Интервью алу әдісі. Бұл әдіс педагогикаға әңгімелесу әдісінің бір түрі ретінде әлеуметтік зерттеулерден ауысқан. Әдетте жүргізілетін әңгімеден айырмашылығы интервью алған кезде алдын ала белгіленген сұрақтар , бір ізді дәйектілікпен әңгімелесушінің жауаптары жазылып алынады.
Сауал-сұрақ (анкета) әдісін қолдануда зерттеліп отырған проблемаға байланысты көпшілік пікірін білу және осы коллективтегі әртүрлі әрекеттердің, көңіл-күйлерінің т.б. мәселелердің объективті деректері, субъективті салыстыру анықталады.
Мектеп құжаттарын зерттеу әдістері. Бұл әдіс оқушының жеке іс қағаздарын, медициналық карталарын, класс журналдарын, оқушы күнделіктерін, жиналыстар мен мәжілістердің токолдарын оқып үйрену, талдау, жинақтау мақсатында қолданылады.
Педагогикалық эксперимент әдісі. Зерттеу объектісінің педагогикалық тиімділігін анықтай түсу мақсатына сай жұмыстың қандай да болсын әдістері мен жолдарын зерттеу үшін арнаулы ұйымдастырылатын әдіс. Педагогикалық эксперименттің мынадай түрлері бар: табиғи, лабораториялық және іздеу мақсатын көздейтін эксперимент.
Акселерация – биологиялық фактор, әлеуметтік жағдайлардың жақсаруы, урбанизация факторы елдің миграциялық өсуі жағдайы транспорт және байланыс қатынастарының дамуы, сонымен бірге радиотолқындардың және географиялық-климаттық жағдайлардың өзгеруі сияқты мәселелерді қамтиды.
Дидактика – гректің didaktikos деген сөзінен шыққан, білім беру мен оқытудың теориясы деген мағынаны білдіреді.
Оқыту үрдісі – оқушы мен мұғалімнің өзара әрекетіне бағытталған, мақсат көзделген әрекет.
Достарыңызбен бөлісу: |