволық еңбеке арнаған адам үшін аз жүк емес.
әрине, мұның бәріне Хамза өзінің асқақ дарыны, әдебиетке деген өлшеусіз құштарлығы, қыруар еңбегі арқылы жетті. Соның нәтижесінде ол үлкен бір елдің жаңа типті ұлттық әдебиетінің негізін салушы ірі тұлға, мәдениет және қоғам қайраткері ретінде сол халық тарихының тәрінен орын алды.
Хамза Хакимзаданың әдеби-әлеуметтік позициясының қалыптасыунда үлкен роль атқарған негізгі факторлардың бірі-терең гуманизмге толы өзбек классикаылқ әдебиеті болса, екіншісі – оның заңды жалғасы боп табылатын жаңа бағыттағы өзбек демократиялық әдебиеті еді. Хамза творчествосы қалыптаса бастаған ХІХ ғасырдың ІІ жартысы және ХХ ғасырдың басы рекациялық, феодалдық-клерикалық әдебитеніңі кемеліне келіп, бел алып, тұрған кезі еді. Феодалдық өмірдің қызылды-жасыл қызық күндерін мадақтап, мәнсіз-мағынасыздықты дәріптейтін сарай ақындары және тәркі дүниеден безіп, баршаны тәуелділікее үндеген дәни-мистикалық ақындардың шығармалары кең насихаттады. Міне, осы реакциялық әдебиетке қарсы күресте халықтың ауыз және жазба әдебиеті демократиялық сипатта бой көрсетіп, жүре келе жан-жақты толығып, ел арасында үлкен беделге ие болды. Хамза осындай тарихи жағдайда дұрыс творчестволық ізденіс жолына түсіп, өзбектің демократ жазушыларымен бірге сапта тұрды.
өзбек демократиялық әдебиетінің өзіне тән ерекшеліктерінің бірі-нақтылы ой түйіндеуге ұмтылуы, әлеуметтік мәселелерді бірінші кезекке қоюы, жақсы өмірге құштарлық сезімдерінің күреске үндеуге ұласып кетуі. Демократиялық әдебиеттің бұл тенденциясы Хамзаның алғашқы творчествосының беташар кезеңі үшін үлкен мәнге ие болды.
Хамза Хакимзада классикалық әдебиеттен және өмірден тұрмыстан алған әсерлерін өз творчествосында шебер тұңғыш өлеңдерін жазды. Мұның бәрі оның дүниетанымының өсуіне, қоғамдық өмірдегі теңсіздікті тереңірек ақын боп қалыптаса бастауы осы кезең еді.
Классикалық әдебиет нұсқаларына тән сатиралық элементтермен қоса теңсіздік, әділетсіздік, ілім-білім кенжелігі бұдан былайғы жерде ақын шығармаларының үзілмес арқауына айналды. Хамза аталмыш тақрыпты игеруде өзінен бұрыңғы ақындардың шеберліктерін жетік біле отырып, өз дәуіріне тән әлеуметтік мәселелемен байыта түсті.
Айтайын жарияға енді:
Дананы надан дедік.
Көз жасым дария болды
Жүрміз-ау адам болып,-
Деп «білім ачқ астында
Ақлғанына налыса, тағы бір тұста халықты, кедей балаларын оқыту, білімді ету жолына бөгет болған атқамінерлерді қара қарғаға теңеп, олардың білім нарқын ұқпайтын топастығын шенеп, мемлекет мекемелерінің солардың қолында қалғанына қынжылады.
Жыртқыштардың қан тырнағы,
Бүкіл елге сор мұнда.
Қара қарға қарқылдады,
Бұлбұл құстың орнында.
Дін және кесапат тәртіптерін әшкерлеу ақын творчествосының негізгі тақырыптарының бірі. Ол өзінің «Бір ишанның өкпесі», «Бір шерменденің айтқаны», «Ел құзғындары», «Бір қазірет ишан айтады екен», «Қазының сыры», «Сайлау алдында», «Бүгін – 8 март» атты өлеңдері нағыз атеист ретінде көрінді.
