2013 ж. ХалықҚа кітапханалық Қызмет


Өлкетану жөніңдегі электрондық мәліметтерін құру



бет2/5
Дата25.01.2017
өлшемі0,83 Mb.
#7746
1   2   3   4   5

4.1 Өлкетану жөніңдегі электрондық мәліметтерін құру.
Жыл бойы Шортанды ауданының электрондық фактографиялық тарихи мәліметтері толықтырылды.

«Вести», «Өрлеу», «Акмолинская правда» газеттерінен ауыл округтары бойынша өлкетану мәліметтерін көшірме жасады.



4.2 Сіздің қорыңыздың өлкетану жөніңдегі ең құнды және ерекше кітаптың көшірмесі.

Біздің ОКЖ-де осындай жұмыс жүргізілмейді. Жыл бойы өлкетану бойынша сирек кездесетін кітап тізімін жазып облыстық кітапханаға жібердік.



5. КІТАПХАНАНЫҢ ЖҰМЫСЫНА МАРКЕТИНГТІ ЕҢГІЗУ. ОҚЫРМАНДАРДЫҢ СҰРАНЫСТАРЫН ОҚУ. КІТАПХАНАЛАР ЖАРНАМАСЫ.

5.1. Оқырман аудиторияның құрылымы, пайдаланушылар тобы.

Біздің ОКЖ оқырмандары әр-түрлі деңгейде дамыған жергілікті тұрғындар, әр-түрлі оқырман қызығушылықтарымен және сұраныстарымен, сондықтан біздің жұмысымыз, көбінесе, олардың оқырмандық қажеттіліктерін қамтамасыз ету.

Оқырман аудиториясының структурасы аудан халығымыздың негізгі әлеуметтік топтарына жатады, олар қызметкерлер, оқушылар, зейнеткерлер, және жұмыссыздар. Оқырмандардың жасы үлкен-кішілігіне қарай бөлінуі: % - оқырмандар балалар, % - орта жастағы балалар, % - халық оқырмандары

Оқырман аудиториясының құрылымы жұмыс істеуіне байланысты негізгі әлеуметтік топтарға жатады: мектепке дейінгі балалар, бастауыш сынып оқушылары, орта жастағы балалар, жұмыскерлер, қызметкерлер, оқушылар, зейнеткерлер, жұмыс істемейтің адамдар.
5.2. Халыққа кітапханалық қызмет көрсету ұйымдастыруын жүзеге асыруға мумкіншілігін анықтайтын сыртқы ортаның анализі.

Шортанды ауданының ОАК, ОБК және бөлімшелері жергілікті атқарушы орындармен, мектептермен жұмыс істейді. Орталықтағы балалар кітапханасы өзінің қызметін әкімшілікпен, ішкі саясат бөлімімен, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен, мектептермен, балалар шығармашылық үйімен үйлестіреді. Олар бірігіп әр түрлі іс шаралар өткізеді, мысалы: қолданбалы көркемөнер көрмесін, дөңгелек үстелдер, кештер, байқаулар және т.б. 2013 жылда «Ел тағдыры -менің тағдырым» атты форумдағы «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» деген дөңгелек үстелдің өткізуіне қатысты.



ОКЖ кітапханалары Ардагерлер кеңесімен, «НҰР ОТАН» партиялық мекемесімен тығыз байланыста, барлық кітапханаларда кітапхана Кеңесі, оқырман активі жұмыс істейді, оның жұмысына жергілікті жұртшылық қатысады.
5.3. Маркетинг қызметінің әдістерін пайдалану.

Осыған пайдаланған әдістер оқырман формулярының анализі, кеңестер, альбомдар сонымен бірге қазіргі маркетинг зерттеушінің пайдалануы, анкеталау, сұраулар, тестілеу дәстүрлі түрінде болды.



5.4. Нақтылардың сондай - ақ потенциалды пайдаланушылардың қажеттіліктерін оқу.
Оқырмандардың кітапханаға деген көңіл бөлуі, кітап қорына көз карастары,бөлек оқырман топтарына қызмет көрсету ұйымдастыруы туралы көптеген маңызды мәліметтер арқылы келесі әдістерді пайдаланып өткіздік, мысалы:

- Экспресс- сұрауы

- Кітапханадағы мерзімді басылым

/ Бектау, Пригородный а/к /

- Кітапханадағы егде адам: қызмет көрсету деңгейі

/ Жолымбет, Петровка, Гуляй-Поле а/к /



5.5. Оқырмандар формулярының, оқырмандардың қабыл алмауы

Сонымен, бірнеше кітапханалар оқырман формулярының анализын қолдануға жалғастырды, олар белгілі уақыттың белгілі топтардың түрлерін оқуға мүмкіндік туғызды, яғни нақты тематиканың кітап оқуына және білім саласына.



Анализдың қолданған нәтижесі, оқырмандық жоғары бағалауын және қызығушылықтарын белгілеуге көмектесті.

Новокубанка ауылдық кітапханасы оқырман қызығушылықтарын білу үшін, кітапханада және кітаппен қалай пайдалану ережесін білу, бастауыш сыныптағы оқушылардың оқу қабілеттерін тексеру үшін кеңестер өткізеді.
5.6. Маркетинг тәжірибелер, тестілеу, кітапхана оқырмандарының бақылауы.
Әр түрлі тестілер анализдарға және нақты шешімдерге үлкен кеңістік береді.

Өткен жылы біздің кітапханаларда осы тақырыб бойынша тестілеу өткізілді:

- Сізге қалай қызмет көрсетеді

Жолымбет қалалық кітапханасы

- Кітапханадағы егде адам

Жолымбет қалалық кітапханасы

- Кітапханада саған қалай қызмет көрсетеді

Жолымбет балалар кітапханасы

- Оқушылар кітапхананың оқырмандары сияқты

Андреевка а/к

- Оқушылар қазір не оқиды? Бозайғыр, Новосёловка,

Пригородный, Октябрьский а/к



- Бір жыл ішінде мен не оқыдым? / ОБК/
5.7. Жарнама қызметі. Кітапхананың жағымды имиджтың қалыптасуы.

Салмақты имидждың қалыптасу қажеттілігі біздің барлық кітапханаларымен сезінеді, осыдан әр-түрлі жарнама қызметі болады.

Кітапхана туралы ой-пікірлері жақсы болса, онда қызмет көрсетуі оңалады, сонымен бірге ол тұрақты пайдаланушыларды табады.

Әр кітапханашыда жарнама қызметінің арсеналында көптеген үлгілері бар, жекеше, ауызша, көрнекі оларды комплекста пайдаланса жақсы нәтиже береді.

ОКЖ-нің барлық кітапханалары жаңа жылды оқырмандарын шақыру айлығынан бастайды, олар әр-түрлі іс-шаралар өткізіп, жаңа көрмелерді, стендтерді, жұмыс кестесін дайындап, компьютер арқылы жарнама дайындайды

Бірнеше кітапханалар «Оқырман бұрышында», «Кітап. Оқырман. Кітапхана», «Оқырманға кітапхана туралы», «Оқырманға ақпарат» атты ақпараттық мәліметтерін жаңартты.

Олар міндетті түрде кітапханаға саяхаттауды, үйлерге баруды ұйымдастырады.

5.8. Қызмет көрсету түрлерін жаю туралы іс шаралар.
Жолымбет балалар және қалалық кітапханалары салтанатты түрде № 1 оқырман формулярының және сувенирларының тапсыруын өткізді. №1 формуляр 1 «а» сынып оқушысы Хади Оздоеваға тапсырылды. Формулярмен бірге оған есте қалатындай, кітапханашылардың тілегі жазылған кітапты сыйлады.
Жаңа жылдың бірінші күндері оқырмандарға «Жаңа жыл бізге тек қана құт-береке әкелсін» атты құттықтау көрінісі ұсынылды. Осы кітапханаларда дәстүрлі түрде «Бұрыңғы достар, жаңа таңысқандар» атты мерзімділік басылымдар шолуы, «Сіздің алдыңызда кітап әлемі» атты экскурсия және «Қажетті кітапты қалай табу керек» атты кеңесі өткізілді.
Петровка ауылының кітапханасы «Біріңші – ол жақсы!» атты музакалық мерекесін өткізді.

