2012 жылдың 1-жартыжылдығы қорытындысы бойынша 2011-2015 жылдарға арналған Шемонаиха ауданы аумағын дамыту бағдарламасын орындау барысы туралы ақпарат



Дата27.05.2018
өлшемі274,01 Kb.
2012 жылдың 1-жартыжылдығы қорытындысы бойынша

2011-2015 жылдарға арналған Шемонаиха ауданы аумағын дамыту бағдарламасын орындау барысы туралы ақпарат
2011-2015 жылдарға арналған Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы аумағын дамыту бағдарламасы (бұдан әрі -бағдарлама) 2010 жылғы 27 желтоқсандағы № 34/9-IV Шемонаиха ауданы мәслихатының шешімімен бекітілді.

2012 жылдың 1-жартыжылдығы қорытындысы бойынша бағдарламаны орындау барысы туралы өткізілген талдау нәтижесінде анықталды:



1 СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒЫТ Ауданның экономикасын өндірісте, агро өндіріс кешенінде, шағын және орта бизнесті инвестициялауда, саудада және қоршаған ортаны қорғауда жоғары технологияны енгізу негізінде дамуын жеделдету

1-мақсат: Өндірістің дамуын тұрақты және теңгерңмдң дамуын диверсификациялау және оның бәсекеге қабілеттілігі арқылы қамтамасыз ету.

Кәсіпорын өнімінің көлемі- жалпы көлемінің индексі-120,6 % (26,46 млрд. теңге), оның ішінде –тау-кен өндірісі- ЖКИ-112,9 % (19,8 млрд. теңге), өңдеу кәсіпорыны- ЖКИ- 186,8 % (5,8 млрд. теңге).

Ауыл шаруашылығы өнімдері: 100,5 % (5,4 мың тонны) ет, 102,8 % (34,8 мың тонна) сүт, 102,5 (6,65 млн. дана) жұмыртқа өндірілді.

Мал басы: ІҚМ -101,9 % (27,3 мың бас), қой және ешкі-103,0 % (13,0 мың бас), шошқа-100,6 % (19,9 мың бас), жылқы-100,8 % (3,1 мың бас), құс – 100,2 % (65,75 мың бас).

Негізгі капиталға инвестиция салу көлемі-150,8 % (4,65 млрд. теңге).

Тұрғын үйлер енгізу-110,5 % (9,7 мың шаршы метр).

Құрылыс жұмыстарының көлемі-2,6 есе (2,3 млрд. теңге)

Белсенді шағын бизнес кәсіпорындарының саны-100,0% (132 бірлік)

Жалпы көрсеткіш: ет өндіру (139,6 %), нан (100,1 %), жұмыс киімдері (3,3 есе), сыртткиім (9,6 есе), ас үй және асхана және тұрмыстық өнімдер (4,4 есеге) өсті.

Ауданның байыту саласында есепті кезеңде 723 адам қамтылып

Еңбек өнімділігі-4,7 млн теңге, химия саласында-280 адам, еңбек өнімділігі-0,54 млн. теңгесаладағы 1 адамға шаққанда.

«Индустриализациялау картасы» аясында 2011 жылдың қазан айында «Триумф Агро» АТК «Дәнді, майлы және бұршақ дақылдарды өндіру, қайта өңдеу, сатып алуды жүзеге асыру» Өсімдік майын, ұн-жарма және құрама жем өнімдерін өндіру» жобасы қолданысқа енгізілді. өндіріс қуаты тәулігіне 100 тонна.

2011 жылы өнеркәсіп жалпы сомасы 561,0 млн.теңгенің 7,6 мың тонна тазартылмаған күнбағыс майын және шротын өндірді. Ағымдағы жылдың 1-жартыжылдығы қорытындысы бойынша ассортименттегі өнімнің көлемі 395,7 млн. теңге сомасында 6,8 мың тонна, а.ж. 3 тоқсанның қорытындысы бойынша 889,75 млн. теңге сомасында 12,5 мың тоннаны құрады.

Кәсіпорынды толық жұмыспен қамту бойынша жұмыс жүргізілуде: облысқа шикізат жеткізу және ауданның ауыл шаруашылық құрылымдарымен шарттар жасалды, өз шикізатымен қамтамасыз етілді.



2-мақсат. Ауданның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, отандық азық-түік тауарларын үлесі ішкі нарықта үлесін арттыру

Кәсіпорын өнімінің көлемі- жалпы көлемінің индексі-120,6 % (26,46 млрд. теңге), оның ішінде –тау-кен өндірісі- ЖКИ-112,9 % (19,8 млрд. теңге), өңдеу кәсіпорыны- ЖКИ- 186,8 % (5,8 млрд. теңге).

Ауыл шаруашылығы өнімдері: 100,5 % (5,4 мың тонны) ет, 102,8 % (34,8 мың тонна) сүт, 102,5 (6,65 млн. дана) жұмыртқа өндірілді.

Мал басы: ІҚМ -101,9 % (27,3 мың бас), қой және ешкі-103,0 % (13,0 мың бас), шошқа-100,6 % (19,9 мың бас), жылқы-100,8 % (3,1 мың бас), құс – 100,2 % (65,75 мың бас).Өткен жылмен салыстырған әр сауынды сиырдан орташа алғанда 2099 кг немесе өткен жылмен салыстырғанда 103 % артық.

Ауданның ауылшаруашылық құрылымдары ағымдағы жылы 31 бірлік техника жалпы сомасы 171,0 млн.теңгеге, оның ішінде кептіру қондырғылары, себу кешендері, жаңбырлатқыш қондырғылары, УПС себу аппараттары,тракторлар сатып алынды.

Ауданның асыл тұқымды мал базасы бес шаруашылық субъектілері ұсынады. Асыл тұқымды зауыд статусын «Камышинка» шаруа қожалығы, симменталь тұқымын өсіреді. Төрт субъектінің асыл тұқымды шаруашылық статусы бар: «Выдрихинское» ЖШС, «Украинка» ШҚ, «Шемонаихинское» ШҚ, «Заря» ШҚ. Шаруашылықтар симменталь және қара-ала ірі қара мал басын өсірумен айналысады.

Жүргізіліп отырған асылдандыру селекциялық жұмыстар шет елдік ген қорын пайдаланып, қолда бар гендік қорды сақтау, асылдандыру және өнімдік сапасын жақсартуға бағытталған. Нәтижесінде табындағы барлық мал масының жалпы салмағы 43,0 %.

Ауданда 18 малды қолдан ұрықтандыру пункттері бар. Ауданның ауыл шаруашылық құрылымдарындағы асыл тұқымды малдың гендік қорын жақсарту үшін шет елдік «Таурус» ЖШС, «Востокплемобъединение» ЖШС, «Ертісплем» ЖШС, «Асыл түлік» отандық селекцияның дестрибюторлық орталықтарынан сатып алынған жоғары өнімді өндіруші өгіздердің ұрықтары пайдаланылады.

-«Өсімдіктерді қорғау бойынша» Ағымдағы жылы жалпы аумағы 107,6 га аумақтағы дәнді дақылдар және күнбағыс аумақтарын химиялық тазалаудан өткізді, оның ішінде 71,4 га аумақ гербицидтермен өңделді,21,2 га аумақ зиянды жәндіктерден, 15,0 га аумақ ауруларға қарсы өңделді.

-« Ауыл шаруашылық жерлер жағдайының сапасына есепке алу үшін агро иқұрылым учаскелері жерлерін паспорттау»- ағымдағы жылдың талдау кезеңінде жер учаскелеріне 113 паспорт берілді немесе 26,6 % (жоспар 2 %).

Шемонаиха ауданының 2011-2015 жылдарға арналған аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру аясында мақсатты индикаторлар және тікелей көрсеткіштерге жету бойынша жұмыс жалғасуда.

Аудан округтерінде әлеуметтік мінездемедегі 269 меморандумға қол қойылды. Оның ішінде: бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі туралы-170, 10 пайыздан жоғары емес үстеме қосу бойынша 10 %-90 меморандум және дәрі құралдарына- 9 меморандум жасалды.

Ет өнімдерінің бағасын тұрақтандыру үшін муниципалды қатарлар құрылған, ауылдық округтердің төмен бағамен ет өнімдерін саудалайды. Ағымдағы жылы 10 «Жексенбілік күн» жәрмеңкесі өткізілді, оның ішінде мектеп, «Бал фестивалі» жәрмеңкесі өтті..

3- мақсат. Шемонаиха ауданында туризм индустриасын дамыту

Ішкі туризмнің үлесі жоспарға сәйкес толық орындалды. Келесі іс-шаралар өткізілді: жыл көлемінде ауданның аумағнда жазғы лагерлерді «ЭкоГрин» ұйымдастырды,83 адам қамтылды, 4 адам «Экстрим» қатысты. Астана қаласына саяхатқа аудан мектептерінен 45 оқушы шықты. «Шаңғы шақырады» аудандық акцияға 400-дей адам қатысты. Есептік кезеңде Уба өзені арқылы 10 қатысушы ағып өтті.



5-мақсат. «Аудан экономикасына инвестиция тартуда бизнес климатты жақсарту»4-мақсаты бойынша орта және шағын бизнесті дамытудың кешенді және серпінді дамуын жақсарту.

2012 жылдың 1-жартыжылдығы қорытындысы бойынша аудан экономикасына 2,1 млрд. Теңге инвестиция тартылды, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 133,4% орындалды. Шағын белсенді кәсіпкерліктің саны-3041 бірлік. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы іске асыруда 8 жәрмеңке, кәсіпкерлікті дамыту бойынша 2 семинар кеңес өтті. 2012 жылдың екінші жартыжылдығында «Даму» қорының өкілдері семинар кеңестер өткізуі жоспарлануда.

«Шемонаиха қаласында шекаралық ынтымақтастық агроөнеркәсіп, көліктік логистикалық орталығы» жобасы бойынша инженерлік жүйелердің құрылысы.

2011 жылы КТП, сумен қамтамасыз ету, тұрмыстық кәріздер, жоғары вольтты желіні тарту және монтаждау, кәріз жүйелерін тарту, аумақты қоршау, жоспарлау, игерілген қаражат 157,0 млн. теңге. 2012 жылы: көкөніс сақтау қоймасының құрылысы, 172,0 млн.теңге, оның ішінде 90,0 млн. теңге- өз қаражаты, 82,0 млн. теңге «ҚазАгрофинанс» АҚ қаражаты есебінен, шарт қаралуда. Ағымдағы жағдайы: объектінің дайындығы 15 %.

Іске асырылуға жоспарланған жобалар: асфальт зауытының инженерлік жүйесінің құрылысы. Жобаның бастаушысы «Ремдор» ЖШС. Ағымдағы жағдайы: кәсіпорын жобалау-сметалық құжаттарды әзірлеуде. Аталған жоба бойынша бірінші бағытпен бір уақытта бизнестің жол картасы 2020- кәсіпкерлік әлеуетін күшейтудің төртінші бағыты бойынша жұмыс жоспарлануда: «КазбизнесКонсалтинг Восток» ЖШС бизнес-жоспарының зерттемесі.

6-мақсат. Ішкі сауда саласының серпінді дамуы

2012 жылдың 1-жартыжылдығы қорытындысы бойынша жеке тауар айналымының көлемі 2,9 млрд. Теңгені құрап бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,2 есеге артық, ЖКИ-117,3%.аудан бойынша 221 бірлік шағын және орта кәсіпкерлер тіркелді, оның ішінде 144-і жұмыс істейді, 129-ы белсенді. 383 кәсіпорын саудамен айналысады,59 әлеуметтік бөлім.

БІрінші кезекті қажетті тауарлардың бағасын ұстау үшін 269 меморандум жасалды.Апта сайын мониторинг жүргізіледі.

7-мақсат. Қоршаған ортаны қорғау

2012 жылдың 1-жартыжылдығы қорытындысы бойынша Первомайский, кентінде, Выдриха, верх-Уба, Зевакино , Усть-Таловка кентінде, Шемонаиха қаласында ҚТҚ көмуге полигонды орналастыруға ЖСҚ актісі алынды.



2 СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒЫТ. Жұмыспен қамту.

2012 жылдың 1жартыжылдығы қорытындысы бойынша 395 адам жұмысқа орналастырылып, оның ішінде 187 адам жастар қатарынан. Қоғамдық жұмыстарға жоспар бойынша 250 адам жұмысқа орналасуы тиіс, 358 жұмыссыз тартылып, оның ішінде 109-ы жастар қатарынан. Жастар тәжірибесіне жоғары оқу орнының 20 түлек жолданды. Курстық қайта даярлауды 40 адам «Ауыл шаруашылығы өндірісіндегі тракторшы-машинист», «көкөніс өсіруші», «машинамен сауу операторы», «аспазшы» мамандықтарын аяқтап 10 жұмыссыз оқуын жалғастыруда. Ауданда 210 жаңа дұмыс орындары құрылды.

«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасын іске асыру аясында осы кезеңде кәсіби даярлықтан өтуден жоспарланған 25 адамның 45-і адамы кәсіби даярлықты бастады, оның ішінде 18-і жастар қатарынан, жастар тәжірибесіне жоспар бойынша 20 адамның 26-ы жолданды, 2012 жылға мемлекеттік тапсырыс бойынша 50 адамнан 59 адам кәсіби даярлықтан өтті. .

2011-2012 жылдарға арналған мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алуды аяқтаған («Өндірістегі электромеханикалық құралдар»- мамандығы бойынша 17 адам, «Көлікті жөндеу бойынша слесарь»-20 адам) 34 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде жастар тәжірибесіне 9 түлек, әлеуметтік жұмыс орындарына-2 адам орналасты.

2012 жылға техникалық және кәсіби білімі бар мамандарды қайта даярлау және біліктілігін арттыруға даярлыққа жоспар бойынша 50 адам нан 50 адам кірісті:

- «Ауыл шаруашылығы өндірісіндегі тракторшы-машинист» мамандығы бойынша 10 адам, оның 9-ы жастар,

- «Омарта және жібек өндіру» мамандығы бойынша 10 адам, 1-уі жастар,

- «Токарлық іс» 10 адамның 1-уі жастар,

-«Дәнекерлеу ісі»-10 адамның 6-уы жастар қатарынан,

-«Нан өнімдері, макарон және кондитер өнімдерін өндіру, наубайшы» -10 адамның 4-уі жастар қатарынан.

«Ауыл шаруашылығы өндірісіндегі тракторшы-машинист»,«Омарта және жібек өндіру», «Токарлық іс»,«Дәнекерлеу ісі»-мамандықтар бойынша 40 адма жұмысқа орналасты, бұл 100 %.

Әлеуметтік көмекті қажет ететін азаматтарды жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша, оның ішінде жастар және жоғары оқу орындарының түлектерін жұмыспен қамту бойынша жұмыс жалғасуда.



1-мақсат. Сапалы білім беру

2-мақсат. Аудан тұрғындарының денсаулығын нығайту және сақтау

Ауданда өмір сүру жасы 67 жасты құрайды. Жалпы өлім деңгейі 8,2. Бірінші орында онкологиялық аурулар, қан айналымы, улану, туберкулез аурулары. Ауданда на өлімі тірекелген жоқ, нәресте өлімі өсті. Көбі құрсақ қабынан. Уақытында скрининг жүргізу арқылы көптеген аурулардың алдын-алуға мүмкіндік туғызып отыр. 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» бағдарламасының негізгі бағыттары СӨС насихаттап, тұрғындардың денсаулығын сақтауға бағытталған.



3-мақсат. Отандық мәдениетті насихаттау, сақтау.

2012 жылдың 1жартыжылдығы қорытындысы бойынша 19 кітапхана, 13 сауық мекемелері, достық үйі, тарихи өлкетану мұражайлары жұмыс істейді. Әлеуметтіңк маңызы бар 365 «с-шара өтті, бұл 100пайыз.

2012 жылдың 1жартыжылдығы қорытындысы бойынша мәдениет ошақтарын қаржыландыру 48083 мың теңге.

Атаулы меркелер Рождество, Наурыз, 8 наурыз, Қазақстан халықтарының бірлігі күні, 9 мамыр, Халықаралық балаларды қорғау күні ауданның барлық елді мекендерінде аталып өтеді. Аталған іс-шаралар БАҚ жарияланады. 2012 жылдың 1жартыжылдығы қорытындысы бойынша мақалар 6 облыстық БАҚ, аудандық БАҚ-21, аудан әкімінің сайтында -136 жарияланды.

Кітапханалардағы жалпы кітап қоры 247,3 мың дана, оның ішінде мемлекеттік тілде-20 мың дана.

4-мақсат. Бұқаралық спортты дамыту және жоғары жетістіктерге жету.

2012 жылдың 1жартыжылдығы қорытындысы бойынша дене шынықтыру және спортпен 3207 бала айналысады.

Өткен кезеңде аудан әкімінің жүлдесі үшін қазақша күрес, тоғыз құмалақ, ерлер және әйелдер волейболы, баскетболы, шахмат, шашка, гирь спорты, армреслинг, үстел теннисі бойынша жарыстар өтті. Жалпы қатысушылар саны 410 адам.

Балаларды қорғау күніне орай спорттық шараларға 3246 бала қатысты. Аудан мектептерінде 12 секция жұмыс істейді. Шаңғы сатып алуға 349,0 мың теңге жұмсалды



5-мақсат. Азаматтарды әлеуметтік тұр,ыдан қолдаудың тиімді жүйесін құру.

2012 жылдың 1жартыжылдығы қорытындысы бойынша 346 адам жұмысқа орналастырылып, оның ішінде 289 адам жастар қатарынан. Қоғамдық жұмыстарға жоспар бойынша 250 адам жұмысқа орналасуы тиіс, 358 жұмыссыз тартылып, оның ішінде 109-ы жастар қатарынан. Жастар тәжірибесіне жоғары оқу орнының 20 түлек жолданды. Курстық қайта даярлауды 40 адам «Ауыл шаруашылығы өндірісіндегі тракторшы-машинист», «көкөніс өсіруші», «машинамен сауу операторы», «аспазшы» мамандықтарын аяқтап 10 жұмыссыз оқуын жалғастыруда. Ауданда 210 жаңа дұмыс орындары құрылды.

«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасын іске асыру аясында осы кезеңде кәсіби даярлықтан өтуден жоспарланған 25 адамның 45-і адамы кәсіби даярлықты бастады, оның ішінде 18-і жастар қатарынан, жастар тәжірибесіне жоспар бойынша 20 адамның 26-ы жолданды, 2012 жылға мемлекеттік тапсырыс бойынша 50 адамнан 59 адам кәсіби даярлықтан өтті. .

2011-2012 жылдарға арналған мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алуды аяқтаған («Өндірістегі электромеханикалық құралдар»- мамандығы бойынша 17 адам, «Көлікті жөндеу бойынша слесарь»-20 адам) 34 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде жастар тәжірибесіне 9 түлек, әлеуметтік жұмыс орындарына-11 адам орналасты.

Атаулы әлеуметтік көмекті 238 адам алды, мемлекеттік жәрдемақы-192 балаға төленді, тұрғын үй көмегін 508 отбасы, 31 туберкулез ауруымен ауыратын азаматтарға көмек ұсынылды. Аудан әкімімен кездесуге 25 әйел келді.

6- мақсат. Мемлекеттік тілді дамыту және тұрғындардың лингвистикалық капиталын өсіру.

Мемлекеттік және өзге тілдерді дамыту бағдарламасы бойынша 2012 жылдың 1жартыжылдығы қорытындысы бойынша мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мамандары 27 мемлекеттік мекеме қфызметкерлерін тіркеп, бағдарлама бойынша дәріс беруде. Мемлекеттік тілді оқушылар саны 198, жалпы білім беру мекемелерінің базасында үйірмелер ұйымдастырылған. «Ақбота» мемлекеттік тілде мектепке дейінгі білім және тәрбие беру ұйымы бар.Жалпы 1800 тыңдаушы оқу процесімен қамтылған. 195 адам қамтылған 18 і-шара өткізілді.



7-мақсат. Ұлтаралық бірлікті қамтамасыз ету және қазақстандық патриотизмді нығайту.

Аудандық кеңестің және бастауыш ардагерлер ұйымдары, ақсақал кеңесінің қызметі, ардагерлердің барлық санаттарын әлеуметтік-экономикалық қорғауы проблемаларын шешу рөлін және белсенділігін көтеруге, қарттардың өмірі үшін лайықты талаптар құру жөнінде мемлекеттік органдарымен байланысты және әрекеттестікті нығайтуына бағытталған. Ардагерлер ұйымдарының конкурсында аудан үнемі 1 орын алады.

Ауданда қоғамдық кеңесі 2008 жылы құрылды. Кеңестің қызметі аясында «Дүниетаным» саяси клубы жұмыс істейді. Кеңестің құрымына барлық азаматтық қоғам институттарының өкілдері енгізілді, жалпы саны -15 адам.

Аудан аппараты мен «үшінші сектор» арасында ынтымақтастық нығайту үшін басқа қоғамдық құрамалар және діни конфессияларды шақыруымен азаматтық форумды, жастар форумының (жылында екі рет дәстүрлі өтеді) өткізуі маңызды қадам болып табылды

Аудан аумағында тұрып жатқан халықтардың мәдениетін сақтау және дамуы бойынша едәуір жұмысты Достық үйі жүргізеді. Ұлттық мәдениеттерді жаңарту жөнінде бірлестіруі- оның негізгі мақсаты. Достық үйінің жанында 9 этно-мәдени бірлестіктері (орыс, белорус, украин, поляк, неміс, өзбек, татар, кәріс, армян) және «Қазақ тілі» қоғамы әрекет етеді.

Ауданда 13 діни бірлестіктері жұмысын жалғастыруда. Қоғамда азаматтық татулықты және рухани келісімді тұрақтауға бағытталған мәдени -әлеуметтік шараларға діни бірлестіктер белсенді қатысады. Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі аудандық Кеңесі жұмыс істейді.

Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясын зерттеуге және жүзеге асыруында кәсіподақтар белсенді қатысады. ұжым шарттар және келісімдер еңбекшілер бұқарасы құқтарын қорғау үшін ықпалдылық механизмі болып табылады. Ауданда екі ірі кәсіподақ бірлестіктері: білім беру қызметкерлерінің кәсіподағы, бір қатар бастауыш кәсіподақ ұйымдар.

2011 жылғы 1 желтоқсанында Шемонаиха ауданы Достық үйінде 20 жұлдызды күндері "Тәуелсіздіктің 20 шыңы" аясында азаматтық қоғам институттары күні өткізілді. Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары Т. Колтунова, «НұрОтан» ХДП Шемонаиха филиалы, аудан әкімі жанындағы Қоғамның кеңесі, Ардагерлер, ақсақалдар кеңесі, кәсіптік қоғамдық бірлестіктері, жастар бірлестіктері, мемлекеттік органдары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және этномәдени бірлестіктерінің басшылары қатысты.

Шемонаиха ауданында азаматтық қоғамның даму тұжырымдасын жүзеге асыру мемлекеттік органның және үкіметті емес әрекеттестігін нығайтуға, жүзеге асырлатын әлеуметтік жобаларын деңгейін көтеруге мүмкіндік берілді.

Азаматтық қоғамның нығайту мәселесі жөнінде ауданның базасында тәжірибе алмасу мақсатында «Шемонаихи ауданында азаматтық институттарды нығайту жөнінде ҮЕҰ және атқарушы үкімет билігімен бірлескен қызметі» атты облыстық семинар өтті. Семинарға Шығыс Қазақстан облысының 19 қала және аудандары ішкі саясат бөлімдерінің бастықтары қатысты. Осы бағыттағы ішкі саясат бөлімнің оң жұмысы Ақпарат және байланыс министрлігінің грамотасымен марапатталды.

Мемлекет органдарының және азаматтық қоғамның әрекеттестігі облыс, аудан әкімдерінің сайтында бейнеленіп, облыс және ауданның газеттерінің беттерінде жарияланды.

8-мақсат. Шемонаиха ауданының ақпараттық кеңістігі 6 тіркелген бұқаралық ақпарат құралдары ұсынады: «Шемонаиха тынысы», «Шемонаиха шұғыласы», «ЛЗ-Сегодня», «Уба-Информ», «Шемонаихинское время», «Молодежный формат».

14 медия жоспар әзірленді және іске асырылуда. Оларды орындау мониторингі орнатылған. Медия жоспарларды әзірлеу және іске асыру жұмысының тиімділігін ұйымдастыру мақсатында сәйкес басқармалар, қала және ауылдық округтердің әкімдіктері, БАҚ редакциялары тартылған. Тақырыпқа сәйкес азаматтық қауым өкілдерін енгізіп, оқиғаларды жариялау құрылған. Тілшілер, бас редауторлар әкімшілік мәжілістерге, аппарат жиналыстарына , барлық қоғамдық маңызы бар іс-шараларға шақырылады. Тұрақты түрде баспасөз конференциялар,мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары бойынша мемлекеттік орган басшыларымен актуалды және проблемалы мәселер бойынша брифингтер өткізіледі.

Сәйкес мемлекеттік органдармен Республикалық, облыстық және аудандық БАҚ қолданыстағы сыни мақалаларға әрекет ету жүйесінің мониторингі жүргізіледі. Редакцияға аутуалды мәселелер бойынша жауаптар, ШҚО талдау және болжау институтына теріске шығару бағытталады.

БАҚ өкілдері кеңес- мәжіліс органдарының (Жастар саясаты бойынша кеңес, үгіт-насихат, ақпарат мәселелері бойынша кеңес, жемқорлыққа қарсы күрес бойынша үйлестіру кеңесі) жұмысына белсене қатысады.

Президент Жолдауының негізгі жағдайын және тапсырмасын БАҚ түсіндіру арқылы тұрғындарды ақпараттандыру сапасын және деңгейін арттыру мақсатында, тәжірибе алмасу және кәсіби деңгейін арттыру үшін бас редакторлармен 6 мәжіліс өткізілді.

Баспасөз мониторингі ауданнның барлық мемлекеттік БАҚ елімізде өткізіліп отырған саясатты ақпараттық қамтамасыз етуде белсенділік танытып, медия-нарықтағы мемлекеттің мүддесін сақтап отырғанын дәлелдейді.



9-мақсат. Мемлекеттік жастар саясатының тиімділігін арттыру

2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту- Қазақстан дамуының басты бағыты» кезекті Жолдауынан бастап ауданда түсіндіру және негізгі бағыттарын анықтау мақсатында, ақпараттық-саяси жұмыс тобы құрылды.

Ағымдағы жылдың 30 қаңтарында келесі бағыттар бекітілді:


  • 2012 жылғы 27 қаңтардағы Елбасының Қазақстан халқына «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту- Қазақстан дамуының басты бағыты» кезекті Жолдауын түсіндіру және насихаттау бойынша іс-шаралардың жоспары

  • Президент Жолдауын ақпараттық-саяси тұрғыдан қамтамасыз ету бойынша медия жоспары

  • Аудандағы ақпараттық, үгіт-насихат мәселесі бойынша үйлестіру кеңесінің құрамы

  • Шемонаиха қаласы және ауылдық округтердегі ақпараттық-саяси топ мүшелерінің құрамы

  • Ауылдық округтерге аудандық ақпараттық-саяси топтарды бекіту және шығу кестесі

Жолдаудың мәтіні мемлекеттік және орыс тілдерінде аудандық газеттердің беттерінде және аудан әкімінің ресми сайтында жарияланды.

2012 жылы 27 қаңтарда Елбасының халыққа Жолдауын аудан тұрғындарына тікелей эфирден көрсету бойынша ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді. Аудан әкімі аппаратының конференц залында үндеуді тыңдауға ауылдық округтердің өкілдері, жергілікті атқарушы биліктің басшылары, құқық қорғау, саяси партиялардың жетекшілері, ардагерлер кеңесінің өкілдері, аудандық мәслихаттың депутаттары, үкіметтік емес, діни ағымдағы ұйымдар, кәсіпкерлер, әлеуметтік сала қызметкерлері, жастар ұйымдарының мүшелері, БАҚ өкілдері қатысты. Осыған ұқсас көрсетілімдер ауылдық округтерде, ауданның еңбек және білім беру мекемелерінде де ұйымдастырылды.

Ағымдағы жылдың 3 ақпанда шемонаихалықтар Президент Жолдауы бойынша идеологиялық активтің жұмысына белсене қатысты. Бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстан халқына үндеуге байланысты пікірталастар келіп түсті, бұл материалдар газеттерде және аудан әкімінің сайтында жарияланды. Мем лекеттік тапсырысқа сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарында «Жолдау ізімен», «Президенттің Жолдауын талқылаймыз» атты тұрақты айдарлар ашылып, апта сайын мониторингтер жасалып облыстың ішкі саясат басқармасына жолданып отырды. Жолдау шыққаннан бері 155 мақала жарияланды.

Ауылдық округтерде барлығы 26 ақпараттық-саяси топ жұмыс істейді, жалпы 169 адам қамтылған. Олардың арасында депутаттық корпустың, құқық қорғау органдарының өкілдері, сонымен қатар қаржы полициясының, қоғамдық тәртіптің ұстаздары, жастар қоғамының көшбасшылары, қоғамдық бірлестіктер және ардагерлер қауымдастығының мүшелері бар.

Жолдауды түсіндіру бойынша іс-шаралар үкіметтік емес ұйымдар, азаматтық қауымдастық мүшелерінің көмегімен тұрғындарды тарта отырып жүзеге асырылуда. Бұл жерде басты рөл барлық ауылдық округтерде құрылған ардагерлер ұйымдарына жүктелген.

Жолдау шыққаннан кейін аудандық АНТ мүшелері ШҚ МХК, Востоксельхозпродукт ЖШС, Уба Защита ЖШС, білім беру бөлімі және басқа мекемелерде кездесулер өткізді.

Ағымдағы жылғы 25 ақпанда Президенттің Жолдауын түсіндіру бойынша республикалық ақпараттық-саяси тобының жоспарлы жұмысы аясында Қазақстан Республикасы ішкі істер бөлімі қылмыстық орындаушышық жүйесі комитетінің төрағасы Бауржан Маратұлы Бердалинмен және Қазақстан Республикасы ішкі істер бөлімі қылмыстық орындаушышық жүйесі комитетінің ШҚО бойынша бастығының м.а., облыстық ведомствоаралық ақпараттық-саяси тобының мүшесі Нұрлан Түсіпханұлы Мұқамеджановпен төрт елді мекен тұрғындары, 550 шемонаихалық қатысқан жеке мәселелері бойынша кездесу өтті. Кездесуге қатысушыларға жоғары кәсіби деңгейде Елбасының Жолдауының негізгі бағыттары бойынша түсініктемелер берілді және кездесу барысында қойылған әлеуметтік-экономикалық мінездегі мәселелерге толық жауап берілді.

14-16 мамырда Қазақстан Республикасы Президентінің алға қойған негізгі тапсырмаларды түсіндіру бойынша облыстық ақпараттық-саяси топтың мүшелелері ішкі саясат басқармасының БАҚ жұмыс жасау және талдау бөлімінің бастығы Альмира Төлегенқызы Жұмабаеваның басшылығымен, құрамында 5 адамы бар топ келді. Альмира Төлегенқызы өз сөзінде «Бұл Жолдау Қазақстанның дамуы, экономикасын нығайтуда жаңа міндеттер, халықтың әл-ауқатын жоғарылатудың басты сатысы»- деп атап өтті. Ақпараттық-саяси жұмыстың маңыздылығын және «тікелей байланыстың» жергілікті атқарушы орган өкілдерінің азаматтармен кездесуінің қажеттілігін есепке ала отырып, барлық жұмыс тек қана аудан орталығының тұрғындарымен ғана емес, сонымен қатар шеткей ауылдардың тұрғындары да қамтылды. Үгіт тобының жергілікті тұрғындармен кездесу барысында аудан қауымдастығы Президент саясатының шешендігін, көрегендігіне ризашылықтарын білдіріп, толық қолдады.

28 мамырда жұмыс сапармен Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Абай Рахматуллин келді. Кездесу барысында Жолдаудағы сот жүйесінің мәселері қаралды.

Маусым айында аудан тұрғындары республикалық АНТ мүшесі –Қазақстан Республикасы Парламент мәжілісінің депутаты-Светлана Ивановна Ферхомен кездесуі болып өтті. «Нұр Отан» ХДП жеке мәселелері бойынша қабылдау және «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы аясында ауданның жастарымен кездесу өткізді.

Тамыз айында Қазақстан Республикасы Парламент мәжілісінің депутаты-Т.Т.Ибраеваның аудандық мәслихатта депутаттық фракция өкілдерімен кездесуі өтті.

«Нұр Отан» ХДП базасында жұмыссыз жастар Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ өкілдері кездесіп, партия көшбасшысы саясатының негізгі стратегиялық міндеттемелері айтылды, жастарды жұмыспен қамту жүйесіне тоқталды.

Тағы бір аса маңызды іс-шараның бірі, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және ауданның ұстаздары қатысқан- Елбасы Жолдауын қолдаған жастар форумы болды. Ішкі саясат бөлімінің бастығы Т.С.Степанова жиналғандар алдында «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласын орындау барысы туралы айтып берді.

Ағымдағы жылдың қыркүйек айында Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша «Технологияны дамыту қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз ету» тақырыбы бойынша «ЗУБР» әлеуметтік-корпоративтік қорының өкілдері семинар жүргізді. Семинарға 158 адам қатысты, Жолдаудың басты бағыттары талқыланды.

Түсіндіру жұмыстарын жүргізу кезінде насихаттау тобының мүшелері тұрғындармен дифференциалды, жеке және интерактивті жұмыс түрін таңдап, «дөңгелек үстелдер», азаматтардың жиналысын, ұжымдарда кездесулер, жеке мәселелер бойынша қабылдаулар өткізді. АНТ жұмысына көмек ретінде Жолдау бойынша ескертпелер және әдістемелік құралдар таратылды. Аудан әкімінің сайтында «Нұр Отан» ХДП әдістемелік пікірлері жарияланды. Бұл процеске бюджеттік ұйымдардың өкілдері, әлеуметтік саланың қызметкерлері белсенді араласып, бұқаралық ақпараттық құралдарда пікірлерін жазып, ұжым ішінде әңгімелер жүргізді. Мекемелерде, ұйымдарда, білім беру имараттарында Елбасы Жолдауын, Стратегия -2030 бағдарламасын, салауатты өмір салтын, мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау бойынша тақырыптық бұрыштар жаңартылды.

Барлық ұйымдарда, ауданның партия ұйымдарында Елбасының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласын талқылауға бағытталған жұмыс жүргізілді.

Жыл басынан бері Жолдаудың басымды бағыттарын насихаттауда сыртқы жарнамалар және көрнекі үгіт жүргізуде бекітілген эскиздерге сәйкес барлық елді мекендерге 64 баннер жасалып, орналастырылды.

Ауданда ішкі саясат бөлімі Шығыс Қазақстан облыстық талдау және бағдарлау институтымен бірлесіп Жолдаудың басымды жақтары бойынша азаматтардың ақпараттандырылуы, қабылдауы және қолдауы жайында тұрақты түрде әлеуметтік сараптама және оларды іске асыру бойынша мемлекеттік органдардың жұмысының нәтижесіне бақылау жүргізеді. Жүргізілген әлеуметтік сұрақтар нәтижесі көрсетті: аудан тұрғындары Жолдаудың мәтінімен танысқан және тұрғындарды әлеуметтік тұрғыдан қолдау көрсету блогы қызықтырады.

2012 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша барлық деңгейдегі АНТ 3014 кездесу, 108 621 адам қамтылған дөңгелек үстел өткізді.

10- мақсат. Құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық орындарда және аулада құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету.

Жартыжылдық қорытынды бойынша 10 жол көлік апаты болып 2 адам мерт болды және 18 адам жарақат алды. Ауданда 8021 бірлік техника тіркеуде.

Жазасын өтеу орнынан 23 адам келді. Жұмыспен қамту бөліміне 2 адам өтініш берді, 1 адам жұмысқа орналасты,1 адам қоғамдық жұмысқа тартылды. Қоғамдық тәртіпті нығайту бойынша 17 сақшының еңбек ақысын төлеуге 1074,8 мың теңге бөлінді. 10 азаматқа 80,5 мың теңге сыйақы бөлінді.

12- мақсат. Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қорының ақпараттық әлеуетін дамыту және сақтау үшін жағдай жасау.

Мемлекеттік мұрағат жұмысының негізгі бағыты-ол мемлекеттің тарихын сақтау, келер ұрпаққа жеткізу. Есептік кезеңде әлеуметтік мінездемедегі 1068 өтінішке жауап берілді. Мемлекеттік сақтауға 1129 бірлік құжат қабылданды, оның ішінде -959 құжат басқарма құжаты, 150 құжат жеке құрам бойынша, 20 құжат жеке істер бойынша.



3 СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒЫТ.

3. «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасын жасау барысы туралы

Ауданда Шемонаиха қалансындағы 30 пәтерлік және 20 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысына арналған сметалық жобалық құжаттары жасалып, бекітілген. Аталған объектілерді қаржыландыру пәтерлер мен тұрғын үйлерді жалға алуға бөлуге мүмкіндік береді.

4. Қалалық агломерация және шағын қалаларды дамыту бағдарламасын жасау барысы туралы

Шемонаиха қаласы шағын қала категориясына жатқызылған. Қаланың экономикалық жағдайының ағымды сараптамасы (өндіріс және шағын кәсіпкерлік), инфрақұрылым және әлеуметтік салы (білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт) және Шемонаиха қаласының 2020 жылға дейінгі әлеуметтік- экономикалық дамуы бойынша ұсыныстары жасалды.



5-мақсат.Инвестициялық жобаларды іске асыру.

«Востоксельхозпродукт» ЖШС, «ВА.Степаненко» ЖК өндірістік кәсіпорындарында өндірістік өнімнің көлемін арттыруға бағытталған инвестициялық жобалар іске асырылуда.

«Востоксельхозпродукт» ЖШС күнбағыс майын рафинаттау, ақтау және құтыларға құю бойынша цехының құрылысы бойынша жұмыстар жүргізілуде. Имараттың іргесі құйылды, қабырғалары тұрғызылды. Ағымдағы жылдың қыркүйек-қазан айларында құралдарды монтаждау жұмыстары жоспарланған.

«В.А.Степаненко» ЖК көкөніс консервлерін дайындау бойынша цехты құру». Жобаның құны-9,0 млн. теңге, оның ішінде 6,0 млн. теңге- өз қаражаты, 3,0 млн. теңге «Жұмыспен қамту2020» бағдарламасы аясында несиеге алынды. Ағымдағы жағдайы: құралдар сатып алынды, қайта өңдеу цехын жасауға имаратты қайта құру, қолданысқа енгізу бойынша құжаттарды дайындау.



6-мақсат. Алгоритм аясында қосымша төлем көздерін анықтау.

Салық салу және бюджетке төлемдер жасауда жұмысты жандандыру үшін жұмыс тобының жеке кәсіпкерлерді және шаруашылық субъектілерінің шақыруымен мәжіліс өткізіледі.

Алгоритмді орындау аясында қосымша табыс көздерін анықтау бойынша есеп беру кезеңінде 2,0 млн. теңге түсті. Табыс көздерін анықтауда келесі жұмыстар жүргізілді: салық салынатын қозғалмайтын мүлікті қайта бағалау, жерді рұқсатсыз иелену бойынша 2 факт анықталды, салық салу қайта есептелді; транспорт құралдарына уақытында салық төлемеген 84 салық төлеуші анықталды; жер телімдерін пайдаланғаны үшін төлем түсімдері және салықтың дұрыс есептелуіне бақылау жүргізілді.

2012 жылдың 01 қыркүйегі жағдайы бойынша ауданның бюджеті өз табыстары 103,2 % орындалып, жоспар бойынша 802,5 млн. теңге, түскені 828,5 млн. теңге.



Бағдарламалық және стратегиялық құжаттарды іске асыру шеңберінде нысаналы индикаторлар мен тікелей көрсеткіштер бойынша көзделген параметрлерге жетуді қамтамасыз ету

2011-2015 жылдарға арналған Шемонаиха ауданының аумағын дамыту бағдарламасында «Жоғары өнімді инновациялық технологияларды өндірісте, агро өндіріс кешенінде, шағын және орта кәсіпкерлікті инвестициялауда, саудада және қоршаған ортаны қорғауда ауданның экономикасын жылдам дамыту негізінде» келесі индикаторлар қарастырылған, оның ішінде:

-«Өткен жылмен салыстырғанда өндірістік өнімді өндіру көлемі». Кезең бойынша өндіру көлемі 20,2 млрд. теңге, бұл 2011 жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда 110,3 % жоғары, ЖКИ- 115,3 %; таукен және өңдеу өндірісі саласында және кенішті өңдеу -4,57 млрд. теңге, немесе 92,5% 2011 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда ЖКИ-1189,7 %.

-«Белсенді шағын кәсіпкерлік субъектілерінің санын өсіру»- талдау кезеңінде аудан бойынша белсенді шағын бизнестің саны3138 бірлікті құрады.



Алдыңғы қатарлы техника және технология негізінде агроөнеркәсіп кешенін тұрақты және теңгерімді дамытуды қамтамсыз етсін

1) «ВК Житница» ЖШС- картофель және көкөністерге арналған 294 га аумақты суару жүйесінің құрылысы басталды. Жобаның жалпы құны 120 млн. теңге. Жобаның инвесторы «Триумф-Агро» АӨК. Жобаны іске қосу мерзімі 2012-2013 жылдар.

2) «Иртыш Танур плюс» ЖШС- 2 суару жүйесін сатып алу, көкөніс сақтау қоймасына құралдар сатып алу. Жобаның инвесторы «ВостокАгроХолдинг», жобаның жалпы құны 100 млн. теңге. Жобаны іске қосу мерзімі 2012 жыл. Суару құралдарын келісім шартқа сәйкес жеткізу 2012 жылдың май айының соңына дейін.

3) ЖК «Жуковский С.Н.» және ЖК «Рауш А.А.» - Ирландиядан «Герефорд» асыл тұқымды жалпы саны 90 бас мал сатып алу. Жобаны іске асыру мерзімі 2012 жыл. Бизнес жоспары жасалып, малды сатып алу 2012 жылдың маусым-тамыз айларына жоспарланды.

4) ЖК «Варжапетян Ю.В.» - жұмыртқа бағытындағы балапандарды алу үшін 30 мың жұмыртқаға арналған инкубаторды пайдаланып, 2500 бас құс өсіретін шағын құс фабрикасын ашу Жобаның қуаты тәулігіне 2 мың жұмыртқаға дейін шығарады. Жобаны іске асыру мерзімі 2012 жыл. Бизнес жоспары жасалып, малды сатып алу 2012 жылдың маусым айы. Бөлмені құралдармен жабдықтау, орындар дайындау, инкубатор құралдарын орнату.

Агроөндіріс кешенінің инновациялық жинақтаушысын арттыру мақсатындаауданда инновациялық жобалар іске асырылуда:



Жерлерді ұтымды пайдалану және олардың құнарлылығын жоғарылату бойынша шаралар қолданылсын

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 қарашадағы № 1297 «Ауыл шаруашылық маңызы бар жерлерді ұтымды пайдалану ережелерін бекіту туралы» қаулысының 6-бабы 9-тармағының талаптарына сәйкес Ауыл шаруашылық маңызы бар жерлерді ұтымды пайдалануды анықтау үшін, жер учаскелерінің иелерінен және жерді пайдаланушылардан ішкі шаруашылықты орналастыру жобалары болуы тиіс. Ауданда 2012 жылғы 24 сәуірде округ әкімдері және ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшыларымен бірлесіп ауыл шаруашылық маңызы бар жерлерді ұтымды пайдалану ережелерін түсіндіру бойынша және шаруашылық ішілік жерлерді орналастыру жобаларын рәсімдеу бойынша жұмысты жалғастыру қажет.

Ауданда шаруашылық ішілік жерлерді орналастыру «Камышинка-2» ЖШС және «Камышинское» ШҚ В.И.Акулов, Г.К.Кажакановтың шаруа қожалығымен, «Сугатовское» ЖШС , КТ «Воробьев Н. және К» шаруа қожалығы, «Выдрихинское» ЖШС, «Ново-Ильинское» ЖШС, «Убинское-Ш» ЖШС, Ә.К.Шұрманов ШҚ, «ТРИ СОЛНЦА» ЖШС, «Сметанин» ЖШС ішкі шаруашылық жерлерін орналастыруға байланысты жобаларды жасауға шарттар жасалды.

*Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік ғылыми-өндірістік орталығының мамандарымен бірлесе отырып 222,3 мың га аумақты ауыл шаруашылық маңызы бар жерлерге түгендеу жүргізілді. Қолданылмаған жалпы аумағы 139,3 га аумақ анықталды. Аталған жер учаскелерін мемлекетке қайтару бойынша іс-шаралар жүргізіледі.

2012 жылға кезеңде шағын ауыл шаруашылық құрылымдарын ірілендіру аясында жер учаскелерін жалпы аумағы 5883 га аумағы бар 39 шаруа қожалықтарының ЖШС жарғылық капиталына өткізді.

Конкурстық негізде учаскелерді іске асыру бойынша жұмыс жүргізілді. 2012 жылдың талдау кезеңінде 2 конкурс өткізілді, өткізілген конкурстардың нәтижесіне сәйкес жалпы аумағы 550,8 га жер учаскелері жерді тиімді пайдаланған агро құрылымдарға берілді.

Аталған мәселе аудан әкімінің, аудан әкімі орынбасарларының бақылауында.

Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды іске асыру аясында және тікелей көрсеткіштермен және мақсатты индикаторлар бойынша көзделген параметрлерге жету қамтамасыз етілсін.

-«Өсімдіктерді қорғау бойынша» Ағымдағы жылы жалпы аумағы 107,6 га аумақтағы дәнді дақылдар және күнбағыс аумақтарын химиялық тазалаудан өткізді, оның ішінде 71,4 га аумақ гербицидтермен өңделді,21,2 га аумақ зиянды жәндіктерден, 15,0 га аумақ ауруларға қарсы өңделді.

-« Ауыл шаруашылық жерлер жағдайының сапасына есепке алу үшін агро иқұрылым учаскелері жерлерін паспорттау»- ағымдағы жылдың талдау кезеңінде жер учаскелеріне 113 паспорт берілді немесе 26,6 % (жоспар 2 %).

Тұрғын үй құрылысы және сейсмокүшейту саласындағы жұмысы жандандырсын

Ағымдағы жылдың қаңтар-тамыз айларында 8228 шаршы. метр түрғын үй қолданысқа берілді, бұл көрсеткіш 2011 жылдың осыған ұқсас мерзімімен салыстырғанда 112,6 %.

Шемонаиха қаласында 30 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы жалғасуда.

Энергия, жылу және сумен қамту салаларының тұрақты жұмысы қамтамасыз етсін

2012-2013 жылдардың қысқы маусымында объектілердің жұмысын тұрақты және елді мекендерде электр жарығымен, жылумен, сумен қамтамасыз ету мақсатында, аудан әкімінің өкімімен 2012-2013 жылдарға арналған қысқы мерзімге дайындық жұмыстары мәселесі бойынша аудандық штаб құрылған. 2012 жылдың ағымдағы кезеңінде 5 мәжіліс өткізіліп, онда объектілердің жылу беру маусымына дайындығы туралы іс-шаралар жоспары қарастырылды, қарызды өтеу мәселесі, жылумен, сумен қамтамасыз ету бойынша қызметтерді көрсететін кәсіпорындардың басшыларының ақпараттары тыңдалды, тапсырмалар берілді және оларды орындау мерзімдері көрсетілді.

20.09.2012 жылғы жағдай бойынша дайындалды:

-34 жылу беру пешінің 32-і (немесе 94,1 %),

-60,8 км құбырдың 59,6 км (98%) жылу беру құбыры, 0,589 км жылу трассасы жөнделді (98,3%),

-350,3 км су-кәріз құбырының 340 км жөнделді (96,1%),

-318 км электр желісінің 286 км жөнделді (89,9 %),

-29 денсаулық сақтау объектілерінің 27 (немесе 91,1%),

-3 (немесе 100 %) әлеуметтік объектілер,

3982 тұрғын үй (немесе 92,1%),

Қазіргі уақытта барлық жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес және іс-шаралар жоспары бекітілген мерзімде орындалуда.

36 білім беру объектілері (100 %) дайын болды. Барлық мектептерде косметикалық жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Отын: МХК негізгі жылу беру пеші -92,0 мың тонна отын қажет етеді. Көмір тасу кестеге сәйкес күнделікті жүргізілуде. Есептік күнге сәйкес көмір қоры 17,0 мың тоннаны құрайды.

Денсаулық сақтау объектілерінде отын толық көлемде жеткізілді.

Ауданның тұрғындары үшін отынның қажеттігі 45 тонна көмірді құрайды. Тұрғындарға 29,7 мың тонна көмір (немесе 66%). Толық көлемде көмір ағымдағы жылдың қыркүйек-қазан айларында жеткізіледі.

Аудандағы негізгі жеткізушілер: «Гортоп» ЖШС, «Вуэс» ЖШС. Көмірдің тоннасының бағасы 5500,-5700 теңге, қоймадағы көмірдің қоры 2100 тоннаны құрайды.

Ағымдағы жылдың 20 сәуірінде 2011-2012 жылдардың жылу беру маусымында қызмет көрсеткен және жылу беру маусымын қорытындылау бойынша кәсіпорындардың жетекшілерімен жиналыс өткізілді және 2012-2013 жылдары жылу беру маусымына дайындық пысықталады. Жиналыста барлық проблемалы мәселелер қаралып, тапсырмалар берілді және оларды орындау бойынша мерзімдер бекітілді.

Жылу беру маусымына ауданның объектілерін дайындау шеңберінде: орталық жылу беру жүйесіне қосылған 89 көп пәтерлі тұрғын үй, 60,8 км жылу беру жүйесі, 350,3 км су-кәріз жүйесі, 27 пештер, 30 білім беру объектілері дайындалады.

Штабтың кезекті отырысы 2012 жылдың 20 мамырында өткізіледі. Кезекті жылу беру маусымына дайындау мәселесі тұрақты бақылауға алынған.

Аталған мәселе аудан әкімінің, аудан әкімі орынбасарларының бақылауында.



Елді мекендерді абаттандыру жұмыстары жалғастыру

Камышинка, Выдриха және Верх-Уба ауылдарында көшелерді жөндеу, көшелерді жарықтандыруды қалпына келтіру жұмыстары шаруа қожалықтары және тұрғындардың күшімен атқарылуда. Выдриха және Сугатовка ауылдарында балалар алаңы, Камышинка ауылында саябақты абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Волчанка ауылында жарық қалпына келтірілді. Усть-Таловкак кентінде даңқ алаңы жасалды. Аудан орталығында қаланың келбетін жақсарту бойынша жұмыстар: қалаңы көгалдандыру, Вокзальная көшесіне жөндеу, қоршаулар жасалды.



6СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒЫТ. Бәсекелестікті дамыту

2012 жылы ауданның БАҚ негізгі құрам бойынша жұмыстың нәтижесі туралы 1 материал жарияланды.

2012 жылға жоспарланған барлық табыс көздерінен түсетін қаражат есебінен бағдарламаны іске асыруға 7278,7 млн. теңге бөлу жоспарланған, игерілгені 1093,1 млн. теңге немесе жоспардан 15,0 %. Оның ішінде :

Республикалық бюджет есебінен -668,7 млн. теңге қарастырылған, игерілгені-379,4 млн. теңге немесе 55,1 %;

облыстық бюджет есебінен -185,8 млн. теңге қарастырылған, игерілгені-246,5 млн. теңге немесе 132,7 %;

аудан бюджеті есебінен -328,3 млн. теңге қарастырылған, игерілгені-160,1 млн. теңге немесе 48,8%;

өз қаражаты есебінен -6075,9 млн. теңге қарастырылған, игерілгені-307,1 млн. теңге немесе 5,0 %.

Жалпы 2011-2015 жылдарға арналған Шемонаиха ауданы аумағын дамыту бағдарламасы 2012 жылдың 1-жартыжылдығы қорытындысы бойынша 53,5 % орындалды.



Экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің бастығы А.Самойлова
Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу