Нью-Йорк таймс. АҚШ-тағы алпауыт газеттердiң бiрi - “Нью-Йорк таймс” басылымының құрылымы, қызметкерлерiнiң жұмысы, тұрмыс-тiршiлiгi туралы мәлiмет бере кеткен артық болмас. Газет штатында төрт мыңдай адам жұмыс iстейдi, солардың 1200-дейi журналистер. Жаңалықтар бөлiмi өте ауқымды. Газеттегi қаржы саласын қамтып жазатын тiлшiлер саны 120-дан асады. 100-ге тарта журналист мәдениет мәселелерiмен шұғылданса, 80-i спорт хабарларын жазады. 65-тен аса журналист күнделiктi өмiр, тiршiлiк мәселелерiн қамтиды. Бұдан басқа толып жатқан бөлiмдер бар. Осы айтылып отырғандар тiкелей штат қызметкерлерi. Оларға жылына 200 миллион доллар көлемiнде жалақы төленедi.
“Нью-Йорк таймс” - бiрнеше басылымдардың басын қосқан iрi конгламерат. Оған сондай-ақ, iрi газет “Бостон глоб”, т.б. секiлдi он алты газет, сегiз телестанса, екi радиостанса қарайды. Газеттiң өзiнiң бiрнеше веб-сайты бар. Сондай-ақ, газеттiң ақпараттық қызметi жұмыс iстейдi, оны 800-дей басылым пайдаланады. Былтыр газеттiң жылдық табысы үш млрд. доллардан асқан.
Газеттiң 43 шетелдiк тiлшiсi және 60 федералдық тiлшiлерi бар. Бұған қоса Нью-Йорк қаласының өмiрiн қадағалап жазатын бiрнеше жүз тiлшiсi осы ғимарат iшiнде отырады. Жаңалықтарды жазатын 100 репортер жұмыс iстейдi. Газет осыншама көп ғимаратты алып отырғанымен, журналистер ғимаратқа сыймағандықтан, олар бұдан өзге жерден де кеңсе жалдап, бiраз қызметкерлерiн сонда отырғызған. Сондықтан қазiр қала iшiнен жер алып, 69 қабатты жаңа зәулiм үй салдырып, ол 2005 жылы пайдалануға берiлді. Газетте негiзгi қызмет iстейтiн төрт мың адамнан басқа, келiсiм-шарт бойынша жұмыс iстейтiн одан үш есе көп адам бар екен. Олар әр қиырынан күнделiктi материалдар жiберiп отырады. Сондай-ақ, газеттегi негiзгi 33 фототiлшiден басқа, сырттан 70-тен аса фотожурналист жеке-жеке салаға бөлiнiп, өздерiнiң бейiмделген жүйесi бойынша терең зерттеулер жүргiзедi. Мәселен, спорт журналистерiнiң бiреуi боксты қамтыса, екiншiсi тек бейсболды жазып, соның ұңғыл-шұңғылын зерттеп жатады. Сол сияқты, музыка мамандарының iшiнде он бес тiлшi бар екен, әрқайсысы бiр ғана салаға бейiмделген.
Газет күн сайын төрт рет әлсiн-әлсiн жаңарып шығып отырады. Әрi оның әр аймаққа бейiмделген нұсқалары бар. Мысалы, Вашингтонға, Нью-Йоркке, штаттарға - барлығы он бiр аймаққа арналып шығарылады. Газет 1993 жылдан берi түрлi-түстi болып шығады. Бұл басылымның қалыңдығы мен беттерiнiң көптiгiне таң қаласың. Осының бәрiн қашан оқып болады дерсiң. Алайда әркiм қашан оқып керегiн алатыны белгiлi. Мәселен, осы газеттiң жексенбi күнгi саны 5,5 кг болып шығады. Соның тең жартысынан астамы – жарнама. Сол бiр нөмiрдiң өзiнен ғана 25 млн. доллар табыс түседi.
“Ю-Эс-Эй тудей” - Америка Құрама Штатындағы жалпы ұлттық күнделiктi газет. “Ю-Эс-Эй тудей” - Ганнет корпорациясының беделдi басылымы. Газеттiң штаб квартирасы - Вирджиния штатында орналасқан. Бұл газет қазiргi технологияның газет бизнесiне әкелген ғажайып өзгерiстiң айқын көрiнiсi болып табылады. “Ю-Эс-Эй тудейдiң” басты мақсаты - мерзiмдi басылымдарды телевидениенiң бәсекелесi дәрежесiне жеткiзу.
“Ю-Эс-Эй тудей” түрлi-түстi графиканы кеңiнен қолдана отырып, көбiне қысқа хабарлар бередi. Американың барлық жерiндегi баспаханаларында, сонымен бiрге Еуропа мен Азияда бiр мезгiлде басылу үшiн спутниктiк технологияны пайдаланады.
Газеттiң алғашқы номерi 1982 жылы жарық көрдi. Қазiр “Ю-Эс-Эй тудей” оқырмандарының саны алты млн-ға жеткен. Редакция мен басшылары он жыл бойы күш-жiгерлерiн, қаржысын оқырмандарды өздерiне тарту мен жоғары сапалы технологияны сатып алуға жұмсаған.
Газет тiлшiлерiне материал жазуға жағдай өте жоғары дәрежеде жасалған. Мәселен, олар “Лап-топ” (жылжымалы компьютер) арқылы өз материалдарын кез-келген жағдайда жазуға мүмкiндiктерi бар, тiптен мұндағы журналистердiң ақпарат агенттiктерiнiң соңғы жаңалықтарын бiлгiсi келсе, компьютер арқылы тыңдауға мүмкiндiгi бар. Сонымен қатар бұл компьютердiң арқасында оны спутниктiк антеннаның кез-келген нүктесiне қоса отырып, өз хабарын спутник арқылы редакцияға бере алады.
Газет редакциясының кез-келген бөлiмiнде телеқабылдағыштар «Си-эн-энға» немесе жаңалықтар бағдарламасына арналып қойылған.
“Ю-Эс-Эй тудейдiң” әрбiр секциясының бiрiншi бетiндегi “Кавер стори” бiрден көзге түседi. Яғни, журналдардағы сияқты, әр секцияның мәндi, негiзгi мақалалары, соған сәйкес иллюстрациялар берiледi. Сондай-ақ, бұл газеттi күнделiктi ерекше оқиғамен бiрге, АҚШ-тың айтулы, ауқымды проблемаларына көп көңiл бөлiнедi. Бұл газеттiң басқа басылымдардан бiр ерекшелiгi американың барлық штаттарының жаңалықтарын қамтиды.
”Ганнет” компаниясының басшысы Ньюхарттың айтуына қарағанда, “Ю-Эс-Эй тудей” АҚШ-тағы халықтарды бiртұтас ұлт ретiнде бiрiктiруге, осы мәселенi түсiндiруге қызмет етедi. Бұл сөздер газет ұраны ретiнде алғашқы бетте басылып отырады. “Ю-Эс-Эй тудей” негiзiнен телевидение дәуiрiнде дүниеге келген, жастарға арналған басылым. Газет тиражының 15-17%-ын немесе 200 мың данасын авиакомпаниялар мен қонақүйлер сатып алып, тұтынушыларына тегiн таратады. Осыған байланысты оны туристер мен қонақ үйлерге тоқтайтын адамдарға арналған деп атайды. Статистикалық мәлiметтерге қарағанда, басылым мекенiн жиi ауыстыратын адамдар арасында өтiмдi екен.
Газет редакторы Диюн Куини “Әр газеттiң өз қозғаушы күшi бар”, - дейдi. Мәселен, “Вашингтон пост” – репортер болса, “Нью-Йорк таймс” – редактор, ал “Ю-Эс-Эй тудейлiктер” үшiн - оқырман. Газет қызметкерлерi қандай да болмасын трагедиялық жағдайдың өзiнде қара түнектi қаптатпай, оптимистiк формулировка жасауға тырысады.
Газеттiң әртүрлi атаумен шығатын бiрнеше қосымшалары бар.
“Ю-Эс-Эй тудей радио” – газетте жарияланған қызықты, көңiл аударарлық мақалаларға шолу жасайтын бөлiм. Материалдар текст, әрi магнитофондық жазу түрiнде берiледi. Бұлардың таралуына «Эй-Би-Си» радио жүйесi мен оның 2200 бөлiмшелерi көп ықпалын тигiзуде.
“Ю-Эс-Эй тудей аптейт” – әлемдегi iскер адамдарға электрондық ақпарат арқылы қызмет көрсету орталығы. Материалдар газет оқырмандарының компьютерлерiне таңғы сағат төрттен бастап түседi. Ондағы берiлетiн ақпараттар он сегiз категорияға бөлiнiп жiктеледi: он үшi мамандыққа, өнеркәсiптiң кейбiр салаларына байланысты, он төртi жалпы қоғамдық жаңалықтарға, бiреуi күнделiктi болып жатқан оқиғаларды кеңiнен талдауға арналған.
“Ю-Эс-Эй тудей спорт хотлайнның” мыңнан аса жазылушысы бар. Ол телефон арқылы өз оқырмандарын екi минут iшiнде соңғы спорт жаңалықтарымен құлағдар етiп отырады. Тәулiк бойы жұмыс iстейдi. Сенбi, жексенбi күндерi бұл телефонға 25 мың адам қоңырау шалады.
“Ю-Эс-Эй тудей бкус” – газетте жарияланған материалдар негiзiнде кiтапшалар шығарумен айналысады. АҚШ портреттерiн, комикс кiтапшаларын, кроссвордтар, саяхаттанушыларға кеңестердi және осы сияқты тақырыптарда қосымшалар шығарып отырады.
“Ю-Эс-Эй тудей онлайн лабрэри” – “Ганнет” компаниясының бүкiл ақпараттары мен газет материалдары жинақталған, компьютерлiк, анықтамалық кiтапханасы.
“Ю-Эс-Эй тудей класслайн тудей” – мектептегi бiлiм жетiлдiру жүйесiне арналған, төрт беттен тұратын қосымша. Бұл қосымша аптасына екi рет шығып отырады.
Газет, сонымен қатар, теледидарда “Ю-Эс-Эй тудей” деп аталатын телешоу ұйымдастырады. Бұл күн сайын 30 минуттан (сенбi, жексенбi күндерi бiр сағат) жүргiзiлетiн хабар. Ол газеттiң “жаңалықтар”, “Ақша”, “Спорт”, “Өмiр” деп аталатын секцияларының негiзiнде жүргiзiледi. Қр секцияның өз жүргiзушiсi бар. Телебағдарлама сонымен бiрге компанияның басқа штаттарындағы телестанциялардың бейнематериалдарымен толықтырлып отырады. Ал, газеттiң жексенбiлiк қосымшасы “Ю-Эс-Эй уик-энд” 14.5 млн данамен таратылады.
“Ю-Эс-Эй тудей” агенттiгi электронды почта жанрының алғашқы ашушылары болып табылады. Ол өзiнiң мәлiметтерiн көп жылдардан бері хабарлама тақталары мен байланыс жүйелерiне сатып отырады.
“Ю-Эс-Эй тудей” газетiне электронды хабарламаларды және басқа да мәлiметтердi ақысыз пайдалануға мүмкiндiк берілген. Қазiргi уақытта газет бұл жүйеден аптасына бiр рет қана алатындықтан, апталық жаңалықтарды басқа жерлерден алып отырады. Газет тiлшiлерiнiң кәсiптiк деңгейлерiнiң нәтижесiнде “Ю-Эс-Эй тудей” газетiнiң өзiне тән терiмi, айшықты тақырыптары, материалдардың қысқа әрi нұсқалығы оқырмандардың назарын бiрден өзiне аударып отырады.
“Ю-Эс-Эй тудей” жарнама арқылы өзiнiң шығындарын түгелдей жойып отырып, кiрiс те кiргiзiп отырады. Газеттiң кiрiсiнiң бiр түрi әртүрлi қосымшалар арқылы да түсiп отырады.
Газеттiң негiзгi ақпараттық стратегиясы Америка Құрама штаттарындағы және әлемдегi маңызды саяси оқиғаларды еш боямасыз, шындықпен түсiндiру болып табылады.
Бақылау сұрақтары:
«Уотергейт» оқиғасының маңызы неде?
«НьюЙорк таймс» газетінің ұстанымы қандай?
«Юэсэй тудей» газетінің жетістікке жету себебі неде деп ойлайсыз?
О.Уинфри бағдарламалары несімен ерекшеленеді?
К.Грэммнің АҚЩ журналистикасындағы орны қандай?
Ұсынылатын әдебиеттер:
Михайлов С.А. Журналистика США.СПб., 2004.
Андрунас Е, Информационная элита: корпорации и рынок новостей, М., 1991.
3.Михайлов С.А. Современная зарубежная журналистика : правила и парадоксы. - СПб.2002.
4. Интернет ресурстары.
8 - Дәріс. Германия баспасөзінің даму ерекшеліктері.
Қарастырылатын негізгі сұрақтар:
Германиядағы баспасөз монополиялары.
Г.Вальраф публицистикасының ерекшелігі.
Шпрингер басылымдары.
Баспасөздің дамуындағы Германияның айрықша рөлі. Кітап басу ісінің дүниеге келуі. ХУ1 ғасырдағы кітап басу ісінің пайда болуы.
Баспасөздегі шоғырлану процесінің басталуы. Бұл істі өркендетудегі Р. Моссе, А. Шерл, Л. Ульштайн,Ф. Котталардың рөлі.
Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі басылымдар. Идеологиялық заказдың орындалуы.
Неміс баспасөзі концентрациялануының қарқынды дамуы. Жаңа монополиялардың құрылуы. Шпрингер империясы. «Грунер унд яр», «Бурда», «Генрих бауер ферлаг» концерндері.
«Берлин қабырғасы» тұсындағы бұқаралық ақпарат құралдары. Неміс журналистикасының қазіргі бейнесі. Ақпарат агенттіктері.
Немiс баспасөз тарихы өте қызықты әрi күрделi. Оның барлығын сығымдап ұсыну немесе көрсету мүмкiн емес. Басын сонау Иохан Гутенбергтен бастап осы күнгi баспасөз магнаттарына айналған Ахсель Шпрингер Ферлагтың алып концерндеріне дейiн Германияның баспасөз тарихынан талай шарықтау мен өтпелi кезеңдер кездеседi.
Германиядағы газет-журнал концернiнiң негiзiн қалаушы – Леопольд Ульштайн (1826-1899). Ол атақты қағаз саудагерiнiң отбасында дүниеге келген. 1848 ж. Берлин қаласында өзiнiң қағаз iсiмен маманданған жеке фирмасын ашқан. Мұнда “солшыл” демократтармен: Франц Дункер, Людвиг Лёве және Рудольф Вирхомен тағыз қарым-қатынаста болады. Ульштайн тек баспалық бизнеспен айналысып қана қоймай, сонымен бiрге саясатқа қатты қызығушылық танытады. 1871 ж. Ульштайнды Берлин халықтық жиналысқа депутат етiп сайлайды. Алты жыл бойы саясаткер болып, кейiннен өмiрлiк кәсiбi мен мақсатына айналған баспалық iсіне қайтып оралады. Оның ойынша, газет – халықтық, қоғамдық ойдың қалыптасуына, қоғамға, мемлекетке ықпал етудiң бiрден-бiр құралы. Сонымен, 1877 ж. Моссеге үлкен бәсекелестiк туғызып, “Шталь және Асеманн” фирмасынан “Нойс Берлинер таиблатт” газетiн сатып алады (Берлиндiк күнделiктi жаңа парақша). Сол газеттiң бұрынғы журналистерiнiң барлығын дерлiк жұмысқа шақыртып алды. Дәл сол жылы Ульштайн әрiптесi – Иозеф Найсермен бiрге жауапкершiлiгi шектеулi серктестiк құрады “Ульштайн и Ко” құрады. Аталған уақыттан бастап Ульштайн қызыққан баспа iсiнде армандаған нәтижелерге жете бастайды. 1877 ж. 1-шi қазанында “Дойче унион” (“Германдық кеңес”) атты кешкiлiк және таңертеңгiлiк газеттiң тұсауын кеседi. Оның бас редакторы Бойтнер болатын. Бiраз жылдардан кейiн қаржылық қиындықтарға байланысты “Дойче унионды” Лангманн және коллинға берiледi. Қарбалас сәтте, 1878 ж. 1-қаңтарда (Ульштайн күйреуге жақын қалған таңертеңгiлiк “Берлинер цайтунг” газетiн сатып алады) Ульштаинның жеке бастамасы бойынша аталмыш газеттiң өте қызықты қосымшалары шыға бастайды: 1880 ж. заңгерлік – “Дойчес хайм” (‘Герман үйi”) атты тағы да осы секiлдi жексенбiлiк қызықты “ Берлинер гартенлаубе” (“Берлиндiк беседка”) атты түрлi-түстi қосымша шықты. Мiне, осылайша 1879 ж. жазушылар саны 25 мыңға толып, жалпы таралым 40 мыңға жеттi. Мұндай көрсеткiш аталмыш уақыт үшiн өте үлкен жетiстiк едi.
1880 және 1882 жылдар арасында “Берлинер майтуне” газетiнiң мөлшерi өзiнiң либеральды-демократиялық бағыты және өткiр шыншыл қөзқарастары үшiн прус парламентi мен канцлер тарапынан бiрнеше рет кәмпескелеу мен айыппұл төлеулерге ұшырап жатты. Ульштайн әрдайым белгiлi, майталман шебер журналистердi өзiнiң айналасына жия бiлдi. Олардың қатарында әйгiлi фемотонист әрi меценат – Филипп Штейн, саясаткер Густав Адальф Фишер және Исидор Леви бар едi. Ульштайн және оның қарамағындағы қызметкерлерi мен әрiптестерi арасында ешбiр – “бастық пен қызметшi” қарым -қатынас болғанмаған. Керiсiнше, олар әрдайым бiрге, тұтас бiр шығармашылық бүтiн топты, ұжым құрайтын. Бұл ұжымда кеңес, жиналыс, пiкiр алмасу, бiр-бiрiмен санасу секiлдi қатынастарды көруге болатын едi. Осы үлкен iстiң иесi Ульштайнның екi үлкен ұлдары – Ханс пен Луи әкесiне көмектесiп, қолқабыс етiп, мұрагерлер ретiнде жұмыстың қыр-сырымен танысады. 1881ж. Ульштайн Берлинде үлкен жер сатып алып, жаңа типография салды. Ол кейiннен ондаған жылдар бойы немiс астанасындағы ең iрi баспалық кешенге айналады. Жаңа технологиялар мен техникалық жетiстiктер жұмыс қарқынын үлкендетуге себебiн тигiздi. Ульштайнның кiшi ұлы – Луидiң бастамасымен кешкiлiк, жексенбiлiк, таңертеңгiлiк қосымшалар шығаруды қолға алды. Мұндағы мақсат халықтың әртүрлі әлеуметтiк тобына арнайы газеттер шығару. Мысалы, зиялы қауымға, шаруаларға, бизнесмендерге, үй шаруасындағы әйелдерге, жастарға сияқты бөлек-бөлек топқа бөлiп қарап, сол сарынмен әрi қарай жұмыс атқарады.
Ульштайнға қарасты газеттер:
“Берлинер цайтунг”
“Дойчес хайм”
“Берлинер гартенлаубе”
“Дойче уннон”
“Берлинер абендпост”
“Берлинер иллюстриерте цайтунг”
“Моргенпост – Нонес берлинер локальблатт”
“БЦ ам миттаг”
“Фоссише цайтунг”
“Моде вельт”
“Иллюстриерте фрауэнцайтунг”
“Дизес блат гекерт дер хауэзфрау”
“Практише берлиннерин”
“Ульштайн – шниттмустер”
Ульштайнның ең басты бәсекелесi – Авгут Гуго Фридрих Шерл болды (1849-1921ж.ж) 1880 ж. бастап әкесiнен мұра ретiнде қалған. “Иллюстрирте цайтунг” газетiн басқару Шерлге тиедi. Кейiннен Лейпцигтiк баспагер Генчпен бiрге бiрлесiп “Тэглихе Берлинер найихкайтен” (“Күнделiктi Берлиндiк жаңалықтар”) атты газет шығарды. Бiрақ, бұл газеттен ешқандай да түсiм болмағандықтан олар тағы да жаңадан Берлинге қоныстаған қала тұрғындары үшiн арнайы “Нью-берлинер” (“Жаңа берлиндiк “) атты “Чикаго денли трибюн” типтес газет шығарды. 1883ж. бастап Шерлдiң өмiрiнде алуан түрлi өзгерiстер бола бастады. Сол жылы Шерл Клара деген әпкесiмен бiрлесiп жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк құрады, көптеген жылдар бойы арман еткен идеясы жүзеге асып, “Берлинер локальанцайгер” атты жаңа газет шығады. Газеттiң басқа газеттерден айырмашылығы – барлық, жан-жақтан келiп жатқан, әлемдiк жаңалықтарды телеграфтан алып жариялап отырды. Газеттердiң өтуiн ойлап, Шерл газет тарататын екi мың адам жалдап, айлық бағасын еш өзгертпестей – 10 пфеннинг етiп қалдырды. 1885ж. “Берлинер локаль – Анцайгердiң” тираждық көрсеткiшi 150 мың данаға жетедi. Бастапқы уақытта Шерлдi ешкiмде мойынсынбай, мән берiп, санаспайтын едi. Бiрақ, ол өзiнiң әсерiн әр әлеуметтiк топқа, атап айтқанда, әйелдерге арнайы соңы жазылу науқасына дейiн бiтпейтiн романдар жариялауды машыққа айналдырып алады. 1888ж. 15 маусымда “Берлинер Ллокал анцайгер” Фридрих Хайзердiң өлiмi туралы хабарлаған газеттердiң бiрi болып, барлық бәсекелестерiне асық болып шығады. Әрине, бұл газеттiң қаржылық жағына оңды әсерiн тигiзгенi белгiлi. Шерлге нағыз атақ пен байланысты 1895 жылғы 3 сәуiрде ең бiрiншi Берлиндiк мекен -жайы кiтабын 30 мың данамен (шығарды) шығарылған “Берлинер адресс бух глебх” (“Берлиндiк мекен-жай кiтабы”) атты фирма дүниеге келдi. Шерлге қарасты сол кезде шығып тұрған газеттер:
“Иллюстриерте цайтунг”
“Теглихе Берлинер Нойхкайтен”
“Нью Берлинер”
“Берлинер локал-анцайгер”
“Берлинер Абденц цайтунг”
“Найсте Берлинер Хангельс” – “унд Берзеннахрихтен” (Берлиндiк сауда және биржалық жаңалықтар таратады).
- “Ди Вохе” (Апта)
- “ Дер Таг” (күн)
Қарапайым, ұсақ баспагерден үлкен концерн иесiне дейiн көтерiлген Шерлдiң еңбегi мұнда аз болған жоқ. Германияда ең алуан баспагерлердiң (қатарына) кейiннен үлкен, алып ақпараттың концерн иелерiне айналған К.Ф.Фосс, В.Г.Корн, Ф.И.Бертуха, Й.К.Ф.Шпенглердi айтпай кетпеске болмас. Бұлардың әрқайсысы өз iсiнде iз қалдырған қарапайымнан күрделiге ауысқан жандар. Өз заманында теңдесi жоқ iскер азаматтар болып, баспасөз тарихында жаңа жол салған.
“Неміс толқыны”. 1953 жылы Кельн қаласында “Deutshe Welle” (Н.В.) “Немес толқыны” радиостанциясы iс бастап, кейiннен телебағдарламалары шетелдiк көрермендерге арналған арна ашты. 20 жылдан кейiн 1965-1970 жылдары эфирге ең алғаш “Неміс толқынының” телевизиялық бағдарламалары шыға бастады. Бастапқы кезде бұл бағдарламаларды транскрипциялық арнайы “Халықаралық аудиторияға” арналған қызмет тобы дайындайтын едi. Ол бағдарламалар немiс, ағылшын, француз, испан, португал және араб тiлдерiнде шығып отырды. Бұндай бағдарламалар көбiнесе жоғары оқу орындарына бейне кассета түрiнде таратылатын. Жоғарыда аталған тарнскрипциялық қызмет тобы әлi күнге дейiн дәл осындай функция атқарды. Жыл сайын 25 мыңға жуық кассета таратылады. 1983 жылдан бастап “Неміс толқыны” өзiнiң журналистерiмен дайындалған “Место действия – Германия” атты бағдарлама шығарды. Әрбiр 30 минуттың бағдарламада Германияның бiр облысы, қаласы туралы шағын тарихын, қазiргi жағдайын, болашағына болжауын жасап, немiстердiң салтын, психологясын, өмiр сүру дәстүрiмен етене танысуға мүмкiндiк беретiн едi. Осыдан кейiн “В фокусе Европа” атты бағдарламасы жарық көрдi. Бұл өзiнiң ерекшелiгiмен, атап айтқанда, жеделдiлiк пен шеберлiгi арқасында жаңалықтары таратымды шығатын болған. “Неміс толқынының” телебағдарламалары халықаралық деңгейде мойындалып, халықаралық телебағдарламалар байқауында жүлде алып жатты. Олар: “В фокусе Европы”, “Европеский журнал”, “Место действия Германия”. Ал “Спортивный репортаж” бағдарламасына Нью-Йорктегi телевизиялық фестивальде “Final Award” жүлдесi табыс етiлген едi. “Неміс толқынына” жаңа бiр леп, жаңа импульс әкелген – 1989 ж. бас директор болып келген Дитер Вайрихпен байланысты. Берлин қабырғасы құлатылғаннан кейiн “Неміс толқынының” жұмысы одан әрi жандана түстi. Вайрихтiң айтуы бойынша: “Әлемдегi барша қауым елде не болып жатқанын, қандай жаңалықтар мен оқиғаға толы өмiрiмiзден хабардар болғысы келедi. Оның үстiне соңғы уақытта немiс мәдениетiне, телерадиобағдарламаларына, немiс тiлiне деген қызығушылық көбейдi. “Жалпы батыс үйiнде” 120 млн-ға жуық адам немiс тiлiнде сөйлейдi. Германияның бiрiгуiнен кейiн жаңа техникалық мүмкiндiктер пайда болды. Сондықтан, “Неміс толқыны” жаңа телебағдарламалар легi өмiрге келе бастады. 1988 жылы РИАСС радио базасында құрылған Американдық телестанциямен бiрiгiп болашаққа перспективалық жобалар құрылды. “Неміс толқыны” үшiн оның ұтымды жағы әрине – техникалық жабдықтауы едi. Соның нәтижесiнде Берлинде телевизиялық екi дирекция құрылды. Оның функциясы – актуальдi телебағдарламалар дайындау, ал Кельндегi дирекция – бағдарламаларды бес тiлге аударып, адаптациялау маркетинг және жалпы өнiмдi әлемге таратумен айналысады.
Қазiргi уақытта “Н.В.” тәулiк бойы жұмыс iстеуге толығымен ауысқан. Бағдарламалары тұрақты түрде – немiс, ағылшын, испан тiлiнде шығады. Әрбiр бағдарламалық сағат екiге бөлiнедi. Не барлығы бағдарламалық сағат үшеу. Олар шартты түрде А, В және С деп аталады. Сонымен олар тәулiк бойы кезек-кезек қайталанады (ағылшын және немiс тiлiнде). Қалған екi сағат бойы испан тiлiнде жүргiзiледi. “Неміс толқынының” тұрақты телебағдарламалары:
“Журнал” – ақпараттық жаңалықтар.
“Бүгінгі саясат”
“Мәдениет галереясы”
“Германия саяхатқа шақырады”
“Қабырғада ойнау”
“Бүгінгі Германия”
“Оқиға болған жер – Германия”
Қазiргi уақытта бүкiл “Неміс толқынының” бiздiң Қазақстанда тамашалау, яғни көрермен болу мүмкiндiгi болып отыр. Кабельдi қабылдағыш антенналар көмегiмен “Deutshe Welle”, “DW” бағдарламалардың немiс және ағылшын тiлiнде тәулiк бойы көре аламыз. “Deutshe Welle” – нiң басты ұстаған кредосы – “... Aus der Mittel Europa” яғни “...Еуропаның жүрегiнен немiс орталығынан...” деген мағынаны бiлдiредi.
Бақылау сұрақтары:
Бурда тобы туралы не білесіз?
Г.Вальраф журналистік зерттеуді қалай жүргізді?
Шпрингер оқырман тартуда қандай әдістәсілдер қолданды?
Ұсынылатын әдебиеттер:
Вальраф Г.Г. Репортер обвиняет. - М., - 1988.
Вороненкова Г.Ф. СМИ Германии в 90-е годы. - М.,1998.
Воснобойников Я.С. Журналист и информация. Профессиональный опыт западной прессы. - М.,1993.
Ворошилов В.В. Журналистика. - Спб. 2000.
9 - Дәріс. Италия бұқаралық ақпарат құралдары.
Қарастырылатын негізгі сұрақтар:
Италия баспасөзіне тән ерекшеліктер.
БАҚтағы ірі топтар.
С.Берлускони баспасөз магнаты.
Спорттық газеттердің ақпарат рыногындағы орны.
Ежелгі Рим шежірелері - журналистиканың бастау көздері. Цезардың қолжазба басылымдары.
Италиядағы кітап басу ісі. ХУ11 ғасырдағы «Каффе», «Оссерваторе» басылымдарының баспасөз тарихындағы орны.
Муссолини билігі тұсындағы баспасөзге салынған тұсау. Елдің буржуазиялық демократия жолына өтуі.
Солтүстік және Оңтүстік газеттері арасындағы бөлініс. Газет шықпайтын аймақтар.
Астанасы - Рим. Жерi - 301,3 мың шаршы шақырым. Халқы – 5.73809 адам ( 2000 жылғы санақ бойынша ). Iрi қалалары - Милан, Неаполь, Турин. Мемлекеттiк тiлi - итальян тiлi. Ақшасы - итальяндық лира.
Газет-журналдары. Италия мемлекетiнiң бұқаралық ақпарат құралдарының дамыған батыс елдерден айырмашылығы: онда ақпараттық қоғамда, БАҚ байланыстары ғаламдық контекске қосылған. 1997 жылы өкiметтiк бағдарламада әлемдiк тенденцияда қарастырылды. Қазiргi Италия басылымдары халықаралық деңгейде қалыптасса да, өзiнiң таралу масштабы жағынан артта қалып келген. Мысалы: өткен ғасырдың соңында Италиядағы таралымы ең көп газет - миллиондық «Секоло» («Ғасыр») едi. Ол 100-200 мың данамен шығып тұрған. 1946 жылы Италия Республикасы болып жарияланып, БАҚ-на көптеген өзгерiстер енгiздi. Италияның ең iрi қалаларында күнделiктi газеттерiне сұраныс даму деңгейi жағынан жоғары болды.
Италияда күнделiктi газеттердiң 3/2 бөлiгi халық тығыз орналасқан солтүстiк аймақта шықты. Италияның 2005 жылғы көрсеткiшi бойынша газеттердiң түрлерi де таралу масштабы да және безендірілуі жағынан ХҮII ғасырмен салыстырып өтсек, айырмашылығы жер мен көктей. Бүгiнгi таңда БАҚ байланыстары көптеген жетiстiктерге жетiп отыр. Оны төмендегi көрсеткiштерден көремiз. Италия баспасөзi жүйесiнде ақпараттық газеттермен қатар, арнаулы газеттердiң үш категориясы тiршiлiк етуде.
Италия журналистикасында саяси басылымдардың орны ерекше. Мысалы, республикалық партияның екi күнделiктi газетi болса «Джорнале дель пополо», «Италиа дель пополо», ИСП-ның елу шақты мерзiмдi басылымы болды. Олардың iшiнде «Авантидiң», «Темпоның», «Маттионың», «Республиканың» беделi жоғары. Клерикалдардың әр қалада шығатын күнделiктi газеттерi болды. Олардың арасында «Ватикан үнi» - күнделiктi Оссерваторе романының‘’ орны айрықша. Себебi, ол басылым ағылшын, испан, португал тiлдерiнде шығады. Оған қосымша ол газеттi барлық елдердiң эпископтары дiндар адамдары оқыды.
Арнаулы басылымдардың екiншi тобын iскер адамдарға арналған экономикалық газеттер құрайды. Экономикалық басылымдарға оқырмандар сұранысының өсуi, таралымның көтерiлуiне әсер еттi. Негiзгi экономикалық басылымдар: «Италия оджи», «Оре 12», «Соле 24 оре», «Мессаднеро», «Джорнале» т.б. әрқайсысының әр дүйсенбi сайын шығатын арнаулы қосымшалары бар. Сонымен, Италияның күнделiктi басылымдар жүйесiн ақпараттық және арнаулы топтарға бөлiп қарастырамыз. Италия газеттерiнiң түрлерi туралы мәселе әлi де даулы, басы ашылмаған жайт. Көпшiлiктiң пiкiрiне сүйенсек, бұл елдiң ақпараттық басылымдарын «аралас» - газеттер типiне жатқызуға болады.
«Аралас» газеттердiң деңгейi әртүрлi: солтүстiктiң газеттерi сапалық газеттер болуға ұмтылса, оңтүстiктiң газеттерi танымал болуға ұмтылатын сияқты. Көпшiлiк газеттердiң құрылымы ұқсас. Италия басылымдардың саяси ақпараттар беруде қара түнектi қаптатып жазатынын, жаңалықтарды беруде де тосын оқиғаларға: жер сiлкiну, су қаптау, қылмыс, бақытсыз жағдайларға көп жүгiнетiнiн зерттеушiлер сынайды. Сондықтан, кейбiр мамандар, теледидар ғасырында газеттi жеңiл оқылатындай етiп жағдай жасау керек деп ұсыныс айтады. Қазiргi газеттер осы тәсiлге көшкен сыңайлы. Кейбiр басылымдар бiрiншi бетке атақты әншiлердiң жаңа дискiлерi туралы жазуды жөн көрген. Журналистикадағы дәстүр бойынша бiрiншi беттiң «подвалына» берiлетiн романдардан үзiндiлердiң орнын ақсүйектердiң, өнер жұлдыздарының өмiрiнен берiлетiн хроника иемденген. «Республика» газетiнде тележүргiзушi Пиппо Бауда мен әншi Кати Ричареллидiң үйлену тойлары туралы хабарлаған. Саясатқа көбiрек жүгiнетiн күнделiктi газеттердiң оқырманы шектеулi, ал иллюстрациялық апталықтардың таралу ауқымы кең.
Соңғы жылдары баспа шығындарының күрт өсуi, жарнамадан түсетiн кiрiстiң азаюы күнделiктi газеттердiң бағасын көтерiп жiбердi.
Күнделiктi басылымдары. Соңғы он жыл iшiнде Италияда күнделiктi басылымдардың бiр күнгi таралымы 9 713 данаға жеттi. Алайда 1990 жылдардың басында газет iсi кезектi дағдарыс сатысына көше бастады. Алайда, Италия әр 1 000 адамға 102 дана газет шығарып, Еуропадағы артта қалған елдер қатарында қалып қойды. Солтүстiк аудандарда 1 000 адамға 132 дана, ал орталықта 122, оңтүстiкте - барлығы 55. Сонымен, оңтүстiк және солтүстiк аймақтарында газет саны әртүрлi. 90 - ыншы жылдардың басында ақпараттық газеттердiң арасынан аймақтық жетi газет ұлттық газеттерге айнала бастады. Баспасөз жүйесiнде ұлттық газеттер бар уақытта бiр-бiрiмен бәсекеде. Олар: «Коррьера делла сера», «Джорнале», «Стампа» т.б. Осы аталған ұлттық газеттердiң тобын «Индепендент», «Авеннире» толықтыра алды. Ұлттық газеттерден кейiнгi орында ауданаралық күнделiктi газеттер: «Мессаджеро», «Гадзеттино», «Национе».
Жалпы Италия басылымдарының тең жартысы аудандық және провинциялық басылымдар. Италияда кешкiлiк басылымдар таңертеңгiлiк басылымдарға қосымша болып шығып тұрды. Олар: «Коррьера меркантиле», «Нотте», «Экспрессо сера» т.б.
Италияда мерзiмдi басылымдарға қарағанда журнал секторы жақсы дамыған. Сан жағынан да, таралымы жағынан да журналдар жоғары орында. Көлемi әртүрлi журналдардың iшiнде көпшiлiкке арналғанын да, салалық журналдарды да кездестiруге болады. Соңғы жылдары саяси сипаттағы (- 24 %), кәсiподақтың ( - 20% ), әдеби (- 12 % ), тарихи ( - 32 % ), журналдардың саны кемiген. Керiсiнше, тамақтану мәселесiне арналған журналдардың қатары (+ 32%) көбейген. Философиялық журналдар алдыңғы орында.
Тар шеңберде таралатын арнаулы басылымдардың таралымы аз. Ақпараттық, безендiрiлген апталықтар, әйелдер мен балалар журналдары, католиктiк басылымдар танымал журналдар итальяндықтар арасында өтiмдi. Бiрiншi таңда ақпараттық апталық басылымдар оқырмандардың ықыласына бөленiп отыр. Мысалы, «Эуропео», «Эпока» - безендiрiлген болса, «Мондо» - экономикалық, «Экспрессо» – саяси, “Панорама’’ - шетелдiк басылымдарға арналған дайджест болады. «Панорама» мен «Экспрессо» бiр-бiрiмен бәсекелес. Бұл басылымдардың қай-қайсысы болмасын жаңару, өзгеру жолында. Апталықтардағы, журналдардағы, күнделiктi газеттердегi өзгерiстердiң бәрi - теледидардың әсерiнен болып отыр. Күнделiктi жарнама үшiн күресе отырып, көлемiн ұлғайтқан, оны толтыру үшiн апталықтардың дәстүрлi тақырыптарына ауыз салады. Ал, апталықтар айлық журналдарға ұқсап барады, сапасы өзгерiп көпшiлiкке арналған безендiрiлген журналдардың да қасиеттерiн бойына сiңiрген. Тек «Панорама» мен «Экспрессо» ғана ақпараттық апталықтардың типологиясын сақтап қалған.
Италия мерзiмдi басылымдарында әйелдер журналдары маңызды орын алды. Олардың iшiнде дәстүрлi итальян әйелдер журналдарының үлгiсiн жалғастырушылар да, еуропалық журналдардың көшiрмелерi де, жаңа типтегi әйелдер журналдары да кездеседi. Әйелдер журналдарының iшiндегi танымалы, таралымы жоғарғысы – «Донна Модерна». Бұл журнал жұмыс басты, уақыты жоқ, бәрiнен хабардар болғысы келетiн оқырмандарға арналған «Донна Модерна» Италиядағы әйелдерге арналған алғашқы журнал «Ньюс Мэгэзин». Италияда балаларға арналған журналдар саны да баршылық. Бұлардың iшiнде «Уольт Дисней компани – Италия» баспасына қарасты – «Тополино» танымал.
Италияда шығатын журналдардың тобын тележурналдар толықтыра түседi. Берлусконидiң «Сорризм э канциони ТВ» апталығы тележурналдардың iшiнде ғана емес, жалпы журнал типтес басылымдардың iшiндегi таралымы жоғары басылымдардың бiрi.
Бұлардың басқа салалық журналдардың түрлерi жеткiлiктi: католиктiк басылымдар, автожүргiзушiлерге арналған басылымдар, жұлдызнамаларды басатын басылымдар, сатиралық басылымдар болып бөлiне бередi.
Телерадиосы. 1997 жылы «Lete Pin» акционерлiк қоғамда бiраз өзгешелiктер болды: «Canal Plus» компаниясы «Кirch» корпорациясы және «Tele Pin» компаниясының 45 % акциясын сатып алады.
“Cecchi Gori Group» концернi «Videmosic» ұлттық арнаның операторын өзiне қаратып алады. «TVC» мен «TVC2» арналары байланыстың жаңа беттерi. 1997 жылы парламент қабылдаған заңда кабельдiк және спутниктiк бағдарламалар талқыланған және аудандық радиолар мен телебағдарламалардағы ақпарат, бүгiнгi таңда нарық көзiне айналғанын қарастырды. Соңғы уақытта үкiметте 1981 жылы қабылданған заңға арнайы баяндама жасауды ұсынды. Бұл баяндама 1999 жылға дейiн талқыланды. Автордың баяндамасында көтерiлген мәселе: компанияның негiзгi жүргiзушiсi оператор. Ол өте кең көлемдi иеленді. Ондағы басты ұсыныс баспасөздер мен теледидарларда, радиоларда ақпарат «редактордың өнiмi» атты ғаламдық мәселеге айналу болды. Ол соңғы жылдары өз өнiмiн ақтады. Спутниктiк байланыстар арқылы Италия ақпараттары әлемге тарала алады. 1999 жылы Италия Германиямен, Испаниямен біріккен жобаға қол қойды. Ол жоба - ақпарат алмасу. Теледидарлар мен радиохабарларда бағдарламалар мына тiлдерде жүргiзiледi: итальян, француз, ағылшын, поляк тiлдерiнде. Бүгінгi таңда Италия спутниктiк байланыстардан бiршама жетiстiктерге жетiп отыр. Италияның ең iрi қалалары: Римде, Неапольда, Туринде, Миланда бағдарламалар екi тiлде итальян және француз тiлiнде жүргiзiлiп отырады. Мерзiмдi баспаға қарағанда теледидарға сұраныс басым.
Ақпарат агенттiктерi. Кез-келген мемлекеттiң ақпараттық жүйесiн ақпарат агенттiктерiнсiз елестету қиын. Ақпараттарды тарату және жинау жүйесi жоғары дамыған, «ANSA» ақпарат агенттiгi бар. 1981 жылы қабылданған заң бойынша мынадай критерийлерге жауап беретiн агенттiктер ғана ұлттық агенттiк бола алады:
1.Почта және телекоммуникация министрлiгi бекiтiп берген арналар арқылы кем дегенде бес облыстағы 15 күнделiктi газет пен телетайптық байланыстар орната алған жағдайда;
2. Агенттiкте тұрақты түрде 10 кәсiпқой журналист, 15 техникалық қызметкер қызмет iстеу керек.
3. Агенттiк тәулiгiне кем дегенде 12 сағат ақпараттар таратып тұруы керек.
Ұлттық агенттiктер – «АНСА», «АДЖИП», «КРОНОС», «АСКА» және «РАДИОКОР» бұл талаптарға толығымен жауап бере алады. Бұлардың iшiнде «АНСА-ның» ақпарат тарату ауқымы кең, әлемнiң көптеген елдерiнде тiлшiлер пунктi бар. Бұлардан басқа Италияда 200-ге тарта кiшiгiрiм агенттiктер бар. Әлемдiк ақпарат агенттiктерi «АФП», «РЕЙТЕР», «ЮПИ» мен алпыстан аса үлкендi-кiшiлi ақпарат агенттiктерiмен хабар алмасады. Агенттiктiң фото қызметi, электронды документация бөлiмi бар. «АНСА» күнделiктi бес континенттегi үш мың жазылушыға 2000 хабар таратуға мүмкiндiгi бар. Әр ұлттық агенттiктiң өз даму жолы бар. «ЭНИ-ге», әрi мемлекетке қарасты «АДЖИП-тiң» 19 аудандық бюросы күнiне 20 мың сөз таратады. АДН - Кроностың Римде, Миланда екi редакциясы қызмет iстейдi. Сонымен бiрге, шетелдiк хабарлардан басқа, мамандардың саясатқа, ғылымға, экономикаға қатысты мақалаларын таратып отырады.
1948 жылғы баспасөз туралы заңның маңызы. Италия газеттерінің типологиясы. Ұлттық басылымдардың ақпарат рыногындағы орны. Италияның беделді басылымдары. Басылымдар арасындағы өзара бақталастық. Спорттық газеттердің ақпарат рыногындағы орны.
Италия газетттеріне тән ерекшеліктер.Талантты журналист П.Миели дүниеге әкелген «Миели моделінің» жаңашылдығы.
Италия журналдарының типологиясы, аудиториясы. Информациялық апталықтардың басымдылығы.
Италиядағы діни басылымдардың рөлі. Монополиялану ісіндегі ерекшеліктер. Ірі өндірістік топтардың БАҚ-қа ықпалы. С.Берлускони – Италиядағы беделді баспасөз магнаты. АНСА ақпарат агенттігінің қызметі.
Бақылау сұрақтары:
Италиялық «аралас» газеттердің тақырыптары қандай?
С.Берлускони монополиясы жайында не білесіз?
Италиядағы діни басылымдардың рөлі қандай?
Ұсынылатын әдебиеттер:
Урина В. СМИ Италии.М.,1990.
Законы и практика СМИ в 11 демократиях мира. М., 1996.
Журналистика западноевропейских стран. М:, 1990.
10-Дәріс. Азия елдерінің журналистикасы. Жапония баспасөзі.
Қарастырылатын негізгі сұрақтар:
Жапон беделді басылымдары
Жапон журналистикасының ерекшелігі
Ақпарат агенттіктері
Х1Х ғ. Жапонияда еуропалық басылымдардың дүниеге келуі. Аударма газеттердің ұлттық басылымдарды қалыптастырудағы рөлі.
Басылым түрлері: жалпыұлттық, жергілікті, коммерциялық. Негізгі айырмашылықтары, басылымдардың құрлымы, аудиториясы, рентабельділігі.
Жапонияның беделді басылымдары: «Асахи», «Майнити», «Иомиури», «Санкей симбун». Жергілікті газеттермен бәсекелестік. Бұл беделді басылымдардың бірте-бірте концерндерге айналуы.
Жапониядағы газет тарату жүйесі. Жапон басылымдарының таралымдары. Түрлі партиялық басылымдардың маңызы.
Журналистер ассоциациясының баспасөзді дамытудағы рөлі. Жапон журналдарының ақпарат рыногындағы рөлі.
Жапониядағы ірі газет-журнал топтары. Ақпарат агенттіктері.
Жапон баспагерлерi мен редакторлары ассоциациясының (“Нихон Симбун Кёкай”) мәлiметi бойынша әрбiр жапон отбасына 1,2 газет басылымы тиесiлi көрiнедi. Ал, журналдар басылымы бүгiнгi күндерi ең қызықты, таралымы көп ақпарат құралдары болып табылады. Компьютерлiк журналдар мен әйелдерге арналған апталық журналдарға халықтың сұранысы күннен күнге артуда.
Қазiргi уақыт дүние жүзi бойынша баспасөз құралдарындағы жалпыға ортақ белгi Жапон баспасөзiнде кеңiнен орын алып отыр. Ол – жарнама. Жапон мемлекетiнiң бұқаралық ақпарат құралдарының қызметiне қысқаша тоқталып өтсек, Жапонияда жалпы есеппен 255 күнделiктi газет басылымы, 37 млн. таралыммен және жылдық таралымы 788 млн. болатын 4132 журнал басылып шығады.
Жапониядағы газет басылымдары жалпыхалықтық және префектуралық болып екiге бөлiнедi. Бұл елдегi газет-журналдар көбiне коммерциялық болғандықтан, басылымдардың тәуелсiздiгi тек қағаз жүзiнде ғана. Яғни, басылымдарда халықтың сөзiнен гөрi құрылтайшылар мен партиялардың сөзiн сөйлеу басым.
Жапонияда шығатын газет-журналдар жапон және ағылшын тiлiнде 10-12 беттiк болып басылады. Мұның сыртында жергiлiктi баспасөз ұйымдарының кейбiр басылымдары 18-20 беттiк болып келедi. Мұнда әртүрлi сипаттағы: салалық, саяси, көркем тағы басқа түрлi тақырыптағы мақалалар жарияланып отырады.
1950-шi жылдардың аяғында мәдениет пен бiлiм беру саласына қатысты журналдар кеңiнен тарала бастаған болатын. Сол кезеңде шыққан басылымдарға қысқаша тоқталып өтейiк: “Бiлiм беру” (1951 ж.), “Мәдениет және бiлiм” (1951 ж.), “Тәрбие туралы қазiргi ғылым” (1960 ж.), одан бергi кезеңде шыға бастаған “Жапонияның психология туралы журналы” (1960 ж.), “Эксперименттi психология журналы” (1957 ж.), “Педагогикалық психология журналы” (1958 ж.) секiлдi халықтың көңiлiнен шыққан басылымдар бүгiндерi де қоғамда өз орнын алып отырған жайы бар.
Ал, газет басылымдарына келер болсақ, бұл салада “Асахи симбуня” компаниясының атқарып отырған қызметi орасан. Аталған бiр ғана компанияның “Асахи ивнинг нью”, “Сюкан асахи”, “Асахи греф”, “Асахи спорт” секiлдi көпшiлiк кешкiлiк, күнделiктi және апталық басылымдары бар.
Сондай-ақ, елдегi экономикалық жаңалықтарды таратушы басылымдардың көбiсi “Майнити симбуня” компаниясының қарамағына тиесiлi.
Телерадиосы. Жапония дамыған телевизилық торабы бар мемлекет. Бұл елдiң ұлттық телевизиясы өз бағдарламаларын жапон, ағылшын тiлдерiнде таратады. Ал, радиобағдарламалар жапон, ағылшын т.б тiлдерде таралады. Радиостанциялар қызметi мен телевизия орталықтары сияқты арнаулы радио департаментi арқылы ақпарат министрлiгi айналысады.
Баспасөз ұйымдары секiлдi, теле-радио органдарында да жарнама тарату кеңiнен орын алған. “Денцу” жарнама агенттiгiнiң мәлiметi бойынша, жарнама таратудың “ең алтын уақыты” кешкi 19-00 мен 22-00 сағат аралығы, яғни бұл аталған уақыттардың 15 секундтық жарнама уақыты 7 мың американ доллары немесе 700 мың жапон иенi.
Ал радиотарату мәселесiне келер болсақ, аталмыш “Денцу” агенттiгiнiң айтуынша, дәл қазiргi уақытта, Жапонияда АМ-диапазонында жұмыс iстейтiн 47 радиостанция мен FМ-диапазонында жұмыс iстейтiн 27 станция бар көрiнедi. Сонымен бiрге қысқа диапазонда жұмыс iстейтiн бiр ғана станция бар. Токио мен Осака секiлдi телерадио индустрия және баспасөз ұйымдары көптеп орналасқан қалаларда бағдарламалар шет тiлдерiнде жүргiзiледi. Атап айтар болсақ, ағылшын, немiс, француз және орыс тiлдерiнде. Тағы бiр айта кететiн жайт, телерадио компаниялардағы жарнама таратуда жетекшi рөлдi жоғарыда аталған “Денцу” агенттiгi атқаруда. Жапониядағы жалпы жарнама шығарудың 78 пайызы аталмыш агенттiктiң үлесiнде.
Ақпарат агенттiктерi. Жапонияның алғашқы ақпарат агенттiгi ХIХ ғасырда пайда болды. Бiрiмен-бiрi бәсекелесе отырып, олар эфемерлiк жағдайда өмiр сүрдi, яғни бiресе қосылып, бiресе бөлiнiп отырды. Алғашқы үлкен агенттiк 1914 жылы құрылды, “Кёкусай Цусинся” деп аталады. Бұл агенттiк Ирак мемлекетiнiң астанасы – Бағдад қаласында жұмыс iстей бастады. Негiзгi мiндетi шетел жаңалықтарын таратумен ғана шектелдi. Ал, дәл қазiргi уақытта Жапониядағы алдыңғы қатарлы ақпарат агенттiктерiне тоқталсақ, олар екеу: “Киодо Цусин” және “Дзидзи пресс”. Сондай-ақ, әрбiр салаға қатысты жеке құрылған, “Радио-пресс”, “Азия жаңалықтары” және “Кеңес жаңалықтары” атты агенттiктер жұмыс iстейдi. Олар 4000-нан астам газет пен журналдарға, радио, телевидение, университеттерге, елшiлiктерге ақпаратты ағылшын және жапон тiлдерiнде таратады.
Агенттiктiң шетелдерде 20 тілшілік пунктері бар. Париж, Лондон, Нью-Йорк қалаларында орналасқан аймақтық бюролары жұмыс iстейдi.
Әлемдiк агенттiктер: Рейтер, ЮПИ, АФП және Азиялық басқа да елдердiң халықаралық ақпараттарды тарату агенттiктерiмен тығыз байланыс орнатқан. Агенттiк қазiргi заманға сай арнайы құралдармен жабдықталған және жұмыс барысы компьютер арқылы атқарылады.
Бақылау сұрақтары:
«Асахи симбун» газеті туралы не білесіз?
Ірі концерндері қандай?
Ақпарат агенттіктерін атаңыз
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Лазарев А.М., Полякова Н.А., Смирнов Б.В. Печать, радио и телевидение Японии. М., 1974.
2. Актуальные проблемы журналистики Азии, Африки, Латинской Америки. М., 1989.
3. Сапунов В.И. Зарубежные информационные агентсва. СПб., 2006.
Рамазан А.Ә. Шетел журналистикасының тарихы. - Алматы, 2006.
11-Дәріс. Түркия баспасөзінің өткені мен бүгіні.
Қарастырылатын негізгі сұрақтар:
«Жас түріктер» басылымдарының мақсаты. Ататүрік және баспасөз.
Медиахолдингьар.
11.3 Беделді басылымдары.
Түрік баспасөзінің қалыптасуында француздардың атқарған рөлі. Француз елшісі А. Блак шығарған «Спектатер ориенталь»/1821/ газетінің маңызы. «Таквим уакай-е» газеті/1831/- түріктің алғашқы басылымы.
Түрік мерзімді басылымдары дамуының негізгі кезеңдері. “Жас түріктер“ қоғамының баспасөзді дамытудағы рөлі. Олардың ұстанған бағыты. И.Шинаси, Зия бей – түрік журналистикасының негізін салушылар.
Эмигранттық басылымдар және олардың елдегі саяси ахуалға ықпалы.
Түрік журналдарының типологиясы. Азамат соғысы тұсындағы баспасөз.
М. К. Ататүріктің баспасөзге жасаған көмегі.
Бір партиялық жүйе тұсындағы БАҚ-тың жағдайы. Демократиялық партия кезеңі және баспасөз бостандығы.
Түркиядағы массондық басылымдар. Стамбул күнделікті газеттерінің ақпарат рыногындағы рөлі. «Тамашалатын» газеттердің басымдылығы.
Беделді басылымдары. «Ақшам», «Хюрриет», «Заман». Түркиядағы БАҚ-ты бақылайтын холдингтер: «Доган холдинг», «Ихлас холдинг», «Меди» групп. Агенттіктер - баспасөз хабарларының қайнар көзі.
1980 жылдан кейінгі түрік баспасөзі. Тұрғыт Өзал тұсындағы баспасөздегі өзгеріс.
Газет-журналдары. Түркия газеттерiнiң ерекшелiгi олардың барлығы (мемлекеттiк “Resmi gazete“-тен басқа) күнделiктi 40-50 беттiк болып шығады. Сонымен қатар, түгел дерлiгi – жеке меншiк газеттер болып табылады. Түркияның ең алғашқы газетi 1831 жылдың 11 қарашасынан бастап "Тақвим уақаие" деген атпен жарық көредi. Ол 40х27 көлемде, аптасына бiр рет шығып тұрған. Кейiннен бұл газет "Le Moniter Outoman" деген атпен француз тiлiнде де шыға бастайды. Бұл басылымдар Франциядағы "Le Moniter Officiel de la France" басылымына елiктеп шығарылған. "Тақвим уақаиенiң" ("Күнделiктi жаңалықтар") алғашқы саны 8-бет болған. Редакторы – Сейiт Мехмет әфендi. Газет 1860 жылдан бастап тұтастай ресми басылымға айналады.
Түркияда алғашқы телевидение - "TRT" - 1964 жылы мемлекет тарапынан ашылды. Елде 34 телеарна күнi-түнi дамылсыз жұмыс iстейдi.
1. “Zaman” – халықаралық газетi 1980 жылдан шыға бастаған. Саясат, мәдениет, спорт, экономика, отбасы мәселелерiн көтередi. Түркиядан басқа жетi елде жарық көредi. Еуропа, Америка, Орта Азия елдерiнде тiлшiлерi бар. Таралымы – 350 мың дана.
2. “Sabah” – "Таң" 1965 жылдан бастап шығады. Түркияның “ATV”, “Kanal D” сияқты телеарналарымен бiрiгiп жұмыс iстеуде. Шығарушысы - “Dogan” тобы. Көбiне социалистiк бағыттағы мақалалар жариялайды. Күнделiктi 50-60-бет болып шығады. Таралымы - 648574 дана.
3. “Turkiye” газетi - “TGRT” телерадио, газет корпорациясының басылымы. 1982 ж. берi дiни мақалаларды басумен айналысады, бiрақ соңғы уақытта бағытын өзгертiп, саяси-экономикалық жаңалықтарды және қысқа хабарларды жариялай бастады. Таралымы – 523400 дана.
4. “Hurriyet” - "Бостандық" газетiнiң алғашқы саны 1960 ж. бастап А-2 форматында 50-бет болып күнделiктi шығады. “Star TV” телеарнасымен жұмыс жасайды. Экономикалық мақалаларды көптеп басады. Таралымы – 590 мың дана.
5. “Yeni Binyil” - "Жаңа мыңжылдық" газетi. Бұл газеттiң атауы жақында өзгертiлдi. Бұған дейiн “Yeni yuzyil” - "Жаңа ғасыр" деп аталған болатын. 1995 ж. бастап 550284 данамен шығады.
6. “Son Gargi” - "Соңғы шақыру" газетi 1995 ж. бастап шығады. Таралымы – 84976 дана.
7. “Sport” - "Спорт" газетi аты айтып тұрғандай, тек спорт жаңалықтарын, спорт әлемiнде болып жатқан оқиғалар жайлы жазады. Негiзi 1995 жылы қаланған. Жоғарыдағы газеттер сияқты Стамбул, Анкара қалаларында басылып шығады. Таралымы – 73145 дана.
8. “Ekonomik Takvim” - "Экономикалық күнтiзбе" күнделiктi экономика саласындағы жаңалықтарды басумен айналысады. Таралымы – 50046 дана.
9. “Milliyet” - "Халық" газетi Түркияның “Sabah”, “Hurriyet” сияқты газеттерiнiң қатарындағы беделдi басылым.
10. “Resmi gazete" – Түркиядағы бiрден-бiр мемлекеттiк газет. Аптасына, кейде айына бiр рет шығады. Мұнда тек мемлекеттiң заңдары, қаулылары басылып тұрады.
11.“Turkish Daily News” - "Түркияның күнделiктi жаңалықтары". Елде болып жатқан оқиғаларды ағылшын тiлiнде баяндап беретiн газет. 1958 жылдан бастап шығады, құрылтайшысы – Илнур Чевик Бей.
12. “Sizinti” - "Ағыс" журналы 1979 жылдан бастап, айына бiр рет Измир қаласында шығатын ғылыми-мәдени журнал.
13. “Aksiyon” - "Қозғалыс" апталық журналы, 1992 ж. бастап шығады, әртүрлi тақырыптағы мақалаларды жариялайды.
14. “Aktuel” - "Көкейкестi" журналы жаңашыл журналдар қатарына жатады. Бұл да 1990-шы жылы алғаш рет жарық көрген журнал.
14. “Tempo” журналы - негiзi 1991 жылы қаланған апталық журнал.
15. "Nokta" - "Нүктелi" журналы негiзiнде әйелдерге арналған. Сән тақырыбындағы материалдарды көптеп жариялайды.
16.“Para" - "Ақша" деп аталатын экономикалық журнал 1993 ж. бастап жарық көредi.
Телерадиосы
"Kanal-6" – көңiл сергiтетiн ақпараттық телеарна. Кинофильмдердi де көптеп көрсетеді. Бүкiл Түркияға таралады.
"Kanal-7" – дiни-ақпараттық телеарна.
"Kanal-1" – тек Эгей теңiзi жағалауындағы қалалар (Измир, Айдын, Мармарис) көре алатын ақпараттық, көңiл сергiтушi арна.
"Cine-5" – арнасы бүкiл Түркияға тарайтын кабельдiк телеарна. Телеойындарды, фильмдердi көп көрсетедi.
"BRT" - "Bayrak TV" арнасын Кипр аралындағы тұрғындар көруге мүмкiндiк алған.
"NTV" – американдық "CNN" – мен теңеуге келетiн Түркияның ақпарат арнасы. Сағат үзбей түрiкше, арасында ағылшынша хабарлар таратады.
"Geng TV" - "Жастар телеарнасы" – бүкiл Түркияға тарайтын жастарға арналған музыкалық телеарна.
"Maxi TV" – кабельдiк телеарнасы балаларға арналған мультфильм, кинофильмдердi көптеп көрсетедi.
"Super Sport" – спорттық хабарлар жайында ақпарат таратады.
"Kral TV" – музыкалық телеарна.
"TGRT" - "Түркия газетi, радиосы және теледидары" корпорациясының телеарнасы. Жаңалықтар мен кино, музыка хабарларын бередi.
"TRT" – 1964 жылы негiзi қаланған Түркияның алғашқы теледидары. Басқа телеарналардан айырмашылығы – бұл мемлекеттiк телеарна.
"TRT" – 1927 ж. бастап жұмыс iстейтiн ең ескi түрiк радиосы.
"Radio-1" – жаңалықтар, музыкалық хабарлар берумен айналысады.
"Shou Radio" – музыкалық хабарлар радиосы.
"Radio-5" – Еуропалық музыка тарататын әуетолқын.
"Burg FM" – түрiк әндерiн, сондай-ақ, дiни әндердi көптеп таратады.
"Radio-25" – дiни радиотолқын.
"D Radio" – музыкалық толқын.
"Meltem" – бұл дiни хабарларды көп беретiн ТМ толқынындағы радио. Бұл FМ толқынында дiни хабарларды көп беретiн радио.
Достарыңызбен бөлісу: |