Мереке басталмай жатып жас оқырмандарға «Кітапхана қызмет көрсету деңгейін» атты анкеталауын өткізді, 12 сұраққа жауап берді, мерекеге келген балалар барлығы қатысты. /16 адам қатысты/


«Кітаппен өмір сүріп – ғасыр бойы қиындық көрмей» ұранымен үлкендердің және балалардың формулярларын дайындадық. Мереке барысында көптеген ойындар мен байқауларды өткіздік. Үлкен оқырмандарға арнап 2013 жылдың жазылған мерзімділік туралы «Уақытпен бірге» атты кеңес-шолуын өткіздік.
ОКЖ-нің кітапханалары кітапхана бойынша бірнеше экскурсияны жүргізді:
«Кітаппен саяхаттау»

/Жолымбет қалалық кітапханасы/

«Кітапханаға бірінші рет бару»

/Қарадыр ауылдық кітапханасы/


Белоозерский ауылының кітапханасында 0-3 сынып оқушыларымен «Кітапхана – деген не?» атты кітапхана экскурсиясы және кітапханалық сабақ қызықты болып өтті. Балаларға оқырман билеттерін, «Кітапты қалай ұқыптап ұстау керек» жаднамаларын ұсынды, «Кітаптың көптен-көп өтініші» плакаттың мәтінің оқыды.
Сонымен, сол ауылдық кітапханада: 4-5 сынып оқушыларымен «Сіз оқи аласыз ба» тақырыбы бойынша, 6-9 сынып оқушыларымен «Сенің досың – энциклопедия» атты кеңестер өткізілді.

Белоозерск ауылдық кітапхананың кітапханашысы мектеп мұғалімдеріне «Айрықша мәнді күндердің басталуы» атты ақпараттық сағат өткізілді. Онда мерейтойлық күндер мен бірлескен іс-шаралардың жоспарлары талқыланды.
Пригородный ауылының кітапханасы кішкентай жастағы оқырмандармен «Кітап – менің ең жақсы досым» атты кеңесін өткізді.

/6 адам қатысты/


Конкрынка ауылының кітапханасы үлкен жастағы адамдарға арнап 2013 жылдың мерзімділікпен танысу үшін танысу сағатын өткізді.
2013 жылдың 22 қантар күні Новокубанка ауылының кітапханасында «Кітаптың көңіл-күйі» деген кітап көрінісі дайындалды. Жыртылған және істен қалған кітаптарға қарағанда, көріністің бір бөлшегінде кітаптың өтініші болды: кітаппен пайдалану ережесі, кітап пен кітапшалардың жөндеу жұмыстарының тәсілдері.

Бір ай бойы ауылдық кітапханада «Кітапханаға кітап сыйла» атты акциясы өткізілді. Қазіргі орыс және шетел авторларын оқысы келген оқырмандар бір жылда кітапханаға бір кітап сыйлайды. Бұдан басқа, оқырман бұрышында акцияның өткізуіне байланысты жариялау жазылды. Оған ауыл тұрғындары белсенді қатысты. Аветисян Лейла кітапханаға 55 кітап сыйлады. Көбінесе сыйлаған кітаптар классик шығармалары және орыс, қазақ жазушылардың кітаптары.


Кітапхананың жарнама қызметінің ең жақсы

бөлшегі – прессамен ынтымақтастығы.
2013 жылда ОКЖ кітапханасының жұмысы «Вести», «Өрлеу» аудандық газетіне көптеген ақпарат берілді. Мақалаларда кітапханада істеген адамдар туралы, олардың өткізген іс-шаралары, кітапханаға түскен кітаптар, мерзіміділіктер және тағы да басқа мәліметтер туралы жазылды.

Жыл бойы біздің ОКЖ-сі ғаламтор пайдаланушыларға қазақ және орыс тілінде «Әлемге ашылған ақпарат» атты Шортанды ауданының әкімшілік сайтына мәлімет ұсынады. Онда ОКЖ-нің Уставы, Ережесі, атқарылған жұмыс ақпараты, Шортанды ОКЖ ММ фотогаллереясы, ОКЖ-нің жоспарлары мен есептері. Берілген мәліметтер уақытында жаңартылады.

Интерьерлерді дайындап кітапханашылар өз фантазияларын көрсетті. Мысалы: көріністерді, плакаттарды, бөлгіштерді және көрсеткіштерді, эмблемаларды, стендттерді көрсетті.

Соңғы кездері жарнама жұмысын жүргізу үшін жаңа технологиялар енгізілгені үлкен мүмкіндік арқылы ашылды.

Осы айтылған іс-шаралар кітапхананың жақсы имиджын құруға мүмкіндік тұғызады, оған жаңадан келген пайдаланушыларды қатыстырады.


6. КІТАПХАНАНЫҢ КОММУНИКАТИВТІК, ТАНЫМАЛДЫҚ, МӘДЕНИ - АҒАРТУШЫЛЫҚТЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ.



    1. Негізгі іс шаралардың өткізгені туралы қысқаша мәлімет.

Жыл бойы ОКЖ кітапханаларымен (сонымен бірге орталықтандырылған балалар кітапханасы) балаларға, жасөспірімдерге және үлкен жастағы оқырмандарға 924 іс-шара өткізілді, қатысқандардың жалпы саны 14000 адам, 8000 дана берілді. Дайындады - кітап көрмелері - 180, дөңгелек үстел - 6, оқырман конференциясы - 39, тақырыптық кештер - 60, диспут - 6, тарих, өлкетану сабақтары, ҚӘС - 350, викторина, байқаулар, әдеби ойындар, тәңертенгіліктер - 282 .

Өткізіліп жатқан іс-шаралардың сапасы жақсартылды, оқырмандарға кітапханалық жұмысын қызықтыру үшін инновациялық үлгілер енгізілді.
Олардың тематикасы әр-түрлі болды және кітапхананың іс-әрекетінің коммуникативтік, танымалдық, мәдени-ағартушылық негізгі бағыттарын бейнеледі, барлық маңызды күндер, мерейтойлар, мерекелер, акциялар, қоғамдық-саяси және біздің ауданымыздың, облысымыздың, еліміздің мәдени өмірінің оқиғалары туралы болды.

«Шортанды ауданының кітапханалық жүйесі» ММ кітапханалары жыл бойы мәдениет бойынша аймақтық бағдарламаны жүзеге асыру үшін және Шортанды ОКЖ-нің Мақсатты нұсқа бағдарламасымен 2012-2016 жылдарға арналған есірткі және нашақорлық бизнеспен күресу үшін жұмыс жүргізді.




    1. Оқырмандарды қатыстыру бойынша, олардың қызмет көрсетудің толық жетілдіруі, қызмет көрсетудің жаңа тәсілдерін енгізу бойынша және қызмет көрсетудің сапасын жақсарту жөніндегі іс – шаралар.

Кітапхана көптеген оқырмандарға қызмет көрсетеді. Жеке қызмет көрсетуі үлкен оқырмандарға жүргізіледі, мысалы: кітапханаға жазылып жатқанда кеңестер, ұсынған әдебиет туралы кеңестер, оқылған кітаптар туралы, кітапханамен және әдебиетпен пайдалану ережесі туралы айтылады.

Келесі бағыттар бойынша көптеген жұмыстар жүргізіледі:

- Оқу процессіне көмектесу.



-Жұмыс барысында айрықша мәнді күндерді есепке алып, маңызды оқиғаларға, оқырмандардың актуалдық сұрауларына көңіл бөлу.

-Оқырмандарға ұжымдық әңгімелесуіне, бос уақыттарын өткізуіне мүмкіншілік беру.

ОБК-сы «Кітапхана – қосымша білім орталығы» атты мақсатты бағдарламасы бойынша жұмыс істегендіктен, көптеген іс-шаралар мектеп бағдарламасын ұғыну үшін көмек ұйымдастырды, мысалы: «Менің сөмкемде кім тұрады?» - Шортанды №2 ОМ 1 сынып оқушыларына ойын бағдарламасы өткізілді. Осы іс-шараның мақсаты: оқуға, білімге деген сүйіспеншілікті, кітап оқуды жақсы көруге дағдыландыру...

Әр-бір балаға роль берілді, мысалы: қаламсауыт, кітап, дәптер, сызғыш және басқа, олар тақпақ ретінде сөмкедегі қажетті мектеп заттарын тамашалады. Содан кейін оңай байқауларға қатысты «Мектепке сөмкенді жина» деген, «Кім жылдам?» және т.б. ойындар.

Соныңда барлығы «Достық» атты өлеңің айтты. Іс-шара өте қызықты және жақсы өтті, балалар белсенді қатысты.

Орталықтандырылған балалар кітапханасы тек қана оқушылардың оқуын меңгеруге және ағымды оқу процессін қамтамасыз етуі емес, мектеп білімнің жаңарту қорының базасы, оқушыларға ақпараттық орталық болып саналады. Кітапханашы ақпараттық қорының және пәндік мұғалімдердің қиын сұраныстарының сарапшысы болып саналады.

Ісшараның сапасына ғаламтордың қол жетпеуі, интерактивтік тақта жетпеушілігі әсер етеді, бірақ кітапханашылар жоғары сапада ісшараны өткізу үшін және оқырмандардың сұраныстарын қанағаттандыру үшін күштерін салады.

Кітапханашылар мұғалімдермен қатар балалардың танымдық деңгейлерің жоғарылатуға тырысады. Көп жылдар бойы біз оқушыларға арнап ісшара өткіземіз, олар іс шара арқылы өздеріне керек ақпаратты тауып ала алады, мысалы: кітапханалық сабақтар, көрме-кроссвордттар.

Балалар кітапханасындағы әрбір ісшара әдебиет шолуымен аяқталады. Өткізілген әрбір ісшараға көрнекі дайындық жасалынды: кітап-иллюстрациялы көрмелер, плакаттар, өлеңдер, видероликтердің көріністері. Балалардың ісшарадағы көңіл-күйлері жоғары сапада болды, олардың бәрі өз пікірлерін айту үшін мүмкіншіліктері болды.

Біз мектеп кітапханашыларға кітап көрмесіне әдебиетті таңдауға

көмектесемыз. Мысалы: Шортанды №3 қазақ орта мектебі әрдайым ғарыш

туралы әдебиет алады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.А.Назарбаевтың елдің қалың көпшілігіне арналған Жолдауын түсіндіру және насихаттау жөніндегі іс - шаралар.
Шортанды ОКЖ кітапханалары ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» құрылған мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жыл сайынғы Жолдауына бір-неше іс-шараларын арнады.

Олардың арасында: ақпараттық сағаттар, кеңестер өткізілді, «Президенттің Жолдауы – болашақтың сенімділігі», «Президенттің Жолдауы – ақпараттың күшеуі», «Қазақстан: өркендеу жолы» деген тақырыптық сөрелер және кітап көрмелері дайындалды. Талқылау барасында аудан тұрғындары қатысты. Онда текқана Мемлекет басшы Жолдауының негізге алынатын бөлімдері емес, онда ауыл, аудан өмірінің қарым-қатынасы қарастырылды және талқыланды. Президенттің Қазақстан халқының Жолдауында, айтқандай, әлеуметтік саясатына, жақсы тұрмыс халіне, Қазақстан елінің өмір сапасын жақсартуына үлкен роль бөлінеді.

Орталықтандырылған аудандық кітапханасы АМҮ бірігіп «Қазақстан – 2050» құрылған мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында әлеуметтік саяси сұрақтарын талқылады, қазақ тілінің дамуын талқылады. Оған 20 адам қатысты.



Саяси сағат: - Жолдаудың жолында Жолымбет қалалық және балалар кітапханасында, Новоселовка, Конкрынка, Қаражар, Егемен, Бектау ауылының кітапханаларында өтті.
ӨЛКЕТАНУ ЖҰМЫСЫ
Шортанды ОКЖ-нің жұмысында негізгі приоритеті - өлкетану болып қалады. Тарихи - өлкетану тәрбиесі тарихи мәдениеттің тамырын танудан, Отанымыздың ерекше ұғынуынан, оның тағдырынан, қоғамдағы болып жатқан тарихи жауапкершілігінен басталады.

Кітапхана қызметкерлері «Ауыл шежіресіне» өлкетану мәліметтерін қызығушылықпен жинайды. ОАК әдіскерлік - библиографиялық бөлімінде өлкетану бойынша көптеген мәліметтер жиналды.



Аудан кітапханалары өз ауылына, ауданына деген махабатын, мәдени дәстүрлерінің білуіне, ата бабаларымыздың құрметіне, өздерінің жерлестерінің абыройын көрсетеді.

ОКЖ-нің кітапханаларында осы бағыт бойынша арнайы жұмыс жүргізіледі.

Орталықтағы аудандық және Жолымбет қалалық кітапханалары әдебиет шолуын өткізді:



          • Қазақстан – бейбітшілік пен сенімділік елі

ОКЖ кітапханаларында кітап көрмелері дайындалды:



    • Қазақстан туған жерім

    • Мұның бәрі Қазақстан

    • Қазақстан туған өлкем

    • Атамекен – туған жерім

Пригородный ауылының кітапханасы зейнеткерлермен бірге «Өз ауылым туралы не білемін?» тақырыбы бойынша кеңес өткізді.

15 адам қатысты.

Бектау ауылының кітапханасында орта жастағы оқырмандармен «Туған кеңдік жолымен» (ауыл тарихы бойынша) ойын саяхаты өткізілді.

11 адам қатысты.

Новоселовка ауылының кітапханасы ауыл тұрғындарымен, Новоселовка округінің әкімшілігімен бірге «Ауылымыздың тарихын қалпына келтіреміз» деген сырласу сағатын өткізді. Өткізілген іс-шара кітапханашының кеңестерінен, тұрғындардың естеріндегі ойларынан құрылды, содан кейін көрініс болды – ауыл тұрғындарының жеке альбомдарының ескі суреттерінің шолуы.


2013 жылдың 17 тамызда Новокубанка ауылының кітапханасы әкімшілікпен бірге Социалистік Еңбек Ері Кан-Де-Хан туралы «Жердегі із» атты кітап Презентациясын өткізді. Онда Дмитрий Хасеновичтың туған туысқандары, әріптестері, еңбек ардагерлері және Новокубанка ауылының тұрғындары, корея газетінің редакторы В.Е.Сон, аудан әкімінің орынбасары Е.К.Мухамедин, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы Жұмкей Берген, ауыл әкімі Мардан Рахат, редакциялық кітап кеңесі, ЖШС «Новокубанское» директоры А.И.Доброскок, көркемөнерпаздар қатысушылары қатысты. Редакциялық кеңестің төрағасы А.В.Ржавский «Жердегі із» деген кітаптың қалай құрылғаның және қандай жұмыс жүргізілгенің айтып берді. Сол іс-шараға 60 адам қатысты.

2013 жылдың 18 тамызда «Кітапхана мәдениет және бос ауқыттың орталығы» атты Мақсатты бағдарлама аясында «Жүрек қалаған жер» атты ауыл мерекесін өткізді. 250 адам қатысты.

Абылай - ханның туғанына 300 жыл.
ОКЖ кітапханалары қантар айында қазақ ханның Абылай-ханның 300 жыл жылдығына арналған 22 іс – шара өткізді – ол кеңестер, тарихи сағаттар, кітап көрмелері: «Қазақ жерінің данышпан баласы», «Тарих. Жеке адам. Уақыт», «Ұлы Абылай-хан қазақтардың біріктірушісі», «Абылай-хан: тарихқа деген көз қарасы» және т.б.
Кітапханаларда осы тақырыб бойынша папка-досье дайындалды:

- Абылай хан – ұлы даланың баласы


- Тарих: Абылай хан — аса көрнекті мемлекет қайраткері.

ОБК кітапханада №3 орта мектебінің 9 «в» сынып оқушыларымен Абылай- ханның 300 жыл толуына арналған «Жылдар бойы» атты тарихи сағатын өткізді. Бұл іс-шара қазақ тілінде өтті. Оған 27 оқушыларымен сынып жетекшісі Қабылғажы Талас да қатысты.Абылай хан қазақ мемелекет қайраткері нің өмірі туралы кітапханашының мазмұнды әңгімесін оқушылар жалғастырды, олар іс – шараның дайындығына жауапкершілікпен және байсалдылықпен дайындалды. Белсенді болғандар - Мұхаметбай Алтыншаш, Аман Айнаш, Паней Алтынай,Хадил Анипа, Сейфидинов Алмас қазақ жерінің даңқын шығарған батыр туралы әйгілі поэмалардың үзінділерін және өлеңдерін жаттап, оқыды. Сонымен бірге, Г.Аманбаева, С.Жаксыгулова, Е.Жанабергенова, М.Токтаганованың орындауымен «Абылай – хан» атты батырлар жырын тыңдады.

Балаларға Абылай – ханның шежіресі өте ұнады, олар әйгілі ханның тұқымдарын білуге қызықты. ОКЖ суретшісі шежіре салынған плакатты дайындады.
Осы іс-шараға дайындалған кітап көрмесі «Ерлік пен елдік жырлары» деп аталынды. Кітап көрмесінде Абылай – ханның өмірі мен қызметі туралы және оның тұқымдары Кенесары, Шоқан Уалиханов туралы әдебиеттер ұсынылды. Мольберттің ортасында – Абылай – ханның суреті орнатылды, оны жергілікті дарынды, әйгілі суретшіміз Бектас дайындады. Суретші ханның суретін балалар кітапханасына сыйлады. Іс – шара қызықты және сәтті өтті.

Орталықтағы аудандық кітапханасы №3 ОМ 9 «а» сынып оқушыларымен қазақ тілінде «Абылай – ұлы қолбасшы» атты тарихи сағатын өткізді. Оған 25 адам қатысты. Балаларға ханның шежіресі, суреті ұсынылды, әр-түрлі орындаушымен жыр тыңдалынды.


Новокубанка ауылдық кітапханасында «Ғасырлар бойы» атты тарихи сағаты өткізілді. Сол сағатта кітап көрмесі және Абылай хан — аса көрнекті мемлекет қайраткері, XVIII ғасырдың қолбасшысы, ірі тұлға - деген кеңесі ұсынылды, «Адам тарихы» атты папка-досьелері дайындалды.

12 адам қатысты.

Андреевка ауылының кітапханасында 9-11 сынып оқушыларымен «Абылай-хан мемлекет қайраткері» атты кеңестер өткізілді.

Кітапханашы Абылай-ханның бала кезін және жастық шағы туралы айтып берді. Ол батыр болды, аса көрнекті мемлекет қайраткері, қолбасшы , дипломат және қазақ жерлерінің жинақтаушысы, саясат туралы де айтылды, Абылай хан тек қана батыр болған жоқ ол қайратты саясатшы және тамаша дипломат болды.
НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ

ОКЖ кітапханалары «Наурыз» мерекесінің өткізуіне және дайындығына белсенді болып қатысты. Өткізілген іс-шаралар саны - 25. Оған 1000 астам адамдар қатысты.



Орталықтандырылған аудандық кітапхана жеткіншектер тобымен «Наурыз» мерекесіне арналған «Біздің тұқымымыздың ошағында» атты ойын-саяхатын өткізді, онда қазақ елінің дәстүрлері туралы айтылды, ал соныңда викторинаны өткізді.
Іс- шаралардың барысында кітапханашылар қазақ елінің тұрмысы туралы, мәдениетін және халықтың әдет-ғұрпын ашып айтты.

Барлық кітапханаларда кітап көрмелер, тақырыптық сөрелер дайындалды:


- Әлемдік Наурыз мерекесі

- Наурыз - жер жүзінің мерекесі

- Хош келдің - Наурыз


Тәңертенгіліктер:

- Наурыз – әлемдік және мейірімділік мерекесі

Андреевка, Белозер а/к


Пригородный ауылының кітапханасы ауыл тұрғындарымен мереке өткізді.


        • Көктем Наурызбен келеді


Әдеби-музыкалық композиция

  • Көктем келді Октябрьский ауылының кітапханасы

  • Наурыз - көңілді мереке

Андреевка ауылының кітапханасы

Кеңестер:

  • Наурыз - көңілді мереке

  • Наурыз - жылдың басы

  • Наурыз - достық мерекесі

Караадыр, Гуляй поле, Белоозерск,

Раевка ауылдық кітапханалары

«Көктем Наурызбен келеді» атауымен Бектау ауылдық кітапханасы МҮ алаңында үлкен іс шара өткізді (оның бағдарламасында ойындар, концерт, халықтық қазақ ойындары, қазақ елінің салт-дәстүрлері көрсетілді)



Наурызға арналған мерекелік бағдарлама «Наурыз туралы ән айтамыз» деп аталынды. Балалардың көңіл-күйі жақсы болды. Оқырмандарды қазақ елінің дәстүрлерімен және мәдениетімен таныстырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет