2014 жылдың І тоқсанына Курчатов қаласы бюджетінің орындалуы туралы ақпарат



Дата08.06.2018
өлшемі61 Kb.
#41722
2014 жылдың І тоқсанына

Курчатов қаласы бюджетінің орындалуы

туралы ақпарат
Курчатов қаласының 2014 жылға бекітілген бюджеті 1757638,0 мың теңге сомада, соның ішінде 713997,0 мың теңге меншіктік кірісті құрады (салықтық түсімдер – 682090,0 мың теңге, салықтық емес түсімдер – 7445,0 мың теңге, негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер – 24462,0 мың теңге), ағымдағы нысаналы трансферттер – 66112,0 мың теңге, нысаналы трансферттерді дамытуға 787440,0 мың теңге, субвенция 141199,0 мың теңге сомада, 48890,0 мың теңге сомада ауданның (облыстық маңызы бар қала) жергілікті атқарушы органдардан алынатын қарыздар.

Бюджеттің кіріс бөлігінің орындалуы

2014 жылдың бірінші жартыжылдығында қала бюджетіне 389927,1 мың теңге кірістер түсті немесе 112,8 %, өткен жылдың кезеңдерімен салыстырғанда 54377,8 мың теңгеге артық. Республикалық және облыстық бюджеттерден түскен нысаналы трансферттер мен субвенциялар 785954,0 мың теңгені құрады.

Толық қала бюджеті бойынша бекітілген жоспарлардың орындалуы барлық 26 кіріс көздері бойынша қол жеткізілді.

Толығымен 2014 жылдың бірінші тоқсанына тағайындалған жоспардан тыс 44106,5 мың теңге келіп түсті.

101201 «Төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы» коды бойынша жоспардан тыс 12615,0 мың теңге түсті, тұрғылықты жерде қайта тірелуіне байланысты «Ульба-Фторкомплекс» ЖШС түскен төлемдер, «Балапан Көлігі» ЖШС компаниясы бойынша есепке алу жүргізілген 8500,0 теңге сомада, сондай-ақ мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар бойынша еңбекақы 10 % көтерілуіне байланысты түсім көтерілді.

101202 «Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы» коды бойынша жоспардан тыс 1929,1 мың теңге түсті.

10204 «Төлем көзінен салық салынатын шетелдік азаматтар табыстарынан ұсталатын жеке табыс салығы» коды бойынша жоспардан тыс 16583,0 мың теңге түсті. Құрылтайшы үлес пайдашылардан «Балапан Көлігі» ЖШС компаниясынан біржолғы төлем.

103101 «Әлеуметтік салық» коды бойынша жоспардан тыс 11134,6 мың теңге түсті. «Балапан Көлігі» ЖШС компаниясы есебінен 8000,0 мың теңге жүргізілді.

104302 «Елдi мекендер жерлерiне жеке тұлғалардан алынатын жер салығы» коды бойынша жоспардан тыс 1095,4 мың теңге түсті. Жеке тұлғалардан ағымдағ төлемдер, 978,6 мың теңге төлем Н.В. Ковалевадан келіп түсті.

104308 «Елді мекендер жерлеріне заңды тұлғалардан, жеке кәсіпкерлерден, алынатын жер салығы» коды бойынша жоспардан тыс 3809,8 мың теңге түсті. «Балапан Көлігі» ЖШС компаниясы есебінен 1398,0 мың теңге жүргізілді, «Ульба-Фторкомплекс» ЖШС қателесіп түскен төлемдер.

303 101 «Жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер» коды бойынша коды бойынша жоспардан тыс 3738,3 мың теңге түсті.
Бюджеттің шығыс бөлігінің орындалуы.

2014 жылдың бірінші жарты жылдығына, қала бюджетінің орындалуы республикалық және облыстық бюджеттерден түскен нысаналы трансферттер, субвенциялар, есебінен 1217104,6 мың теңге немесе 99,9% құрады.



Жалпы түрдегі мемлекеттік қызметке 595013,7 мың теңге шығысталды жоспар бойынша 59582,5 мың теңге немесе 99,9 %. Соның ішінде: бизнес-ноутбук, түрлі-түсті принтер, теледидар, әкім аппараты үшін проектор, қаржы бөліміне процессор.

Қорғанысқа 7025,9 мың теңге шығысталды жоспар бойынша 7026,0 мың теңге немесе 100 %.

«Жалпы әскери міндеттемелерді орындау аясындағы іс шаралар» бағдарламасы бойынша 2025,9 мың теңге шығысталды. 142 адамға мед. комиссия жүргізілді, соның ішінде: шақырылғандар -58 адам, жаңадан қосылғандар - 73 адам, Әскери жоғарғы оқу орынына үміткерлер -7 адам, әскери техникалық мектеп -4 адам.

-«Аудан ауқымында (облыстық маңызы бар қала) төтенше жағдайларды жоюжәне ескерту» бағдарламасы бойынша қалаға әлеуметтік тағайындалған нысандарды жылумен қамтамасыз етуге 5000,0 мың теңге шығысталды.

Білімге 24208,6 мың теңге шығысталды жоспар бойынша 242229,0 немесе 100 %. оның ішінде сатып алынды: «Күншуақ» бала бақшасына жиһаздар, жұмсақ құралдар, шаруашылық құралдары, етке металл сөрелер, бактерцидтты лампалар, компьютер, ноутбук сатып алынды.

«Журавушка» бала бақшасына сатып алынды: ЛС-8 кептіргіш машинасы, құймақ пысырғыш, екі қабатты төсек, ойын аймағы (дүкен, гараж, шаштараз), музыка залына перде, газон шапқыш, процессор, акустикалық жүйе, құрал-саймандар үшін шкаф, киімдер үшін шкаф, ойыншықтар үшін шкаф, стөл және орындықтар, 1С-Кәсіпорын бағдарламалық қамтамасыз ету, 1 жұмыс орынына клиенттік лицезия, вирусқа қарсы бағдарлама, түптейтін машина, мемлекеттік рәміздер, медициналық кушетка мен ширма;

-«Скала» балалар жасөспірімдер клубына спорттық велосипедттер сатып алынды.

-№ 3 орта мектепке және мектепте құрылған шағын-орталыққа кілем-төсеніш, 5 кілем, 3 электржылытқыш, тәрбиешілерге стол және орындық, орындықтар, екі қабатты төсектер, 4 шаңсорғыш және 2 пневматикалық винтовка, спорттық тенажерлер, би үйірмесіне костюмдер сатып алынды.

-қамқоршыларға айсайын ақша қаражатын төлуге 2334,0 мың теңге бөлінді, 2315,0 мың теңге сомада игерілді немесе 99,2%, 21 қамқоршыға төлем жүргізілді.

Аптасына бес күн 4 сағаттан, күніне 2 мезгіл тамақтандырумен № 3 орта мектепте және мектеп гимназияда мини орталық қызмет көрсетеді.



Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз етуге 61549,4 мың теңге шығысталды жоспар бойынша 61812,0 мың теңге немесе 99,6 %.

Жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша жоспарланған қаражат 16379,0 мың теңге сомада, 16363,8 мың теңге сомада игерілді немесе 99,9 %.

2020 жұмыспен қамту Бағдарламасының қатысушыларына мемлекеттік қолдау көрсету шараларына республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер 8615,0 мың теңге бөлінді, 8600,0 мың теңге сомада игерілді немесе 99,8 %. Еңбек ақысын жартылай қаржыландырумен әлеуметтік жұмыс орынына 65 адам жіберілді. Жастар тәжірибесінде 9 адам жұмыс істейді.Кадрларды қайта даярлауға жіберілді және 27 адам оқып келді.

Қоғамдық жұмыстарға 6340,0 мың теңге бөлінді, толық көлемде игерілді, қоғамдық жұмыстарға қала бюджетінің есебінен 75 адам қатысты.

Келісімшарт мерзімі аяқталғаннан кейін 21 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Жұмыссыздарды қайта даярлау және кәсіптік даярлау бағдарламасына 625,0 мың теңге бөлінді, толық көлемде игерілді, 20 адам оқып жатыр.

Тұрғындарды жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шараларға 799,0 мың теңге бөлінді, 798,6 мың теңге сомада игерілді немесе 100 %.20 адам әлеуметтік жұмыс орынына жұмысқа орналасты.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге 248,0 мың теңге бөлінген, 245,4 мың теңге сомада игерілді немесе 99,0 %, төлем тұрғындардың өтініш беру фактілері бойынша жүргізілді, осы көмек 21 алушыға тағайындалды және төленді.

Тұрғын үй көмегін көрсетуге 915,0 мың теңге бөлінді, толық көлемде игерілді, немесе 100 %, осы көмек 51 отбасына тағайындалды және төленді , 22 отбасына телефонға көтерілген абоненттік төлемдерге өтемақы тағайындалды және төленді.

Жеке санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетуге облыстық бюджеттен нысаналы трансферттер 24510,0 мың теңге түсті, толықтай игерілді, ҰОС мүгедектері мен қатысушыларға және оған тең келетін тұлғаларға коммуналдық қызмет төлемінің шығындарына өтем ақы 417 адамға материалдық көмек көрсетілді. Тұрмысы төмен отбасылардан 7 балаға жоғары оқу орнында оқу үшін көмек көрсетілді, 42 көп балалы аналарға, «Алтын алқа» белгісімен марапатталған, «Күміс алқа» немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған және «Материнская слава» 1,2 дәрежелі орденімен марапатталған және 4 және одан да көп балалы кәмелетке толмаған балалармен тұратын 43 көпбалаплы аналарға материалдық көмек көрсетілді. Қала бюджеті қаражаты есебінен 1300,0 мың теңге бөлінді, 1182,0 мың теңге сомада немесе 90,9% игерілді, тұрмысы төмен азаматтар санынан көмек сұраған 98 адамға материалдық көмек көрсетілді. Төлем іс жүзінде аударым және өтініш бойныша жүргізілді.

Үйде оқып тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз етуге 1151,0 мың теңге бөлінді, толық көлемде игерілді. 10 мүгедек балаларға материалдық көмек көрсетілді, нақты есеп бойынша төлем жүргізілді.

18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы 863,0 мың теңге бөлінді, толық көлемде игерілді немесе 100%, 175 балаға жәрдемақы төленді, алушыларға төлем іс жүзінде өтініш бойынша жүргізілді.

Арнайы гигиеналық құралдарды қажет ететін мүгедектерді қамтамасыз етуге 41,0 мың теңге бөлінді, толық көлемде игерілді немесе 100%. 5 адам арнайы гигиеналық құралдардармен қамтамасыз етілді.

Жұмыспен қамту орталығының қызметін қамтамасыз етуге 5576,0 мың теңге республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер бөлінді, 5575,8 мың теңге игерілді немесе 100%, төлем тағайындалған шоттар мен есептеу фактілері бойынша жүргізілді.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне компьютер, жүйелі блок, веб-камера, акустикалық колонкалар, клавиатура сатып алынды.

Өрлеу жобасы бойынша Республикалық бюджеттен 970,0 мың теңге нысаналы трансферттер бөлінді, 843,7 мың теңге игерілді, ақпараттық-түсіндіру сипаттағы баспа өнімін дайындауға төленді, Өрлеу тематикасымен баннер сатып алынды. Отбасынның әлеуметтік келісімін жандандырып орындауға және қол қою шартымен оларды іс жүзінде қажет ету есебімен 3 отбасына шарттасқан ақшадай көмек ұсынылды. Толық игерілмеу себебі, әлеуметтік жұмыс және ассисенттер бойынша консультант жұмыстары жөнінде хабарландыру, мемлекеттік сатып алу сайтына хабарландыру және келісімшарт құру бойынша облыстық жұмыспен қамту басқармасынан ұсыныстыр болған жоқ. Осы бағдарлама бойынша жұмыстар 2014 жылдың сәуір айынан басталды.



Тұрмыстық коммуналдық шаруашылыққа 616512,9 мың теңге бөлінді, игерілгені 615972,6 мың теңге сомада игерілді немесе немесе 99,9 % оның ішінде:

- кондоминимумдар нысандарына техникалық құжаттар даярлауға 293,0 мың теңге бөлінді, толық көлемде игерілді, Тәуелсіздік көшесі, 17 және Абай көшесі 37 бойынша 2 кондоминимумдер нысандарына тех.құжат даярлауға аванстық төлемдер аударылды;

-тұрғын үй сатып алуға 589440,0 мың теңге бөлінді, 589439,7 мың теңге сомада игерілді, конкурс нәтижелері бойынша үнем;

- көшелерді жарықтандыруға 7327,0 мың теңге бөлінді, 6787,9 мың теңге сомада игерілді немесе 92,6 %, көшені жарықтандыру жүйелеріне қызмет көрсету бойынша жұмыстарға, 2318862 квт электрэнергияны тұтынғаны үшін, төленді;

- қаланың тазалығын қамтамасыз етуге 7942,0 мың теңге қаражат бөлінді, қаражат толық көлемде 100 % игерілді, механикалық жинауға келмейтін аумақтарды қолмен жинау жүргізілді, қоқыстар мен қарлар жинап шығарылды, төлем атқарылған жұмыс актілері бойынша ;

-панасыздарды жерлеуге және жерлейтін орында ұстауға 716,0 мың теңге бөлінді, толық көлемде игерілді. Зираттардың аумағына тазарту жүргізілді, кіреберіс жолдарға жоспарлау жүргізілді, қоқыс салу үшін арнайы контейнерлер орнатылды;

- көгалдандыруға және абаттандыруға 10794,0 мың теңге қаражат бөлінді, толық көлемде игерілді. Абай көшесі бойынша жолдың іргесіне металл қоршаулар орнатылды, 370 дана қарағай егілді, гүлдер егілді, 911 дана көшеттер отырғызылды;

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістікке 52197,0 мың теңге бөлінді, игерілгені 52155,5 мың теңге немесе 99,9 %.



  • бос уақытты мәдениетті өткізуді қолдау жұмыстарына

24284,0 мың теңге бөлінді, толық көлемде игерілді, соның ішінде қалалық мерекелік іс шаралар өткізілді; интернационалист әскер күні, халықтық мейрам «Масленица», 8 наурыз, Наурыз – Мейрамы, Өскемен қаласында конкурсқа әртістер іс шараларына, мүмкіндігі шектеулі балалар үшін іс шаралар, Қазақстан Халықтар Бірлігі күні, Жеңіс күні, Балаларды қорғау күні;

  • спорттық сайыстарды өткізуге 335,0 мың теңге бөлінді, толық

көлемде игерілді немесе 100%, шаңғы, волейбол, баскедбол, жарыстарын өткізуге, қаланың кәсіпорындары мен ұйымдары арасында спартакияда, гир спорты бойынша іріктеу турниріне силықтар сатып алынды.

-басқа аумақтардағы спорттық жарыстарға қатысуға 5549,0 мың теңге бөлінді, 5549,0 мың теңге сомада толық көлемде игерілді немесе 100%. Кимоно, фудбол ойнағанда киетін киім, Армреслингке, күрескенде киетін киімдер, Халық ойындарының костюмдері сатып алынды. (Аягуз .қ.) қазақша күрес чемпионаты іс шараларына, (Семей. қ.) тхэквондо біріншілігі, (Озерка.с.) хоккейден жарыс, волейболдан көктемгі чемпионаты, хоккейден (Өскемен. Қ.) «Жұлдызша» облыстық турнирі, Халық ойындарының командасына, армреслингтен жарысқа басқа аумақтағы жарыстарға қатысты;

-қалалық кітапхананың қызметтеріне 3784,0 мың теңге бөлінді, 3783,7 мың теңге сомада игерілді немесе 100%;


  • мемлекеттік және басқа да Қазақстан халықтарының тілдерін

дамытуға 3075,0 мың теңге бөлінді, толық көлемде игерілді немесе немесе 100% , мемлекеттік тілді оқу бойынша 8 топ (110 тыңдаушы) құрылды және ағылшын тілін оқу бойынша 5 топ (70 тыңдаушы) құрылды және қызмет көрсетеді; қазақ тілін оқуға ниет білдіргендер үшін конкурстар, мемлекеттік тыңдаушылар үшін қазақ тілінен үнемі сынақ тесттері өткізіледі,апта сайын үлкендер мен балалар үшін газетте қазақ тілінде рубрикалар шығарылып тұрады, маусым айында 2013-2014 жылдарға қорытынды тестілеу жүргізілді, тестілеудің нәтижесімен сертификаттар тапсырылды ;

-газеттермен журналдар арқылы мемлекеттік ақпараттық саясаттарды өткізу бойынша қызметке 1008,0 мың теңге бөлінді, толық көлемде игерілді немесе немесе 100%, «Спектор резонанс», «Көкжиегі» газеттері арқылы ақпараттық қызметтерге төлем жүргізілді;

- телерадио арқылы мемлекеттік ақпараттық саясаттарды жүргізу бойынша қызметтерге 80,0 мың теңге бөлінді, толық көлемде игерілді, хабарландыру және қала әкімінің пресс-қызметі материалдарын телевизияға шығару үшін «Поиск» ЖШС берліген шоттары бойынша төлем жүргізілді.

- 863,0 мың теңгеге : қалалық мәдениет үйіне кабинетке жиһаз, ілгіш, бумен үтіктейтін үтік, сәнді гүлді қоятын төсеніш, залды әсемдеу үшін гүл композицияларын, суреттердің конкурсын өткізу үшін мольберт, вазалар, жасанды гүлдер, достық үйіне вирусқа қарсы бағдарламалар, көпқызметті лазерлік түрлі-түсті құрылғы, қалалық кітапханаға шаңсорғыш, жастар бастамасы орталығына проектор мен фотоаппарат сатып алынды.

-жастар саясаты саласында бағдарламаны жүзеге асыруға 3791,0 мың теңге бөлінді, 3761,8 мың теңге сомада игерілді нмесе 99,2 %, «Жастар бастамасын дамыту орталығы» КММ ұстауға, жастар іс шараларын өткізуге кеңселік тауарлар, сыйлықтар сатып алынды;

- ішкі саясат бөліміне 122,0 мың теңгеге компьютер сатып алынды.



Ауыл шаруашылық, жер қатынастарына 10517,0 мың теңге сомада қаражат бөлінді, 10515,9 мың теңге сомада игерілді немесе 100 % соның ішінде:

-елді мекендерде жерге шаруашылықты орналастыруға 3555,0 мың теңге бөлінді, 3554,5 мың теңге сомада игерілді немесе 100%. ШҚО Курчатов қаласының әкімшілік шекарасында елді мекендеріндің базалық ставкасын кешенді әзірлеу өткізілді. Орындаушы ҚР аймақты дамыту Министрлігі жер ресурстарын басқару бойынша Комитеті «ҒӨО жер кадастры» шаруашылық жүргізу құқығындағы ВКФ РМК ;

- қаңғырған иттер мен мысықтарды жойып және оларды ұстауды ұйымдастыруға 330,0 мың теңге бөлінді, толық көлемде игерілді. 54 иесіз иттер мен мысықтар ұсталды;

-ауылшаруашылық малдарды сәйкестендіру бойынша іс шаралар жүргізуге 54,0 мың теңге бөлінді, толық көлемде игерілді. Өскемен қаласының «Казагромаркетинг» АҚ мамандары АШМС (ауылшаруашылық малдарды сәйкестендіру) бағдарламасын жаңарту, аппараттық қамтамасыз ету және бағдарламалық қызмет көрсету, жұмыс бекетін бағдарламалық қамтамасыз етуді қолдануға келтіру бойынша жалпы алдын алу жұмыстарын жүргізді;

- жануарлар індетіне қарсы іс шаралар өткізуге жергілікті бюджеттен 344,0 мың теңге бөлінді,толық көлемде игерілді, 2865 бас ауылшаруашылық малдарына сібір жарасына қарсы вакцина егу жүгізілді, 79 бас ауылшаруашылық малдарға (талдау жасауға қан алу) диагностика жүргізілді.

Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құылыс қызметтеріне – (құрылыс сәулет және қала құрылысы бөлімін ұстауға) -4892,0 мың теңге сомада қаражат бөлінді, 4891,6 мың теңге игерілді немесе 100 %, соның ішінде:

Көлік және коммуникацияға 14270,0 мың теңге сомада қаражат бөлінді, толық көлемде игерілді немесе 100 % қала көшелерінің жолдарын жазда сыпыру және қыста қардан тазалау бойынша келесі жұмыстар жүргізілді, автогрейдермен және қолмен қарды жинау, қала көшелерінің жолдарының шұңқырларына жөндеу және бордюрлерді сырлау жұмыстары жүргізілді;

Басқа да – 14270,0 мың теңге сомада қаражат бөлінді, толық көлемде игерілді немесе 99,8 % оның ішінде:

-399,9 мың теңге сомаға тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне ноутбук, компьютер сатып алынды;

- білім, дене шынықтыру және спорт бөліміне вирусқа қарсы бағдарлама және компьютер жиынтығы сатып алынды;

-2012-2020 жылдарға моноқалаларды дамыту бағдарламасы аясында мноқалаларды ағымдағы жайғастыруға 36418,0 мың теңге бөлінді, толық көлемде игерілді немесе 100%. Жеңіс саябағына жөндеу жұмымтары жүргізілді, креберіс стеллаларды орнату, «Аллеи строителей» және «Буратино» саябақтарына ағымдағы жөндеу жүргізу;

-«моноқалаларда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге кредиттеу» бағдарламасы бойынша 48890,0 мың теңге бөлінді, кәсіпкерлікті шағын кредиттеу үшін, қаражат толық көлемде «Ертіс» ӘКК Ұлттық компаниясы» АҚ аймақтық өкілдік ұйымға аударылды;

-«2012-2020 жылдарға моноқалаларды дамыту бағдарламасы аясында жобаларды жүзеге асыру үшін кредиттер бойынша пайыздық ставкамен қаражаттандыруға» 22500,0 мың теңге бөлінді, толық көлемде игерілді,қаражат «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ аударылды;

-«2012-2020 жылдарға моноқалаларды дамыту бағдарламасы аясында жаңа өндірістерді дамытуға гранттар беруге» 8000,0 мың теңге бөлінді, толық көлемде игерілді, гранттар «Дегелен Сервис KZ» ЖШС-2500,0 мың теңге, ЖК Базархан.Ш.- 2700,0 мың теңге, ЖК Демышев В.А.-2800,0 мың теңге сомада берілді;

-10000,0 мың теңге қала тұрғындарына және әлеуметтік тағайындалған сумен қамтамасыз ету бойынша іс шараларды өткізуге, қала бюджетінен жергілікті атқарушы органының қорының есебінен «ККСЭК» МКК бөлінді және аударылды;

- 51970,4 мың теңге сомада бюджетке 2013 жылы пайдаланылмаған трансферттер қайтарылды.



Бюджеттің атқарылуы бойынша

уәкілетті ұйымның басшысы А. Қуандықов


Бас маман Г. Ливчина

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет