Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
2011 жылғы 9 наурыз №238 Астана, Үкімет Үйі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 2102 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 желтоқсандағы № 2102 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 59, 512-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбындағы және 1-тармақтағы «көрсету» деген сөз алынып тасталсын;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына және «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:»;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 9 наурыздағы
№238 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 2102 қаулысымен
бекітілген
«Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру»
мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызметті осы стандартқа 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары көші-қон полициясының аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көші-қон полициясы бөлімшелері) көрсетеді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының «Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы Заңының 2, 4-баптарына , «Халықтың көші-қоны туралы» 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Заңының 24-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 136 қаулысымен бекітілген Шетелдіктердің Қазақстан Республикасына келуі және болуы, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуі тәртібінің 18-23-тармақтарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі № 1063 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесінің 7, 8-1, 9-тармақтарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 қарашадағы № 1185 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы тұрақты тұруға рұқсаттар алуға үміткер шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу кезеңiнде өздерiнің төлем жасау қабiлеттігін растау ережесіне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 558 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік қызметтің үлгі стандартына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысымен бекітілген Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізілімінің 15-тармағына сәйкес көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат, сондай-ақ оларды толтыру үлгілері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі – ІІМ) www.mvd.kz және тізбесі осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ішкі істер департаменттерінің (бұдан әрі – ІІД) интернет-ресурсында, «Ішкі істер органдарының қызметі туралы» бөлімде, сондай-ақ ресми ақпарат көздері мен көші-қон полициясының бөлімшелерінде орналасқан стенділерде орналастырылады.
5. Азаматтарды тіркеу кітабында, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдардың куәліктерінде тіркеу туралы мөртаңба қою немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мемлекеттік қызмет көрсетудің аяқталу нәтижесі болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет:
1) «тұрақты тұру үшін» санатындағы визасы бар;
2) Қазақстан Республикасында өзге де заңды негізде уақытша болатын (визалар негізінде не кірудің және болудың визасыз тәртібі туралы келісімнің негізінде) шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға (бұдан әрі – тұтынушы) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) тұтынушының осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырған және өтінішті қабылданғаны туралы талонды алған сәтінен бастап – күнтізбелік 60 күн;
2) мемлекеттік қызметті ұсыну үшін қажетті құжаттарды өткізу кезінде тұтынушының кезек күтуінің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут;
3) тіркеуді жүзеге асыру кезінде алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут.
8. Мемлекеттік қызмет ақылы болып табылады. Мемлекеттік қызмет көрсетілгені үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 540-бабына сәйкес мемлекеттік баж алынады, ол мемлекеттік баж төленген күнге белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 10 пайызын құрайды.
Мемлекеттік баждың сомасын төлеу банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен жүргізіледі, олар төлемнің мөлшері мен күнін растайтын құжат береді.
9. Мемлекеттік қызмет аптасына бес жұмыс күнінде ұсынылады, сағат 13-00-ден 14-30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9-00-ден 18-30-ға дейін, сондай-ақ сенбіде сағат 9-00-ден 13-00-ге дейін ұсынылады. Қабылдау нақты кезекке тұру тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
10. Осы мемлекеттік қызметті көрсететін көші-қон полициясы бөлімшелерінің үй-жайлары әдетте, ғимараттың бірінші қабатында орналасады, ішкі істер органдарының басқа бөлімшелерінен бөлек, физикалық мүмкіндіктері шектеулі адамдардың кіруіне арналған құрылғылары бар кіретін есігі болады. Күту залы, құжаттарды толтыруға арналған орындар қажетті құжаттардың тізбесі мен оларды толтыру үлгілері бар стенділерімен жарақталады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы:
1) «тұрақты тұру үшін» санатындағы визасы бар адамдар:
Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері және көші-қон полициясы бөлімшелері беретін «тұрақты тұру үшін» санатындағы визасы бар жарамды паспортын немесе азаматтығы жоқ адамның құжатын;
өлшемі 35х45 мм екі фотосурет (фотосурет тұтынушының жасына сәйкес болуы және қатаң түрде жарық жерде алдынан түсірілген болуы тиіс әрі адамның беті фотосуреттің жалпы ауданының 75%-ға жуығын алуы тиіс);
2) Қазақстан Республикасында өзге де заңды негізде уақытша болатын адамдар:
бланкісін көші-қон полициясы бөлімшелерінің қызметкерлері беретін өтініш-сауалнаманы;
кету парағы не шетелге тұрақты тұру үшін шығуға рұқсатты растайтын басқа құжат ретінде болуы мүмкін шетелдіктің азаматтығы мемлекетінің жазбаша келісімін;
тұтынушы еркін нысанда жасайтын өмірбаянын;
жарамды паспортты немесе азаматтығы жоқ адамның құжатын;
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау органдары беретін медициналық куәландыру туралы ресми анықтаманы;
Қазақстан Республикасында болу кезеңінде төлем қабілеттігін растау туралы белгіленген үлгідегі құжатты;
өлшемі 35х45 мм екі фотосурет (фотосурет тұтынушының жасына сәйкес болуы және қатаң түрде жарық жерде алдынан түсірілген болуы тиіс әрі адамның беті фотосуреттің жалпы ауданының 75%-ға жуығын алуы тиіс) ұсынады.
Ескертпе:
Қазақстан Республикасында немесе Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасында туған немесе бұрын азаматтығында болған адамдар мен олардың отбасы мүшелерінен, сондай-ақ оралмандардан 2) тармақшаның жетінші абзацында көрсетілген құжаттарды ұсыну талап етілмейді.
Ішкі істер органдардары құжаттарды заңды және жеке делдал тұлғалардан қабылдауды жүзеге асырмайды.
Тіркеу және Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру туралы оң шешім шығарылған жағдайда тұтынушы көші-қон полициясы бөлімшесіне:
шетелдікті не азаматтығы жоқ адамды тіркеуге келісім беретін адамның азаматтарды тіркеу кітабын;
мемлекеттік бажды төлегені туралы құжатты;
бланкісі көші-қон полициясының бөлімшелерінде берілетін толтырылған мекенжай келу парағын;
бланкісі көші-қон полициясының бөлімшелерінде берілетін келу парағына толтырылған статистикалық есепке алу талонын көрсетеді.
12. Бланкілерді көші-қон полициясы бөлімшелерінің қызметкерлері береді, сондай-ақ ІІМ-нің www.mvd.kz, ІІД-нің интернет-ресурсында «Ішкі істер органдарының қызметі туралы» бөлімінде орналастырылады, олардың тізбесі осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген.
13. Толтырылған өтініштер мен осы стандарттың 12-тармағында көрсетілген бланкілер тұтынушының болатын жері бойынша көші-қон полициясы бөлімшелеріне тапсырылады.
14. Көші-қон полициясы бөлімшесінің қызметкері тұтынушыға осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдағаны туралы талон береді.
15. Тіркеу және Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға қалдыру мәселесі бойынша қабылданған шешім туралы тұтынушыға көші-қон полициясы бөлімшесінің қызметкерлері ішкі істер органдарының басшылары қорытындыға қол қойған сәттен бастап 7 жұмыс күні мерзімінде телефон арқылы немесе жеке қабылдауда хабардар етеді.
16. Шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға:
1) көрінеу заңсыз көшіп-қонушыларға, сондай-ақ қылмыс жасағаны үшін өздері шыққан елдердің заңнамасы бойынша қудалауға ұшыраған адамдарға;
2) сотталғанға дейін тұрақты тұратын жері Қазақстан Республикасының шегінен тыс болған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға;
3) адамзатқа қарсы қылмыс жасаған адамдарға;
4) оралмандарды, Қазақстан Республикасында немесе Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасында туған немесе бұрын оның азаматтығында тұрған адамдарды және олардың отбасы мүшелерін қоспағанда, өзінің төлем қабілеттілігін растауды Қазақстан Республикасының Yкіметі белгілеген тәртіппен және мөлшерде табыс етпеген адамдарға;
5) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау органдарының қорытындысына сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында эпидемияның таралуына себепші болуы мүмкін сырқаты бар адамдарға;
6) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен уәкілетті органның, ішкі істер органдарының және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шешімдері негізінде шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы заңнаманы бұзған адамдарға;
7) мемлекетаралық, ұлтаралық және діни араздықты тұтандыратын адамдарға;
8) әрекеті конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге бағытталған адамдарға;
9) Қазақстан Республикасының егемендігі мен тәуелсіздігіне қарсы шыққан, оның бірлігі мен аумағының тұтастығын бұзуға шақырған адамдарға;
10) террористік әрекеті, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталғандығы бар адамдарға. Бұл ретте қылмыстың ауырлығы, сотталғандығының болуы немесе болмауы Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалады;
11) Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу туралы өтінішхатпен жолданған кезінде өзі туралы жалған мәліметтер хабарлаған немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде қажетті құжаттарды дәлелсіз себептермен тапсырмаған адамдарға;
12) Қазақстан Республикасынан бұрын шығарып жіберілген адамдарға;
13) егер бұл Қазақстан Республикасы азаматтарының және басқа да адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін қажет болса, «Халықтың көші-қоны туралы» Заңның 24-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беруден бас тартылады.
3. Жұмыс қағидаттары
17. Көші-қон полициясы бөлімшелерінің қызметі адамның конституциялық құқықтарын, қызметтік борышты орындау кезінде заңдылықты, Ішкі істер органдары қызметкерінің ар-намыс кодексін сақтауға негізделеді және сыпайылық, толық ақпарат беру, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.
4. Жұмыс нәтижелері
18. Көші-қон полициясы бөлімшелерінің жұмыс нәтижелері осы стандартқа 6-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
19. Көші-қон полициясы бөлімшелерінің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапасы мен тиімділігі көрсеткіштерінің нысаналы мәндері жыл сайын ІІМ-нің бұйрығымен бекітіледі.
5. Шағымдану тәртібі
20. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелеріне шағымдану тәртібі туралы ақпаратты осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша ІІД-нің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көші-қон полициясы комитетінің, (бұдан әрі – КҚПК) ІІМ хатшылығынан алуға болады.
21. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушы шағымды Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көші-қон полициясы комитетіне мына мекенжай бойынша береді: Астана қаласы, Ы.Дүкенұлы көшесі, 23/1, телефон: 20-55-73.
Жұмыс кестесі: жұмыс күндері сағат 9-00 бастап 18-30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14-30-ға дейін.
22. Дөрекі қызмет көрсетілген жағдайда шағым Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің атына мынадай мекенжай бойынша: Астана қаласы Тәуелсіздік даңғылы, 1; телефон: 8(7172)71-40-10, факс 8(7172)37-06-01, жұмыс күндері сағат 9-00-ден 18-30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14-30-ға дейін, сондай-ақ www.mvd.kz интернет-ресурсында беріледі.
23. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
24. Шағым ерікті нысанды жазбаша түрде пошта, электрондық пошта не ІІО-ның, ІІД-нің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көші-қон полициясы комитетінің, ІІМ-нің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
Жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекенжайы, заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Шағымға тұтынушы қол қоюы тиіс.
25. Қабылданған шағым ішкі істер органының ақпаратты есепке алу журналына тіркеледі. Өтінішті/арызды күні мен уақыты, қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, сондай-ақ берілген шағымға алынатын жауаптың мерзімі мен орны және осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шағымды қарау барысы туралы білуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректері көрсетілген талон шағымның қабылданғанын растайтын құжат болып табылады.
Шағым «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгіленген тәртіппен қаралады.
26. Мемлекеттік қызмет туралы қосымша ақпаратты мынадай мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Ы. Дүкенұлы көшесі 23/1, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы комитеті; ІІМ-нің интернет-ресурсы: www.mvd.kz, «Ішкі істер органдарының қызметі туралы» бөлімде, қабылдау бөлмесінің телефоны 8 (7172) 20-55-73, осы стандартқа қосымшаға сәйкес ІІД-ден алуға болады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 2102 қаулысымен бекітілген
мемлекеттік қызмет стандартына
1-қосымша
Р/с
№
|
Ішкі істер департаменттері
|
Заңды мекенжайы
|
Интернет-ресурс
|
Ішкі істер департаметтері хатшылығының телефондары
|
Көші -қон полициясы бөлімшелеріндің телефондары
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
1.
|
Астана қаласының Ішкі істер департаменті
|
Астана қаласы,
Сейфуллин көшесі, 29
|
www.ast.dvd.mvd.kz
|
71-61-98,
71-61-99
|
71-61-70,
71-60-18,
71-63-66
|
1)
|
«Алматы» ауданының
Ішкі істер басқармасы
|
Астана қаласы,
Жансүгіров көшесі, 2
|
|
71-68-63
|
71-67-37
|
2)
|
«Сарыарқа» ауданының
Ішкі істер басқармасы
|
Астана қаласы,
Есенберлин көшесі, 1
|
|
71-66-32
|
71-66-46
|
3)
|
«Есіл» ауданының
Ішкі істер басқармасы
|
Астана қаласы,
Қорғалжын тас жолы, 21
|
|
79-88-02,
79-88-10
|
79-88-02
|
2.
|
Ақмола облысының Iшкi iстер департаменті
|
Көкшетау қаласы,
Горький көшесі, 35
|
www.akmdvd.online.kz
|
29-11-24,
29-11-25
|
25-66-62,
25-57-01
|
1)
|
Көкшетау қаласының
Iшкі iстер басқармасы
|
Көкшетау қаласы,
Абай көшесі, 121
|
|
25-78-05,
29-96-79
|
23-03-49
|
2)
|
Степногор қаласының
ішкi iстер бөлiмi
|
Степногор қаласы,
5-шағын аудан, 49
|
|
5-82-02
|
5-82-02
|
3)
|
Ақкөл ауданының
ішкi iстер бөлiмi
|
Ақкөл қаласы,
Октябрь көшесі, 2
|
|
2-10-02
|
2-10-02
|
4)
|
Аршалы ауданының
ішкi iстер бөлiмi
|
Аршалы ауылы,
Ташенов көшесі, 47
|
|
2-17-44
|
2-17-44
|
5)
|
Астрахань ауданының
iшкi iстер бөлiмi
|
Астрахань ауылы,
Байтұрсынов көшесі, 16
|
|
2-13-02
|
2-13-02
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
6)
|
Атбасар ауданының
iшкi iстер бөлiмi
|
Атбасар қаласы,
Урицк көшесі, 38
|
|
4-37-40
|
4-37-40
|
7)
|
Бұланды ауданының
iшкi iстер бөлiмi
|
Макинск қаласы,
Сейфуллин көшесі, 135
|
|
2-10-02
|
2-10-02
|
8)
|
Егiндiкөл ауданының
ішкi iстер бөлiмi
|
Егіндікөл ауылы,
Бейбітшілік көшесі, 8
|
|
2-14-85
|
2-14-85
|
9)
|
Еңбекшiлдер ауданының
iшкi iстер бөлiмi
|
Степняк қаласы,
Ленин көшесі, 79
|
|
2-30-40
|
2-30-40
|
10)
|
Ерейментау ауданының
iшкi iстер бөлiмi
|
Ерейментау қаласы,
Бөгенбай көшесі, 79
|
|
3-32-68
|
3-32-68
|
11)
|
Есiл ауданының
iшкi iстер бөлiмi
|
Есіл қаласы,
Әуезов көшесі, 63
|
|
2-12-02
|
2-12-02
|
12)
|
Жақсы ауданының
iшкi iстер бөлiмi
|
Жақсы ауылы,
Тұрлыбаев көшесі, 34
|
|
2-12-89
|
2-12-89
|
13)
|
Жарқайың ауданының
iшкi iстер бөлiмi
|
Державинск қаласы,
Захаров көшесі, 33
|
|
9-63-33
|
9-63-33
|
14)
|
Зерендi ауданының
iшкi iстер бөлiмi
|
Зеренді ауылы,
Ілиясов көшесі, 42
|
|
3-44-02
|
3-44-02
|
15)
|
Қорғалжын ауданының
iшкi iстер бөлiмi
|
Қорғалжын ауылы,
Болғанбаев көшесі, 8
|
|
2-14-35
|
2-14-35
|
16)
|
Сандықтау ауданының
iшкi iстер бөлiмi
|
Балкашино ауылы,
Абай көшесі, 101
|
|
5-00-02
|
5-00-02
|
17)
|
Целиноград ауданының
iшкi iстер бөлiмi
|
Ақмол ауылы
|
|
92-4-18
|
92-4-18
|
18)
|
Шортанды ауданының
iшкi iстер бөлiмi
|
Шортанды ауылы,
Советская көшесі, 21
|
|
2-75-02
|
2-75-02
|
19)
|
Бурабай ауданының
iшкi iстер бөлiмi
|
Щучинск қаласы, Коммунистическая көшесі, 33
|
|
4-27-27, 4-43-65
|
4-43-65
|
3.
|
Алматы қаласының Ішкі істер департаменті
|
Алматы қаласы,
Қарасай батыр көшесі, 109а
|
www.almaty.police.kz
|
254-41-55,
254-42-24
|
254-40-14,
254-40-34,
254-40-33
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
1)
|
Алатау ауданының
Ішкі істер басқармасы
|
Алматы қаласы,
Өтеген батыр көшесі, 78
|
|
298-54-85
|
298-54-88
|
2)
|
Алмалы ауданының
Ішкі істер басқармасы
|
Алматы қаласы,
Қарасай батыр көшесі, 109
|
|
254-46-29
|
254-46-22
|
3)
|
Әуезов ауданының
Ішкі істер басқармасы
|
Алматы қаласы,
Өтеген батыр көшесі, 76
|
|
298-53-53
|
221-09-86
|
4)
|
Бостандық ауданының
Ішкі істер басқармасы
|
Алматы қаласы,
Радостовец көшесі, 205
|
|
254-47-34
|
395-05-43
|
5)
|
Жетісу ауданының
Ішкі істер басқармасы
|
Алматы қаласы,
Райымбек көшесі, 158 а
|
|
279-96-88
|
233-69-18
|
6)
|
Медеу ауданының
Ішкі істер басқармасы
|
Алматы қаласы,
Зенков көшесі, 37
|
|
254-48-18
|
254-48-15
|
7)
|
Түріксіб ауданының
Ішкі істер басқармасы
|
Алматы қаласы,
Рихард Зорге көшесі, 14
|
|
298-54-09
|
298-54-45
|
4.
|
Ақтөбе облысының Iшкi iстер департаменті
|
Ақтөбе қаласы, 312 Атқыштор дивизиясы даңғылы, 5А
|
www.aktobepolice.kz
|
51-27-55,
93-03-03
|
22-10-52,
22-14-75
|
1)
|
Ақтөбе қаласының
ішкі iстер басқармасы
|
Ақтөбе қаласы,
Әйтеке би көшесі, 21
|
|
21-23-38,
40-41-08
|
97-08-77,
97-08-70
|
2)
|
Әйтеке би ауданының
iшкi iстер бөлiмi
|
Комсомол ауылы,
Ардагер көшесі, 7
|
|
2-14-29
|
2-17-75
|
3)
|
Алға ауданының
iшкi iстер бөлiмi
|
Алға қаласы,
Мұхамбетов көшесі, 28
|
|
3-11-02
|
3-37-02
|
4)
|
Байғанин ауданының
iшкi iстер бөлiмi
|
Байғанин ауылы,
Советтер көшесі, 15
|
|
22-1-74
|
22-6-82
|
5)
|
Ырғыз ауданының
iшкi iстер бөлiмi
|
Ырғыз ауылы,
Ленин көшесі, 14
|
|
2-12-27
|
2-12-03
|
6)
|
Қарғалы ауданының
iшкi iстер бөлiмi
|
Бадамша ауылы,
Пацаев көшесі, 9
|
|
23-6-31
|
22-8-57
|
7)
|
Мәртөк ауданының iшкi iстер бөлiмi
|
Мәртөк ауылы,
Ленин көшесі, 45
|
|
2-14-04
|
2-14-90
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
8)
|
Мұғалжар ауданының iшкi iстер бөлiмi
|
Қандыағаш қаласы,
Жамбыл көшесі, 74а
|
|
3-66-08
|
3-61-38
|
9)
|
Темiр ауданының iшкi iстер бөлiмi
|
Шұбар құдық ауылы,
Желтоқсан көшесі, 1
|
|
2-23-60
|
2-32-02
|
10)
|
Ойыл ауданының iшкi iстер бөлiмi
|
Ойыл ауылы,
Қойшығұлов көшесі, 42
|
|
2-18-98
|
2-17-17
|
11)
|
Қобда ауданының iшкi iстер бөлiмi
|
Қобда ауылы,
Астана көшесі, 97
|
|
2-16-92
|
2-16-95
|
12)
|
Хромтау ауданының iшкi iстер бөлiмi
|
Хромтау қаласы,
Абай даңғылы, 10
|
|
2-12-37
|
2-16-24
|
13)
|
Шалқар ауданының iшкi iстер бөлiмi
|
Шалқар қаласы, Есет Көтібарұлы көшесі, 88
|
|
2-14-61
|
2-14-63
|
5.
|
Алматы облысының Iшкi iстер департаменті
|
Талдықорған қаласы
Жансүгіров көшесі, 91/95
|
www.jetisu-police.kz
|
60-02-11,
60-01-54
|
60-00-79,
60-00-57
|
1)
|
Талдықорған қаласының
Ішкі істер басқармасы
|
Талдықорған қаласы,
Абай көшесі, 249
|
|
60-86-04
|
24-42-00
|
Достарыңызбен бөлісу: |