Изахметова Алтын Кабиденовна
Бурабай ауданы, №5 Щучинск орта мектебі
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Сабақ тақырыбы: «ҚАРАШ-ҚАРАШ ПОВЕСІНДЕГІ БАҚТЫҒҰЛ МЕН
ЖАРАСБАЙ БЕЙНЕЛЕРІ»
Мақсаты:
1) М. Әуезов шығармашылығымен таныстыру, хикаяттың мазмұнын ұғындыру арқылы Бақтығұлдың іс - әрекетіне екі түрлі көзқараста баға беру;
2) Түсініп оқу, сын тұрғысынан ойлап, өз пікірін қорғай білуге дағдыландыру.
3) Ақыл - ой, адамгершілік тәрбиесін беру, имандылыққа, әдептілікке, жақсы қасиеттерге үйрету
Күтілетін нәтиже 1. Оқушылардың сөз өнерін қадірлей алу сезімін қалыптастыру.
2. Өмірден алынған мысалдарды келтіріп, дәләлдеме айтуға төселдіру.
3. Алған білімдерін, көкірегіне түйген жақсы қасиеттерін дамытып, өзіне ұнамаған іс - әрекеттерден аулақ болады, тұлғалық жағынан жетіледі
Барысы:
І Ұйымдастыру
1 Үй тапсырмасын тексеру.
2. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Қандай да болмасын көркем шығарманың жазылуына өмір шындығы негіз болады. Жазушы өзін қызықтырған өмір оқиғаларын жан - жақты зерттеп, таразылап, сосын шығарма жазуға кіріседі.
3. Үй тапсырмасын семантикалық картаны толтыру арқылы тексеремін
Ой тастау. Бақтығұл қылмыскер ме?
Жоспары
1. Тектіғұлдың қазасы
2. Ағайындылардың аянышты тағдыры
3. Бақтығұлдың кек жолындағы ұрлығы
4. Сәлменнің айбары
5. Шұғыл шешім
6. Жарысбай болыстың панасында
7. Барымташы – Бақтығұл
8. Жарға соққан жалғыздық
9. Қараш - қараш асуында атылған оқ.
Повесть туралы оқушылардың пікірін тыңдау
-«Қараш - Қараш» оқиғасының тақырыбын ашайық.
-«Ескі қазақ ауылындағы әлеуметтік теңсіздік».
Кейіпкерлеріне тоқталсақ.
Басты кейіпкер - Бақтығұл мен інісі Тектіғұл. Қозыбақ ауылындағы байлар - ағайынды Сәт пен Сәлмен, Жарасбай болыс, Қоқыш жандайшап, Досай аулынан - Бәйтен бай, қарындасы Қалыш т. б.
1. Тектіғұлдың өліміне кім кінәлі?
2. Інісінің өлімі Бақтығұлға қалай әсер етті?
3. Бақтығұлдың өш алу жолындағы алғашқы әрекеті неге сәтсіз аяқталды?
4. Оның Жарасбайға бару себебі неде? Болыс оны қандай мақсаттарға пайдаланды?
5. Бақтығұлдың ақ жолдан таюына не себеп болды? Әділдік іздеп жүріп әділетсіздікке тап болу мүмкін нәрсе ме?
6. Билер Бақтығұл үшін қандай шешім шығарды? Осыдан кейінгі Бақтығұлдың өмірі қалай өрілді?
7. Бақтығұл Сәлменді емес, неге Жарасбайды өлтірді?
8. Бақтығұл Жарасбайды өлтіргеніне өкінді ме? Не үшін?
9. Оқиға не себепті «Қараш - Қараш» деп аталды?
10. Намысқой, өр мінезді Бақтығұлдың өзгенің жетегінде жүрген сорлы, бейшара жанға айналуының себебі неде деп ойлайсыңдар?
11. Сенің ойыңша, хикаят соңы қалай аяқталады? Өз шешімің.
Оқушылардың Р. Жылқайдаров туралы және барымта деген қандай дәстүр екендігі жайында алып келген материалдарын оқыту.
Кітаппен жұмыс
І.Оқулықтан Бақтығұлдың Сәлмен бай, Жарасбай мен сөйлескен жерінен эпизод тауып оқу. Бақтығұлдың ақ жолдан таюына не себеп болды? Әділдік іздеп жүріп әділетсіздікке тап болу мүмкін нәрсе ме?
ІІ. ҮІ тарауға композициялық жоспар құру . Тоқпаев кім? Ол Жарасбайға қандай ақыл берді?
ІІІ.ҮІІ тарау ды жоспар құра отырып мазмұндау. Әңгіме неге Қараш-Қараш аталады?
ІҮ. Бақтығұл кек алу жолында жүріп қандай қиындықтарға тап болады? Кегін ала ма?
Бақтығұл қандай адам? (топтастыру әдісімен )
Бақтығұл - еңбекқор, бейнеткер, адамгершілігі мол, кедей, батыл, ержүрек, әділ, жалшы, барымташы, жалғыз, кекшіл, ұзын бойлы, денелі, иықты аңғал, сенгіш адам.
Топтастыру
Бақтығұл
Жалшылық етті, інісін жерледі, елден кетті, бие ұрлады, соққы жеді, Жарасбаймен достасты, ұрлық барымта жасады,сатқындыққа ұшырады, кек алды.
Кесек балуан
денелі, иықты, кеуделі келген қалың тік қара мұртты көп сөйлемейтін жасы 36 -37- лерде
Төзімді, лепті, қырағы мерген, адал, еңбек қор, кекшіл, рухы таза, кедей
Жазушының суреткерлік шеберлігі
1. Тау ішінің аш қасырындай бұралып, Сарымсақтының қарағайында бір күн, бір түн бекініп жатты:
2. Қой торыған бөрідей енді жұтынып, қомданып алған дөңгелек денесі анда – санда маңайды болжағанда, алды– арты, жан – жағына шапшаң бұрылады.Барлық қозғалысына ұршықтай үйірілген жіті сергектік пайда болған.Кішкене қысық көздері жауынды тунді тіліп өткендей.
3.... Бақтығұл қоралы қойға шапқалы келе жатқан қасқырдың құйрығын қысып, басын төмен салып, елеусізденіп, сөлпеңдеп жүргені сияқты.
4. ... Далада жалғыз жорытқан көк бөріше бар сырын өз ішіне түйіп, тығып келген тіршілік мұны талдырған...
5. Қалың топырдан адасып шаң қуып қара үзіп, қаңғып қалғандай сезінді. Ел бір бөлек, бұл бір бөлек. Баяғы жалғыз жорытқан көк қасқырша өзімен – өзі ғана болып қалған қу жалғыздық күйін қайта көрді.
6. Бұл кезде Бақтығұл елден, жұрттан безіп шығып, тау ішінің жайын тағысы сияқтанып жүрген қашқын.
« Көксерек » шығармасымен байланыстыру.
Венн диаграммасы:
Көксерек пен Бақтығұл өмірінің ұқсас, айырмашылығын салыстыру.
Жазушының кейіпкер психологиясын суреттеудегі шеберлігі.
Терме диктанты
Қатты қобалжыды, балаша құшақтады, қаңбақтай сезінген, кескен теректей, әлсіз жүзін, кезек көз тастады, Бақтұғұлдың есінде, сотқар бай, қара түн, қаскөй дауыл, інісін іздегенін, сорлы күй, арыстандай арысым, аш қасқырдай бұралып, қой торыған бөрідей, бойы сергіп алған, қараңғы түн, жақсы қабақ, оң шырай, таспен бекіту, бетке соққан қамшыдай, суық жүз, буалдыр күңгірт күз.
Әріптерді сөйлетейік.
Б – батыл да батыр.
А – аңғал, адал.
Қ – қайсар да қайратты ер.
Т – табанды, төзімді.
Ы – ызалы (жауына ызалы )
Ғ – ғаламат күш иесі.
Ұ – ұстамды.
Л – лайықты (осы барлық айтылған қасиеттерге лайықты).
Осы шығармада Тұрар бейнесі кімнің атынан көрінеді?
Сейіттің өжет мінезі шығармада қай тұста байқалады?
Бұған дейін Тұрардың балалық шағын бейнелеген қандай шығармамен танысып едік?
Ш.Мұртазаның «Тұтқын бала» шығармасында Тұрардың өжет қылықтарын қандай істерінен байқап едік, естеріңе түсіріңдер.
( Оқушылардың ойын тыңдаймын)
«Тұтқын балада» Ш.Мұртаза Тұрар бейнесін сомдаса, «Қараш-Қараш оқиғасында» М.Әуезов Рысқұл бейнесін сомдап отыр. Рысқұлдың оқыс қимыл-әрекеті М.Әуезовке әсер етеді де, 1927 жылы хикаятты жазып шығарады, 1957 жылы қайта өңдеп шығарылады. Кейін 1969 жылы «Қазақфильм» мен «Қырғызфильм» бірігіп, «Выстрел на перевале» («Қараш асуында атылған оқ») фильмін түсіреді. Енді сол фильмнен үзіндіге назар аударайық.
ІІІ. Қорытынды
Пысықтау.
Шығармаға берер оқушы бағасы
1. Шығарманы оқып шыққанда қандай әсер алдың?
2. Бақтығұлдың бойындағы қандай қасиеттер ұнайды? (Намысты азамат, қайратты ер, табанды адам.)
3. Осы шығарманың тәрбиелік мәні немесе біз қандай тәрбие аламыз?
Адал болу
Ұрлық іске бармау « Қараш – Қараш оқиғасы » әділ болу
Қиянат жасамау Мейірімді болу
Үйге тапсырма:
ҮІ. Үйге тапсырма: «Жарға соққан жалғыздық» тақырыбына «Ой толғау» жазу.
Достарыңызбен бөлісу: |