2013 жылғы №3 басылым 19 беттің сі



бет3/4
Дата27.02.2020
өлшемі336 Kb.
#58632
1   2   3   4

- сұқбат-әңгіме -сұқбаттың бір түрі. Әңгіме-сұқбаттың бұл түрі зерттеу объектісінің өз іс-әрекеті туралы өзінің түсінігінің динамикасын белгілеуге көмектеседі, ол өзіндік пікірмен қоса психологиялық-педагогикалық анализдің   тақырыбы болып табылады. Сұрақ-жауаптың бұндай түрінде зерттеушінің сұрақ-жауап мәтінінде белгіленген іс-әрекет туралы жорамал түсінігі зерттеу ақпаратына аз ғана әсер етеді. Зерттеушінің міндеті зерттеу объектісінің әңгімесін қолдау. Сұқбат зерттеушінің жоғары кәсібилігін және тәжірибелігін қажет етеді. Сұқбаттың мақсаты – зерттеу объектісінің педагогикалық жағдайға деген көзқарасын қайта құру, зерттеушінің сұрақ-жауап алынғандардың міндеттері мен мәселелері арқылы ішкі және сыртқы  байланыстарының ерекшеліктерін зерттеу. Сұқбат нәтижелерінің талдауы мен олардың түсіндірмесі зерттеудің нақты міндеттеріне байланысты әр түрлі жүргізілуі мүмкін.

- сауалнама. Бұл арнайы іріктелген танымдық сұрақтар мен олардың мүмкін деген жауаптарының нұсқаларының қатал логикалық құрылысы. Сауаланама құрастырушы ұсынған алдын-ала белгіленген бірнеше мүмкін деген жауаптары бар жабық сұрақтардан тұрады. Егер анкетадаға сұрақтардың жауаптары болмаса, онда ол ашық сұрақтар деп аталады. Жабық сұрақтарға қарағанда ашық сұрақтарға статистикалық талдау жасау қиындық туғызады.

Сауалнама әдісі көбінесе адамдардың бір-біріне, оқиғаларға, іс-әрекет, пікірлерді зерттеу түрлеріне деген қатынасын анықтау үшін қолданылады.

Мұғалімдердің, жаңашыл-педагогтардың тәжірибесін зерттеу әдісі. Тәжірибе дегеніміз педагогтің ұзақ жылдар бойындағы практикалық-педагогикалық іс-әрекет нәтижесінде жинастырған шеберлігі, ол практик-мұғалімнің тәжірибелігі. Мұғалімнің баяндамалары, ғылыми мақалалары, әдістемелік жұмыстары, көрнекілік құралдары, компьютердегі педагогикалық тәжірибе мағлұматтарын зерттеу, сабақтарға, педагогикалық оқуларға, сыныптан тыс шараларға қатысу, сынып жетекшісімен, ата-анамен әңгіме оны зерттеудің көзі бола алады. Оған тек мектептегі оқу-тәрбие жұмысын жүзеге асыратын зерттеушінің жеке дара қасиеттерін есепке ала отырып сүйенуге болады.

Мектеп құжаттарын зерттеу.Бұл әдіс оқушының жеке іс-қағаздарын, медициналық карталарын, класс журналдарын, оқушы күнделіктерін, жиналыстар мен мәжілістердің протоколдарын оқып үйрену, талдау, жинақтау мақсатында қолданылады.

Оқушылардың жазбаша, графикалық және шығармашылық жұмыстарын зерттеу зерттеушіге оқушылардың интеллектуалды-даралық ерекшеліктері мен қабілеттері туралы мағлұмат беретін әдістің бір түрі. Оқушылардың жеке дара іс-әрекетінің нәтижелерін зерттеу, олардың жазбаша, графикалық және басқа да жұмыстарына талдау жасау зерттеушіге оқушылардың мотивтері, іс-әрекет стилі мен оларды орындаудағы жетістіктер туралы, сондай-ақ сол іс-әрекеттің сыныпта, сыныптан тыс және бос уақытта әр түрлі көрініс табуы туралы жан-жақты мәлімет береді.

Оқушылардың даралық-психологиялық ерекшеліктеріне, ынта-талаптарына, мақсат-мүдделеріне, бейімділігі мен қабілеттеріне талдау жасау олардың оқыту, тәрбие, дамыту процестеріне деген қатынасын анықтауға мүмкіндік береді, жеке тұлғаның танымдық процестері мен қабілеттерінің қалыптасу деңгейін көрсетеді. Оқушылардың психологиялық-педагогикалық мінездемелерімен, жеке құжаттарымен, оқушылардың медикалық-педагогикалық тексерулерінің, педагогикалық кеңес мәжілісінің, әдістемелік кеңес хаттамаларымен танысу, сынып журналдары мен есеп беру құжаттарын зерттеу зерттеушіге оқушылардың оқу-танымдық қызметінің даму деңгейі мен ақыл-ой іс-әрекетінің ерекшеліктері, олардың жұмысқа жарамдылығы туралы пайдалы объективті мәлімет береді.

Педогогикалық құжаттарды зерттеу білім беру жүйесі қызметінің негізгі бағыттарының жағдайы мен даму тенденцияларын көрсетеді. Оқу жоспарлары, бағдарламалары, оқулықтар, оқу-әдістемелік оқу құралдары, мұғалімдердің сабақ жоспарлары, жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің, колледждердің оқу-тәрбие бағдарламалары мен жоспарлары, сынып журналдары, мұғалімдердің есеп беруі, оқушыларды оқыту, тәрбиелеу мен дамытудың мазмұндық компоненттері тіркелетін басқа да құжаттар зерттеудің ең маңызды негіздері болып табылады.

Ғылыми танымның екінші деңгейі – теориялық деңгей. Ол зерттеушіге зерттеу әдістері мен ғылыми нәтижелер арасындағы себеп-салдарлық тәуелділікті айқындауға, эмпирикалық деректерден теориялық қорытындыларға көшу барысындағы педагогикалық заңдылықтарды анықтауға көмектеседі. Теориялық деңгей әдістері: әдебиет көздерін зерттеу; талдау мен синтез; абстракциялау; индуктивті және дедуктивті әдістері; ұқсастыру әдісі; модельдеу әдісі; болжау әдісі; математикалық және статистикалық әдіс; тіркеу әдісі; тізбектеу әдісі.

Педагогикалық эксперимент әдісі. Зерттеу объектісінің педагогикалық тиімділігін анықтай түсу мақсатына сай жұмыстың қандай да болсын әдістері мен жолдарын зерттеу үшін арнаулы ұйымдастырылған әдіс. Педагогикалық эксмерименттің мынадай түрлері бар: табиғи, лабораториялық, іздеу мақсатын көздейтін эксперимент.

Экперимент. Нақты жағдайды есепке алып, педагогикалық процесті зерттейтін ғылыми тәжірибе. Педагогикалық экспериментке сүйеніп, зерттеуші оқытудың және тәрбиенің тиімді тәсілдері мен әдістерін, формалары мен мазмұнын тексереді.

Табиғи эксперимент. Сыныпты, бүкіл ұжымды оқу-тәрбие процесін бұзбай, педагогикалық проблемаларды зерттеу үшін әдеттегі жағдайларда қолданылатын педагогикалық экперимент әдісінің түрі.



Жасампаз эксперимент Тұтас педагогикалық процестің мазмұнын, ұйымдастыру формаларын, принциптері мен әдістерін жаңадан құру үшін арнаулы эксперимент жүргізіледі. Осы педагогикалық эксперимент әдісінің түрін жасампаз эксперимент деп атайды.

Лабораториялық эксперимент. Кейде жете бақылау мен тексерудің нәтижесінде оқыту мен тәрбиенің кейбір әдістері мен тәсілдеріне өзгерістер енгізуге болады. Бұл жағдайда педагогикалық құбылыстарды ұқыптылықпен бақылау үшін сынып ұжымынан бір топ бала бөлініп алынады да, олармен арнаулы эксперимент жүргізіледі. Эксперименттің бұл түрін лабораториялық эксперимент деп атайды.

Өзін-өзі бақылауға сұрақтар:

1. Әдіснама дегеніміз не?

2. Әдіс дегеніміз не?

3. Педагогика әдіснамасының мақсаты не?

4. Ғылыми зерттеу әдістерінің топтарын нақтылаңыз.

Әдебиеттер:

1. Пошаев Д.Қ. Ғылыми-педагогикалық зерттеу негіздері. Шымкент, 2003, 112б.

2. Загвязинский В.И. Исследовательская деятельность педагога.-М.,2008.

3. Асқаров, Е.С. Ғылыми зерттеулердің негіздері :оқу-әдістемелік құрал .-Алматы,2005.

4.ҚоянбаевМ.,Қоянбаева Г.Р. Педагогика әдіснамасы және педагогикалық зерттеулетін әдістері. – Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, 2007,32б.

5. Аканов Б., Карамзин Н.Основы научных исследований.- Алматы,1989-136с.

6. Новые исследования в педагогических науках Вып 2.-М.,1991.

7. Ержанова, А.Е. Философия науки.-Алматы,2008.

8. Общая и профессиональная педагогика/Под ред. В.Д. Симоновича.-М.,2005.

9. Педагогика профессионального образования/Под ред. Сластенина.-М.,2004.

12. Кринецкий Н.И. Основы научных исследований. - Киев,1991,218с.

14. Пошаев Д.Қ, Пошаев М.Д. Педагогикалық зерттеулер және ғылыми әдіснамасы.//ХХІ ғасыр бастауындағы мамандықтандырудың жалпы кәсіби дайындығының проблемалары. - Алматы, РИК, 2000, Б49-52.


Тақырып 4. Кәсіби педагогикалық жеке проблемаларын зерттеудегі ғылыми әдістердің қолданылуы

Негізгі ұғымдар: зерттеу проблемасы, зерттеу тапсырмасы, ғылыми баяндама, білім, ұғыну.

Іс-әрекеттерді зерттеу. Жеке тұлғаны зерделеу. Оқушының жұмысқа қабілеттілігін зерттеу. Кәсіби жарамдылығын бағалау.

Оқушылардың даралық-психологиялық ерекшеліктеріне,ынта-талаптарына, мақсат-мүдделеріне, бейімділігі мен қабілеттеріне талдау жасау олардың оқыту, тәрбие, дамыту процестеріне деген қатынасын анықтауға мүмкіндік береді, жеке тұлғаның танымдық процестері мен қабілеттерінің қалыптасу деңгейін көрсетеді.Оқушылардың психологиялық-педагогикалық мінездемелерімен жеке құжаттарымен, оқушылардың медикалық-педагогикалық тексерулерінің, педгогикалық кеңес мәжілісінің, әдістемелік кеңес хаттамаларымен таңысу сынып журналдарымен есеп беру құжаттарын зерттеу зерттеушіге оқушылардың оқу-танымдық қызметінің даму деңгейімен ақыл-ой іс-әрекеттерінің ерекшеліктері, олардың жұмысқа жарамдылығы туралы пайдалы объективті мәлімет береді, оқушылардың жеке тұлғасының дамуының дәрежесі, деңгейімен құрылысындағы сандық және сапалық өзгерістерін көрсетеді.

Эмпирикалық әдіс ретіндегі дәрігерлік-педагогикалық тексеру медикалық-педагогикалық кестені жаппай дайындаумен байланысты.Ол кестелер оқушыларға қатысты жеке дара қолданылады, оқушылар әртүрлі ғылыми мамандар тексеруінен өтеді.Тексеру барысында оқушылардың өмірбаяны, психологиялық-педагогикалық сипаттамасы, олардың үлгерімі, жеке тұлғалық дамуынң генезисі,ауырған ауруларының сипаты, олардың туа біткен кемшіліктері, оқушылардың, олардың ата-аналарының денсаулығы, таным процесі барысының ерекшеліктері зерттеледі.

Оқушылардың жазбаша, графикалық және шығармашылық жұмыстарын зерттеу зерттеушіге оқушылардың интеллектуалды-даралық ерекшеліктер мен қабілеттері туралы мағлұмат беретін әдістің бірі.Оқушылардың жеке дара іс-әрекетінің нәтижелерін зерттеу олардың жазбаша, графикалық және де басқа да жұмыстарына талдау жасау зерттеушіге оқушылардың мотивтері, іс-әрекет стилі мен оларды орындаудағы жетістіктер туралы, сондай-ақ сол іс-әрекеттің сыныпта, сыныптан тыс және басқа уақытта әр түрлі көрініс табуы туралы жан-жақты мәлімет береді.

Білім сапасы оқушылардың байқампаздығынан, талдау, жинақтау, абстракциялау іскерлігінен, оқу материалымен жұмыс істеу жолдарын анықтаудан, іс - әрекеттің жүйесін белгілеуден, өз іс - әрекетін бақылап, оған керек жағдайда түзетулер енгізуінен көрінеді. Оқушылардың тәрбиелілігі олардың пікірлерінен, мінез-құлқынан, жүріс-тұрысынан байқалады.



Оқушылардың жұмысын зерттеу әдісі. Оқушылардың жазба, бақылау және графикалық жұмыстары, суреттері, пәндер бойынша дәптерлері, әр түрлі тақырыптарға жазылған баяндамалары мен рефераттары және еңбек сабақтарында жасаған заттар зерттеушіні кейбір қажетті мәліметтермен қаруландырады.

Мектеп құжаттарын зерттеу әдісі. Оқу және тәрбие жұмысындағы кейбір мәселелерді құжаттарға сүйеніп зерттеуге болады. Бұл мектеп және мектептен тыс тәрбие мекемелеріндегі құжаттар мен архив мәліметтері. Мектеп құжаттарына сынып журналы, оқушының күнделігі, сыныптың оқу-тәрбие жұмысының жоспары, үйірме жұмысының жоспары мен есебі, педагогикалық тақырыптарға жазылған мұғалімдердің баяндамалары мен мақалалары.

Тестілеу әдісі. Бұл әдіс оқушылардың білімі мен икемділігі, бейімділігі, жалпы ақыл-ойының даму дәрежесі, не жекелеген қасиеттерінің дамып, қалыптасуы жайында мағлұмат алуға мүмкіндік беретін зерттеу әдісі.

Өзін-өзі бақылауға сұрақтар:

1. Іс-әрекет дегеніміз не?

2. Тұлға деп кімді айтамыз?

3. Қабілет дегеніміз не?

4. Кәсіби жарамдылық дегенді қалай түсінесіз?

Әдебиеттер:

1. Пошаев Д.Қ. Ғылыми-педагогикалық зерттеу негіздері. Шымкент, 2003, 112б.

2. Загвязинский В.И. Исследовательская деятельность педагога.-М.,2008.

3. Асқаров, Е.С. Ғылыми зерттеулердің негіздері :оқу-әдістемелік құрал .-Алматы,2005.

4.ҚоянбаевМ.,Қоянбаева Г.Р. Педагогика әдіснамасы және педагогикалық зерттеулетін әдістері. – Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, 2007,32б.

5. Аканов Б., Карамзин Н.Основы научных исследований.- Алматы,1989-136с.

6. Новые исследования в педагогических науках Вып 2.-М.,1991.

7. Ержанова, А.Е. Философия науки.-Алматы,2008.

8. Общая и профессиональная педагогика/Под ред. В.Д. Симоновича.-М.,2005.

9. Педагогика профессионального образования/Под ред. Сластенина.-М.,2004.

12. Кринецкий Н.И. Основы научных исследований. - Киев,1991,218с.

14. Пошаев Д.Қ, Пошаев М.Д. Педагогикалық зерттеулер және ғылыми әдіснамасы.//ХХІ ғасыр бастауындағы мамандықтандырудың жалпы кәсіби дайындығының проблемалары. - Алматы, РИК, 2000, Б49-52.



Модуль 2. Ғылыми зерттеу нәтижелерін қорытындылау

Тақырып 5. Зерттеу нәтижесінің өңделуі және мәлімет әдісі

Негізгі ұғымдар: тәжірибелік жұмыс, ой қорытындысы, пайымдау, теория, ақпараттар.

Кәсіби педагогикалық зерттеулерде статистикалық әдістерді қолдану. Зерттеу нәтижелерін кестеге түсіру. Зерттеу нәтижелерін графикалық әдіс түрінде көрсету. Зерттеу нәтижелерін салыстыру. Әдебиеттермен жұмыс, ақпараттарды өңдеу және талдау.

 Математикалық және статистикалық әдіс педагогикалық құбылыстар мен олардың сапалық өзгерістері арасындағы сандық тәуелділікті анықтау үшін қолданылады. Бұл әдіс зерттеу жиынтығын өңдеу үшін, байланыс пен ықпал ету көрсеткіштерін есепке алу үшін, өз ара тәуелділікті айқындау үшін, әр түрлілік көрсеткіштерін бөлу деңгейін анықтау үшін, орташа арифметикалық қате мен оынң мөлшерін айқындап, осы мөлшерді бөлу дәрежесін (дисперсия), орташа квадраттық ауытқуларды, әр түрлілік коэффициенттерін есептеу үшін қолданылады. Педагогикалық зерттеулерді математикалық әдістерді қолдану эксперименттік зерттеулердің сандық деректеріне статистикалық өңдеу үшін қажет.

Тіркеу әдісі педагогикалық зерттеулер ішіндегі кең тараған әдіс, ол зерттеу объектісінің белгілі бір қасиеттерін ашып, есептеу үшін қолданылады. Тіркеу әдетте  белгілі бір белгісі бар не жоқ бір құбылысты өлшеу үшін қолданылады. Бұл белгісі бар объектіні анықтап алып, оның бұл белгісі жоқ басқа бір объектіден ажырата алу қажет. Сондай-ақ, шартты критерилер қажет, мысалы қандай оқушыны тәртіпті, ал қандайын тәртіпсіз деп, өзімшіл немесе көпшіл деп, үлгерімі жақсы немесе үлгерімі нашар деп айтуға болады. Ұқсастыру әдісі заттар мен құбылыстардың жалпылығын айқындау үшін қолданылады.

 Модельдеу әдісі теория жүзінде мүмкін жағдайдың, құбылыстың немесе заттың моделін жасау әдісі. Модельдеу – зерттеу объектісі өзімен ұқсастық қатынастағы басқа бір объектімен алмастырылатын зерттеу әдісі. Модель және модельдеу әдісі түпнұсқаны зерттеу қиын немесе мүмкін емес болғанда немесе түпнұсқаны зерттеу үлкен қаражат шығынын талап еткен жағдайда қолданылады. Модель мен түп нұсқа арасында белгілі бір ұқсастық болу керек. Мұндай ұқсастық зерттеушінің модельді зерттеу кезінде алған ақпараттарын түпнұсқаға көшіруге мүмкіндік береді, ал көшіру үшін ұқсастықтың, талдау мен синтездің әртүрлі формалары қолданылады. Модельдеу ауызша, логикалық, физикалық, математикалық, заттық, белгілік сияқты түрлері болады. Модельдің түрін таңдау таным зерттеу объектісінің күрделігіне байланысты.

 Педагогикалық үрдістерді модельдеу. Модельдеу педагогикада кибернетикалық идеялар мен әдістерді пайдаланумен байланысты, олар негізінен алғанда қарапайым деңгейде, яғни озат тәжірибені қорытуға, қарапайым материалды жинап сипаттауға жіне оны алғаш рет қңдеп, жүйеге келтіруге педагогикалық зеттеу дәрежесін көтеруге көмектеседі.

Болжау әдісі зерттеушінің қатысынсыз педагогикалық жүйе немесе білім беру жүйесінің қозғалысын көрсету үшін қолданылады. Зерттеу нәтижесінде алынған нақты ғылыми деректерді сандық көрсеткіштерге, кестелерге, графиктерге, сызбаларға, диаграммаларға, формулаларға, түсініктер мен заңдарға айналдыру зерттеушінің ойлау абстракциясының жоғары деңгейі мен дәрежесі қажет.

 Абстракциялаудың (дерексіздендіру) екі түрі бар: талдап қорыту және жекелеп бөлу. Талдап қорыту – көптеген бірыңғай белгілерін анықтау. Жекелеп бөлу – бір затты немесе құбылысты зерттеп, талдау үшін зерттеушіге қажетті бір қасиетін бөліп алу процесі.



Индуктивті және дедуктивті әдістері - бұл әдістің көмегімен эмпирикалық деректер қорытындыланып, жекеден жалпыға қарай және керісінше жалпыдан жекеге қарай қисынды салдарлар айқындалады.

2. Зерттеу нәтижелерін кестеге түсіру. Зерттеу нәтижелерін графикалық әдіс түрінде көрсету. Зерттеу нәтижелерін салыстыру. Әдебиеттермен жұмыс, ақпараттарды өңдеу және талдау.

Әдебиет көздерін зерттеу зерттеудің бастапқы құрамды бөлігі болып табылады. Бұл кез-келген ғылыми іс-әрекеттің алғашқы кезеңі. Зерттеуші ғылымның осы саласында оған дейін қандай мәселелер зерттелгенін анықтау үшін, зерттеу мәселесінің бұрынғы мен қазіргі жай-күйі және оған қатысы бар барлық мәселелерді түсіну үшін таңдап алған тақырыбы бойынша әдебиеттермен танысуы.

Ғылымның зерттеліп отырған саласының жай-күйі мен дамуын тану үшін зерттеуші әр түрлі педагогикалық бағыттар, көзқарастар, ғылыми мектептер, отандық және шетелдік баспалардың арасынан өзіе керекті әдебиетті таңдап алып, көптеген авторларға ортақ және білім беру процесіндегі заманға сай тенденцияларды анықтайтын жалпыны табуы қажет.

Әдебиеттерді зерттеу кезінде оларға талдау жасау, оларды салыстыру, теңестіру, жалпыға ортақ ғылыми әдістерді анықтау сияқты жұмыстар жүргізіледі. Әдебиет көздерін зерттеу әдісі ғылыми танымның белгілі бір кезеңіндегі зерттеудің нақты мақсаттар мен міндеттерімен анықталады. Бұл әдістің қажетті әдебиеттерді іздеу, әдебиет материалдарына алдын-ала талдау жасау, оқу мен жасып алу техникасын ескеру, тақырыптық белгілері бойынша жеке картотеканы құру, әдебиеттерді бір жүйеге келтіріп қолдану, әдебиеттерді зерттеу сияқты сатылары бар.

 Талдау мен синтез. Талдаудың эмпирикалық материалды механикалық бөлу; тұтастың құрамындағы элементтердің өзара қастынасы формаларын анықтау; білім құрылысын ашу; зерттеу объектісінің сипаты мен динамикасын айқындау сияқты түрлері бар. Талдау барысында зерттеу нәтижелерін бағдарламалар, кестелер, жоспарлар, жүйелер түрінде жинақтауға болады. Таладау кезінде конъюгация (лат. Conjuncion – одақ, байланыс) ережесін де қолдануға болады, бұл ереже бойынша екі немесе одан да көп пікірлерді бір күрделі сөйлемге біріктіруге болады. Талдау мен синтез диалектикалық түрде бір-бірімен тығыз байланысты, «талдау» термині көбінесе зерттеу процесін тұтастай зерттеу кезінде қолданылады. Сондай-ақ белгілі бір нәтижелері бар деректерге жүйеге кірерде және одан шығарда талдау жасап, салыстыруға болады.



Ақпараттар:

  • шолу - ғылыми құжаттардың шолуды қамтитын қайталанбалы хабарлама;

  • реферативтік - алғашқы ғылыми құжаттар мазмұнындағы қайталанбалы хабарлама;

  • тіректік - алдын-ала хабарлау қызметін атқаратын түрлі дәрежеде жинақталған қайталанбалы ақпарат;

  • ғылыми-зерттеу - жаңа ғылыми білімдерді жасау процесі, танымдық іс-әрекеттің бір түрі. Ол шындығымен, жаңғыртылуымен, дәлелдігімен және дәлдігімен сипатталады.

Зерттеулердің нәтижесін тәжірибеге енгізу жолдары – педагогикалық зерттеудің ең басты қорытындысы болып есептеледі. Зерттеулердің нәтижесін тәжірибеге енгізу – бұл тұтас комплексті шаралар жиынтығы. Үздіксіз, бір ізді, мақсатты түрде жүргізілген зерттеу жұмысының нәтижесінде айқындалған заңдылықты, педагогикалық басылымдар, арнайы ғылыми баяндамалар арқылы медодикалық құралдар, оқулықтар жасау арқылы мектептің озат тәрбиесімен дәлелденіп, тиімділігі жан жақты айқындалған зерттеулердің кепілі болуы керек. Педагогикалық жаңалықтарды, озат тәжірибені, ғылыми-теориялық концепцияларды зерттеу, эксперименттік жұмыстар арқылы байқаудан өткізіп, тексеріп, оның нәтижелерін шығару тиімділігін көрсету, педагогикалық ынтымақтастық идеясын жүзеге асыру – қазіргі мектептің, педагогикалық ғылымның, әрбір мұғалімнің борышы.

Өзін-өзі бақылауға сұрақтар:

1. Статистикалық әдістерге қандай әдістер жатады?

2. Статистикалық әдістердің ерекшеліктерін атаңыз.

3. Графикалық әдістің қолданылу ерекшелігі қандай?

4. Зерттеу нәтижелерін қалай салыстырамыз.

5. Әдебиеттермен жұмысқа қойылатын талаптарды атаңыз?



Әдебиеттер:

1. Пошаев Д.Қ. Ғылыми-педагогикалық зерттеу негіздері. Шымкент, 2003, 112б.

2. Бектаев Қ. Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика. -Алматы, Рауан, 1991, 431 б.

3.Загвязинский В.И. Исследовательская деятельность педагога.-М.,2008.

4. Асқаров, Е.С. Ғылыми зерттеулердің негіздері :оқу-әдістемелік құрал .-Алматы,2005.

5.ҚоянбаевМ.,Қоянбаева Г.Р. Педагогика әдіснамасы және педагогикалық зерттеулетін әдістері. – Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, 2007,32б.

6. Аканов Б., Карамзин Н.Основы научных исследований.- Алматы,1989-136с.

7. Новые исследования в педагогических науках Вып 2.-М.,1991.

8. Ержанова, А.Е. Философия науки.-Алматы,2008.

9. Кринецкий Н.И. Основы научных исследований. - Киев,1991,218с.

10. Пашутин А.М. Восприятие и метод наблюдений. - Москва, 1991.

11. Полонский В.М.Оценка качества научно-педагогических исследований. - Москва, 1987.

12. Пошаев Д.Қ, Пошаев М.Д. Педагогикалық зерттеулер және ғылыми әдіснамасы.//ХХІ ғасыр бастауындағы мамандықтандырудың жалпы кәсіби дайындығының проблемалары. - Алматы, РИК, 2000, Б49-52.

Тақырып 6. Ғылыми зерттеуді дайындаудың жолдары және зерттеу нәтижесін жариялау

Негізгі ұғымдар: ғылыми есеп, тұжырымдама, білік.

Зерттеу нәтижелерін безендіру, тарату және бағалау. Ғылыми педагогикалық зерттеулерді безендірудегі нормативті талаптар.

Зерттеу жұмысының нәтижелі болуы үшін педагог мынадай талаптарды орындауға міндетті:


  • ізденіс әрекетінің сипаты шығармашылық, өнімді екендігін, тек ақпарат алуға бағытталмағандығын, керісінше оның мән – мағынасын ашуға, оны жасауға өзіне ғана тән тиімді шешімдерді іздестіруге бағытталатындығын ұғыну;

  • жалпы ғылыми және пәндік білгірлік, сондай – ақ жалпы мәдени дүниетаным болуы;

  • тұлғалық шығармашылық әлеуеттің, стандартты есем тәсілдер мен шешімдер жасауға қабілеттілік, ерік – жігер және моральдық психологиялық сапалардың: адалдық, табандылық, барынша беріліп қызығушылық, сыни көзқараспен қарауға қабілетті болу;

  • ғылыми ізденістің теориялық және практикалық әдіснамасын меңгеру.

Мектептерде педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау және тарату ісі күрделі және шығармашылық мәселелердің бірі болып табылады. Педагогикалық тәжірибе – оқыту, білім беру және тәрбие тәжірибесі, дәлірек айтсақ нәтижесі оқушының жеке тұлғалық сапаларынан көрінетін, белгілі бір мақсатпен ұйымдастырылатын педагогикалық процесс. Көпшілік мұғалімнің педагогикалық тәжірибесі – бұл педагогика ғылымының жетістіктерін қолданып жұмыс істеп жатқан білім беру ұйымдарының тәжірибесі.

Озат педагогикалық тәжірибе сөзін түрліше түсінеміз. Кең мағынада педагогикалық тәжірибе – мұғалімнің шеберлігінің жоғары деңгейі, тұрақты педагогикалық нәтиже беретін оқыту және тәрбие тәжірибиесі. Мұғалімнің тәжірибесінде жаңалық болмауы мүмкін, бірақ ол ғылымда белгілі бір принциптерді, әдістерді табысты түрде қолданып, басқа мұғалімдерге үлгі болып, озат тәжірибесі басқа мектептерге таратылады.

Педагогикалық озат тәжірбиенің тар мағынасы: шығармашылық ізденіс, жаңалығы бар тәжірибе, жаңашылдардың тәжірибесі. Мұндай педагогикалық тәжірибе өте құнды, себебі ол мектеп тәжірибесіне жаңалық енгізеді. Сондықтан, бірінші кезекте осы тәжірибені талдап, баға беріп, тарату керек. Жай шеберлік пен жаңашылдық арасындағы айырмашылықты көру қиын, себебі мұғалім ғылымда белгілі принциптер мен әдістерді қолданып, қол жеткен жетістіктермен шектелмейді, жаңа әдістерді қолданып, немесе ескі әдіс – тәсілдерді тиімді етіп ұштастырып, бірте – бірте жаңашыл болады, олай болса кез келген жақсы тәжірибені мектептің тәжірибесіне енгізуге болады, бірақ жаңашыл мұғалімдердің іс-әжірибесін жан-жақты талдап, қорытындылап тарату керек. Бірінші белгісі – қоғам дамуының бағытына, әлеуметтік сұранысқа сәйкестігі. Озат мұғалімдер мен білім беру ұйымдарының қызметкерлері өмір талаптарына сай жұмыс істеп, педагогикалық процесті жетілдірудің тиімді жолдарын табады. Озат тәжірибенің екінші белгісі – педагогикалық қызметтің тұрақты, жақсы нәтижелері. Педагогикалық «өнім» - оқушылардың білім, іскерлік, дағдыларының, жалпы дамуының, тәрбиелігінің деңгейі.

Мұғалім сабақтарын дұрыс бағалап, оқушылардың білім сапасын тексеріп, жауап алынатын сұрақтар: оқушылардың бағдарламадағы оқу материалын меңгеруі; өз беттерімен білім ала білуі; білімдерін шығармашылықпен тәжірибеде қолдануы; оқушылардың жалпы дамуы.

Білім сапасы оқушылардың байқампаздығынан, талдау, жинақтау, абстракциялау іскерлігінен, оқу материалымен жұмыс істеу жолдарын анықтаудан, іс - әрекеттің жүйесін белгілеуден, өз іс - әрекетін бақылап, оған керек жағдайда түзетулер енгізуінен көрінеді. Оқушылардың тәрбиелілігі олардың пікірлерінен, мінез-құлқынан, жүріс-тұрысынан байқалады. Озат тәжірибенің үшінші белгісі – оқыту, тәрбие, дамуда тұрақты, жақсы нәтижелерге жету үшін мұғалімдер мен оқушылардың өз күштері және құралдарын орнымен жұмсауы.

Жаңалық – озат тәжірибенің төртінші белгісі. Педагогикалық озат тәжірибе оқу – тәрбие жұмысын үнемі дамытып және жетілдіріп отырады. Сондықтан, әрбір мұғалім еліміздегі жаңашыл ұстаздардың бай тәжірибесін, белгілі педагогтар мен психологтардың ғылыми еңбектерін терең зерттеп, олардың ұсынбаларын өз ісінде шеберлікпен пайдаланғаны жөн.

Мектептерде педагогикалық тәжірибені зерттеудің кейбір жолдары бар. Олар: мұғалімнің өз тәжірибесін өзі зерттеп жинақтауы, педагогикалық еңбек шеберлерінің жұмыс жүйесін зерттеу және жинақтау; бір педагогикалық тақырып бойынша бірнеше мұғалімдердің іс-тәжірибелерін зерттеу және жинақтау, жаңашыл мұғалімдердің озат тәжірибесін тарату және оны оқу-тәрбие процесіне енгізу, педагогикалық ғылыми-зерттеу институттарының басшылығымен оқу және тәрбие салаларында орын алып отырған мәселелерді тауып, оны шешуге ат салысу.

Оқыту мен тәрбиенің тиімді тәсілдері мен әдістерін табуда мұғалімнің өз тәжірибесін өзі зерттеп, жинақтау ісі - әрі қиын, әрі күрделі мәселелердің бірі. Мұғалім оқыту мен тәрбие саласындағы орын алып отырған бір мәселені шешу үшін әдіс-тәсілдерді таңдап алып, олардың оқушыларға ықпалын сабақ және тәрбиелік іс – шаралар арқылы байқалады. Мұғалім зерттеу арқылы түскен материалдарды талдап, қорытындысын үнемі дәптерге жазып, оқушылардың ынтасы мен таным қабілетін дамыту жолдарын іздестіріп, өз жұмысындағы жетістіктер мен кемшіліктерді көріп, оларды жоюдың тиімді жолдарын табу үшін педагогикалық әдебиеттермен танысады.

Мұғалім өз мектебіндегі немесе көршілес мектептердегі тәжірибелі мұғалімдердің тәрбие жұмыстарымен танысып, сабақтарына қатысып, олардың оқыту мен тәрбие әдістерін өзінің әдістерімен салыстырып, тиісті қорытындылар жасап, зерттеу жұмысының құжаттарын, атап айтсақ, сабақ жоспары, күнтізбелік-тақырыптық жоспар, оқушылардың жазба жұмыстары, дәптерлері, оқушылардың баяндамаларын жинақтайды.

Өзін-өзі бақылауға сұрақтар:

1. Зерттеу нәтижелерін безендіру дегеніміз не?

2. Зерттеу нәтижелерін тарату қалай жүзеге асырылады?

3. Зерттеу нәтижесін бағалауда қандай әдіс қолданылады?

4. Зерттеулерді өңдеуге қойылатын нормативті талаптарды атаңыз?




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет