2013 Мазмұны 1 Глоссарий 2 Дәрістер 3 Тәжірибелік сабақтар 4 Студенттің өздік жұмыстарының тақырыптары 5 Өзгерістерді тіркеу парағы 6 Әріптестердің танысуы 1 глоссарий журналистика



бет1/6
Дата28.01.2018
өлшемі1,19 Mb.
#35485
  1   2   3   4   5   6

УМКД 042-18-15.1.9/03-2013


2013 жылғы

№1 басылым



63 беттің -шісі





5В050400 «Журналистика» мамандығына арналған

«Әлем баспасөзінің тарихы» пәнінің

ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ


ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

СЕМЕЙ

2013
Мазмұны

1 Глоссарий

2 Дәрістер

3 Тәжірибелік сабақтар

4 Студенттің өздік жұмыстарының тақырыптары

5 Өзгерістерді тіркеу парағы

6 Әріптестердің танысуы



1 ГЛОССАРИЙ

Журналистика – қоғамдық институт, қоғам айнасы. Қазіргі заман тақырыптары мен проблемаларын қамти отырып, оқырман қауымның әртүрлі өкілдерінің қажеттілігін күнделікті қоғамдық ақпаратпен негізінен публицистика формаларын пайдалана отырып, қамтамасыз етеді. Сонымен қатар қоғамдық өзекті проблемаларды қозғаған ғылыми, көркемдік әртүрлі туындыларды жариялайды. Журналистика қоғамдық пікірді қалыптастырушы, жасаушы бірден-бір қоғамдық институт.

Журналистиканың қызмет түрлері – коммуникациялық қызметі, ұйымдастырушылық қызметі, идеологиялық қызметі, мәдени­ағартушылық қызметі, жарнамалық­ анықтамалық қызметі, рекреативті қызметі.

Редактор­эдиториалистредакцияда отырып, тілшілер әкелген материалды әдеби өңдеумен айналысады. Тілшілерді бақылайды. Оларға тапсырма береді.

Конгломераттар - коммерциялық қызметтің әр түрін қамтитын кәсіпорындар.

«Сарыжағал баспасөз» – көпшілікке арналған бульварлық басылымдар. Бұл басылымдар негізінен қалтасы жұқалтаң, талғамы төмендеу, орта білімді оқырманға арналған және айқай ­шулы сенсацияны, өсек­аяңды жазуға құмар, инсинуациясы иен иллюстрациясы мол газеттер.

БАҚ­қа гибридтік иелік – масс­медианың әр түрінің, яғни газет­журналдардың, радио және телестансалардың бір адамның иелігінде болуы. Мәселен, Р.Мэрдоктың қол астында газет те, журнал да, телестанция да, киностудия да, баспа үйі де бар.

Ақпарат (Информация. Information) – ХХ ғасырдың 50 жылдарынан бастап ақпарат мәселесіне өзгеше көзқарас пайда болды. 1948 жылы АҚШ ғалымы Клод Шэннон ақпарат теориясының негізін жасағаннан кейін оның мазмұны байып, ғылыми категорияның деңгейне көтерілді.

Ақпараттық бостандық (Свобода информации. Freedom of Information) – Әр адам заңмен рұқсат етілген тәсілмен ақпарат алуға, қабылдауға және таратуға құқылы. Ақпараттық бостандық сөз еркіндігімен тығыз байланысады.

Ақпарат көздері (Источники информации. Sources of Information) – Ақпарат көзі дегеніміз айналамызда, бүкіл әлемде күнделікті болып жатқан оқиғалар, көріністер, нақты деректер. Сондай-ақ, журналистің жазған материалына, дайындаған бағдарламасына арқау еткен дәйегінің түп негізі.

Ақпараттың лиді (Лид информации. Lead of news) – Журналистикада хабардың бірінші сөйлемі немесе алғашқы абзацы, мәселенің тоқ етері мағынасында қолданылатын термин.

Бұқаралық ақпарат құралдары (Средства массовой информации. Mass Media) – Бұқара халықты журналистік туындылардың көмегімен объективті ақпаратпен жедел әрі тұрақты қамтамасыз етуді мақсат еткен мерзімді баспасөз, радио, телевизия, ақпараттық агенттік, деректі фильм, онлайн басылымдар.

БАҚ-тың коммерциялық сипаты. (Коммерциализация СМИ. Commersalization of Mass Media) – Газет-журнал басу, бағдарлама дайындау үрдісінің ақпараттық өндіріске айналуы, аудиторияның қажеттіне сай іскерлік сипаттың, тиімді қызмет атқарудың менеджменті мен маркетинг стандарттарының қалыптасуы. Коммерциялық журналистиканы «profit seeking» деп атайды.

БАҚ ақпаратын қабылдаушылар (Аудитория СМИ. Audience of Mass Media) – Негізінен объективтік және субъективтік әртүрлі жағдаймен біріккен БАҚ материалдарын қабылдаушы қауымның жекелеген топтары. Олардың сипаттарын сана механизмдері анықтайды. Оларды салыстырмалы түрде тұрақты және ауыспалы деп бөлуге болады.

Газет (Газета. Newspaper) – Күнделікті немесе апталық түрінде тұрақты шығарылатын, ақпаратты, тың жаңалықтарды, танымдық материалдарды жариялайтын мерзімді баспасөздің бір түрі, ақпарат құралдарының атасы. Сөздің түп төркіні ХҮ ғасырда Венецияда таратылған парақшаларды La gazetta деп манеттің атымен атаған атаудан туған.

Газет дизайны (Дизайн газеты. Newspaper design) – Нақты мақсат пен қажеттілікке арналған, өзіндік сипаты бар, айырықша кескін-келбет пен форманы біріктірген және баспасөздің әртүрлі элементтерін газет бетіне шеберлікпен орналастыру үрдіс әрі өнер.

Журналистика тарихы (История журналистики. «History of Journalism») – Журналистика тарихы жалпы тарихпен бірдей әлемдік және белгілі бір ұлттың тарихындағы журналистиканың ағымдарын, типологиясын, бағытын, тәсілдерін, әр кезеңдегі үлгілерін, өрлеуі мен құлдырауындағы заңдылықтарын уақыт реті бойынша зерттейтін ғылым.

Телевизия (Телевидение. Television) – Гректің «tele» – алыс, шалғай, латынның «viseo» – қарау, көру деген сөздерінен пайда болған. Көрермендерге бағдарламаны бейне, дыбыс, дауыс арқылы жеткізетін техникалық және бұқаралық ақпараттың құралы.

Радио (Radio) – Латынның «radiare» – жарық шашу, сәуле тарату деген сөзінен шыққан. Бағдарламаны дауыс, дыбыспен шексіз кеңістікке тарататын техникалық құрал. БАҚ-тың бір түрі, журналистиканың ажырамас бөлігі.

2 ДӘРІСТЕР
1-Дәріс. Бұқаралық ақпарат құралдарының эволюциясы.

Қарастырылатын негізгі сұрақтар:


    1. Мерзімді баспасөздің қалыптаса бастауының алғышарттары.

    2. Қоғамдағы саяси ахуалдардың журналистикаға әсері.

1.3 Қоғамдағы саяси жағдайлардың журналистикаға әсері.
Кітап басу ісінің пайда болуы. Мерзімді баспасөздің қалыптаса бастауы - адамзат мәдениеті тарихындағы заңды құбылыс. Журналистиканың дамуы. Журналистиканың қоғамдағы жағдайы, қудалау мен цензураға қарсы күрес. Баспасөз бетіндегі сөз - адам қолындағы әділеттілік құралы. Журналистика ақпаратты таратушы, әрі саяси және идеологиялық күрестің қаруы. Саяси журналистиканың қалыптасуы.

Еуропа елдеріндегі төңкеріс. Ұлы Француз революциясы тұсындағы баспасөздің рөлі. Газет пен журнал - қоғамның рухани өмірінің ажырамас бөлігі. Сөз бостандығы және цензура.


Бақылау сұрақтары:

1. Журналистиканың дамуына түрткі болған жағдайларды атаңыз

2. Қоғамдағы саяси жағдайлардың журналистикаға әсері қандай болды?

3. Ұлы Француз революциясы тұсындағы баспасөздің рөлін көрсетіңіз.


Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Попов Ю.В. Теофраст Ренодо ­ основатель французской журналистики // Вестник МГУ. Серия журналистика. 1978. №4.

2. Мкртинян А. История англиийской журналистики XYII ­ начала XIX вв. М., 1992.

3. История мировой журналистики. М., 2003.


2-Дәріс. Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі журналистика.

Қарастырылатын негізгі сұрақтар:

    1. БАҚ-тың ірі капиталға тәуелділік нормалары.

    2. Монополияландыру мен шоғырландыру процесі.

    3. Саяси бақылаудың түрлері.

БАҚ-тың ірі капиталға тәуелділік нормалары: жарнама, несиелер, банк капиталымен және ақпаратты-насихатты монополиялармен байланысы; қағаз шығаратын, типографиялық, полиграфиялық өнімдерді дайындайтын, радиотеле құрал-жабдықтарын жасайтын, ЭЕМ өндіретін монополиялармен байланысы. БАҚ-қа ірі капиталдың бақылау жасау жүйесі. БАҚ-ты біріктіру мен монополияландыру. Қазіргі шетел ақпарат өндірісінің экономикасы. Жарнама және БАҚ. Бұқаралық ақпарат құралдары капиталына саяси бақылау жасау. Саяси бақылаудың типтері.


Бақылау сұрақтары:

1.БАҚ­қа иелік етудің түрлері қандай?

2.Трансұлттық монополиялардың айырмашылығы неде?

3.Шетелде жарнама қанша пайыз беріледі?

4.БАҚ ­бизнес көзі дегенді қалай түсінесіз?
Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Беглов С. Монополии слова.М., 1972.

2. Михайлов С.А. Современная зарубежная журналистика: правила и парадоксы.Спб., 2002.

3. Назайкин А.Н.Рекламная служба газеты. М., 1996.

4. Андрунас Е.И. Информационная элита: корпорация и рынок новостей. М., 1991.

5. Журналистика в мире политики / Под редакцией док. Полит. наук, проф. С.Г. Корконесенко. СПб., 2004.


3- Дәріс. Мемлекет және журналистика.

Қарастырылатын негізгі сұрақтар:

    1. Заң шығарушы,сот және орындаушы биліктің БАҚ-на әсер етуі.

    2. Мемлекеттің БАҚ-қа ықпал ету механизмі.

    3. Партиялық басылымдар мен діни басылымдардың мақсаты.

Капиталдың БАҚ-қа ықпалы. Заң шығарушы,сот және орындаушы биліктің БАҚ-на әсер етуі.

БАҚ экономикасының реттелуі.Материалды жариялау мен ақпаратқа жету құқының шектелуі.Баспасөз бен эфирді әкімшілік тарапынан бақылау,ақпараттар легіне манипуляция жасау.Мемлекеттің ақпараттық қызметі.

Мемлекеттің БАҚ-қа ықпал ету механизмі. Мемлекеттің мемлекеттік емес ақпарат құралдарына ықпал ету тетіктері.

Саяси партиялардың бұқара санасы мен іс-әрекетіне әсер ету механизмінде БАҚ-тың алатын орны.

Дін және бұқаралық ақпарат құралдары.Діни басылымдарға тән ерекшеліктер.


Бақылау сұрақтары:

  1. Мемлекет тарапынан бақылау қалай жүргізіледі?

  2. Мемлекет тарапынан бақылау жасау сөз бостандығын шектемей ме?

  3. Мунит сектасының иелігіндегі АҚШ ­тың «ЮПИ» агенттігінің болашағы қалай деп ойлайсыз?

  4. Ватикан басылымдары туралы не білесіз?


Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Михайлов С.А. Современная зарубежная журналистика: правила и парадоксы. - СПб.2002.

  2. Михайлов С.А. Журналистика Соединенных Штатов Америки. - СПБ. 2004.

  3. Сапунов В.И. Зарубежные информационные агентсва. СПб., 2006.

  4. Рамазан А.Ә. Шетел журналистикасының тарихы. - Алматы, 2006.


4-Дәріс. Шетелдердегі бұқаралық ақпарат құралдары жүйесі.

Қарастырылатын негізгі сұрақтар:

    1. Монополияландыру: күнгейі мен көлеңкесі.

    2. Жарнама ­ басылымның өмір сүру өзегі.

    3. Шетелдік газеттердің сапалық бөлінісі.

    4. Журналдар типологиясы.

Ақпараттық жарылыс: ақпараттар ағынының толассыз өсуі, оның ғаламдануы, байланыстың “ескі“ құралдарын жаңарту, жаңа құралдардың пайда болуы, олардың одақтасуы.

Бұқаралық ақпарат құралдары мемлекеттік- монополистік капитализм жүйесіндегі ерекше еңбек бөлінісі бар өндірістің жеке тармағы.Телевизия, радиохабар тарату және баспасөз: ақпарат және жарнама агенттіктері -ақпараттық шикізатты өндіретін және өңдейтін ерекше мекемелер.

БАҚ мемлекеттік-монополистік капитализм жүйесіндегі ерекше еңбек бөлінісі бар өндірістің жеке тармағы. Телевизия, радиохабар тарату және баспасөз: ақпарат және жарнама агенттіктері - ақпараттық шикізатты өндіретін және өңдейтін ерекше мекемелер; “паблик рилейшнз“- қоғаммен байланыс жөніндегі компаниялар және үкіметтік насихат ұйымдары.

Шетелдік БАҚ жүйесіне жалпы сипаттама. Сапалы, танымал және аралас газеттер бөлінісі, олардың спецификасы. Шетел журналдарының типологиясы. Ақпарат агенттіктері. Пресс-синдикаттар жүйесі.
Бақылау сұрақтары:


  1. «Сапалы» газеттер дегеніміз не?

  2. «Аралас» газеттер дегеніміз не?

  3. Бәсекелестен қайтіп озып шығуға болады?

  4. Шетелдік басылымдардың оқырман тартудағы әдіс­тәсілдері қандай?


Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Беглов С. Монополии слова.М., 1972.

  2. Андрунас Е, Информационная элита: корпорации и рынок новостей, М., 1991.

  3. Михайлов С.А. Современная зарубежная журналистика : правила и парадоксы. - СПб.2002.

  4. Михайлов С.А. Журналистика Соединенных Штатов Америки.- СПБ. 2004.


5- Дәріс. Дамыған елдердегі баспасөзі. Ұлыбритания баспасөзі: өткені мен бүгіні.

Қарастырылатын негізгі сұрақтар:

    1. Ағылшынның алғашқы газеттері.

    2. Ағылшын баспасөзінің дифференциялануы.

5.3 Ірі баспасөз монополиялары.
Ұлыбритания баспасөзінің пайда болуы. Ағылшын баспасөзі дамуының негізгі кезеңдері. Ағылшын баспасөзінің алғашқы қарлығашы -“Уикли ньюс“ газетінің рөлі. Күнделікті газет “Дейли куранттың“ /1702/ пайда болуы.

ХУ11 ғасырда Англияда сатиралық басылымдардың қалыптасуы. ХУ11 ғасырдағы мерзімді басылымдардың түрлері: ақпараттық, аналитикалық, сатиралық және жарнамалық.

Ағылшын баспасөзінің дифференциялануы.Ағылшын баспасөзіндегі монополиялану процесінің басталуы. Ірі баспасөз монополиялары. Ағылшын бұқаралық ақпарат құралдарына трансұлттық корпорациялардың ықпалы. Ақпарат агенттіктері.

1990 жылдардан кейін Ұлыбританияның ұлттық газеттерiнiң құрамында 10 күнделiктi және 10 жексенбiлiк басылым болған. Қазiргi уақытта үш күнделiктi “Дейли герольд”, “Ньюс Хроникл’’, “Морнинг стар’’ газеттерiнiң орнын “Сан’’, “Индепендент’’, “Тудей’’ газеттерiн басты. Жексенбiлiк газеттер тобында “Рейнолдс ньюс”, «Санди диспетч» басылымдарымен қатар «Санди телеграф», «Индепендент он санди» газеттерi пайда болды. 2000 жылы дүңгіршіктерде «Юропиан пресс» қожайыны болып табылатын таблоидтық жексенбiлiк «Санди бизнес» басылымы пайда болды.

Сонымен ұлттық газеттер саны өзгерiссiз қалды. Өйткенi бұдан бiраз жыл бұрын газеттер саны осындай мөлшерде болатын. Ал егер статистикаға келетiн болсақ, онда тек өзгерiс таралымда. Бұл жағдай газетшiлердiң үнемi қобалжып жүруiне әкеп соқтырады. Көптеген басылымдарда оқырмандар саны қысқаруда. Бұл құбылыс газеттердiң бас тақырыптардан-ақ көрiнiс табуда. 1999 жылдың қорытындысы бойынша тек күнделiктi екi “Таймс’’ және «Файнэншл таймс» газеттерiнiң таралымы 1990 жылмен салыстырғанда өстi. Ал жексенбiлiктердiң арасынан «Санди таймс», «Мейли он санди» басылымдарының таралымы ұлғайды.

«Үлкен баспасөздiң» таралымының түсуi - ұзаққа созылған құбылыс. Бұл 50-шi жылдарда бастаған. ХХ ғасырдың соңғы он жылдығының басында күнделiктi басылымдардың таралымы 15,1 млн қысқарды, ал жексенбiлiктердiкi 16,6 млн. қысқарды. Ал 1999 жылы мынадай көрсеткiш болды: күнделiктi басылымның таралымы 13,3 млн, ал жексенбiлiк басылымдардiкi 13,7 млн қысқарды.

Әйгiлi газеттерге деген сұраныстың түсуiн телевидениенiң әсерiнен деп, сол сияқты базарда пайда бола бастаған әйелдер аудиториясының қызығушылығын қанағаттандыруға арналған, адамдардың әртүрлi хоббиiне бағытталған иллюстрациялық күнделiктi және айлық журналдардың санының өсуiмен түсiндiруге болады. Бұл жолда апталық басылымдарды тегiн тарату сияқты газет бизнесiн айтпағанда, 89 күнделiктi, 500 апталық аймақтық газеттер де үлкен рөл атқарды.

Ұлыбританияда ұлттық газеттер арасындағы бәсекелестiк өте қатты. «Индепендент» және «Индепендент он санди» басылымдары басты алдына қойылған «Таймс» газетiнен неғұрлым көп оқырмандарды тартып алу мақсаттарын iске асыра алмады. «Таймс» газетi ұзақ уақыт бойы өзiнiң таралымын 250 мың дана деңгейiнде ұстап тұрды. Бұл жағдайда халықаралық медиагмант Руперт Мэрдок «бағаның күресiн» шештi. «Таймс» басылымының сатылу бағасы тең жартысына дейiн түсiрiлдi. «Таймстың» таралымы жоғары көтерiлуі баяулаған жоқ. 700 мың данаға дейiн, тiптi одан да жоғары көтерiлдi. Ал «Индепендент» газетi өзiнiң алғашқыда жинаған 400 мың оқырманының жартысын жоғалтып алды. Басқа амал қалмағандықтан бұл газет бай адамдардан өз жақтаушыларын iздей бастады. Ақыр соңында олар өздерiне қожайынды Ирландиядан тапты.

Руперт Мэрдок күнделiктi таблоидтық «Сан» газетiн жақсы айналымға түсiру үшiн ақшасын аяған жоқ. Ол оның редакторына көзге бiрден көрiнетiн сенсациялық жаңалықтар мен жартылай жалаңаш қыздардың суретттерiн шығаруға толық ерiк берген.

Бәсекелестiк әсiресе таблоидтық басылымдар арасында «Миррор» мен «Сан», «Дейли мейл» басылымдарының арасындағы бәсекелестiк өте жоғары қарқында болды. Ұлыбританияда, сонымен қатар, лорд холликтiң басқаруымен «Экспресс» және «Санди экспресс» басылымдары жарық көрiп тұрды. Бiрақ, ұзақ жылдар бойы консерваторларға қызмет етiп келген бұл газеттер өздерiне ешқандай жаңа оқырмандар жинай алмады. Сондықтан таралымы төмен.

Күнделiктi «Таймс» газетiне келетiн болсақ, оның редакторы П. Стотхард газеттiң «таблоидизациясына» мүлдем қарсы болды. Ол өзiнiң бар назарын 60 бетiне аударады. Олар әртүрлi айдарларға бөлiнген. Көп бөлiгiнде ақпараттық текстер жарияланады. Ал саясат, құқық, сот қызметi және парламент, мәдениет және өнер туралы материалдар үш есе көп. Газеттiң үнемi сақталып келе жатқан және мақтанышы болып отырған - ортаңғы екi бетiнде шығып отыратын редакциялық мақалалар. Сол сияқты әр нөмiрде 15-17 оқырмандар хаттары шығып тұрады. Басқа да сапалы газеттердегi сияқты ерекше көңiл сенбiлiк басылымдарға бөлiнедi. Бұл күнi «Таймс» жетi секция басады, мәтіннің көлемi – 282-бет. Почташыларға мұндай басылымдарды үйлерге тасу өте ауыр тиедi. Сондықтан олар «бұрыштарда» және арнайы дүкендерде сатылады. Бұл жағдайда баспагерлер оқырмандардың назарын аударуға өте қарқынды түрде ұмтылады. Олар газеттерге ашық түстi иллюстрацияларды көбiрек беруге тырысады. Ұлыбританияның баспасөзi бұл жағынан өте жақсы десе артық айтылмаған болар едi.

Телерадиосы. 1999 жылы Ұлыбританияның коммерциялық эфирлiк телевидениясында концентрация мен монополизация жаңа кезеңге қадам басты. Ұлыбританияның мәдениет министрi Крис Смит қыркүйек айында өткен Кэмбридж телефестивалiнде сөз сөйлеген. Оның айтуы бойынша, әлемдiк сахнада британияның коммерциялық эфирлi телевидениясының төмен бәсекелестiгi болғаннан кейiн үкiмет және меншiк концентрацияны қолдайды, барлық коммерциялық телевидениеге ие болатын адамдарға, тiптi бiр адамның қолына көшiруге дейiн барады.

Коммерциялық эфирлiк телевидениедегi жекеменшiк концентрацияға деген жол 1993 жылы тазартылған болатын. Сол жылдардағы мәдениет министрi Питер Брук эфирлiк телевидениенiң лицензияға ие адамдарға тағы да бiр лицензиядан сатып алуға рұқсат етiлдi деп жариялаған болатын. Осыдан кейiн Лондонда жұмыс күндерi шығып тұратын «Карлтон коммьюникэйшнз» эфирлiк телевидениесiнiң iрi британдық коммерциялық компаниясы екiншi бiр Орталық Англияға таралатын «Сентрел телевижн» компаниясынан лицензия сатып аламын деп жариялады. Содан кейiн солтүстiк «Гранада» компаниясы Лондонда демалыс күндерi шығып тұратын «Лондон уикэнд телевижн» компаниясының лицензиясына ие болды. Ал электронды «МАИ» концернiнiң басшысы лорд Холлик екi лицензиясының иесi болды: оңтүстiк англиядағы «Меридиан» компаниясы және оңтүстiк - шығыс Англиядағы «Англия» компаниясы. Британдық коммерциялық эфирлiк телевидениедегi жекеменшiктiң концентрациясы мен монополизациясының келесi сатысы 1999 жылы парламенттiк акт болды. Бұл акт бойынша лицензиялардың шексiз сатылуына рұқсат бар, бiрақ мынадай талап қойылады: бiр адамның иелiгiнде елдiң барлық телеаудиториясының 15%-iнен көп болмау керек және тележарнамадан 25% кiрiс түсу керек. Осылай концентрация процессi әрi қарай дами бастады. Үш iрi топтар құрылды: үш лицензиясы бар (Лондонға, Орталық және оңтүстiк - Батыс Англияға) Майкл гриннiң «Карлтон коммьюникэйшнз» компаниясы; төрт лицензиясы бар (Лондонға, солтүстiк, солтүстiк - шығыс Англияға және Йоркшир) Гранада және үш лицензиясы бар (оңтүстiк, оңтүстiк - шығыс Англияға және Уэльске) Лорд Холликтiң «Юнайтед-ньюс-энд-мидиа» компаниясы. Британия коммерциялық эфирлiк телевидениесiнiң ұлттық сахнасында төртiншi «ойыншы» болып шотландиялық «Скоттиш мидиа» компаниясы тұрды, бұл компания 1998 жылы солтүстiк шотландиялық «Гремпиен» телекомпаниясының лицензиясына ие болған. 1999 жылы 26 қараша күнi Ұлыбританияның телевидения әлемiнде сенсация болды: үш iрi топтардан екi топ құруы жарияланды. Майкл Гриннiң «Карлтон Ю-Кэй продакшнз» және лорд холликтiң «Юнайтед-ньюс-энд-мидиа» екеуi бiрiгiп Ұлыбританияда бұрын-соңды болмаған алып компания құру керек болды. Бiрақ бұл iстi тез арада Ұлыбритания әдiлеттi саудасының бюросын (ОФТ) бақылауға кiрiстi. Өйткенi жаңа алып компания тележарнамадан рұқсат етiлген 25% қарама - қарсы 30 - 40 % кiрiстi иемдендi.

Британдық коммерциялық эфирлiк телевидениедегi жекеменшiктiң концентрациясы мен монополизациясының жаңаша дамуының инициаторы Майкл Грин болғаны қызық. Ол бiрiншi болып «Сентрел телевижн» лицензиясын сатып алып шектен тыс шығып кеткен. Бiрақ, бақылаушылар оның лорд Холликпен болатын болашақ қарым-қатынасының мiнезi туралы бiрнеше ойға келдi. Майкл Грин болашақ бiрiккен компанияның стратегиясын анықтаумен айналысады, ол лорд Холлик - күнделiктi менеджмент болатынын ресми түрде жариялаған. Ол компанияның аты ‘’Карлтон юнайтед’’ деп аталатын болды. Дегенмен, көбiсi Холлик сияқты адамның ендi барлық стратегияны Майкл Гриннiң қолына берiп қояды дегенге күмәнмен қарады. Өйткенi ол лорд Стивенстiң басылымдық компаниясымен қосылғаннан кейiн жарты жылдың iшiнде оны басшылықтан алыстатқан. Осылай екi телекомпанияның бiрiгуi таң қалдырды. 26 қарашаға дейiн журналистерге Грин мен Холлик бiрiгiп қызмет ету сұрақтары туралы сөйлесiп жатыр деп айтты. Бiрақ кейбiр бақылаушылардың байқағаны, «Карлтон» мен «Юнайтедтiң» қосылуы авантюра емес, заңдылық. Бiрiншiден, бұл екi компанияға да бағдарламаларын нығайтуға мүмкiндiк бередi. Осы көрсеткiш бойынша «Карлтон» мен «Юнайтед» бағдарлама беру көлемдерiне қарамай, британдық телевизиялардың ең әлсiздерiнiң бiрi. Екiншiден, 40 млн. Фунт стерлингке дейiн қаражатты үнемдей алады, керексiз шығынды жояды. Ал егер iс жүзеге аспаған жағдайда сахнаға Ұлыбританияның коммерциялық эфирлiк телевидениесiнiң үшiншi орынға «Гранада груп» шығады. «Гранада груп» - «Гранада телевижн» телевизиялық топтамасы Джерри Робинсонның басшылығымен коммерциялық эфирлiк телевидения ассоциасының «Ай - ти – ви» бағдарламасының үлкен бөлiгiн дайындайды. Осы уақытта мынадай сыбыс тарай бастады: британдық телевиденияның төртiншi iрi «ойыншысы» шотландиялық «Скоттиш мидиа» компаниясы «Джинджер мидиа груп» компаниясын сатып алады деп сөз тарады. Бұл компанияның акциясының көбiн әйгiлi британдық телевизия мен радио жүргiзушiсi Крис Эванс иемдендi. Бұл компания поп және рок музыкасын беретiн ұлттық «Вирджин» радиостанциясына ие. Егер «Скоттиш мидиа», «Вирджин» радиосынан басқа телестудияларға ие. «Джинджер» компаниясын сатып алса, онда бұл шотландтық телекомпаниясы Ұлыбритания телевидениесiнде салмақты үшiншi «ойыншының» орнына тұрып алуға мүмкiндiгi болады. Осылайша Ұлыбританияның жекеменшiк эфирлiк телеиндустиряда басшылыққа үлкен күрес басталды. Крис Смиттiң айтуы бойынша, бұл күрес екi жылдан кейiн барлық индустрия екi немесе бiр адамның қолында болуы мүмкiн.

Сараптамалық консолидациялық процестер Ұлыбританияның кабельдiк телевидениесiнде орнын тапты. Мұнда эфирлiк телевидениедегi сияқты екi iрi компанияның бiрiгуi жайлы сөз болды. Бұл «Кэйбл энд уайерлесс коммьюникэйшнз» және «Телеуэст» телекомпаниялары. «Нэшнл транскоммьюникэйшнз лимитед» компаниясы - үшiншi «Ойыншы» болды. Бұны «Франс телеком» акционерi көтермеледi. Соның көтермелеуiмен ол «Кэйбл энд уайерлисспен» бiрiгуге келiсiм алды. «Телеуэст» каналы спутниктiк телевидениеге жататын «Флекстек» компаниясымен бiрiгетiндiгiн жариялады. Ұлыбританиядағы Интернет қызметiнiң өкiлдерi - шетел фирмалары, олардың озығы «Фрисерв» британдық кабельдi телекомпанияларына интернеттi өздерiнiң кабельдерiмен жiберiңдер деп қысым жасап отыр. Олар аудиторияны кеңейту мүмкiндiгiмен назар аудартады. «Телеуэст» 2000 жылы ақпан айынан бастап Интернетте жұмыс iстеуге рұқсат беретiн, айына 10.ф.ст. төленетiн «Серф анлимитед» қызметiн шығарды. Ай сайынғы төлем Интернетпен шұғылданатын адамдар санын күрт өстiредi, ол жаңа интернеттiк технология көркем фильмдердi көрсетуге дейiн барады. Қазiргi кезде Ұлыбританияда интернет жүйесiнiң қызметiн көрсететiн 300 фирма бар. Коммерциялық эфирлiк телевидениеде «Ай - ти – ви» басшылығы алдарына қойған мақсатына жеттi. Ол - үшiншi каналдың (канал «Ай – ти - ви») аудиториясының орташа рейтингiн 39%-ке дейiн көтеру. Бұл талап түгелiмен жылдың аяғында орындалды. Осы кезде жаңа жыл аптасына арналған көп бағдарламалар жүйесi шығарылған болатын. Бұның негiзгiсi болып, жаңа әйгiлi телеойын – “Кім миллионер болғысы келеді?» лоториялық шоу болатын. Әрине миллионер ешкiм болған жоқ. Бiрақ бұл ойын аудиторияның рейтингiн көтеруге көмектестi. Коммерциялық эфирлiк телевидениенiң өмiрiндегi екiншi маңызды оқиға «Карлтон» компаниясының 1998 жылы түсiрiлген «10 сағат ішіндегі жаңалықтар» жаңалықтарын қайтару туралы келiсiмi болды. Бұл хабардың алынып тасталуы Ұлыбритания бұқарасы арасында үлкен дау туғызды.

«10 сағат ішіндегі жаңалықтар» шығарылымын түсiргеннен кейiн бiр млн-ға жуық көрермен «Ай - ти – ви» арнасының сегiзден отыз минут кеткенде шығатын жаңалықтар бағдарламасы күнделiктi барлық жаңалықтарды қамтымады, ол кешкi жаңалықтар кеш қалып отырды. Көрермендердiң көбiсi оның бәсекелесi “Би - Би – Си» жаңалықтарын көруге көштi. «Ай - ти – ви» салмақты актуальды - қоғамдық «Қозғалыстағы әлем» бағдарламасын жаңа «Бүгінгі кешкілікте» бағдарламасына ауыстырған. Бұл бағдарламада мемлекеттiк саясат сұрақтары мүлдем көтерiлмейдi, әрине бұл үкiметке ұнамайды. ХХ ғасырдың аяғы мен ХХI ғасырдың басындағы Ұлыбританияның ақпарат нарығында iрi монополиялардың бәсекелестiгi өрши түсуде. Бұл жарыста әрқайсысы сол нарықты құруға ұмтылады. Жалпы Еуропалық журналистикаға тән нәрсе ақпарат - тауар деп қарау болғандықтан осындай мәселелерге келiп тiреледi.

Бақылау сұрақтары:

1.Ағылшынның алғашқы газеттерінің негізгі тақырыптары қандай?

2.АВС­1 тобына қандай газеттер жатады?

3.«Сан» газеті қандай газет?

4.«Нью­Йорк таймс» газетінің әлем журналистикасыныңдағы орны қандай?
Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Соколов В.С., Виноградова С.М. Периодическая печать Великобритании. СПб., 2000.

2.Мкртинян А. История англиийской журналистики XYII ­ начала XIX вв. М., 1992.

3. История мировой журналистики. М., 2003.

4. Интернет ресурстары.
6-Дәріс. Франция баспасөзі: өткені мен бүгіні.

Қарастырылатын негізгі сұрақтар:


    1. Француздардың алғашқы газеттері.

    2. Франциядағы ірі газет-баспа топтары.

    3. Франуз ақпарат әлеміндегі журналдардың орны.

    4. «Монд» газеті

Франция баспасөзінің қалыптасу тарихы. Алғашқы басылымдары. Жер шарындағы журналдардың негізі - “Журналь де саван“/1665ж/ - Франция журналы.

Ұлы Француз революциясының баспасөзді дамытуға қосқан үлесі. Елдегі саяси жағдайдың баспасөзге әсері. Франция баспасөзіндегі католиктік басылымдардың ролі.

Франциядағы ірі газет-баспа топтары.Франциядағы газет тарату және тасымалдау мекемелерінің қызмет ерекшелігі.

Француз апталықтарының түрлері: информациялық саяси апталықтар, иллюстрациялы журналдар, әйелдерге арналған апталықтар, телевизиялық апталықтар. Әйелдер апталықтарының әлемдік ақпарат рыногындағы рөлі. Француз тележурналдарының ерекшеліктері.

“Франс-Пресс“ ақпарат агенттігі. Франция БАҚ-ның халықаралық рыноктағы рөлі.

1998 жылы Кобе қаласында өткен дүниежүзiлiк газет шығарушылар ассоцияциясының 51-шi конгресiнде “Әлемдiк баспасөз тенденциясы” атты баяндама көптеген мәселелердi көтердi. Ең көп өзгерiстер Батыстық одақтағы елдерде байқалады. Тек Жапонияда ғана қалыпты жағдай сақталған. Бiрте-бiрте баспасөз жарнамалық нарықтың бөлiгiн телевизияға берiп келе жатыр. Бiрiншi орында ұлттық күнделiктi баспасөз, (жарнамалық түсiм 25-% құрайды). Журналдарға түскен түсiмдер тек 11% көрсетiп тұр.

1999 жылы Франция баспасөзiндегi ақпараттық нарықтан “Авас” тобының кетуi елеулi бiр оқиға болып тарихта қалады. 1997 жылы “Компани женераль деез о” келедi де, дәстүрлi салаларының барлығына дерлiк өзгерту енгiзе бастайды. Франция елiндегi соңғы жалдардағы күнделiктi баспасөзде тоқырау мезеттерi байқалып жүрдi. Тек 1998 жылы ғана аздап болса да, оңды өзгерiстер бой көрсетедi. Десек те, зертеушiлердiң мәлiметтерiне қарағанда француздықтар жыл өткен сайын оқырман аудиториясын кемiтуде. 15-жастан, 24 жасқа дейiнгi оқырман саны 3,8% төмендедi. Бiрiншi кезекте бұл “Либерасьонға”, “Фигароға” және “Мондтқа” қатысты. Мұндай жағдайдың тууын аздап та болса газет бағасының өскендiгi деп түсiндiрдi француздық зерттеушiлер. Жастар аудиториясы ұлғайып келедi. “Паризьен-Ожурдюй”, “Франс-суар” және “Экип”. Оқырман аудиториясы анағұрлым үлкен деген 10 күнделiктi газеттердi мысалға келтiруге болады.

Батыстағы ең iрi бес ел iшiнде астаналық күнделiктi баспасөздi оқырман аудиториясының қамту деңгейi өте төменгi көрсеткiш бередi. 1000 тұрғынға тек 37,4 данадан келедi.

Газеттер

Англия


Гол ландия

Германия

Франция

Испания

Италия

Ұлттық

224

131,8

69,3

37,4

59,4

46,1

Аймақ-тық

87,2

169,9

230,4

98,4

46,9

42,9

Ал егер бiз сапалы басылымдарды санайтын болсақ, онда Францияда

Еуропадағы iрi газет-журналдармен бәсекеге түсе алатындар аз емес. “Монд” газетi. Жалпы ақпараттық газеттер iшiнде оқырман аудиториясының көпшiлiгiмен бiрiншi орында тұр. 1999 жылы газетке жазушылардың саны 120 мыңға жеттi. Бұл рекордтық көрсеткiш. Оның себебi, жазушыларға төлеудiң жаңа түрi, (ай сайын) студенттер үшiн жеңiлдетiлген тарифтер енгiзiлдi. 1999 жылы “Мондтың” қаржы нәтежелерiнде жақсы көрсеткiштер пайда болды. 1997 жылмен салыстырғанда сауда айналымы 95% өстi. Жалпы “Монд” басылымның тобы 42,5 лир фр. түсiм алған.

