Курстық жұмыстарға әдічстемелік нұсқаулық:
Курстық жұмысқа қойылатын талаптар:
Жүрек қалауымен «қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығын таңдап, жоғары оқу орнының табалдырығын аттап, студент атанған жастарға 4-5 жыл бойы мамандық және басқа да пәндерден жүйелі лекциялық дәрістер оқылып, практикалық, лабораториялық сабақтар өткізіледі. Бұл лекциялық, семинарлық сабақтар болашақ ұстаздардың теориялық білімінің, көркемөнерге, әдебиетке деген көркемдік-эстетикалық талғамының, әдістемелік білігінің қалыптасуында маңызы зор.
Университет қабырғасында студенттер білім алумен қатар оқытушы ұстаздарының жетекшілгімен ғылыми үйірмелерге қатысып, ғылым жолындағы алғашқы қадамдарын – ізденістерін де бастайды. Бұл ретте студенттердің өзіндік жұмыстарының атқарар рөлі ерекше.
Курстық жұмыстар - студенттердің сөз өнерінің сырларымен етене танысып,әдеби-эстетикалық талғамы мен шығармашылық тұлғасының қалыптасуына, ғылыми ізденіс жолына бет алуына, жазу дағдысына машықтануына мол мүмкіндіктер ашатын өзіндік жұмыс түрлері. Сондықтан жоғары кәсіби білім беретін университеттердің пединституттардың оқу прцесінде курстық жұмыстардың алатын өзіндік орны бар.
Жоғары мектептің типтік оқу жоспарына сәйкес курстық жұмыстар ІІІ курста жазылады.
Курстық жұмыстардың мақсат-міндеті - әдебиет тарихының немесе қазіргі әдеби дамуға қатысты, сондай-ақ әдебиетті оқыту әдістемесінің өзекті бір мәселелерін қарастыру, зерттеу, сөтіп, студенттердің өз бетімен жұмыс істеу, ғылым жолында іздену дағдыларын қалыптастыруға септігін тигізу.
Талап бойынша курстық жұмыс А4 форматты бетке , жоғары - төмен 2, сол жағынан 3 ,оң жағынан 1 гегл. жүйеде жазылуы керек Жалпы бет саны – 20.
Курстық жұмысқа кірісер алдында студент ең алдымен жалпы жұмыс жоспарын жасап алуы міндетті. Жалпы жұмыс жоспары мынадай бөліктерден тұрады:
1) Тақырып таңдау 2) Таңдаған тақырыпты жан-жақты талдап ашуға қажетті көркем туындыларды іріктеу,әдеби- сын,зерттеу еңбектерді іздестіріп, олардың тізбеін жасау; 3) Іріктелген көркем туындылар мен әдеби –сын, зертттеу еңбектерді оқу, тақырыпқа сай жүйелеу, міндет-мақсатты айқындау; 4) курс жұмысының нақтылы жоспарын жасау; 5) Жұмысты жазу, аяқтау.
Курстық жұмыс кіріспе, негізгі бөлім, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады.
Әдебиеттер тізімі:
Әуезов М: Әдебиет тарихы. Алматы, 1991.
Әбдиманұлы Ө. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиетінің тарихы. –А., 2002
Исмаилов Е. ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті. –А., 1940
Кенжебаев Б. ХХ ғ. Басындағы қазақ әдебиет.- А., 1983
Кежебаев Б. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебеті 1994.
Мұқанұлы С. ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті .Қызыл орда .-1932.
20-30 жылдардағы қазақ әдебиеті. Алматы.1997
Қазақ әдебиетінің тарихы.ІІ том. ІІ кітап. А.,1965.
Қазақ әдебиетінің тарихы. ҮІ, ҮІІ том. Алматы.2004
Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы. А., 1994
Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. А., 1995
Мамыраев Б. Основные тенденций развития казахской литературы первой четверти ХХ века. А., 1997
ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті (хрестоматия). А., 1983.
Достарыңызбен бөлісу: |