Хамза бұл жырларды халық арасында айтылып жүрген лайықтап жазды, мұның өзі аталған туындылардың ел ішіне тез таралып кетуіне мүмкіндік жасады. Мысалы, 1916 жылы жазылып «Қызыл гүл» топтамасына енген «Бір қазірет ишан айтады екен»атты сатиралық өлеңі жұртқа мәлім. «Ой, залым» деген әннің әуеніне лайықтап жазылды. «Әзімқожа ишан мен Тасқожа ишанның ауыз бекітуі» атты сатиралық өлең турады да осыны айтуға сөйлетеді, өздерін өздеріне әшкерлетеді. Ислам дінінің залал-зияны, шариғат тәртібінің зұлымдығы, ашкөздігі ишандар бейнесі арқылы шебер суреттеледі.
Ол кезде Түркістан аймағында 11 мың 964 мешіт болды, оларда 680 имам жұмыс жасады. Дін басыларының ақ дегені – алғыс, қара дегені –қарғыс боп тұрған сол дәуірде оларға белсене қарсы шығып, айып-күнәсін бетіне басып, халыққа уытты тілмен масқарлап беру үлкен ерлік болатын.
Ұлы Октябрь революциясы халықтардың һміріне, мәдениетіне, тарихына бұрын-соңды болмаған жаңа мазмұн, жаңа мән, жаңа дәстүр, жаңаша леп әкелгені баршаға мәлім. Революциялық кезеңнің рухына сай социалистік әдебиетте де жаңа даму тенденциялары кең құлаш жайды.
Міне, осындай кезеңде туып-қалыптасқан Хамза творчествосында Октябрь революциясының орыны зор.
Шайыр өлеңдеріндегі күрескерлік рух Октябрь революциясынан бұрын да байқалатын. Мұны февраль революциясынан кейін тізгінге жармасқан Уақытша үкімет, оның саясатын сынаған «Заман өзгереді» атты өлеңінен анық көруге болады. Бір ерекшелігі – Хамза Уақытша үкіметті сынпа қана қоймай, халықты онымен күреске шақырады.
Революциялық поэзияның саналатын-«Заман өзгереді» атты жырының да зор маңызы бар. Бұл - өзбек әдебиетінің саяси-әлеуметтік өмірдегі азаматтық позициясын айқын танытқан сара бағыттағы өлең. Шайыр қанаушыларды «қаңқор», «зұлым» деп атайды, еңбекшілерді «Қызыл ту» ұстап, қасық қаны қалғанша олармен шайқасуға шақырады. Ол халықтың тағдыры зұлымдардың қолында қалуы мүмкін еместігіне сенеді.Хамза Хакимзада Октябрь революциясына осындай сындардан өтіп, үлкен дайындықпен келді.
Революция ақынның әлеуметтік-эстетикалық идеалдарын нығайта түсті, оған жаңа заман үшін күрес жолдарын анық көрсетіп берді, социализм идеяларымен қаруландырды. Ақын енді өз дәуірінің белсенді күрескерлері жұмысшы-диқан және алдыңғы қатарлы интелегенттер ішінен жаңа кейіпкер тапты. Октябрь революциясының маңызы, халық өміріндегі өзгерістер – бостанды, теңдік тақырыптары Хамза творчествосының діңіне айналды.
Хамза жаңа социалистік өмірді, революция жеңістерін жырлауда көптеген формалық өзгерістер жасады. Бұл тәжірибе жақсы нәтиже берді. Мұны өлең ырғағынан, буын-бунақ, образ сомдауынан көруге болады. Осы тұста ойға В.Маяковскийдің «Октябрь жаңа әуенге салуды талап ететін жаңа күрескер идеялар берді» деген сөзі ойға оралады. Ол шын мәнінде «Жаңа нәрселер туралы жаңа сөздер» (В.Маяковский) айта білді.
Атақты совет ақыны Николай Тихонов Одақтар үйінің колонналы залында өткен Хамзаның мүшел тойында (1960ж.): «Владимир Маяковский, Демьян Бедный және революция арқылы дүниеге келген өзге шайырлар орыс поязиясында жаңашылдық жолдарын іздеген сол кезеңде Хамза өзінің ұлттық әдебиетінде сол жолдарды дұрыс тауып, еркні қадам басты, біз поэзияда реформа жасаған. Халқының белсенді революциялық ұмтылыстарын шеберлікпен жырлай білген ақын алдында бас иеміз»- деген еді.
Хамза тақырыптық және идеялық жағынан жаңа өлеңдерінде халықтың әлеуметтік көкейтесті проблемаларын жырлаумен қатар әдебиетімізге халықтар достығы, пролетарлық интернационализм идеяларын ала келді.
Өз заманының ең өткір, ең өзекжарды мәселелері Хамзаны әрдайым толғандыратын. Оның шығармаларының әлі күнге мәнін жоймай келе жатқанының бір себебі осы болса керек. Қанау мен қорлау үстемдік алған елдер системасының іріп-шіруі, Азия, Африка халықтарының империалситер бұғауынан тез арада құтылуы жөнінде оның бұдан 50 жыдлан астам уақыт бұрын «Әлем капиталаның соңғы күндері» пьесасында айтқан пікірлері бұл күнде жүзеге асуда.
Хамза өте бай творчестволық мұра қалдырды. Ол түрлі жанрдағы өлеңлдерге қоса қырықққа жақын драмалық шығармалар жазғаны мәлім.
Хамза өзбек музыкасы мәдениеті тарихында бірінші болып ұлттіқ мұрамызды зерттеп, байытып және туысқан халықтар музыка мәдениетінің ең таңдаулы туындыларын пайдалана отырып, өзбек совет музыкасының негізін қалаған адам.
Оның театр өнеріне қосқан үлесі туралы да осыны айтуға болады. Ол бірінші болып өзбек еңбекшілерінің мақсатын көздейтін профессионалды театр әлеміне жол салды.
1926 жылы Өзбек ССР Орталық Атқару Комитеті Х.Х.Ниязиға «Халық ақыны» деген құрметті атақ беріп өмірлік пенсия тағайындады.
Бірақ ол ұзақ өмір сүре алмады. 1929 жылы 10 март күні - әлеуметтік күрестің ең қазған шағында, твочествосының шырқау биікке көтерілер тұсында халық дұшпандары қолынан қаза тапты.
Хамзаның таңдаулы туындыларының дүниеге келгеіне 70 жыл болды. Бірақ бұл шығармалардың эстетикалық әсері, адам бойында мәрттік, күрескерлік қасиеттерді тәрбиелеуге үндейтін идеялары өз маңызын жойған жоқ, қайта уақыт өткен сайын жаңғырып, жасара түсуде. Хамзаның өзбек халқының зұлымдарға қарсы көтерілісін сипаттайтын «Бай мен жалшы» драмасы,өзбек қыз-келіншектерінің надандыққа қарсы күресін бейнелейтін «Майсараның айласы» атты комедиясы Москвада, өзге де бауырлас республикалар театры сахнасында қойылуда.
Ғаффар Момынов,
филология ғылымдарының кандидаты,
Бируни атындағы Өзбек ССР
Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
Махаббат жырлары
Шарасыз күйге түстім мен
Сені көріп қалдым қатып, есі ауысқан немедей,
Кірпіктерің жүрегіме қаладаы жебедей.
Әдемі наз, әсем күлкі, ей, сиқырлы дүние,
Қинадың ғой, қинадың ғой, бір сәт тегі елемей.
Бір қарашы мен сорлыға, көзімде-мұң, жанымда-от,
өзімді-өзім тоқтатамын, сап, сап, көңілім, сабыр деп.
Сенің әрбір басқан ізің жүрегіме көшеді,
Тауыс сынды түрленсең, гүлге енесің сағым боп.
Бал-шекерден тәтті сөзің ести алмай дал болдым,
Нұр жүзіңді тым құрыса бір көруге зар болдым.
Жанымды да аямас ем, десең жан бергін,
Сары запыран болып атқан сап-сапры ала таң көрдім.
Кімге креке бұл Нихонның жылап жазған өлеңі?
Бәрі бекер, бекер бәрі, тыңдамайсың сен оны.
Бір келіп кет
Жүрегімнің іңкәрі – бір келіп кет,
Сұлулықтың сұлтаны – бір келіп кет,
Шуақ күткен көктемде, дүние өзгеріп,
Долы дауыл бұрқады – бір келіп кет.
Қанша уақыт нұр жүзің сағындырды,
Сағындарды, жан сәуле, жаным мұңды.
Қапас дүние тынысын тарылтқанда,
Қара түнек дедім мен лагыл күнді.
Жырларыңмен кел маған, сырларыңмен,
Қанжармен кел болмаса – құрбаның мен.
Қабылстан хакімі секідімін,
Зілзалада құм көмген гүл бағын кең.
Ділге қуат, дертіме дауа да сен.
Сен сөйлесең көктен нұр жауады әсем.
Адам болып айыбым мойындасам,
Бар кінәмді кешірер Хауа да сен.
Не жазып ем мұншама қанағандай,
Кемем менің дауылда қирағандай.
Нихон шайыр көз жасын таусар болды,
Күлкі сыйла, шөлге су сыйлағандай.
Бір перизат
Ару, құсым,
Бақшаңа қон, тұрақта,
Мен шырмалдым, шым-шытырық сұраққа,
Көрдім талай өлкелердің сұлыун,
өзің теңдес жан таппадым бірақ та.
Мың жыл өмір берсе маған тәңірім,
Сені ғана жырлар едім, жарығым.
Сен жарқ етіп шыға келсең сарайдан,
Сүлеймен де жоғалтқандай сабырын.
Гүлстанда тауыс құсы сен болып,
Жолыңда мен гүл боп тұрсам тербеліп,
Бақша барсаң – назарыңа түсуге,
Көбелек боп ұшар едім сенделіп,
Ерік-күштен айырдың алды сені кім?
Жолға шықсаң сары шілде кезінде,
Бұлақ болсын менің ақын көңілім.
Тірлігімде
Мәңгі маздап жанасың,
Егер өлсем,
Кебін болып жабасың.
Жер жүзінің тәуіптері жиналса,
Таба алар ма бұл дертінің дауасын.
Сүлеймен(Солмон)-пайғамбарды айтып отыр.
Кел, кел, маған, тезірек жет, ділбарым,
Ашыл енді көп күттірген гүл-бағым.
Саған ғана өтеді арнап өмірден,
Нихон шайыр бал татыған жырлрын.
Сәулем
О, мейлі, сен мені қинай бер, зәбірле,
Ғашықтық үрметі – көтерем бәрін де.
Лақаттың түбіне жеткенше жас денем,
Ешкімді ойламан өзіңнен басқа мен.
әуелде сөзберіп ақ жолға бастап кеп,
бұрылып тосынан түнекке тастап кет.
Жыласам жылайын-сөкпейін жалған деп,
Ажалым өзіңнен жетсе егер арман жоқ.
Кембағал күйімді мазақтап күл, мейлі,
Шайырың сені ойлап кірпігін ілмеді.
Қиямет-қайымға жар етем деп алып,
Сандалтып кеттің-ау ізім-қайым жоғалтып.
Сарайда отырсаң жайраңдап сен күліп,
Жүрермін аулақта,
Жүрермін мен бұғып.
«Жеңіл әдебиет» атты оқу-ағарту тақырыбына жазылған кітаптан
Оқуға үндеу
Біліміңіз қалады,
Қалмайды ойын-күлкіңіз,
Оқытпасақ баланы,
Қор болдаы ұлтымыз.
Надан ел деп табалар,
Оқымаса жұртымыз.
Ойын қусақ, балалар,
Қор болда ұлтымыз.
Жақсы мектеп жоқбізде,
Жоқ болса оны құрмай ма?
Бірде іздеме, көпті ізде,
Пұлды ойлама, мыңды ойла.
Ұмтылайық жарыққа,
Кел, оқиық келіңдер!
Түнектегі халыққа күн боп сәуле төгіңдер!
Кел,оқиық, жетті енді,
Қапас түнге қамалдық.
Бетке шіркеу боп келді,
Атың өшкір надандық.
Ей, қыздарым, оқыңдар,
Жолды жолдар жалғасын!
Көкіректе отың бар –
Ерте сөніп қалмасын!
Түсін енді сөзпарқын,
Оқу – сенің қорғаның
Оқымасаң - өз халқын
Сүймеген жан болғаның.
Мынау надан күйменен,
Аузың асқа тимейді,
Өз ұлтын сүймеген –
Білімді де сүймейді.
Көкірекке тоқы сан,
Өзге елдердің ғұрпын да.
Көп жасайсың оқысаң,
Көп жасайды ұлтың да.
Надандық ол – зор – қайғы
Түсіңбесең не етемін?
Нихон жылап, зарлайды –
Оқы, оқы, оқы, елім!
Кітап
Әбілхаят суындай әл бересің,
Әл бересің, шөлдесем нәр бересің.
Жәннәт – пейіш орнаған саладайсың,
Әкім Лұқпан ақылман данадайсың.
Теңер едім және де бұлаққа әсем,
Қараңғыда жол бастар шырақ та сен.
Патша кезім, шах кезім, дарқан кезім,
Қылыш та өзің, қорғансам қалқан да өзің.
Тар заманда табысқан махаббатсың.
Кең заманда келіскен шапағатсың.
Білім ізде
Кім біледі – адам қайсы, хайуан қайсы – білер ме ек,
Болмаса егер ілім – білім және досым,ұлы еңбек?
Не нәрсені білгің келсе, көргің келсе анықтап,
Сен әуелі оқып алғын парасатпен парықтап.
Бұл әлемнің шаттығы – күн,
Зұлматы – түн қараңғы,
Ал адамның шаттығы –оқу,
Жауы –жахл надан-ды.
Надан болсаң арманыңа жету деген жоқ, күнім,
Білім керек, білім крек, білім керек тек, білім!
Нихон илло, ақиқатты бұл өмірдің салты ұғып,
Білім ізде, білім ізде, білім ізде шарқ ұрап!
Тілім және надандық хақында
Бекерге, жұртым, мастанба,
Оқы де мына жастарға.
Су астын кезіп кемемен,
Ұшамыз сонда аспанға.
Хайуанға ұқсап кетерсің,
Ерсеңіз надан, настарға
Түнекті кейін сыпырып,
Халқыңды, кәне, баста алға!
Білім ол – жарық шырағың,
Қабыл боп мақсат-мұратың
Белгілі шыңға шығарсың.
Надандық – қара тұманың.
Жахл – араб сөзі. бұл жерде «надандық», «жауыздық» мағынасында.
Көреді көзің, шырағым,
Бір қадам бассаң мың пәле,
Жолыңды күтіп тұрармын.
Іні бол, мейлі, аға бол,
Білім мен оқу – жаңа жол.
Ісіміз жұртқа үлгі боп,
Ой, пәлі, десін тамам ел.
өзгеден нұсқа көрсеңіз,
көкірекке тоқып ала бер.
Қараңғы көңіл, көз соқыр,
Дегізбе, жұртқа надан ел,
Ең сұмдық күнә - балам ол.
Білімді болсаң, данамыз,
Жайнадй гүлдеп даламыз.
Көкірек ояу, көз ашық,
Шығамыз шырқап дара біз.
Білімсіз болсаң сорладың,
Кетеді қолдан шарамыз.
Алқалап халық келгенде
Надан жұрт болып қаламыз.
Білімді болсақ баршамыз,
Көмілген құдық – көңілдер,
Тазалаймыз да, аршамыз
Көрініп келген дұшпанға
Көкіректен найза шаншамыз.
Бірінші класс баласының сөзі
Менің оқып-жазғаным –
Алтын, күміс қазғаным.
Ел көгіне ұшуға
Құс боп қанат жазғаным.
1914
Әділ сөйле
Ерме жалған -өсекке,
Айтқын сөздің әділін.
«Бас кеспек бар» - десек те,
Тіл кеспек жоқ жан інім.
1914
№12 дәріс сабақ. Тақырыбы: Татар әдебиетіне жалпы шолу
Достарыңызбен бөлісу: |