“Монд дипломатик” атты айлық басылымның таралуы 180 мың данаға жеттi. Жарнамадан айтарлықтай 30% түсiм түсіп отырады.

“Стратежи” журналының сараптамашысы Оливе Монсо: “Бұл газеттiң жаңа формуласының жемiстерi – берушiге тiкелей қатысты”, – дедi. “Монд” жарнаманың жаңа бiр түрiне шыға алды. Тек “Люкс” секторы өте жақсы көрсеткiш бердi. Жоғары сәнге және қымбат тауарларға арналған арнайы қосымшалар өздерiнiң жемiстерiн әкелдi.

“Франс-суар” газетi басудың жаңа және түрлi-түстi түрiне көшiп, жарнамадан түсiмдi күшейттi. Бiрақ оқырмандардың саны барған сайын азайып, таралуы 150 мың данаға түстi. Көптеген сарапшылардың ойынша, ол өзiнiң мүмкiндiгi мол мезетiн жоғалтып алды дейдi. Қазiргi уақытта Парижде бұқаралық газет болып “Паризьен” газетi саналады. Редакция ұжымы газеттiң формасын жаңартуды ойластыруда.

Баспасөз интернеттен өз орнын табу үшiн ұмтылуда, iзденiсте. Әлемдiк жүйенi пайдаланып, түсiмдi көбейткiсi келетiндер аз емес. Себебi, интернеттiң аудиториясы күннен-күнге өсуде. 1999 жылы абонентердiң 240%–ге өскенiне қарамастан Франция-Германия және Англиядан қалық. Англияда пайдаланушылардың саны 18%, Германияда 19,4%, Францияда 9,8 %-ке өстi.

Телерадиосы. 2000 жылы Франция телевидиниесiнiң жалпы дамуы тенденциясында аса күрделi өзгерiстер болған жоқ. Соңғы үлгiдегi технология телекоммунациялық жүйелердiң, мультимедиалық жүйелер мен көре алмаушылық, бәсекелестiк, жеке телекомпаниялардың өсуiне әкеп соқты. Олар халықаралық деңгейде шығуды көздеп отыр. Мемлекеттiк телевидение көп уақыттан берi тоқырауда келе жатыр. Ол қаржы жағдайын жақсартып, аудиториясын ұстап қалуға тырысқанмен еш нәтиже шықпады. Спутниктiк және кабельдiк телевидиниенiң ауқымды даму барысында “ТФ-1” деген жеке меншiк канал елдегi ең танымал канал болып қала бердi.

Бүгiнгi таңда көрермендердiң 40%-ы ең сенiмдi ақпарат көзi деп “ТФ-1” есептейдi. Ал оның басты бәсекелесi “Франс-2”-ге тек 20%-i ғана. Арна аудиториясының негiзiн жас әйелдер құрайды. Ендiгi уақытта “ТФ-1” өзiнiң “нысанасы” етiп жанұяларды қоюды мақсат еттi. Көп көңiл 52-минуттық сериалдарға бөлiнедi. “ТФ-1” көбiне спорттық бағдарламаларды сатып алуға тырысады. “ТФ-1” Сиднейде өтетiн Олимпиядалық ойындарды трансляциялауға асығады. Футболдан 2002 жылғы әлем чемпионатынан көрсету үшiн белсендi түрде күрес жүргiзедi. Себебi, жарнамадан түсетiн түсiмнiң үлкен болатындығына кепiлдерi мол. Мемлекеттiң ең iрi телекомпаниялардың бiрi – “Франс Телевизьон” барлық каналдарын есептегенде “Франс-2” және “Франс-3” үлкен бiр тоқырау мезетiнде тұрып қалды. Үкiметтiң компаниядан холдингке ауысу мүмкіндігі тұр. Мемлекет тарапынан компанияны қаржыландыру тоқтатылды. Сондықтан қосымша ақша табу мақсатында бос эфир уақытын (жарнамалар мен хабарландыру үшiн) сату жұмысы болған. 50-минуттық фильмдердiң 12 минуты жарнамалық “тукели”. Қаржының тапшылығы кейбiр хабарлардың сапасыз шығуына себеп болып отыр. “Франс-2” каналы мен финанс жағдайының нашарлығынан емес оның өзiндiк нәтижесi болуы қажет. “ТФ-1”-дi қайталамай, ақшаны қалай табу жолдарын iздестiргенiмiз үшiн бiздi айыптайды. “Франс-телевизьионның” “Франс-2”-нi қайталауы үшiн айыптайды.

1. Beur FM

2. Evasion FM

3. OUI FM

4. Radio compus Paris

5. Radio France

6. Radio France Internationale

7. Radio latina

1. “Beur FM»- Франциядағы магребтiк қоғамдастықтың радиосы. Күнделiктi жаңалықтарды, Франция елiнiң тыныс-тiршiлiгiн, эфирге өзiнiң музыкалық көркемдеумен шығып отырады.

2. «Radio France» - саяси жаңалықтарды, аймақтық, экономикалық, мәдени және халықаралық жаңалықтарды енгiзiп отырады.

3. «Француз радиосының халықаралық қызметi». Бұл дүние жүзiндегi әлемдiк ақпараттық радио деп есептеледi. Франция радиосының барлық ақпараттық газет-журналдары бар. Франция радиосын Интернет картасында бес тiлде ести аламыз. Француз радиосы Париждегi мәдени өмiрдiң көрiнiстерiн ұсынады.

4. «Radio Latina» - қоғамдық радио. Мұнда көбiнесе қоғамдық-саяси, экономикалық жаңалықтарды күнiнде бiр сағат сайын берiп отырады. Кешке ойын-сауық бағдарламалары, сергiтетiн шоулары берiледi. Сондай-ақ, спорттық жаңалықтардан хабардар етеді. Көбiнесе қоғамдық жаңалықтарды беруге уақытты көп бөледi.
Бақылау сұрақтары:


  1. «Гавас» агенттігі қай жылы дүниеге келді?

  2. «Ашетт» тобы қандай өнімдер шығарады?

  3. «Монд» газетінің ұстанымы қандай?

  4. Эрсан тобының басылымдары қандай?


Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Шарончикова В. СМИ Франции. М.,1985.

  2. Сухорукова Л. Еженедельники в системе средств массовой информации Франции. М., 1990.

  3. Сапунов В.И. Зарубежные информационные агентсва. СПб.,2006.

  4. Рамазан А.Ә. Шетел журналистикасының тарихы. - Алматы, 2006.


7 - Дәріс. АҚШ БАҚ-ның дәстүрлері.

Қарастырылатын негізгі сұрақтар:

    1. АҚШ ­тағы баспасөз монополиялары.

    2. АҚШ ақпарат әлеміндегі трансұлттық корпорациялардың орны.

    3. АҚШ журналистикасының жарық жұлдыздары ­ Л.Кинг, О.Уинфри.

    4. АҚШ­тың беделді басылымдары.

Америка баспасөзінің пайда болуы. Ағылшын газеттері үлгісіндегі алғашқы басылымдардың бағыт-бағдары.

Электронды ақпарат құралдарының дүниеге келуі. Баспасөздегі монополиялану ісінің қалыптаса бастауы. Әлемді дүр сілкіндірген Херст ісі. Америка БАҚ -ның ұстанымдары.

Баспасөз - бизнес көзі. Америка БАҚ-ның заңмен қорғалынуы. Америка БАҚ - төртінші билік иесі. Америка баспасөзі - демократия сақшысы.

Америка журналдарының ақпарат рыногындағы орны. Журналдардың қалыптасуына Г.Люс пен Б.Хадденнің қосқан үлесі.

Американың беделді газеттерінің баспасөз әлеміндегі орны. Ірі баспасөз монополиялары. Р.Мэрдоктың баспасөз империясы. “Ганнет“ компаниясының ұстанымдары.

“Ассошиэйтед пресс“,“Юнайтед пресс“, “ ЮСИА“ агенттіктерінің қызметі.

Журналистика саласындағы марапаттаулар.

Америка Құрама Штаты - батыс жарты шардағы iрi мемлекет. Оның барлық жерi түгелдей дерлiк солтүстiк Америкада. АҚШ-тың шығысында Атлант мұхиты, ал батыс жағалауында Тынық мұхиты жатыр. АҚШ - федеративтi ел. Астанасы - Вашингтон қаласы. Халқы - 263 млн. Жер көлемi - 9 млн. 363 200 шаршы шақырым. Мемлекет басшысы - Президент. Тiлi - ағылшын тiлi. Валютасы - доллар.

АҚШ басылымдарының көбi газет трестерiнiң, синдикат пен компанияларының еншiсiнде. Олардың алдыңғы қатарлары - «Ганнет компани» - 90 - нан астам газетi бар. «Найт Р идер Ньюзпейперз» - 32 газет; «Херст Корпорейшн» - 26 күнделiктi газет, 17 жексенбiлiк газет, 13 журнал; «Трибюн компани», «Нью - Йорк Таймс компани», «Нью Америка паблишинг», «Тайм инкорпорейтид» компаниялары.



Газет-журналдары

  • -«The Washington Post»; ұлттық және халықаралық жаңалықтарды жазады. Тiлi - күрделi. Оқырмандары, тiптi американдықтардың өздерi де кәсiби сөздiктердi қолдануына тура келедi. Таралымы - 763 305 дана.

  • - «The New York Times»; Негiзiнен Нью - Йорк қаласының жаңалықтары басылады. Саясат, экономика, қаржы, спорт, мәдениет тақырыбындағы материалдарды оқуға болады. Газеттiң ұраны – «Басуға болатын кез-келген жаңалықты басамыз». Таралымы - 1086 293 дана.

  • -«Los Angles Times»; Лос - Анджелес қаласы мен қала сыртқы жаңалықтармен таныстырады. Таралымы - 1078 186 дана.

  • - U.S. News; ұлттық және халықаралық жаңалықтарды таратумен айналысады.

  • - «Milwoky journal»; кешкiлiк газет. 1882 жылдан бастап шығады. АҚШ - тың ең танымал газеттерi ондығына кiредi.

  • - “News day»; таралымы - 214 мың дана. 1905 жылы Манхеттен қаласында құрылып, кейiн орталығы Нью-Йорк қаласына көшiрiлдi. Америка саясаты, бизнес, экономика, мәдениетiне қатысты мақалалар басылады, сонымен қатар спортқа да ерекше көңiл бөлiнген. Таралымы - 634 627 дана.

  • -«The Shadow» – бұл - белгiлi бiр топқа арналған газет. Оқырмандар контингентi шектеулi. Атының өзi «Көлеңке» - газет бағытын көрсетiп тұрғандай.

  • - «Fortune» - АҚШ-қа қатысты әр түрлi материалдар басумен шұғылданады.

  • -«Time» – АҚШ-та беделi бар газет. Түрлi тақырыптағы материалдарды басады. Шетелде 40 басылымы бар.

  • - «Soldier of fortune» - әскери адамдарға арналған газет. Айына бiр рет шығады. Қару-жарақ туралы қызықты материалдарды, АҚШ әскерилерiнiң жайы туралы хабар алуға болады.

  • - «People» - көпшiлiкке арналған газет. Халықаралық қатынасқа жiтi көңiл бөледi.

  • - «Forbes» - ірi бизнес және банк пен корпорациялар жөнiнде хабаршы. Негізінен экономистерге арналған журнал.

  • - «Billboard» - Музыка, музыкалық аспаптар туралы жазатын бірден-бір басылым.

  • - «SF Gate» - Сан-Франциско қаласының газетi. Саясат, экономика, спорт, мәдениет жаңалықтарын қамтиды.

  • - «Chicago tribune» - Чикаго қаласының жергiлiктi газетi . Таралымы - 657 690 дана.

  • - «Boston Herald» - Бостон қаласының ескi газеттерiнiң бiрi. Негiзгi бағыты мәдениет пен өнер жаңалықтары.

  • - «The economist» - Американдық және ағылшын авторларының саясат және экономика туралы мақалалары, сараптау мақалалары жарияланады.

  • - «Better Homes and gardens» - арнаулы газет. Интерьерлер дизайны және өсiмдiктермен шұғылданатын адамдарға арналған iрi басылым.

  • - «TV- Guide» - теледидар бағдарламаларымен таныстыруды мақсат тұтады.

  • - «Select» - көпшiлiкке арналған газет. «Таңда» деп аударылады. Кез-келген тақырыпта мақала, заметка, хабар-ошар оқуға болады.

  • - «Wall Street Journal» - Нью-Йоркта шығатын күнделiктi саяси - экономикалық газет. Таралымы - 1 752 693 дана.

  • - «U.S. Today» - 1982 жылдан бастап «Ганнет компани» тарапынан құрылған: көңiл көтеретiн материалдар, қызықты ойындар басым, тереңдетiлген ақпарат пен сараптауларды таба алмайсыз. Таралымы - 1 671 539 дана.

  • 1. «Cosmopolitan» - қыз-келіншектерге арналған журнал. Сан түрлi кеңестер, көңiл-көтеру мақалалары берiледi. Бiрiншi бетiне мiндеттi түрде танымал өнер жұлдыздарының суретi басылады. Ішi-сырты түрлi - түстi.

Америкадағы әйелдерге арналған басылымдар. “Космополитен” (“Cosmopolitan”). Бұл американың ең көне журналы, өткен ғасырдың 1886 жылы негiзi қаланған. Ол жанұялық, әйелдер журналы және әлемдiк БАҚ-тағы лидерлiк жүйеден орын алған. “Космополитен” Херстiң ең iрi американдық корпорациясында 1895 жылы тағы жарық көрген. Журналдың негiзiн У.Р. Херстом қалаған. Америка мен Европада 1905 жылы 14 күнделiктi және 30 апталық газет, 20 журнал шығады, сондай-ақ кiтап баспа жұмысымен, радио және теледидармен айналысады.

“Космополитен” - әлемдегi 80-ге жуық елде 33 баспа табақ болып 21 тiлде шығады, оның әлемдегi оқырман аудиториясы - 27 млн. қыз-келіншектер.

2004 жылы “Космополитен” журналының орыс тiлiнде жарық көргенiне он жыл толды, “Cosmo» - бұл табыс деген сөзден шыққан болатын. Таралымы 450 мың дана, оның оқырман аудиториясы 2 миллионға жуық, әрбiр нөмiрiн қалдырмай, күнiне шамамен 4-5 млн. адам оқиды. Бiздiң елде ол “Ең бiрiншi басылым” компаниясы “Ендепендет медиа” (endependent media), осы журналды және басқа да журналдарды Херст корпорациясы шығарады. “Ендепендет медиа” – голландық компания 1992 жылы Ресейде құрылған. “Ендепендет медиа” – Ресейлiк нарықтағы газеттер мен журналдар басылымы. Ағылшын тiлiндегi журналдар “Москоу таймс” (“The Moscow Times”), “Санкт-Петербург таймс” (“The St.Peterburg times”), орыс тiлiнде “Капитал” және тағы да ағылшын тiлiнде “Раша ревью” (“Russia revieue”) журналы басылып шықты. Херст компаниясы 1998 жылдың соңында 17 басылым шығарды. “Космополитен” компаниядағы ең бiрiншi әйелдер журналы болып қала бередi. “Пилотный” журналы 1994 жылдың сәуiр айында - “Харперс базар” (70 мың дана) және төртiншi 1997 жылы наурыз айында “Мари Киер” ( 50 мың дана) болып жарық көрдi.

“Космополитен” журналының бiрiншi ресейлiк нөмiрi 1994 жылы 60 мың дана, 130 бетпен жарыққа шықты.

Бұл журнал қазiргi жас әйелдерге арналған, сән, әдемiлiк, денсаулық және тағы басқалары жайында жазады. Бiрақ “Cosmo-ның” басты тақырыбы – әлем әйелдерiнiң сезiмi, оның жұбайына деген сүйiспеншiлiгi, достары және ұжымы, балалары ата-аналары жайында көбiрек жазады.

Бiрiншi нөмiрi үш бөлiмнен тұрған: “Сен және әдемiлiк”(тоғыз мақала). Келесi нөмiрiне тағыда екеуi қосылды: “Өмiр” және “Жұлдыз”. Сондай-ақ журналдың айдарлары: “Бiзбен бiрге”, “Жүрек соғысы” (оқырмандардың хаттарына психолог жауап бередi), “Денсаулық”, “Үйдегi спорт зал”, “Ақша”, “Оның көзқарасы”, “Тамара Глобаның жұлдызнамасы”, “Саяхат”, “Сiз бұны қайдан сатып алдыңыз?” (дүкеннiң мекен-жайы, қайда аяқ киiм сатылады, киiм және аксессуар) осының барлығы журнал беттерiнде жарияланады. Барлық айдарлар ағылшын әйелдер журналы “Космополитеннен” алынған. Журналдың көпшiлiгi аударылған метериалдар. Бiрiншi нөмiрiнде 45-бет болды, сондай-ақ “Cosmo” тегiн таратылады, бұл жарнама негiзiнде батыстық фирмада басылып, “Эскада” (Киiм жарнамасы), “Христиан Диор” (Иiс су және косметика), “Синержи” (Косметика) “Карты” (Сағат). Осы жарнамалар көптеп берiледi, сондықтан “Cosmo” қолдан-қолға таралып отырады. Оны барлық әйелдер оқиды. Ресейде “Космолитен” бiрiншi “Глянцевый журнал” (“glossy magarine”) – сәндi, иллюстративтiк бай журнал болып шықты. Ол американдық марканы қолданып, әлемде өзiнiң экономикалық көрсеткiшiмен танылды. “Космолитен” әйел-аналарға арналған басылым, өте қарапайым, түсiнiктi және сапалы. Кейбiр үлкен жастағы әйелдер “Космоны” оқып, өзiнiң түсiнiктерiн толықтырады деген түсiнiк те жоқ емес. Белгiлi журналдың таралымы - 1997 жылы 350 мың данаға дейiн көтерiлдi деп жазды И.И. Засурский өзiнiң диссертациясында “Cosmopolitan” ағылшын журналы 1994 жылы мамыр айында 320 бет және қосымша арнайы бетпен шығарылды, бағасы 2,5 доллар құрады.

“Космополитен” журналында жарнама көптеп берiледi. Мұнда жарнама мамандары, астрологтар, психологтар және сексологтар, танысу хаттары, әйелдер үшiн әртүрлi сенiм телефондары қызмет атқарады.

“Космополитен” ағылшын әйелдер журналы барлық басылымдар iшiнде бiрiншi орын алады. Пайда болғаннан бастап “Cosmopolitan” (“Космополитен”) журналының таралымы көп болған. Бұл журнал супермаркет және басқа дүкендер арқылы сатылады. Негiзгi сату орындары: дөңгіршіктер мен басқа сауда нүктелерi.

ХХI ғасырдың алғашқы жылдарында АҚШ-та күнделiктi газеттердi сату-сатып алу тұрғысында аса iрi мәмiлелер бекiтумен айшықталады. Осының нәтижесiнде елдiң жетекшi газет компаниялары тiзiмiне көп өзгерiс енiп, ол қайтадан жасалынды. Мәселен, Томсон өзiнiң иелiгiндегi барлық 49 газеттi сатып жiбердi. Ол сондай-ақ Канададағы өзiне тиесiлi газеттерден де (“Глоб энд мейлдан” өзгесiнен) құтылды. Ендi бұл баспа тобы бар күш-қаржысын электрондық бизнеске бағыттамақ. Оның 22 газетiн “Ганнет компани” сатып алды. Өзге қожайындардан тағы да бiрнеше газет сатып алған бұл компания бұрындары да өзiнiң күнделiктi басылымдарының ортақ таралымы жөнiнен лидер саналатын. Ендi ол күнделiктi газеттер саны бойынша да бiрiншi орынға шығып отыр – барлығы 99 күнделiктi газеттердiң ортақ таралымы 6,7 млн. данаға жеттi. Томсонның 17 күнделiктi газетiн АҚШ-тың баспасөз нарығында 1995 жылдан бастап жұмыс iстеп келе жатқан “Коммьюнити ньюспейперс холлдингс ИНК” сатып алды. Бұл компания Алабама штатындағы Бирменгемде орналасқан. Иелiгiнде 96 күнделiктi газет, осының сыртында тағы 200 ұсақ газеттер бар. Ол ендi АҚШ-тағы жетекшi газет компаниялары тiзiмiнде Томсонның орнын басты.

“Нью-Йорк Таймс Компани” жетi ұсақ газеттi, төрт күнделiктi және үш күнделiктi емес басылымдарды сатып жiбердi. Бұл басылымдар Флорида, Калифорния, Луизиана штаттарында таралады. Ендi бұл компания иелiгiнде тек iрi газеттерден (“Нью-Йорк таймс” пен “Бостон Глоб”-тан) өзге 14 жергiлiктi iрi басылымдар ғана қалды. Наурыз айында “Трибюн компаниге” “Таймс Миррор Компанидiң” қосылатындығы хабарланды. Бұл бағасы жөнiнен (18 млрд. долл) АҚШ-тағы, тiптi газет индустриясында “жыл мәмiлесi” деген атқа лайық. Осының нәтижесiнде, он бiр күнделiктi аса iрi газеттерден (“Лос-Анджелес Таймс”, “Чикаго Трибюн”, “Балтимор Сан”, “Ньюсдей”) тұратын мегакорпорация құрылды. Күнделiктi газеттерiнiң ортақ таралымы жөнiнен (3,5 млн.) Ол ендi “Танкет компани” мен “Наит-Гиддерден” кейiнгi үшiншi орынға шығып отыр.

Бiздi Америка газет индустриясының жарнамадан түскен түсiмінiң өсiмi қызықтырары сөзсiз. Барлық БАҚ түрлерi iшiнде жарнамалық табыс жөнiнен газет саласы бiрiншi орынды иеленедi. 1999 жылы АҚШ газеттерi жарнамадан рекордтық табыс тапты – 46.3 млрд. доллар (1998 жылмен салыстырғанда өсiм 5.4 %). Ал 2002 жылғы табыс алдын ала мамандар болжамы бойынша, 59 млрд. долларға жеткен.

Газет iсiнiң сарапшылары күтпеген жаңа тенденция – күнделiктi газеттерiнiң таралымының құлдырауы тоқтап, жыл басында шамалы өсiм байқалған. Америка газет ассоциациясының мәлiметтерiне сәйкес бұл өсiм 0,2 %-ы құраған (ал 1999 жылдан берi олардың ортақ таралымы 0,5 %-ке құлдыраған болатын), яғни бұл 113 мың данаға көбейдi деген сөз. Сөйтiп, АҚШ-тағы күнделiктi баспасөздiң жалпы таралымы қайтадан 59 млн. данадан асқан.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет