Оқытудың принципі – оқыту процесінің тиімділігін арттыруға қажетті ең негізгі дидактикалық талаптар жүйесімен анықталады.
Білім беру мазмұны – жеке адамның жан-жақты дамуы және қалыптасуы үшін меңгеретін білім, іскерлік, дағды жүйесі білім беру мазмұны болып табылады.
Білім мазмұны – білімнің ғылымилығы, іскерліктің және дағдының жүйесі.
Технология – бұл қоғамдағы практикалық процестердің техникамен реттеліп отыратын және материалдық дүниенің заңдылықтарымен анықталатын, техникалық құралдар мен объектінің өзара әрекеттесуімен туындайтын процес.
Оқыту технологиясы – оқытушыға оқу үрдісін жүзеге асыруға қажет болатын білім немесе мәліметтер жиынтығы, яғни нақты оқу үрдісі, оның ұйымдастырылуы, құрылымы және қамтамасыз етілуі.
Ұжым – қоғамдық мәні бар, ортақ мақсаттар негізінде жалпы маңызды бағыттарға байланысты қарым-қатынас жасайтын адамдардың әлеуметтік бірлестігі.
Педагогикалық қарым-қатынас – оқудағы өзара іс-әрекет формасы, оқушы мен оқытушылардың ынтымақтастығы.
Педагогикалық қарым-қатынас – оқыту мен тәрбиелеу мақсаты мен міндеттерінің жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін педагог пен оқушылардың өзара әрекетіндегі құралдар мен әдістер жиынтығы.
Достарыңызбен бөлісу: |