1. Дамыған орта ғасырларға жататын монша табылған ортағасырлық қалалар:
A) Құлан, Мерке
B) Алмалық, Талғар
C) Отырар, Тараз
D) Жент, Баршынкент
E) Басқамыр, Аяққамыр
|
2. Антрополог ғалым О.Смағұловтың пікірі бойынша сақ, сармат, үйсін тайпаларының келбеттері осы тайпаға ұқсас болған:
A) Скифтерге
B) Ғұндарға
C) Парсыларға
D) Андрондықтарға
E) Қаңлыларға
|
3. XV ғасырда Әбілқайыр хандығы мен Моғолстанның ішкі-сыртқы өмірінде қалыптасқан ахуалға байланысты дүниеге келген хандық:
A) Сібір хандығы
B) Хиуа хандығы
C) Хорезм мемлекеті
D) Қазақ хандығы
E) Өзбек хандығы
|
4. «Жеті жарғы» заңдар жинағы өмірге келді:
A) Есім ханның тұсында
B) Жәңгір ханның тұсында
C) Қайып ханның тұсында
D) Сәмеке ханның тұсында
E) Тәуке ханның тұсында
|
5. А.Иманов бастаған 15 мың көтерілісші қоршаған қала:
A) Атбасар
B) Орал
C) Ақмола
D) Торғай
E) Қазалы
|
6. 1960-жылдары Павлодар машина жасау зауытының негізінде құрылды:
A) Экскаватор зауыты
B) Автомобиль зауыты
C) Кабель зауыты
D) Трактор зауыты
E) Электротехника зауыты
|
7. Көне түрік дәуіріндегі тас мүсіндердің орхон жазуындағы атауы:
A) «Кемпіртас»
B) «Тас мүсін»
C) «Терракота»
D) «Сардоба»
E) «Балбық»
|
8. Шыңғысхан алғаш бағындырған түркі тілдес хандықтар:
A) Хазар, Қырым
B) Қидан, Татар
C) Хорезм, Бұлғар
D) Найман, Керей
E) Орта Азия хандықтары
|
9. 1603-1624 жылдары Қазақ хандығымен шайқасқа түсті:
A) Бұқар хандығы
B) Моғолстан
C) Сібір хандығы
D) Жоңғар хандығы
E) Хиуа хандығы
|
10. Өскемен қаласының іргесі қаланды:
A) 1720 ж.
B) 1716 ж.
C) 1714 ж.
D) 1722 ж.
E) 1718 ж.
|
11. XVIII ғасырда өмір сүрген, Абылай ханның серігі, атақты жырау:
A) Шернияз
B) Жанақ
C) Тәтіқара
D) Сүйінбай
E) Шортанбай
|
12. 1870 жылы Маңғыстауда болған көтеріліс басшыларының бірі:
A) Л.Байшоғыров
B) Т.Мұрадұлы
C) Д.Тәжіұлы
D) Қ.Бабажанұлы
E) Б.Шоқабасов
|
13. 1867-1868 жылдардағы реформа негізінде Семей облысының құрамына кірген уез:
A) Жаркент
B) Көкшетау
C) Павлодар
D) Шымкент
E) Тоқмақ
|
14. 1855 жылы Верныйға 400 отбасы қоныс аударды:
A) Сібірден
B) Оралдан
C) Кавказдан
D) Қырымнан
E) Астраханнан
|
15. 1857 жылы Ыбырай Алтынсарин еркін сөйлей білген тілдері:
A) Латын, швед, грек
B) Ұйғыр, қытай, дүнген, монғол
C) Неміс, ағылшын, француз
D) Орыс, араб, татар, парсы
E) Бурят, санскрит, урду, хинди
|
16. 1917 жылы қараша айында Қоқан қаласында құрылған автономия:
A) Алаш
B) Түркістан
C) Қазақ АКСР-і
D) Түркістан АКСР-і
E) Қазақ
|
17. 1921 жылы 14 маусымда қабылданған «Нақты ет салығы туралы» декреттің мәні:
A) Көшпелі және жартылай көшпелі халықты ет салығынан босату
B) Отырықшы халыққа ет салығын көбейту
C) Ет салығын ақшалай салықпен ауыстыру
D) Көшпелі халықтан ет салығын алуды дамыту
E) Көшпелі халыққа салынатын ет салығының мөлшерін көбейту
|
18. КОКП XX съезінен кейін ақталған аса көрнекті әдебиетшілер:
A) С.Торайғыров, Б.Майлин, Ғ.Мүсірепов
B) М.Әуезов, Б.Майлин, С.Торайғыров
C) С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин
D) С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Есенберлин
E) Ғ.Мүсірепов, С.Сейфуллин, Б.Майлин
|
19. 1988 жылы Қазақстан КП Орталық Комитетінің қаулысымен ақталған, есімдері халқына қайтарылған қайраткерлер:
A) С.Сейфуллин, Б.Майлин
B) І.Жансүгүров, О.Исаев
C) Ш.Құдайбердіұлы, А.Байтұрсынов
D) М.Масанчи, Н.Нұрмақов
E) О.Жандосов, С.Асфендияров
|
20. Солтүстік Қазақстандағы энеолиттік Ботай тұрағының мерзімі:
A) Б.з.б. 5-3 мыңжылдық
B) Б.з.б. 2-1 мыңжылдық
C) Б.з.б. 1 мыңжылдық
D) Б.з.б. 3-2 мыңжылдық
E) Б.з. 1 мыңжылдық
|
21. Солтүстік Қазақстан жерінде б.з. 2-3 ғасырлар аралығында өндірілген металлдан жасалған заттар табылды:
A) Батыс Еуропадан
B) Қытай, Үндістаннан
C) Таяу Шығыстан
D) Шығыс Еуропа, Кавказдан
E) Кіші Азиядан
|
22. 1886 жылғы Ереже бойынша болыс басқармаларын бекіткен:
A) Уезд басшысы
B) Әскери губернатор
C) Болыс басшысы
D) Губерниялық басқармалар
E) Генерал-губернатор
|
23. Ресейдегі 1905-1907 жылғы революция кезінде жергілікті әкімшілік билікке қарсы шаруалар қозғалысы болған облыстар:
A) Өскемен, Павлодар, Семей
B) Көкшетау, Қостанай
C) Орал, Торғай, Семей
D) Верный, Семей, Петропавл
E) Ақтөбе, Қостанай
|
24. Ленинград қаласын қорғауда қатысқан Балтық флотының қызыл тулы «Киров» крейсеріндегі қазақстандық жауынгерлердің саны:
A) 156
B) 170
C) 200
D) 160
E) 300
|
25. 1993 жылдың соңында республикада беделді және танымал болған қоғамдық қозғалыстар:
A) «Азамат», «Лад»
B) «Халық бірлігі одағы», «Азамат»
C) «Лад», «Демократиялық реформалар қозғалысы»
D) «Азат», «Невада-Семей»
E) «Азат», «Мұсылман әйелдер»
|