Моғолстан мемлекеті
Моғолстанның құрылуы Шағатай мемлекетінің (14ғасырдағы Парсы тілді авторлардың айтуы бойынша: Мұлқ шағатай) құлауымен байланысты болып келеди. Орта Азиядаға моңғолдар құрған мемлекеттің аты Шыңғыс ханның екінші ұлы Шағатайдың есімімен аталды.
Ұлы ханға тәуелді болмаған саяси бірлік түріндегі Орта Азиялық шыңғыстықтардың мемлекеті – Хайду мемлекеті. Хайду (ол 1301 жылы өлген) билеген кезде мемлекеттің құрылымы өзінің толысу шегіне жетті. Жамал қаршының сөзіне қарағанда, Хайду әділетті, қайрымды, жұмсақ мінезді, елінің мүддесін қорғайтын білімді мұсылмандарға қамқор хан болған. Хайду өлгеннен кейін мемлекеттегі бірінші адам талантты және ширақ Тува (Дува) – шағатайлық Барақ ханның ұлы болды. В.В. Бартольдтың айтуына қарағанда, оны Шағатай мемлекетінің негізін салушы ретінде танып білу керек. Бірақ Шағатай мемлекеті көп тұрған жоқ. Өзара тартыстың әсерінен әлсіреген хандық биліктің беделінің түсуі әскери көшпелі қауымның алға шығуына себепші болды. 14 ғасырдың 40-50-шы жылдары ол он шақты иелікке бөлініп кетті. Сол кезде Шағатай мемлекетінің шығыс жақ бір бөлігін моғолдар деп атады. Сол сөз осылайша халықтың аты ретінде айтылып және жазылып қалды. Сол кезде осы атаудан географиялық парсылық моғолстан атауы пайда болды. Бұл географиялық бөлікке кейіннен Жошы ұлысының оңтүстік шағын бөлігіде еңді. Орта ғасырдағы тарихшылардың келтірген деректеріне қарағанда, 14 ғасырға таман осындағы ру-тайпалар «моғол» деп аталған. Бірақ бір кездегі «моғол» сөзі қалыптасқан халықтың аты емес, әскери-саяси одақтың аты ғана болған еді. 14 ғасырдың ортасында осы «моғол» одағы негіз болып құрылған хандық Моғолстан деп аталды. Алайда тарихи оқиғаларға байланысты Моғолстанның жер көлемі бірде кеңейіп, бірде тарылып отырды. Дулат феодалының тәуелді иелігі болған Маңғылай Сүбе өлкесі Моғолстанға кейде қосылып, кейде бөлініп кетіп отырды. Моғолстан мемлекетінің негізгі халқы түркі тілдес тайпалар – Дулат, Албан, Суан, Қаңлы, Керей, Арғын, Найман т.б.Бұлардың басым көпшілігі ежелден осы өңірді мекендеген түркі тілдес тайпалар, олардың ішінде жергілікті түркі тілдес халықтарға сіңіп түркіленіп кеткен моңғол тайпалары да болды. Шын мәнісінде Моғолстанның негізгі халқы қазіргі қазақтар еді. Моғолстанның алғашқы ханы – Тұғылық Темірдің моғолдарға ислам дінін таратып қалыптастыруға көп күш салуы оның беделін арттырды, үстемдігін нығайта түсті. Тұғылық Темір 1348 жылы 18 жасында хан тағына отырды, 22 жасында мұсылман болды. Моғолстан шекарасы мырза Хайдардың «Тарих-ир-Рашиди» атты кітабында былай баяндалады: «қазір Моғолстан деп аталатын жер аумағының ені мен ұзындығы 7-8 айға созылатын жерді көрсетеді. Моғолстаннның шығыс шеті қалмақтар жеріне кіріп жатыр, ол өзіне Барыс көл, Еміл, Ертісті қосып алады. Солтүстігінде Көкше теңізбен (Балқаш көлі), Бом және Қараталмен, батысында Түркістан және Ташкентпен, оңтүстігінде Ферғана, Қашқар, Ақсу, Шалыш жыне Турфанмен шектеседі». Яғни сол кездегі Моғолстанға оңтүстік-шығыс және Оңтүстік Қазақстан жер аумағы кірген.
Одан әрі қарай Хайдар былай жалғастырды: «Моғолстанда үлкен өзендер көп, үлкендігі Джейхунға (Амудария) ұқсайды. Олардың ішінде Іле, Еміл, Ертіс, Шұйлық және Нарын бар. Бұл өзендер сырдариядан кем түспейді. Бұл өзендердің көп бөлігі Көкше теңіз (Балқаш көліне) құяды. Ол Моғолстан мен Өзбек ұлысының ортасында бөліп тұрады». Бұл мемлекет Шағатай ұлысының бір бөлігі еді, ал еінші бөлігінде МауранаҺр өмір сүріп жатыр.
Моғолстанның құрамына Түркістан, оңтүстік-шығыс Қазақстан облыстары және Орта азияның кейбір облыстары кірді. Моғолстан орта ғасырлық авторлардың тарихи деректерінде мемлекет өзінің құрылу кезеңдеріне қарай «моғол» атты этникалық-саяси біртұтастыққа енудің ұзақ араласу және сіңісу процессінен өткен жергілікті түркі және түркілінген моңғол тайпаларының мемлекеттік саяси бірлестігі болып көрінеді. Оған кіретін тайпалар дулаттар, албандар, суандар, қайлылар, керейлер, арғындар, барластар т.б. Моғолстан ордасының орныққан орталдығы Алмалық қаласы болды. Моғолстан бұрынғы Шағатай ұлысының және Жошының оңтүстік-шығыстағы әскерлеріне толық билік жүргізді. Көксеген Тұғылық Темір Маураннаһр өлкесін. Шыңғыс әулеті Денішмендінің атынан билеп отырған, Қазағанның көзін құртуды, сол арқылы бұл өңірді Моғолстанға қосып алуды ойлады. Сөйтіп, ол 1358 жылы астыртын кісі жіберіп Қазаған әмірді өлтіртті. Бір жыл өткен соң ірі соғыстардың бірінде Қазағанның мұрагер ұлы Абдолла да қаза тапты. Осыдан кейін Маураннаһр бірнеше тәуелсіз облыстарға бөлініп кеті. Бұл жағдайды пайдаланып қалуды көздеген Тоғлық-Темір оларды бағындыруға кірісті. 1360 жылдары Тоғлық-Темір Орта Азиядағы Шағатай мемлекетін бұрынғы қалпына қайта келтіру үшін Маураннаһрға екі жорық жасап, екуін де жеңіспен аяқтап, баласы Ілияс Қожаны хан тағына отырғызып қайтады. Моғолстанға келгеннен кейін көп кешікпей Тоғлық-Темір хан қайтыс болады.
Әйгілі тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарихи – ир – Рашидида» Тоғлұқ –Темір хан өзі мұсылман болуымен бірге Моғолстанда ислам дінін қалыптастыруға мейлінше күш жұмсағандығын,соның нәтижесінде халықтың ислам дініне жаппай ден қойғанын баяндай келіп, Моғолстанда бір күн ішінде 160 мың адам мұсылман болды дейді. Ортағасырлық күншығыстағы идеологияның тірегі – ислам дінін қабылдау және қалыптастырудағы еңбегі оның беделін тек Моғолстанда ғана емес, тіпті моғолстандықтарды мәжуси «шаталар» деп кемсітетін мауранаһрдық мұсылмандар ішінде де аттыра түсті.
Моғолстандағы ішкі феодолдық тартыс әскери-феодалдық тұрпаттағы ақсүйкектердің хандық өкіметке қарсы күресінен басталды.Дулат тайпасының белді билеушілерінің бірі – Қамариддин Дулати бұрыннан ханға қарсы болып, келген адам еді. Өзінің хан болуға құқы болмағандықтан, ол айтқанына көнетин әлі жас Шағатай әулетінен шыққан Дува ханның немересі 18 жасар Тоғлұқ –Темірді 1348 жылы Моғолстан хандығының тағына отырғызған деп көрсетеді. Хандық өкіметке қарсы күрескен Қамаридддин Дулати осы оқиғадан соң Моғолстанның беделді билеушісіне айналды. Алайда, әскери-феодалдық ақсүйектер билеген бір-бірінен шалғай жатқан көшпенді және жартылай көшпелі ұлыстар мен тайпалардың басымбіріктіру Қамариддин Дулатиға оңай түспейді.
14 ғасырдың 70-90жылдарындағы Орта Азия билеушісі Әмір Темір Моғолстанмен Ақ Ордаға қайта-қайта шапқыншылық жорықтар жасады. Әмір Темірдің Моғолстанға алғашқы жасаған жорығы 1371-1372 жылдары басталды. Бұл жорықта Әмір Темірдің әскрлері Алмалық маңына дейін келді және осы өңірдегі керей тайпасын талаң-таражға ұшыратты. Әмір Темірдің шапқыншылық жорықтары Ақ Орда мен Моғолстан халқына ауыр азап қолөнер құлдырап, мал бас кеміп кетти. Моғолстан билеушісі Қамариддин Дулати Еңге төремен біре қоса отырып, Әмір Темірдің шапқыншылығына қарсы күрес жүргізіп, Моғолстанның ерікті елдігін қорғауға елеулі үлес қосты.19 ғасырдың 80 жылдары соңында Моғолстан мен Ақ Орда билеушілерінің Әмір Темірге қарсы саяси одағы құрылды. Бұл одаққа Моғолстан билеушілері Әмір Қамариддин Дулати, Еңке төре жіне Орданың билеушісі Орыс хан мен Тоқтамыс кірді. Бұл одақ Ақ Орда мен Моғолстанның әскери күшін ортақ жауға қарсы жұмылдыру арқылы Шығыс Дешті Қыпшақ және Моғолстан халықтарын ауыр апаттан құтқарып, тәуелсіздігін сақтап қалды. Әмір Темірмен болған күрестегі сәтсіздіктер салдарынан Қамариддиннің мемлекеттік билігін әлсіреуін пайдаланған ұлыс бегі Құдайдат 1389 жылы Тұғылық Темірдің баласы Қызыр қожаны хан тағына отырғызды. (1389-1399.) Біраө хан дегн атығы ғана еді. Іс жүзінде билік Әмір Қамариддин Дулатидің қолында болды, Қамариддин қайтыс болған соң ғана Қызыр қожа хан бүкіл Моғолстанға билік жүргізіп орталық үкіметті біршама күшейтті. Қызыр қожа хан өлген соң, оның балалары; Шаки Жаһам, Мұхаммед Оғлан, Шерхалихан, Шах Жаһан хандар билеген кездердее өзара талас-тартыс қайта өршіді. Бұл тартысқа Шағатай әулетінен шыққан Шерғали оғланның баласы Уәйіс хан араласты. Уәйіс хан тегінде Қызыр қожан ханның тағы бір баласы Шермұхаммед оғлан Мауараннаһрдағы Әмір Темірдің немересі Ұлықбектің (1394-1449) әскери көмегіне сүйене отырып, Моғолстанның хан тағын қайтарп алды да 1425 жылға дейін Моғолстанды аз ғана уақытқа біріктірді. Уәйіс хан Шермұхаммед ханға қарсы бірнеше ретұрыс жүргізіп, Тараз мағында блғаншайқаста жеңілген соң Моғолстанның шығыс-оңтүстік жағына қашып кетті. Сол маңда көшіп-қонып жүріп, өз жағына күш топтап, жаңтастар жинады. Бір мезгіл Оңтүстік Шин Жандағы топ, Катек және Сары ұйғыр аталатын жерлерді мекен етип, 1422 жылы Тұрфан атырабын басып алды. Осы кездерде Әмір Темір әулетінің Қашқарды Моғолстаннан бөліп әкету әрекетіне қарсы қажырлы күрес жүргізді.
XV ғасырдың 70-жылдарында Моғолстан ұлысын басқарған Жүніс хан ( 1462 – 1487) Ташкент пен Ферғанадан бастап Ақсу мен Қашғарияға дейінгі аралықты қамтыды. Бірақ ол Жетісуға билік жургізе алмады. Ал оның баласы Сұлтан Ахмед хан 1484 жылы моғол және қырғыз шонжарларының көмегімен Жетісудың оңтүстік бөлігі мен Тянь-Шаньда дербес хандық құрды. Бірақ ол 1508 жылы Ақсуды билеп тұрған Ахмед ханның баласы Мансұр Қасым хан бастаған қазақ тайпаларының, Тянь-Шаньдағы қырғыздардың және Қашғар билеушісі Әбу-Бәкір Дулатидің (1480 – 1514ж.) қысымына шыдай алмай, Тұрфанға кетуге мәжбүр болды.
15 ғасырдың аяғы мен 16 ғасырдың басында Моғолстан бірнеше феодалдық иеліктерге ыдырап кетті. 1508 жылдан кейін Жетісу содан қайтып, Моғол хандарының билігінде болған жоқ. Қасым хан Жетісудың негізгі бөлігіндегі қазақ тайпаларына бірте-бірте өз билігін орната бастады. Моғол ханы Сұлтан Саид 1514 жылы Қашғарияда Моғолия деп аталатын жаңа мемлекет құрды.
Сұлтан Саид хан бастаған моғол шонжарлары Моғолстанның бұрынғы шекарасын қалпына келтіруге тырысып Тянь-Шяньға әлденеше рет (1517,1522,1524-1525жылдары) жорыққа аттанды, бірақ бәрі нәтижесіз аяқталды.
Жетісу мен Тянь-Шяньды бағындыру әрекеті Рашид хан тұсында да (1533-1565ж) байқалды, бірақ бәрі сәтсіздікке ұшырады. Моғолстанның ыдырауына және Жетісудағы Моғол хандары билігінің жойылуына байланысты жергілікті тайпалар мен рулар қазақ халқының негізгі құрамына енді. Осының нәтижесінде монғол шапқыншылығынан бері Жетісу мен Қазақстанның қалған бөлігіндегі халықтар арасында жасанды түрде үзілген шаруашылық, саяси және туыстық, мәдени байланыстарды қалпына келтіруге мүмкіндік туды.
«Тарих-и Рашиди» атты еңбегінде Моғолстанға қатысты мәліметтерді Дулати мейлінше молынан қамтып, бұл құрылымның ішкі-сыртқы саяси, экономикалық жағдайын жан-жақты баяндайды. Сонымен Моғолстан қандай мемлекеттік құрылым болды, Дулати соны барынша толық түрде көрсетуге күш салады. Моғолстан ертеден қолданыста бар атау, ол Шыңғыс хан заманынан бұрын қолданылып келгенін айта кеткен жөн. Ал Моғолстан мемлекеті саяси құрылым ретінде ХІV ғасыр ортасында құрылған мемлекет. Бұл Шағатай ұлысының ішкі билікке таласынан, тақ үшін күрестен ыдырауы салдарынан пайда болған саяси құрылым еді. Дүниеге келген бұл мемлекет Хайду ханның (1301 жылы қайтыс болған) басқаруы кезінде қалыптасты. Хайду өлгеннен кейін Барақ ханның ұлы Тува (Дува) таққа отырады. Ішкі ру аралық тартыстың салдарынан хандық билік әлсіреп, Шағатай мемлекеті ХІV ғасырдың 40-50-жылдары ондаған иеліктерге ыдырап кетті. Ең алдымен Шағатай мемлекеті батыс және шығыс бөлікке бөлінді. Батыс бөлігінде (Мауараннаһарда) билік түрік-моғол әмірлерінің қолына көшті (Темір (1370-1405). Ал шығыс бөлігінде Шағатай нәсілінен таралған хандар билік етті, бұл бөлік өздерін моғолдар деп атады. Онда құрылған мемлекет Моғолстан деп аталды. Осы процесті сипаттаған М.Х.Дулати өзінің «Тарих-и Рашиди» атты еңбегінде моғолдардың өзі бірі моғол, екіншісі шағатай болып екіге бөлінгенін жазады. Олар бір-бірімен қақтығысып, бірін-бірі мұқатып шағатай моғолдарды «жете» (бұзақы), ал моғолдар шағатайды Караунас (қара тобыр, шата) деп атайтын болған.
Моғолдарға қатысты зерттеушілердің пікірлерінде бірізділік, ғылыми негізделген дәлелді ортақ тұжырым жоқ. Мәселен, осы проблеманы көтеріп жүрген ғалымдар: «Ша-ғатай мемлекетінің бұл шығыс бөлігіндегі көшпенділері өздерін моғолдармыз деп атады, сөйтіп Орталық Азияда «н» әрпі түсіріліп монғолдардың халықтық аталуы айтылып жазыла бастады. Сол кездері бұл терминнен Моғолстан деген парсы географиялық атауы пайда болды», деп жазады. Моғолстанды «парсы географиялық атауы» деу теріс, дәлелсіз пікір. Шынында бұл атау парсы географиялық атауы емес, қазақтың төл атауы, ал парсылық «стан» деген жұрнақ қана, мұның өзі де түбірі түркілік сөз. Моғолстан мемлекетінің атауын парсылық атауға телу өрескел қате нәрсе, ал талассыз шындық мынау: моғол сөзі көне заманнан бері қолданылып келе жатқан этникалық атау, қазақтың байырғы төл сөзі. Оны дәл осылай тарихшы Карамзин де қолданды, Рашид-ад-Дин де солай қолданған, кейінгі кітап көшірушілер, мұны шатастырған, «н» әрпін қосып, монғол этнониміне айналдырып жіберген. Осы қате жазылып, хатқа түсіріліп кеткен атау күні бүгінге дейін қолданылып келеді.
Әңгіме моғолдар этнониміне тікелей қатысты болып отырғандықтан моғолдар дегеніміз кімдер, олардың құрамына қандай қауым, ру-тайпалар кірген деген заңды сұрақ туады. Оның үстіне күні бүгінге дейін «моғол» деген сөзді моңғолмен байланыстырып әбден шатастырып келдік, моғолды «ң» әрпі түсіріліп айтылған «моңғол» сөзі деп түсіндіріп бақтық. Расында солай ма, шындығы қайсы, әлде екеуі бір сөз бе? Академик Ә.Марғұлан «Мұхаммед Хайдар – қазақтың тұңғыш тарихшысы» деген 1941 жылы жазған атақты зерттеу еңбегінде, сол кездің өзінде-ақ «моғолдың» «моңғолға» ешқандай қатысы жоқтығын кесіп айтса да, біздің ғалымдар оған күні бүгінге дейін мән бермей келеді. Ә.Марғұлан: «Жетісудың сол кездегі саяси аты Моғолстан болса, мекендеген тайпаларды ресми тілде Моғол деп атады. Бірақ бұл Моғол деп отырған көшпелі тайпалар моңғол да емес, ұйғыр да емес, өзбек те емес, түрік тілінде сөйлейтін сол жердің тарихи заманнан келе жатқан тұрғын халқы болатын. Екінші түрде айтқанда, моғол деп атаған елдер кейін ұлы жүз құрамына кірген үйсін-дулат, қаңлы мен шанышқылы, жалайырлар. Бұларды біріктіріп, саяси тіршілік ретінде не моғол, не дулат деп атағандығы байқалады. Дұрысында бұл моғолдарды шағатай ұлысынан бөлініп шыққан сол кездегі қазақ тайпаларының (ұлы жүздік) бірінші саяси тіршілігі деуге болады» деп нақтылап, тереңдете ашып көрсетіп жазады. Дулатидің жазғанын тереңірек түсіндіріп, талдап береді. Ал орыстілді тарихшылар Ә.Марғұланның еңбегін оқи алмағаны белгілі.
Моғол этнонимі Шағатай ұлысы ыдыра-ғаннан кейін пайда болған атау да, Шыңғыс ханның жорығына байланысты моңғолға қатысты термин де емес. «Тарих-и Рашидиде» моғолдарға қатысты ұшан-теңіз мәліметтер, оқиғалар қамтылып баяндалғанымен, бірақ моғол этнонимінің неден шыққаны жөнінде ешқандай мәлімет, түсініктеме айтылмайды. Соған қарап Дулати бұл этнонимнің түп төркінін неге ашып көрсетпеген деген сауал да туу мүмкін. Біздіңше, моғол атауы Дулати заманында жалпақ жұртқа белгілі болатын.
Оның үстіне парсы тіліне аса жүйрік Мұхаммед Хайдар Рашид-ад-Диннің еңбегін, басқа да тарихи кітаптарды терең зерттеп, Шыңғыс хан мен оның шежіресіне қатысты оқиғаларға әбден қанық болатын. Сондықтан ол Шыңғыс ханды моғол деп те, моңғол деп те жазбайды, себебі оның ата тек шежіресін қаузап жатуды мақсат тұтпаған, бірақ түп-тұқиянын жақсы білген. Шыңғыс хан мен оның ұлдарына қатысты Мырза Мұхаммед Хайдар оқиғаларды мейлінше екшеп, тақырып арнасында, оқиға желісінде әңгіменің реті келген жерлерде ғана баяндап отыруының үлкен мәні бар. Сондықтан уақыт өткеннен кейін ежелгі мұраларға қатысты, онда айтылатын жайттарға түсініктеме беріп, талдау қажеттігі туады.
Моғол атауы Дулати заманында, оның алдында Шыңғыс хан билік жүргізген дәуірде кеңінен қолданылған, бұхара көпшілікке сіңісті атау еді. Ал тарихи кітаптарға зер салсақ, моғол сөзінің қолдану көкжиегі ғасырлар қойнауына қарай жетелей жөнеледі. Ол ең алдымен тарихи кітаптар мен шежірелерге, ата мұраларға барып тіреледі.
Әбілғазының «Түрік шежіресі» деген еңбегінде біз сөз етіп отырған мәселеге қатысты назар аударатын шежірелік дерек келтірілген. Жер бетіндегі адамзат баласы шежіре бойынша Нұх пайғамбардан таратылатыны мәлім. Нұхтың үш ұлы болған. Ол үш ұлының бірі Хамды Үндістан тарабына, Самды – Иранға, ал Иафесті − Күншығысқа жібереді. Иафестің сегіз ұлының бірі – Түрік еді. Түріктің жетінші ұрпағы Алыншадан Татар мен Моғол егіз туады. Олар ағайынды болатын. Демек, «Моғол» деген аттың өзі бұл сөздің ертеден-ақ қолданыста бар екендігін айғақтайды. Моғолдан Қара хан, одан Оғыз хан таралады, деп жазады тарихшы. Бұл аңыз болса да оның арнасында шежірелік деректің тұрғанын аңғару қиын емес.
Шәкәрім Құдайбердіұлының «Қазақтың түп атасы – батыр Түрік» деген өлеңмен жазылған шежіресінде түп атамыз батыр Түрік екенін қуаттай отырып:
Қазақтың түп атасы – батыр Түрік,
Арабсың деген сөздің түбі шірік.
Пәленше сахабаның затысың деп,
Алдаған дін жамылған өңкей жүлік,− деп арғы атамыздың батыр Түрік екенін өлең-шежіремен дәлелдеп, айқындай түседі.
Шежіре бойынша Моғол атамыздың тым ерте заманнан белгілі екені көрінеді. Ал тарихшы Қ.Жалайыридың «Тарих-и Оразмұхаммед» атты еңбегінде моғолға қатысты деректер молынан ұшырасады. Рашид-ад-Диннің еңбегінің аударма жасаған деп саналатын Қ.Жалайыри туын-дысында моғолдарға кімдер кіреді деген мәселеге жауап берілгендей. Соған назар аударайықшы. Жалайыр, татар, ойрат, мер-кіт және басқа да қауым моғол арасында болатынын, жалпы моғол деп аталғанына тоқталып, «қоңырат, құрулас [қоралас], икирас, елжигин, ориаңқыт, келгенут және олардан өзге тайпаларды да моғол дарлакин деп атайды» дейді автор.
Сонымен бірге кисм аууал қауымы: «жалайыр, иесунит, татар, меркіт, күрлеут, мамғалық, тарғұт, ойрат, барғұт, құры, тулас, тума, бұлғашын, кермучин, орасут, телеңут, кестеми, орианка, құрқан, суқанйа» да моғол аталынғанына тоқталады.
Қисм дүйім қауымы: «керейіт, найман, онғұт, бекрин, қырқыз». Кисм аууал қауымы: «нукуз, ориаңқыт, қоңырат (қоңқырат), икирас, олкунунт, курулас, елжигин, конлиут, ордауут, конкутан, арлат, келкунут, нунжин, ушин, сулдус, елдуркин, баяуыт, кенгит» бұлар да қауым деп аталып, моғолдарды құраған.
Қ.Жалайыри еңбегінде қисм аууал қауымы, қисм дүйім қауымы, тағба қауымы және тағы басқа да қауымдар келтіріледі, бұлар да моғолдар санатында айтылады. Шыңғыс ханның арғы аталарының бірі (сегізінші атасы) Добун Баянның елі қисм дүиім болатын. Оның әйелінің бірі қоралас руынан шыққан Алан Қуа сұлу еді. Ал Добун Баян моғол болатын. Алан Қуа нұрдан жүкті болғандықтан, оның ұрпақтары Нирун аталды, яғни Нұрдың балалары дегенге саяды. Нирун он алты рулы ел болыпты, олар: қатақин, салжиут, тайжиут һәм сижиут, хартақан, чинос һәм нүкүз... урут, маңқұт, дурбан, барын барулас, һадаркин, журнат, будат, дуклат (дуғлат), йусут, қыңқият, қият. Қиятқа: иуркин, чаншиут, қият, ясар кірген. Қият-Буржикин Шыңғыс ханның атасы еді.
Шыңғыс ханды қияттан таратушылар осы шежірелік дерекке сүйенеді алайда оның тегі моғолға барып тіреледі.
«Тарих-и Рашидиде» М.Х.Дулати жиыр-мадан астам моғол тайпаларын келтіреді, олардың ішінде: дулат, духти, барлас, барқы, ордабегі (ұрдубегі), итаршы, құнжы, шорас, бекжак, қалушы, қарлұқ, макрит (меркіт), сұңқаршы, арлат, бұлғашы, аркинут (арканут), кераит, қаңлы, сұлдыз, чагирак, түркімен, ұйғыр, сарыұйғыр, қырғыз және т.б. Демек, моғолдардың құрамына кіретін ру-тайпалардың санының өзі алпыстан асып кетеді. Ал Шағатай ұлысының батыс бөлігіндегі, Мауараннаһрда қалған, бір кездері моғолдар құрамында болған тайпаларды есептемеген күннің өзінде соншама мол этникалық топтар, бір мемлекеттің астында ымырашылдықпен ру, тайпа бейбіт күн кешіп, берекелі тіршілік еткен.
Бұл кезеңдегі ата дәстүр мен салт-сана да, діл де, тіл де, рух та мықты болған еді. Кейін осыншама ру-тайпалар әрі бір тек тамырдан таралып жатқандықтан іштей сіңісіп кетті, бұл табиғи әрі тарихи этногенездік процесс болатын. Содан моғолдар құрамында болған көптеген тайпалар тарихи мәліметтерде, деректерде, кітаптарда ғана сақталынып, бүгінде этникалық архаизмге айналды.
Шыңғыс хан тарих сахнасына көтерілген кезеңде моңғол деген сөз де, ұғым да болмаған. Моңғолдардың өзі ол кезде халқа деп аталған, саны да да шамалы еді. Бүгінде Моңғолияның өзінде 2,5 млн. халық тұрса, Қытай жеріндегі Ішкі Моңғолияда да 2,5 млн.-дай адам бар, бәрінің саны 5 млн. болады. Ал түркі халқының саны 200 млн. асады. Логикалық қисынға жүгінейікші, Шыңғыс хан заманын-да саны мүлдем аз халық – моңғолдар дүниені қалай жаулап алмақ? Қисынға келе ме? Тарихтан моғолдардың атын өшіру үшін, түріктердің даңқты тарихын саналы түрде шатастыру мақсатында ақиқат нәрселердің өңі теріс айналдырылды. Сөйтіп, Шыңғыс ханның жорығы идеологиялық мақсатпен моңғол-татар шапқыншылығы деген атпен бұрмаланып, тарихи санаға ақпараттар тасқыны арқылы күштеп сіңіріліп, шынайы тарих шырғалаңға тасталды.
Шыңғыс ханның жорығы моңғол-татар да, түрік-татар да емес, моғол-татар шапқыншылығы болатын. Олар аңызға айналған Моғол-Татар ұрпақтары еді.
Моңғол деген сөздің санамызға сіңіп кеткендігі сонша, тарихқа, ата мұра, мирасқа да бұрылып қарамайтын халге жеткен едік. Содан тіпті Дулатидің өзін түріктенген моңғол деп жаздық, Әмір Темірді де түріктенген моңғол қатарына апарып қойдық, ал Шыңғыс хан басы ашық күйде моңғол ретінде қабылданды. Ақиқат арпалыссыз келмейді. Көптеген моғол тайпалары ойланбастан моңғолға апарып телінді. Түркоид, түрік нәсілі деп аталудың орнына тіпті монголоид деп атадық нәсілдің өзін. Моғол этнонимінің түп төркінін саясаттан, идеологиядан, кемсітіп көрсету әрекеті салдарынан аршып алып, тарихи арнасына оралту – таяу уақытта сірә оңай бола қоймас.
Моғол атауын қытай деректерімен байланыстырып, оның түп-төркінін іздеу, Қожа Ахмет Йассауи бабамыздың шыққан жерін білдіретін Иассауи сөзінің этимологиясын араб деректері мен жазбаларынан іздеуді еске түсіреді. Иасы сөзі қазақтың фонетикалық өзгеріске түскен төл сөзі, ол Асы деген атау, бұл сөз жер-су аттарында да сақталынып қалған, фонетикалық өзгеріске ұшырап Ясы, Иасы, т.б. түрінде айтыла береді. Ал шет жұрттық жазушылар оны өз ыңғайына қарай жазып, түп нұсқасынан алшақтатып жібереді.
Моғол атауына қатысты жазушы М.Мағауин көптеген деректер келтіріп саралайды. Карамзин де, Рашид-ад-Дин де моғол деп жазғанын мысал ретінде алға тартады. Дегенмен аңызға айналған шежіреде Моғол мен Татар егіз туған, ол Түріктің ұрпағы делінген ғой. Моғол да, Татар да кісі аты, олардан таралған ұрпақ – үрім-бұтақ атасы бөлек болғанымен түп-тегі бір болғандықтан моғолдар-татарлар аталуы заңды да емес пе?! Сондықтан кез келген атаудың бірден қалыптасып кете қоймасы белгілі, Шыңғыс хан империясы да Моғолдар империясы ретінде танылды, сондықтан жазушы М.Мағауиннің: «Ежелгі Ғұн империясының одан соңғы Ұлы Түрік қағанатының мұрагер жалғасы ретінде бой көтерген ұлан-ғайыр жаңа мемлекет – «Еке Моғұл ұлысы» деп аталады деп жазуы тарихи тұрғыдан ақиқат тұжырым. Г.Сұлтанов та Еке Могул ұлысы деген атауды қолданады. Шыңғыс хан құрған империя түрік тайпаларының, яғни қалың моғолдардың бір шаңырақ, бір тудың астында бас қосуынан дүниеге келген алып мемлекет болатын.
Қ.Жалайыридің еңбегінен келтірілген моғолдар жөніндегі деректер Рашид-ад-Диннің еңбегінен аударылған деп саналғанымен ғалым, тарихшы һәм жазушы Шыңғыс ханға қатысты, оның үрім-бұтақтарына байланысты мәліметтерді барынша дәл беруге тырысқаны көрініп те, сезіліп те тұр. Шыңғыс ханның ата тегі моғол, ол құрған империя Еке Моғол ұлысы деп аталды, мемлекеттік қатынас қағаздары моңғол тілінде емес, моғол, яғни түркі тілінде жүргізілген. Кейіннен Шағатай ұлысы, мемлекеті ыдырап, батыс және шығыс бөлікке бөлініп кеткен кезде шығыс бөлігі Моғолстан атануы кездейсоқ құбылыс емес, тарихи заңдылық болатын.
Моғолдардың құрамында найман, керейт, қоңырат, меркіт, жалайыр, дулат сияқты ірі тайпалар болды. Шыңғыс хан құрған Еке Моғол ұлысынан соң, Алтын Орда ыдырап, Шағатай мемлекеті де тарих сахнасынан кеткеннен кейін моғол атауын саяси термин ретінде сақтап Моғолстан мемлекеті болды, ал оның тарихи миссиясы Қазақ хандығының құрылып, шаңырақ көтеруінен саяси қолдау көрсетіп, мемлекет іргесінің қалануына барынша қолайлы жағдай жасауында.
Бабыр патшаның Үндістанды 1526 жылы жаулап алып, билік басына келгеннен кейін, Ұлы Моғол империясын құрғаны белгілі. Үш ғасырдан астам уақыт өмір сүрген Ұлы Моғол империясы дүние әлеміне моғолдардың өз заманында ең күшті, ең қуатты, айбары айналасына асқан құдіретті мемлекет құрғанын көрсетеді. Тарихшы А.Селеубаев: «Сөйтіп, Үндістан жерінде тағы бір Абыл ұрпағының – Моғол мемлекеті құрылды. Бірінші Моғол империясы сияқты екінші Моғол мемлекетінің негізін салған түріктер, оның ішінде Абыл ұрпағы мен тағы басқа да түрік тайпаларының өкілдері билік басында болып, солар қалаған» деп жазады.
Тарихта моғолдар екі рет ұлы империя құрған халық, бірақ кейін біртіндеп Моғолстандағылары Қазақ хандығы құрамына кіріп қазақ атанса, Ұлы Моғол империясындағы моғолдар жергілікті халықпен сіңісіп, ассимиляцияға ұшырағанымен бүгінде моғолдар деген аты ғана қалған. Олар Үндістанда, Кашмирде, Пәкістанда ұшырасады, империя күйреп ұлт болып ұйыса алмаған моғолдар ассимиляцияға ұшырады, алайда із-түзсіз жоғалып та кеткен жоқ. Бір қызығы сол бір кезде моғол деп аталған ата жұртта бұл сөз тарихи этникалық атау ретінде ғана қолданылса, ал Үндістан, Кашмир, Пәкістанда байырғы моғолдардың ұрпақтары өздерін моғол деп атап тіршілік кешуде.
Моңғол терминін шатастырып енгізіп жүрген орыс зерттеушілері, олар Қытайдың атын да шатастырып енгізді. (Дұрысы: Шын елі, қазақтар Машын елі деген). Сондықтан моғол сөзін моңғолмен шатастырып бұрма-лаудың ешбір негізі жоқ. М.Х.Дулати еңбегін зер салып оқыған адам моғолдардың кім екенін, неге олай аталып келе жатқанын байқап, ажырата алады. Қыпшақ атауының жинақтаушылық мағыналы мәнге ие болған этникалық атау екенін еске алсақ, моғол атауы да көптеген ежелгі тайпалардың жалпылама сипаттағы жинақы атауы екені мәлім. Бұл жинақтаушы этикалық термин, дәлірек айтқанда, қазіргі тілмен жазғанда, бұл атау жалпы қазақтарды білдіретін термин болып табылады.
Моғолстан. Алтын Орда хандығы ыдырағаннан кейінгі кезеңде Шағатай мемлекеті де ыдырап, соның орнына Моғолстан саяси мемлекеттік құрылымы пайда болды. Моғолстанды мекен еткен ежелгі қазақ тайпалары болатын, халқының құрамы, тілі, ділі, діні, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі тұрғысынан бірыңғай сипатта болатын. Бұл халықтық белгілердің бірыңғай ортақтығы оның бір халықтың тамырынан өсіп-өнген тармақ екендігін айғақтайды. Моғолстанның кейіннен Қазақ хандығының тал бесігіне айналуының өзі саяси, тарихи, мәдени, экономикалық тұрғыдан алып қарағанда да заңды процесс болып табылады.
Моғолстан алып жатқан аймақ қандай еді? Оған М.Х.Дулатидің еңбегінен жауап таба аласыз: «Моғолстан деп аталатын аумақтың ұзындығы мен ені жеті-сегіз айлық жол болады. Оның шығыс шекара аумағы Барскөл, Еміл және Ертістегі қалмақтың жеріне барып тіреледі. Оның солтүстік шекарасы Көкше теңіз, Бум Лиш, Қараталмен, ал батыс шекарасы Түркістан және Ташкентпен, оңтүстік шекарасы Ферғана уәлаяты, Қашқар, Ақсу, Чалыш, Тұрфанмен шектеседі. Осы төрт шекаралас аумақтардың ішінен мен оның оңтүстік аймағын көрдім. [Ол] Ташкенттен Әндіжанға дейін он күндік жол. Әндижаннан Қашқарға дейін жиырма күн, сол жерден Ақсуға шейін он бес күндік жол. Ақсудан Чалышқа дейін он бес күндік, ал Чалыштан Тұрфанға шейін он күндік, Тұрфаннан Барскөлге шейін он бес күндік жол. Ал Барскөл Моғолстанның шығыс шекарасы болып табылады. Барлық оңтүстік шекарасы атпен орташа жүріп отырғанда үш айлық жол. Жол бойында тоқсан бекет бар. Ал қалған үш тарабын мен көрген жоқпын. Алайда сол аймаққа барып-келіп жүргендердің айтуынша, ол тараптардың [ұзындығы] бұдан [оңтүстік тараптан] әлдеқайда үлкен. Оның бүкіл аумағы жеті-сегіз айлық жол».
М.Х.Дулати Моғолстан мемлекетінің шегара аумағын, оның географиялық орналасуын өз заманына сай картасын біздің қолымызға беріп кетіп отыр, ол бұл тұрғыдан қазақ тарихының атасы ғана емес, алғашқы қазақ картографы десе де болады. Моғолстан елінде көшпелі тіршілік кешумен қатар, отырықшылық, қала мәдениетінің дамығанына қатысты да «Тарих-и Рашиди» мол дерек, мағұлмат береді. Моғолстан жерінде өнер, білім, ғылым да дамығанын, сәулет өнері туындыларының да жасалғанын, өткен тарихымыздың мәдени белгілерінің молынан ұшырасатыны Мұхаммед Хайдар барынша тереңірек әңгіме етеді. Ғалымдардың көп шыққанын, әсіресе Баласұғұн қаласынан соншама көп ғұламалар дүниеге келгенін мақтан етерліктей баяндағанымен аласапыран заманда солардың еңбектері жетпей, ұмытылып, уақыт шаңына көміліп қалғанына өкініш білдіреді. Моғолстан мемлекетінің шекарасының заманына орай бірде кеңейіп, енді бірде аумағының тарылып отырғанын «Тарих-и Рашидиде» баяндалған оқиғалардан айқын байқаймыз. Оның үстіне бұл кезеңде осынау ұлан-байтақ географиялық кеңістікте созылып жатқан мемлекетте негізгі халқы − қазақ, өзбек, қырғыз, қарақалпақ, тәжік және т.б. халықтардың аралас-құралас өмір сүріп жатқанын байқайсыз. Олардың қоныстанған жерлерін қазіргі саяси карта шеңберінде алып қарауға болмайды. Моғолстан хандары Ташкентте (Шашта) тұрды, тіпті болашақ ғалымның әкесі Мұхаммед Хұсейін Ұратөбе (Тәжікстан) уәлаятында тоғыз жылдай билік еткен, бұл жерлерді Сұлтан Махмұд хан сыйға береді. Ұлы ғалым шамасы әкесі билік етіп тұрған жылдары Ұратөбеде дүниеге келген болуы керек. Оны Ташкентте туған десек те қателеспейміз, өйткені бұл жерлерде Мұхаммед Хұсейін билігін жүргізген болатын.
Моғолстанның халқы моғолдар деп аталды, онда билік еткен хандардың бәріне тоқталуды мақсат етпеген ғалым, ең алдымен, Моғолстан хандарының ішінен Тоғылық Темірдің өмір баянынан бастайды, оның да дәлелді себебін келтіреді. Тоғылық Темірге дейінгі хандардың ғұмырына тоқтал-мауының себеп-салдары олар ислам дінін қабылдамаған еді, сондықтан олардың атын да атағысы келмейді, олар кәпірліктен құтыла алмады. Тек қана Тоғылық Темір хан ғана ислам дінін қабылдап, моғол жеріне ислам шұғыласы таралды. Ислам діні – хақ дін, мәдениеттің, руханияттың дамуына аса зор ықпал ететін прогрессивтік маңызы аса зор дін санады. Сондықтан да Мұхаммед Хайдар ислам дінін өркениетпен, қоғамның даму процесімен байланыстыра қарастырды.
Шыңғыс ханның екінші баласы Шаға-тайдың ұлысына қараған ұлан-байтақ жерде тіршілік етіп жатқан қазақ тайпалары осы ұлыстың құрамында болды. Шыңғыс хан М.Х.Дулатидің бабасы Ортөбеге Маңлай сүбені (Шығыс Түркістанды) сұйырғал − сыйлық ретінде, ерекше еңбегі мен қызметін бағалап тарту етті. Оны «Тарих-и Рашиди» авторы өз еңбегінде ерекше анық баяндап жазады. Бұл сыйға берілген иелікке алғаш билік жүргізген Байдаған болатын. Дулаттардың ықпалы Шыңғыс хан, Шағатай заманы тұсында-ақ мықты болғанын, хандардың олармен есептесіп отырғанын – «Тарих-и Рашиди» куәлік ретінде бізге жеткізіп отыр.
«Тарих-и Рашидидің» авторы кітабын Тоғылық Темірдің (730/1329-1330-764/1362-1363 ж.ж.) хандық таққа отыруынан бастайды дедік. Тоғылық Темірді әмір Болатшы әкесі Есенбұға қайтыс болғаннан кейін, іздеп тауып Ақсуда хан көтереді. Дулати: «Тоғылық Темір тез арада бүкіл Моғолстанды ғана емес, шағатай жұртының әскерін бүліншіліктен құтқарып қалды» деп жазды.
М.Х.Дулати Моғолстан хандарының жанында бірге істеген, заманында би, ұлысбегі болған дулат әмірлерінің атқарған қызметін баяндаған тұста билік тұтқасын ұстаған тарихи тұлғаларға әңгімеде сөз ретіне қарай тоқталып отырады. Моғолстан дала демократиясы, ежелгі ата салт-дәстүрі берік феодалдық мемлекет болды. Шағатай мемлекетінің батыс бөлігінде Әмір Темірдің билігі жүріп, кейін оның ұрпақтарын Шаибанидтер әулеті ысырып, билік тізгінін тартып алады. Моғолстан мен Шайбани әулетінің арасындағы талас-тартыс негізінен академик Ә.Марғұлан жазғандай, Алтын Ордадан қалған мұраға талас болатын. Ол негізінен Сыр бойындағы сол замандағы ірі-ірі қалалар үшін күрес еді, бұл кезеңде үнемі талас-тартысқа себеп болған жиырма бестей қала болыпты. Оның ішінде Түркістан, Ташкент шаһарлары да бар.
«Тарих-и Рашидиде» ХІV ғасырдың орта шенінен ХVІ ғасырдың 30-шы жылдары аралығындағы Моғолстан мемлекетінде болған ірі-ірі тарихи, саяси оқиғалар сурет-телінеді. Бұл өте күрделі кезең болса, оны тарихи, әдеби тұрғыдан игеріп, суреттеп кейінгі ұрпаққа жеткізу де аса ауыр міндет еді.
М.Х.Дулати Моғолстан мемлекетінің құрылу, өсу, өркендеу кезеңдері мен мемлекет ретінде нығайып, күшейіп, көркейген кезеңдерін ашып, баяндап берумен қатар, кейін біртіндеп Моғолстанның бұрынғы саяси рөлінен айырыла бастағанын – тарихи процесс ретінде өте шебер баяндайды. Бір кездердегі Моғолстанның алып жатқан ұлан-байтақ аумағы бірте-бірте тарылып, ХVІ ғасырдың 14-жылдары Шығыс Түркістан аймағына, бір кездері Өртөбе Шыңғыс хан бұйрығы ретінде берген өлкеге ысырылып, сонда билік жүргізгенін өзі де басынан кешкен кезеңдермен байланыстыра сипат-тайды. Тарихтың ұзақ-сонар көшінде Моғолстан мемлекеті де бір кездегі алып империяның шағын бір бөлігіндей саяси аренадан ысырыла бастағанын зерделей отырып суреттейді.
Моғолстан жерінде ең алдымен қазақ халқының жеке шаңырақ көтеріп тәуелсіз мемлекет болып құрылғанын, Моғолстан құрамындағы қырғыздардың саяси бірлестік ретінде ұйысуын, өзбектер мен қырғыздардың, ұйғырлардың жұрт ретінде қалыптасуы процесін М.Х.Дулати айқын көрсетіп бере алған. Моғолстан өмір сүрген жылдары тарихи аренаға жаңа мемлекеттердің дүниеге келіп, бой көтеруі – тарихи тұрғыдан объективті процесс болатын. Белгілі ғалым К.А. Пищулина: «Моғолстан бір жарым ғасыр бойы өзінің саяси шеңберінде (ХІV ғ. ортасы мен ХVІ ғ. бас кезінде) үш бірдей түрік халқының – қазақ, қырғыз, өзбектің қалыптасуы аяқталған мемлекеттік құрылым болды»,− деп атап көрсетті.
К.А.Пищулина Моғолстан терминінің деректерде екі түрлі мағынада қолданыла-тынын: оның бірі – моғолдар жайлаған аймақтың, екіншісі – моғол хандарының мемлекеті деген ұғымды беретінін ашып көрсетеді. Моғолстан мемлекетінің атауы-мен қатар, ұлыс деген термин де қатар қолда-нылып отырады.
ХVІ ғасыр басында моғол хандарының билік жүргізіп отырған аймағы тарылып Қашқария өлкесімен шектеледі, оны тарихи әдебиеттерде Могулия деп те атайды.
Дулат көсемдерінің мемлекет алдындағы тарихи қызметі мен ерекше сіңірген еңбегін аса жоғары бағалаған Шыңғыс хан жеті артықшылық берді, міне, осы мұра етіп берілген артықшылыққа тағы да екі артықшылық қосып Тоғылық Темір Құндызда Жарлық шығарып қол қояды. Жарлықтың Құндызда моғол тілінде жазылғанын, оның өзіне мұраға жеткенін Дулати мейлінше ілтипат білдіре баяндап өтеді. Жарлық моғолша жазылған делінген, сонда ол қандай әліпбимен жазылған, біздіңше, бұл мәліметті түркі тілінде деп түсінген шындыққа саяды. Еке Моғол ұлысының бөлшектелген бір тармағы саналатын Моғолстанның алғашқы құрылған жылдарындағы іс-қағаздарының моғолша жүргізілгенін бұл мәлімет айғақтай түседі.
Тоғылық Темір хан қайтыс болғаннан кейін Моғолстандағы хандық билік әлсіреп Қамараддин билік тізгінін қолына алды, бірақ оған бір жағының өз іштеріндегі әмірлер қарсылық білдірсе, екінші жағынан Әмір Темірдің Моғолстанға жорығы билік ісіне кедергі келтіре берді. Дегенмен, әмір Қамараддин ержүрек, батыл, ешнәрседен қайтпайтын ұлы әмір болатын. Ол Әмір Темірдің әскерімен ашық қақтығысып, өзінің иелігін қорғап қалып отырды. Әмір Темір 1375 жылы 5-қаңтарда Моғолстанға, яғни Жетеге үшінші рет жорыққа аттанды, «мыңдаған тұтқынды Самарқанға жіберді», барлық елді мекендерді тонап, талан-таражға салды. Әмір Шамсаддиннің әйелі Туман Аға мен қызы Дилшад Ағаны тұтқынға алып, Әмір Темірдің алдына апарып берді. Әмір Темір осы Дилшад Ағаны некелеп алады. Ол жайында «Зафар намеден» келтірілген үзіндіде баяндалған. Әмір Темір Қамараддинге төртінші рет жорыққа шығып, Қамараддин оның әскері-нен жеңіліп, шегінгенімен ұстатпай кетеді. Әмір Темір әмір Қамараддинді қолға түсіріп, көзін жою үшін Моғолстанға бесінші рет жорыққа шығады, Қамараддиннің ізіне түседі, онымен Ыстықкөлдің Бумынында шайқасып, Қамараддин күші басым жаудан қашуға мәжбүр болады да алған жарақатынан ақыры қайтыс болады. Содан Әмір Темір алтыншы рет Моғолстанға жорыққа шығуын тоқтатады.
Әмір Темір Моғолстанға 20 жылдан астам уақыт бойы жорыққа шығып, бейбіт халықты құлдыққа алып кетіп, қала, елді мекендерді тонап, талан-таражға салып келді. Әсіресе оның жорығынан моғолдар шаруашылықтары күйзеліске ұшырап әбден зардап шекті, дегенмен, моғол әмірлері бас имей, қарсылық көрсетуін тоқтатпады. Соның нәтижесінде Әмір Темір Моғолстан жеріне толық билік жүргізе алмады, оны иелігіне де айналдыра да алмады. Бұл жерде Моғолстандағы моғол әмірлерінің, дулаттардың рухының мықтылығын, тектілігін текетіресте көрсете білгенін байқаймыз. Йаздидің «Зафар намесінде» дулат әмірлерінің шайқасын Әмір Темір жорығына қатысты баяндауы − тарихи ақиқат болатын. Мұхаммед Хайдар «Зафар-намеден» Моғолстан хандары мен әмірлеріне қатысты тарауларын екшеп аудармай береді. Бұл маңызы өте үлкен құжат еді. Дулат әмірлерінің күш-қуаты Моғолстаннан тысқары жерлерде де әйгілі, мәшһүр болатын. Соның бір көрінісі Әмір Темірдің оларға қарсы үздіксіз жасаған жорығы болды.
Әмір Қамараддиннің өмірі күреспен, Моғолстандағы билікті алуға айқасумен өтті, сондықтан да моғол аңыздарында оның ерлік қимылдары туралы аңыз-әңгімелер ел есінде сақталынып қалған еді. Ол туралы және әмір Шамсаддин жөнінде Шарафаддин Әлі Йазди «Зафар намесінде» арнайы тоқталып, оның өжеттігін, қайтпас қайсарлығын баяндап, Әмір Темірге есе жібермей айқасқан жауы ретінде сипаттайды.
Қамараддин Моғолстанда билік тізгінін қолына алып, дербес билігін жүргізген ықпалды әмірлердің бірі болды. «Тарих-и Рашидиде» тарихи жағдайларға байланысты Моғолстан хандарының билік басына келуі кезінде дулат әмірлеріне тәуелді болып отырғанын – объективті түрде суреттеліп көрсетіледі. Моғолстанның ұлы әмірі Қамараддиннің іс-қимылы, әрекеті, кескін- келбеті, жау жүрек мінезі оқиғаны баяндау үстінде келісті түрде суреттеліп, оның бейнесін әдемі етіп жеткізеді. Оның себебі моғолдардың ішінен шыққан ұлы әмірлердің, билердің, бектердің Моғолстан мемлекетінің іргесін нығайтудағы істеген істерін ашып көрсету болатын. Дулати өз ойын, оқиға баянын «Зафар намеге» сілтеме жасап, дәлелдеп, оқырман тарапынан сенімсіздік тудырмауға тырысады. «Зафар намеден» үзінділер келтіріп, моғол әмірлерінің өмір баянына қатысты сақталынған мәліметтерді толықтырып отыруы – Дулатидің өте ұтымды, әдеби тәсілі деу керек. Оның материалдарды нанымды түрде беруі – Моғолстанға қатысты құнды құжат болып табылады.
Хұдайдад Камараддиннің ісі аяқталып, ел іші тынышталған соң, Қызыр Қожаны алғызып, ел-жұрт хан етіп сайлайды. Бұл дулат әмірлері сайлаған үшінші хан болатын. Ол да атасы Тоғылық Темір сияқты елін ислам дінінің жоралғысы шариғат заңы бойынша билеп басқарды. Әмір Темірмен бейбіт келісім жасады да Моғолстан да бейбіт жағдай орнап өркендей бастайды.
Қызыр Қожа хан шамамен 1368 жылдары дүниеге келген. Әмір Темір 1405 жылы дүние салған соң Қызыр Қожа хан Құдайдаттың қаупі мен Әмір Темірдің қыспағынан мүлде құтылады, сонан кейін, бұрынғы дәстүрді қайта қалпына келтіруді қолға алады.
Қызыр Қожа ханнан кейін оның ұлы Мұхаммед хан билік тағына отырды. Әкесі сияқты оны да хан тағына отырғызған Хұдайдад болатын. Бұл Дулат әмірлері қойған төртінші хан еді. Хұдайдад өз қолымен алты ханды таққа отырғызса, соның бірі осы – Мұхаммед хан болатын (біріншісі – Қызыр Қожа хан, екіншісі Шам-и Жахан хан, үшіншісі Нақш-и Жақан хан, төртіншісі – Мұхаммед хан, бесіншісі – Шир Мұхаммед хан, алтыншысы Уәйіс хан).
Есенбұға хан кейін күш жинап, Сайрам мен Ташкентке жорыққа шығып, ойрандап, көп адамды тұтқынға алды. Бұл уақытта Мауараннаһрда Сұлтан Әбусаид патша еді, ол Есенбұға ханға әскер жіберіп ізіне түскенімен, моғолдар қашып ішкеріге кетіп қалды. Есенбұға хан артынша Әндіжанды қоршап, Әндіжан уәлаятының жұртын тұтқындап алып кетеді. Моғолстандағы осындай қым-қуыт жағдайда Сұлтан Әбусаид Жүніс ханды Ирактан алдырып, Есенбұғаға қарсы қою үшін Моғолстанға хан етіп жіберді.
Есенбұға хандық етіп тұрған жылдарда Моғолстан жеріндегі ең ірі саяси оқиға бұл Керей мен Жәнібектің Әбілқайыр ханнан іргесін бөліп, Моғолстан мемлекетінің батыс жағына, Шу бойының Қозыбасы деген жеріне көшіп келіп, қазақ хандығының шаңырағын көтеру болды.
Алайда Моғолстан қазақ, қырғыз, өзбек, ұйғыр халықтарының қалыптасу процесі аяқталған мемлекеттік құрылым болды. Моғолстан ыдыраған кезде қазақ тайпалары Қазақ хандығына, қырғыздар Қырғыз мемлекеті құрамына, өзбектер өзбек ұлысы, құрамына барып қосылды. Моғолстан бірнеше халықтың ортақ мекені мен шаңырағы болғанын атап айту керек. 1514 жылы Саид хан Қашқарияны, Шығыс Түркістанды жаулап алғаннан кейін Моғолстан аймағы біртіндеп шығысқа ығысып, тарихи әдебиеттерде Моғолия аталды.
Моғолстан мемлекетін басқарған Шыңғыс хан әулетінен таралған хандар болғанымен, саяси құрылымның билік тізгінін қолдарына ұстап келген дулат әмірлері болды, сондықтан бұл мемлекеттің бой көтеруі мен біртіндеп ыдырап кетуіне дейінгі барлық кезеңдерде Моғолстан хандарымен қатар дулат әмірлерінің – ұлыс бегілерінің тарихи еңбегі мен рөліне тоқталмай өтуге болмас. Ханның өзін сайлап, қолына билік тізгінін ұстай білген аса ықпалды дулат әмірлерінің барлығы дерлік аса ірі саяси қайраткер деңгейіне көтерілген тұлғалар. Олардың беделі ханның өзінен де жоғары болды, ханды хан тағына отырғызған әмірлер оның билігіне кейде құлақ тоса бермеген, кейде мойындамаған да, сөйтіп, дербес билік жүргізіп, тұтас бір уәлаят ретінде билік құрып отырған. Солардың ішінде Дулатидің ұлы бабасы Құдайдад болды, сондай-ақ Әмір Темірмен қайтпай соғысып, жауына есесін жібермеген әмір Қамараддин, әмір Абу Бәкір, бұлардың барлығы да Моғолстанның аса ірі тұлғалары. Дулати шығармасының айрықша ерекшелігі де сол – ол Моғолстан хандарының өмірі мен қызметін дулат әмірлерінің қызметімен тікелей байланыстырып, суреттеп көрсе-туінде. Барлық тарихи оқиғалардың бел ортасында дулаттың ұлы әмірлері белсенді әрекетімен бой көрсетіп отырады. Әмір Өртөбе, әмір Байдаған, Шамсаддин, әмір Төлек, әмір Саид Ахмед, әмір Сайиид Әлі, әмір Құдайдад, әмір Қамараддин, Мұхаммед Хайдар мырза, әмір Мұхаммед Хұсейін, әмір Әбу Бәкір, ұлысбегі Сейіт Мұхаммед мырза, бұлардың барлығы Мұхаммед Хайдардың ата-бабалары, бауыры болып келеді.
Моғолстан мемлекетінде хан болып, билік жүргізіп, мемлекетті нығайтуға, күш салған айтулы тарихи тұлғалар «Тарих-и Рашидиде» белгілі дәрежеде суреттелінген. Алайда Ұлы Тұранның ұрпақтары Әмір Темір сияқты ұлы империя құрып, түрік халқының, Тұран елінің басын қосуды басты арман еткеніндей Моғолстанды билеген хандардың ішінен ондай аса ірі саяси тұлғалар шыға қоймаған. Әмір Темірдің өзі де қанша мықты болғанымен ақырында оның империясы да құлап, Шаибанидтер билікке келді. Империя қанша күшті болғанымен түптің түбінде іштей ыдырап, күйреп отырған.
«Тарих-и Рашидидің» авторы Моғолстан жеріндегі көнеден келе жатқан ескі гүлденген шаһарларды, Тараз, Баласағұн, Сайрам, Отырар, Ташкент, Алмалық сияқты заманында ірі орталыққа айналған қалалар, моғол жеріндегі тау мен дала, сахараны, өзен, көл-суларына дейін тоқталып, жан-жануарларына, елінің кәсібіне, шаруа баққан жұрттың тыныс-тіршілігіне, әдет-ғұрып, салт-сана, мәдени жәдігерлеріне дейін молынан қамтып суреттейді. Моғол жұртынан шыққан өнер адамдары, Баласұғұннан шығып әлемге аты мәлім болған оқымыстылар, ғұламалар, соның ішінде Қожа Ахмет Иасауи есімі де аталып, ғұлама ғалым Жамал Қаршыға арнайы тоқталады – бұл мәліметтер сөз жоқ Моғолстанға қатысты аса құнды деректерді бізге жеткізеді.
Моғолстанға қатысты соншама мол материалдар Моғол хандары мен моғолдардың ұлы әмірлерінің қызметін баяндау барысында әңгіме желісіне өріліп, жазушылық шеберлікпен келістіре суреттелініп баяндалуы – біз үшін мол жаңалық.
Түркі халқының тарихтағы мемлекеттік құрылымдары, ұлы империялары құлап, ыдырағанымен із-түзсіз мүлде жоғалып кеткен жоқ, олардың орнына дүниеге келген мемлекеттік құрылымдар тарихымызда жалғастықты белгілі дәрежеде сақтай да білген сияқты. Жоқтан бардың пайда болмайтыны сияқты, бар нәрсенің де қайтып мүлде жоқ нәрсеге толық айналып кете қоймайтыны мәлім. Мәңгі жасаған ешнәрсе де жоқ шығар, өнер мен рухани мұраға ғана ұзақ ғұмыр жазылғандай. Моғолстан мемлекетінен де бізге жеткен рухани мұралар жәдігерлер, мирастар, әпсаналар мен тәмсілдер аз болмаса керек-ті, әсіресе сол замандағы өмір сүріп қоғамда белгілі рөл атқарған үлкенді-кішілі тайпалардың аттарының, олардың кейбірін басқа еңбектерден кезіктіре алмайсыз, өйткені кітапқа хатталынып қалғандары көп емес.
Сондықтан бізге жеткен тарихи еңбек-тердің ішінде «Тарих-и Рашидиден» ғана Моғолстан туралы толық мағұлматты, ақпа-ратты, тарихымызға қажетті мәліметтерді ала аламыз. Моғолстан мемлекеті туралы толымды зерттеу жасалынатын болса, әрине, «Тарих-и Рашиди» − ең сенімді де мықты ғылыми дерек көзі бола алады, бұл еңбектің құндылығы да осында жатса керек.
Достарыңызбен бөлісу: |