2012 жылєы Ўбт-ы бойынша тест тапсырмаларыныѕ їлгісі



бет9/45
Дата05.02.2022
өлшемі18,88 Mb.
#5617
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   45
ДҮНИЕ ЖҮЗІ ТАРИХЫ
ПӘНІНЕН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ



ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ



1. ’’Ақан сері - Ақтоқты’’ трагедиясының авторын табыңыз.
A) А.Құнанбаев.
B) С.Торайғыров.
C) І.Жансүгіров.
D) М.Дулатов.
E) Ғ.Мүсірепов.

2. «Кедей күйі» өлеңінің тақырыбын көрсетіңіз.
A) Кедейлердің аянышты халі.
B) Білім, өнер.
C) Достық.
D) Адамгершілік қасиет.
E) Табиғат, жер.

3. М. Әуезовтің қай шығармасында Жарасбай, Сәлмен, Қатша деген кейіпкерлер кездесетінін белгілеңіз.
A) "Қилы заман".
B) "Қараш-Қараш оқиғасы".
C) "Оқыған азамат".
D) "Ескілік көлеңкесінде".
E) "Қаралы сұлу".

4. ²Абай жолы² романындағы Абай жақсы көрген ойын атын белгілеңіз.
A) Ақсүйек.
B) Көкпар.
C) Қыз қуу.
D) Тоғызқұмалақ.
E) Асық ойнау.

5. а, а, б, а түріндегі ұйқас ұйқастың қай түріне жататындығын табыңыз.
A) Шалыс.
B) Шұбыртпалы.
C) Қара өлең ұйқасы.
D) Ерікті.
E) Егіз.

6. «Аз и Я» атты зерттеу еңбегінің авторын көрсетіңіз.
A) М.Әуезов.
B) Ә.Қоңыратбаев.
C) М.Мағауин.
D) С.Қирабаев.
E) О.Сүлейменов.

7. Әл-Фараби туындысын анықтаңыз.
A) Поэтикалық мадақ .
B) Диуани хикмат .
C) Ақырзаман кітабы .
D) Бақыт кітабы .
E) Китаб аш шеер  (Өлең кітабы ).

8. «Eр Төстік» ертегісіндегі Төстіктің әкесінің жалмауызға беріп кететін затын атаңыз.
A) Егеу.
B) Шақпақ.
C) Қауырсын.
D) Пышақ.
E) Садақ.

9. “Аруақты туған ер болсаң, не қыласың бір қызды,”-деп, Ер Тарғынға тоқтау айтатын жырауды белгілеңіз.
A) Мұрын жырау.
B) Майқы би.
C) Сыпыра жырау.
D) Қазтуған жырау.
E) Бұқар жырау.

10. Жиембет жырау:
’’Хан ие, ісің жол емес, жолбарыстай Жиембет құрбандыққа қол емес’’,- деп кімге айтқанын белгілеңіз.
A) Есім ханға.
B) Абылай ханға.
C) Темір ханға.
D) Тәуке ханға.
E) Жәңгір ханға.

11. Ы.Алтынсариннің ²Қыпшақ Сейітқұл² әңгімесіндегі оқиға орнын көрсетіңіз.
A) Түркістан.
B) Қостанай.
C) Үргеніш-Қоқан.
D) Торғайдағы Қабырға өзені.
E) Қалмақ жақ.

12. Абайдың аурулығы себепті өндіртіп жаза алмаған кезін табыңыз.
A) 1880-1904 ж.ж.
B) 1900-1904 ж.ж.
C) 1890-1904 ж.ж.
D) 1903-1904 ж.ж.
E) 1895-1904 ж.ж.

13. ²Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады²,- деп бастап, тән құмары мен жан құмарын көрсететін Абайдың нешінші қарасөзі екенін табыңыз.
A) Оныншы.
B) Он тоғызыншы.
C) Төртінші.
D) Жетінші.
E) Отыз бірінші.

14. ’’...Сәрсенбайдың үйінде бір жақсы бала бар. Сұлулық, ақыл, салтанат үшеуі де бір-біріне муафиқ келіп, сол елдің қызының алды болды...’’ Осы сипаттар лайық деп тапқан кейіпкерді белгілеңіз.
A) Қамар сұлу.
B) Ғайша.
C) Күнікей.
D) Жамал.
E) Шолпан.

15. ’’Рәзия қыз’’, ’’Кемпірдің ертегісі’’, ’’Қанай’’ поэмаларының авторы кім екенін анықтаңыз.
A) С.Торайғыров.
B) Б.Майлин.
C) С.Мәуленов.
D) Қ.Жұмалиев.
E) М.Сералин.

16. «Сөзім – жыр, лебізім – күй ерке едім,
Өз жерім, өз елімде еркеледім,» - үзінді Қасымның қай өлеңінен алынғанын табыңыз.
A) “Көкшетау”.
B) “Өзім туралы”.
C) “Елге хат”.
D) “Күлемін де жылаймын”.
E) “Туған ел”.

17. Ғ.Мүсіреповтің шығармаларындағы Есеней - қай шығарманың кейіпкері екенін табыңыз.
A) ’’Италия сапарынан’’.
B) ’’Ер ана’’.
C) ’’Ұлпан’’.
D) ’’Ақан сері-Ақтоқты’’.
E) ’’Қос Шалқар’’.

18. Монолог дегеніміздің не екенін анықтаңыз.
A) Шығарма кейіпкерлерінің өзара кезектесе сөйлесуі.
B) Әдеби шығармадағы оқиға желісі.
C) Бір адамның ұзақ сөзі.
D) Қалыпты жағдайдан әсірелеп суреттеу.
E) Табиғат көркін суреттеу.

19. Фариза Оңғарсынованың:
«Отан деген не? – дейсің, ұлым, маған,
Ол – сенің ғұмырлы анаң.
Жөргегіңнен жаныңа сіңіп қалған
Әнің мен жырың, балам! – деген шумақ алынған өлеңін анықтаңыз.
A) «Жас ананың әндері»
B) «Теңіз аласапыран»
C) «Өлеңге»
D) «Қыз сөзі»
E) «Оюлар»

20. «Адамнан адам озар немен артып,
Бұл сөзді ақылға сал, кірге тартып …» - деген тармақтардың авторын табыңыз.
A) Ғ.Қараш.
B) А.Құнанбаев.
C) А.Қорамсаұлы.
D) Ш.Құдайбердиев.
E) Ш.Бөкеев.

21. Ж.Аймауытов ұсталған жылды табыңыз.
A) 1931ж.
B) 1930ж.
C) 1937ж.
D) 1929ж.
E) 1938ж.

22. С.Сейфуллиннің ²Көкшетау² поэмасындағы тұтқын қызға риза болған Адақтың еліне қайту үшін мінгізген тұлпарын белгілеңіз.
A) Керкөжек.
B) Тайбурыл.
C) Құлагер.
D) Торытөбел.
E) Қара қасқа ат.

23. М.Әуезовтің 20-жылдардағы пьесалар бәйгесінде Ж.Аймауытовтың «Шернияз» пьесасынан кейін орын алған шығармасын табыңыз.
A) “Тартыс”.
B) “Түнгі сарын”.
C) “Абай”.
D) “Қаракөз”.
E) “Шекарада”.

24. С.Мұқановтың «Есіл бойында» («Өмір мектебінен») шығармасындағы сүйгеніне арнап ән шығарған қыздың атын табыңыз.
A) Ғазиза.
B) Шұға.
C) Ұлпа.
D) Ғалия.
E) Ақтамақ.

25. Ш.Мұртазаның «Қызыл жебе» романындағы Тұрардың мектепке барғандағы фамилиясын табыңыз.
A) Қырғызбаев.
B) Сармолдаев.
C) Тоқбаев.
D) Нұргианов.
E) Рысқұлов.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет