Дивиденд саясаты
«KEGOC» АҚ Дивиденд саясаты дивидендтік төлемдердің мөлшерлерін анықтаған кезде Компания мен Жалғыз акционердің мүдделерінің сақталуына, Компанияның инвестициялық тартымдылығын арттыру мен оны капиталдандыруға, Жалғыз акционердің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құқықтары қатаң сақтау мен құрметтеуге негізделеді. Дивидендтерді төлеу талаптары мыналар болып табылады: Компанияда есептік кезеңде таза табысының болуы; Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген дивидендтер төлеуге шектеудің болмауы; Жалғыз акционердің шешімі.
Акционерлерге дивидендтер төлеу көзі тиісті қаржылық жыл немесе жарты жыл ішіндегі таза табыс яки «KEGOC» АҚ-ның ҚЕХС-мен сәйкес жасалған шоғырландырылған қаржылық есептемесі негізінде есептеліп таратылмаған пайда болып табылады. Компанияның Директорлар кеңесі қаржылық жыл немесе жарты жыл ішіндегі таза табысты тарату тәртібі туралы ұсынысты даярлау кезінде жылдағы дивидендтерді төлеуге жұмсалатын сома таза табыстың кем дегенде 40%-ын құрауы тиіс. «KEGOC» АҚ-ның жарты жыл қорытындылары бойынша жәй акциялары жөнінде дивидендтер төлеу туралы шешім Компанияның тиісті мезгіл ішіндегі Қаржылық есептілік аудитін жүргізген соң 3 ай ішінде акционерлерден кезектен тыс жалпы жиналысында қабылданады.
Акционерлердің жалпы жиналысы Директорлар кеңесінің ұсыныстарын қарай келе, өз қарауынша «KEGOC» АҚ-ның жәй акциялары жөнінде дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдайды, «KEGOC» АҚ-ның бір жәй акциясына есептегендегі дивиденд мөлшерін бекітеді, сондай-ақ дивидендтер төлеу күнін айқындайды.
Дивиденд тарихы
млн.теңге
|
2012 жылдың
қорытындылары бойынша
|
2013 жылдың
қорытындылары бойынша
|
2014
жылдың
қорытындылары бойынша (жоспар)
|
Төленген дивидендтер
|
2082,31
|
-
|
8 613,80
|
2014 жыл ішінде Компания таза табыстың теріс мәніне байланысты дивидендтерді жарияламады және төлеген жоқ.
Ішкі аудит қызметі
«KEGOC» АҚ Ішкі аудит қызметі 2006 жылы «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен құрылды. 31.12.2014ж. жай-күй бойынша ІАҚ штаты 7 адамды құрайды, бір орын бос.
Қызметтің миссиясы «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі мен Басқармасына Компанияның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу жөніндегі міндеттерін орындауда көмек көрсетуде болып табылады. ІАҚ қызметінің негізгі мақсаты – Директорлар кеңесіне тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау және корпоративтік басқару жүйелерін жетілдіруге жүйелік тәсілді енгізу арқылы Компанияны тиімді басқаруды қамтамасыз етуге арналған тәуелсіз және дұрыс ақпаратты ұсыну.
ІАҚ-ның 2014 жылға арналған жылдық аудиторлық жоспары (ЖАЖ) «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілді (24.01.2014ж. №1 хаттама). ІАҚ ЖАЖ-на сәйкес, тақырыбы Қоғам филиалдарын кешенді тексеруді, қаржылық есептілікті, сыртқы аудитті, Қоғамның сатып алуларын, тәуекелдерді басқаруды, бюджеттеуді, жобалардығ сыртқы байланыстарды, шағымдар мен өтініштер қарауды қамтитын 24 аудиторлық тапсырма орындалды. ІАҚ дер кезінде аудит объектілеріне аудиторлық есептерді, Аудит жөніндегі комитет пен Директорлар кеңесіне тоқсандық және жылдық есептерді тапсырды.
2014 жылы орындалған аудиторлық тапсырмалардың нәтижелері бойынша Қызмет Компанияға 229 ұсыным берді. Аудиттің обектілері Қызметпен бірлесе Түзету іс-қимылдары жоспарын әзірледі. Қызмет берілген ұсынымдар мониторингін тоқсан сайынғы негізде жүзеге асырып отырды. Мониторинг мақсаты аудиторлық ескертулердің дұрыс шешілгенін, яғни анықталған тәуекелдер деңгейін төмендетуді (болдырмау) қамтамасыз ететін шаралар қолданылғанын анықтауда болып табылады. Мониторинг нәтижелері бойынша 2014 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күй бойынша «KEGOC» АҚ 147 ұсынымды орындағаны анықталды, 82 ұсыным ендіру сатысында тұр.
Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау
«KEGOC» АҚ-да «KEGOC» АҚ қызметіне ішкі және сыртқы теріс факторлардың әсер ету дәрежесін шектеу жолымен қызметтің үздіксіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған тәуекелдерді басқару жүйесі табысты жұмыс істеуде.
Тәуекел менеджменті Директорлар кеңесінің, Ішкі аудит қызметінің, Басқарманың, меншік иелері - құрылымдық бөлімшелердің, тәуекелдерді басқаруға жауапты құрылымдық бөлімшелердің қатысуымен жүзеге асырылады.
Тәуекелдерді басқару жүйесінің негізгі қағидаттары:
Компания басшылығының тәуекелдерді басқаруға тартылуы;
тәуекелдерді басқару жүйесін тұрақты жетілдіру;
Компания қызметкерлерін тәуекелдерді басқару аясында оқыту мен білім алмастыру үздіксіздігі;
Есептілікті ұсыну және тәуекелдердің үдеуі кезіндегі ашықтық пен адалдық.
Компанияда жыл сайын тәуекелдер сәйкестендіріледі, олар бағаланып, тәуекелдерді бағалау жөнінде шаралар жасалады. «KEGOC» АҚ өз қызметін стратегиялық тәуекел, қаржы тәуекелі, операциялық тәуекел және құқықтық тәуекелдер санаттары бойынша бөлінген бизнеске байланысты тәуекелдердің кең ауқымын ескере отырып жүзеге асырады:.
Міндеті «KEGOC» АҚ Басқармасына Компанияның тәуекелдерін басқару мәселелері жөнінде ұсынымдар дайындау болып табылатын Тәуекелдер жөніндегі комитет 2014 жылы өз қызметін белсенді жүзеге асырды. 2014 жылы 7 отырыс өткізілді, онда Комитет мүшелері тәуекелдерді басқару жүйесі туралы есептерді қарады, тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша ішкі құжаттардың жобалары, Тізілім мен Тәуекелдер картасы, 2015 жылға арналған негізгі тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар жоспары және т.б. мақұлданды.
«KEGOC» АҚ қызметінде болған 2014 жылғы елеулі тәуекелдер:
Валюта тәуекелі. Валюта тәуекелі серіктестермен жасалған кредиттік келісімдер мен келісім шарттар бойынша міндеттемелерді орындаған кезде туындайды. Бұл тәуекел борыштық міндеттемелердің бөлігі шетелдік валютада (доллар, еуро) берілген уақытта Компания табыстарды ұлттық валюта – теңгемен алатынына байланысты елеулі бола түсуде.
Айырбас бағамынан тәуелділікті мейлінше азайту мақсатында Компания ақша қаражатын екінші дегейлі банктердің депозиттеріне орналастырады.
Көрсетілетін жүйелік қызметтер көлемдерінің азаюы, Қазақстан Республикасының электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің электр энергиясын жеткізу жөніндегі қызметтер көлемінің азаюы салдарынан, сондай-ақ Ресей Федерациясынан электр энергиясы транзитінің төмендеуі салдарынан туындайтын тәуекел. Осы тәуекелді басқару жоспарланатын көрсеткіштерді түзету жолымен жүргізіледі.
Қуатты реттеу бойынша жоспардан тыс э/э мен қызмет көрсетулер үшін Орталық Азия БЭЖ энергожүйелерінің төлемсіздік тәуекелі. "Өзбекэнерго" МАК-ның қуатты реттеу бойынша электр энергиясы мен қызмет көрсетулер төлеу жөніндегі шарттық міндеттемелерін бұзуы осы тәуекел туындауының негізгі факторлары болып табылады. Бұл тәуекелді жою мақсатында Компания "Өзбекэнерго" МАК-мен уақтылы төлеу және қуатты реттеу бойынша жеткізілген электр энергиясы мен қызмет көрсетулер берешегін жабу мәселелері жөнінде хат алмасу жүргізуде. Бұдан басқа, "Өзбекэнерго" МАК-ның қуатты реттеу жөнінде қызмет көрсеткені және жоспардан тыс электр энергиясы үшін шарттар бойынша берешегін жабу хақында кінәраттық-қуынымдық жұмыс жүргізеді.
Еңбек қауіпсіздігі тәуекелі. Компанияның қызметінде қызметкерлерге қауіпсіздік техникасын бұзу, кәсіби аурулар салдарынан өндірісте жазатайым жағдайдың туындау қаупі бар. Оларды азайту үшін «KEGOC» АҚ-да жұмыс орындары аралап, тексеріліп отырады, жұмыс орындарына аттестаттау жүргізіледі, жедел және жөндеу қызметкерінің техникалық оқуы, аварияға қарсы және өртке қарсы жаттығулар, ауысым алдындағы медициналық тексеру, нұсқаунамалар, қауіпсіздік техникасы жөнінде білімдеріне тексеру, өндірісте жарақаттанудың және жазатайым оқиғалардың алдын алу жөнінде дәрістер мен семинарлар өткізіледі.
Компанияда «KEGOC» АҚ-ның Ішкі бақылау жүйесі (ІБЖ)» стандартына (одан әрі – ІБЖ жөніндегі стандарт), сондай-ақ «KEGOC» АҚ-ның Ішкі бақылау жүйесі бойынша жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргізу» реттеліміне негізделген Ішкі бақылау жүйесі ендіріліп жұмыс істейді. «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің 26.05.2014 жылғы шешімімен бекітілген (№5 хаттама) ІБЖ жөніндегі стандартқа сәйкес, Директорлар кеңесі тәуекелге бағдарланған ұстанымды қолдана отырып, Компанияның ІБЖ-н ұйымдастыру, мониторингілеу және тиімділігін бағалау үшін жауапкершілікке ие болады; Басқарма Директорлар кеңесінің ІБЖ бойынша бекіткен ішкі құжатын әзірлеуді, ендіруді, ІБЖ-нің сенімді де тиімді жұмыс істеуін, ІБЖ мониторингін, ішкі бақылау үдерістері мен рәсімдерін жетілдіруді қамтамасыз етеді. ІБЖ Компанияның тәуекелдерге тез үн қатуға, негізгі және қосалқы бизнес-процестер мен күнделікті операцияларға бақылауды, сондай-ақ жақсарту үшін кез келген елеулі кемшіліктер мен салалар туралы тиісті деңгейдегі басшылықты дереу хабардар етуді жүзеге асыруға қабілетті басқару жүйесін құруды қарастырады.
«KEGOC» АҚ Корпоративтік басқару кодексіне, «KEGOC» АҚ ІАҚ жөніндегі стандартқа сәйкес, Директорлар кеңесі ең кем дегенде жылына бір рет ІБЖ-нің тиімділігін бағалауды жүзеге асыруға (Аудит жөніндегі комитетпен және Ішкі аудит қызметімен бірлесе), Жалғыз акционердің алдында осындай бағалау жүргізгені туралы есеп беруге міндетті. Осындай бағалау қаржылық және операциялық бақылауды, тәуекелдерді басқару жүйесінің тиімділігі мен сақталуын бақылауды қоса алғанда маңызды толық бақылауды қамтиды.
Осыған байланысты Директорлар кеңесі, Аудит жөніндегі комитет, Ішкі аудит қызметі ішкі бақылау жүйесі құрылатын құрылымдарды егжей-тегжейлі қарады:
бақылау ортасы;
тәуекелдерді бағалау;
бақылау рәсімдері;
ақпарат және оны беру;
мониторинг.
ІБЖ бақылау «Самұрық-Қазына» АҚ еншілес және бағынысты ұйымдарының ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін бағалау әдістемесіне сәйкес жүргізілді. Жүйені бағалау нәтижелері бойынша «KEGOC» АҚ ІБЖ әлемдік үздік тәжірибеге сәйкестігі деңгейі 74,70%-ды құрды (2013 жылы 73,33, өсуі – 1,37%)
2014 жылы Компания ІБЖ бойынша Реттелімді әзірлеп бекітті, мына бизнес-процестер бойынша блок-схемалар және тәуекелдер мен бақылаулардың матрицалары әзірленді: жылдық қаржылық есептілікті шоғырландыру; инвестициялық жоспарлау; құқықтық қамтамасыз ету; техникалық бақылау, еңбек қорғау мен өрт қауіпсіздігі; кірістерді және дебиторлармен есептесулерді есепке алу.
Ақпараттық саясат
«KEGOC» АҚ-ның ақпараттық саясатын іске асыру кезіндегі негізгі қағидаттар болып табылатындар:
ұдайылық және дер кезділік,
ашықтық және қолжетімдік,
анықтық пен толымдық,
оралымдылық,
құпиялық режимді сақтау,
теңгерімдік,
ақпарат алушылардың теңдігі.
Акционерлер, инвесторлар мен өзге де стейкхолдерлер алдында ақпаратты ашу мынадай тәсілдермен жүзеге асырылады:
ақпаратқа (құжаттарға) рұқсат беру;
бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру;
«KEGOC» АҚ-ның корпоративтік веб-сайтында орналастыру;
Компанияның ішкі ресурстарында («Lotus Notes», «Microsoft Outlook» т.б. бағдарламалық өнімдері) орналастыру;
ақпарат алушылармен баспасөз конференциялар мен кездесулер өткізу;
құжаттар мен өзге де материалдарды дербес тапсыру;
заңнамада және «KEGOC» АҚ-ның ішкі құжаттарында қарастырылған өзге тәсілдермен.
Акционерлердің құқықтарын іске асыру, сондай-ақ «KEGOC» АҚ пайдаланушылары үшін айтарлықтай мәнді ақпараттың жоғары оралымдығы мен қолжетімдігін қамтамасыз ету мақсатында 2014 жылы мыналар қамтамасыз етілді:
БАҚ-та Компанияның өндірістік-қаржылық қызметі туралы жарияланымдар (баспасөз релиздері және корпоративтік веб-сайттағы жаңалықтар, БАҚ редакциясына тікелей электрондық тарату);
«KEGOC» АҚ-ның қызметі туралы кітапшаларды, есептерді әзірлеу;
Компания басшылығының «KEGOC» АҚ-ның қызметі туралы сұбхаттарын, баспасөз конференцияларын, мәжілістердегі және көпшілік іс-шараларында сөйлеген сөздерін жариялау, Басқарма төрағасы Б.Т.Қажиевтің қатысуымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің қолдауымен БАҚ үшін Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру мәселелері жөнінде брифинг;
Жүйелік оператордың Ұлттық диспетчерлік орталығының құрылғанына 45 жыл толуына арналған Vox Populi.kz қазақстандық фоторепортаждар сайтында «Энергожүйені басқарудағы 45 жыл» атты бейне-аудиороликтер, бейнефильмдер, фоторепортаждар даярлау;
Ақпаратты ашқан кезде «KEGOC» АҚ коммерциялық, қызметтік және өзге де заңнамамен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді, сондай-ақ шектеулі таратылымдағы мәліметтерді қорғауды басшылыққа алады;
Қазақстанның электр энергетикасы саласындағы компаниялар арасында корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік (КӘЖ) және орнықты даму қағидаттарын бұдан әрі дамыту және ілгерілету мақсатында «KEGOC» АҚ «Электр энергетикалық компаниялар үшін КӘЖ: Бизнестің тиімділігн арттырамыз» атты бизнес құралын әзірледі, оған электр энергетикасы саласындағы компаниялардың үздік отандық және халықаралық тәжірибелері кірді.
Компанияның «Халықтық IPO» бағдарламасы шеңберінде қор нарығына шығуын сүйемелдеу жөнінде ауқымды ақпараттық науқан, соның ішінде - БАҚ үшін Компанияның өндірістік объектілерін аралау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 20 қаласында әлеуетті инвесторлармен кездесу (роуд-шоу) өткізілді.
«KEGOC» АҚ ақпараттық айқындығын бағалау, оның қызметін қабылдау және ақпаратты ашу үдерісінің тиімділігін айқындау мақсатында 2014 жылы тәуелсіз тарап репутациялық аудит жүргізді (халық арасында «KEGOC» АҚ, Компания қызметкерлерінің және сыртқы сарапшылардың имиджін ЖЗҚ сарапшыларынан, брокерлік компаниялардан, электр энергиясының көтерме сауда нарығына қатысушылар мен тұтынушылардан, танымал журналистерден сұхбат алу және сауалнама жүргізу жолымен кешенді бағалау). Зерттеу нәтижелері Компания қызметі мен имиджін қызметкерлер арасында да, сыртқы сарапшылар мен Қазақстан Республикасының тұрғындары арасында да дұрыс қабылданғаны туралы айғақтады. Сонымен, 2013 жылғы зерттеулер нәтижелерімен салыстырғанда Компания беделінің «Ықпалдылығы», «Ашықтық пен мөлдірлік», «Басшылықтың танымалдығы», «Қызмет туралы хабардарлық» және т.б. секілді көрсеткіштер бойынша 42,8 %-ға өскені байқалады.
Кадр саясаты
«KEGOC» АҚ кадр әлеуеті оның табысын айқындайтын маңызды стратегиялық фактор болып табылады. «KEGOC» АҚ адами ресурстар менеджменті Корпоративтік басқару кодексінің, біріктірілген менеджмент жүйесінің, Кадр саясатының, «KEGOC» АҚ қызметкерлеріне еңбекақы және сыйақы төлеу қағидаларының қағидаттары негізінде жүзеге асырылады. Компанияның кадр саясаты адами ресурстарды пайдаланудың экономикалық және әлеуметтік тиімділігі арасындағы теңгерімді қамтамасыз етуге бағытталған.
Кадр саясатының тұтқалы басымдықтары мыналар болып табылады:
Біліктілігі жоғары қызметкерлерді тарту, дамыту және сақтау; қызметкерлерді басқарудың озық әдістемесін ендіру (ұйымдық құрылымын жетілдіру, жоспарлау, кадрларды іріктеу және орналастыру; қызметкерлерді кәсіби оқыту және кәсіби дамыту); «KEGOC» АҚ-да қызметкерлермен жұмыс жөніндегі тиімді бөлімшелер құру;
ішкі кадрлық резервтер мен сыртқы ресурстарды дұрыс үйлестіру арқылы кадрлық резервті басқару;
әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу, еңбек қайшылықтарының алдын алу және болдырмау;
«KEGOC» АҚ-да инновацияларды және түрлендірулерді қолдау;
Бірлескен құндылықтарды, әлеуметтік нормалар мен қызметкерлердің тәртібін реттейтін нормаларды жасау және өңдеу.
Жұмыскерлердің құрылымы
Компания қызметкерлерінің 31.12.2014ж. жай-күй бойынша тізімдік саны 4 762 адамды құрады.
Компания персоналы қызметкерлер білімдерінің жоғары деңгейімен сипатталады. 2014 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күй бойынша қызметкерлердің 60,4% жоғары білімі бар, 29,6% – арнаулы орта білім бар.
Компания қызметкерлерінің 50,7%-дан астамында энергетика саласында 10 жылдан астам жұмыс өтілі бар. 22%-ының саладағы өтілі 5 жылдан астам. 27,2%-да энергетика саласында 5 жылға дейінгі өтілі бар.
Компаниядағы кадрлардың 2014 жылғы тұрақсыздығы 6,99 %-ды құрайды (6,9% - 2013 жылы).
Қызметкерлерді дамыту және оқыту
Қызметкерлерді дамыту Компания қызметінің негізгі факторларының бірі болып табылады. Қызметкерлерді дамыту дегеніміз қызметкерлерді іріктеуге, біліктіліктерін арттыруға және кәсіби өсуіне бағытталған іс-шаралар жиынтығы деген сөз.
Компанияда жалдау рәсімі «KEGOC» АҚ бос лауазымдық орындарына конкурс бойынша іріктеу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. Рәсімдердің айқындығын қамтамасыз ету үшін жоғары білікті мамандарды іздестіру және іріктеу, кандидаттар бойынша деректер базасын жүргізу, бос лауазымдық орындарға қызметкерлерді іріктеу кезінде айқын конкурстық рәсімдерді ендіру, соның ішінде кандидаттардың білім деңгейін тексеру үшін тестілеу элементтерін қолдану арқылы жүзеге асырылады.
«KEGOC» АҚ-да үдерістің үздіксіздігін қамтамасыз ететін қызметкерлерді оқытудың мынадай негізгі түрлері қолданылады:
өз бетінше оқу (өздігінен білім алу);
өндірісте ұйымдасқан оқу (өндірістік-техникалық оқу);
мамандандырылған оқу орындарының біліктілікті арттыру курстарында өндірістен қол үзбей қысқа мерзімде оқу;
басқа да ұйымдардағы тағылымдама.
2014 жылы 1889 адам кәсіби оқудан және кәсіби дамудан өтті, бұл қызметкерлердің тізім бойынша санының 39,7%-ын құрайды.
«KEGOC» АҚ кадрлық резерві бойынша жұмыстар толығымен жүзеге асырылып отырады: есептік кезеңде 249 адам көлемінде кадрлық резерв құрылды. 2014 жылы кадрлық резервтер құрылған бос лауазымдық орындар саны – 32, олардың ішінде 19-ы кадрлық резервке кіретін кадрлармен толықтырылды, бұл ретте кадрлық резервтен тағайындалғандар пайызы 59,4%-ды құрайды.
«KEGOC» АҚ 2012 жылдың шілдесінен бастап өндірістік жұмыскерлерді кәсіпорында оқытудың дуальдық жүйесін ендіру жөніндегі кешенді жұмысты жүргізуде. Осы мақсаттар үшін «KEGOC» АҚ, «Қарағанды облысының Білім беру басқармасы» ММ және «Қарағанды политехникалық колледжі» ҚМПК арасында әлеуметтік серіктестік туралы шарт жасалды, ол «Электр стансалары мен тораптарының электр жабдықтары» мамандығы бойынша студенттер даярлау шеңберінде істейді.
Зертханалық жұмыстарды атқарумен бірге іс-тәжірибелік оқытуға бөлінген ұлғайтылған сағат санымен аталған мамандық үшін тәжірибелік оқу жоспары «KEGOC» АҚ-ның Қарағанды политехникалық колледжімен жүргізген бірлескен жұмыс нәтижесі болып табылады. Оқу жоспарын барлық енгізілген өзгерістерімен бірге Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің аумақтық уәкілетті органы болып табылатын «Қарағанды облысының Білім беру басқармасы» ММ бекітті. Іс жүзінде теориялық және практикалық оқыту жалпы сағат саны өзгертілмеген кезде бөлінген оқыту уақыты бойынша теңдестірілгені тәжірибелік оқу жоспарының айрықша ерекшелігі болды, бұл Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен беітілген Техникалық және кәсіби білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының 5-1-талаптарына сәйкес келеді. 2014 жылы колледждің 12 оқушысы «Орталық ЖЭТ» филиалының базасындағы 500 кВ «Ағадыр», 500 кВ «Жезқазған», 220 кВ «Никольская», 220 кВ «Балқаштық», 500 кВ «Нұра» ҚС-да оқу іс-тәжірибесінен өтті. Оқулары аяқталған бойда колледждің студенттері «Тарқату қрылғыларының жабдықтарын жөндеу жөніндегі электр слесарі» және «Әуелік электр желілерін жөндеу жөніндегі электр монтері» мамандығын алады.
Компания сондай-ақ оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру бөлігіндегі жасасқан шарт бойынша өз міндеттемелерін орындайды. Мәселен, «Қарағанды политехникалық колледжі» ҚМПК жанындағы консультациялық кеңеске Орталық ЖЭТ» филиалының Релелік қорғаныш және электр автоматикасы, метрология және өлшеу жүйелері қызметінің басшылары кірді, ал күзде колледждің екі өндірістік оқыту шебері Орталық ЖЭТ» филиалында тағылымдамадан өтті.
Еңбеккерлер қызметінің нәтижелілігін арттыру, олардың біліктілік деңгейі мен орындаған функционалдық міндеттемелері сапасын бағалау мақсатында жыл сайын компьютерлік тестілеу элементтерін қолдана отырып, «KEGOC» АҚ қызметкерлеріне аттестаттау жүргізіледі. 2014 жылы «KEGOC» АҚ-ның 601 қызметкері аттестаттаудан өтті, олардың ішінде: 43 Атқарушы дирекция еңбеккері және Атқарушы дирекция атаулығына кіретін 13 «KEGOC» АҚ филиалдарының еңбеккері, 44 филиалдар жұмыскері, сондай-ақ 101 «Энергоинформ» АҚ еңбеккері .
Өндірістік құрам кадрларының кәсіби білімдерін, дағдылары мен шеберліктерін арттыру, олардың кәсіби қалыптасуына көмек көрсету, өндірістік персоналдың тәжірибелі қызметкерлерінің құзыреттілігін сақтау, корпоративтік мәдениетке бейімдеу, тәртіп ережелері мен дәстүрлерін игерту үшін «KEGOC» АҚ-да тәлімгерлік жүйесі ендірілді және жұмыс істеп тұр. 2014 жыл ішінде «KEGOC» АҚ филиалдарында тәжірибелі басшылар мен мамандар қатарынан 56 тәлімгер, сондай-ақ 56 сынақтан өтуші (жаңадан қабылданға және ауыстырылған қызметкерлер) тағайындалды. «KEGOC» АҚ аттестаттау комиссияларының ұсынымы бойынша 51 тәлімгерге тәлімгерлігі үшін сыйақы төленді.
Жұмыскерлерді мотивацияалау және ынталандыру
Компанияның қызметкерлерді әлеуметтік қолдау жөніндегі қызметі мынадай ішкі нормативтік құжаттармен реттеледі:
Ұжымдық шарт;
«KEGOC» АҚ Кадр саясаты;
Қызметкерлерді әлеуметтік қолдау қағидасы;
Қызметкерлердің сіңірген еңбегін көтермелеу және тану қағидасы.
«KEGOC» АҚ мен оның еңбек ұжымы арасында 2014-2018 жылдарға жасалған Ұжымдық шартқа әлеуметтік-еңбек қатынастарының барлық аспектілерін есепке алатын, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы талаптарына сәйкес өзгерістер, ұжымдағы әлеуметтік шиеленістің алдын алу мақсатында еңбек жағдайын жақсарту жөніндегі шаралар енгізілді. Шартта ұжымдық шартқа қосу рәсімдері көзделді, еңбек тәртібін, соның ішінде әлеуметтік демалыстар кезіндегі демалыс уақыты, еңбекақы төлеу, әлеуметтік кепілдіктер мен өтемақылар беру тәртібін реттеу мәселелері ескерілді, кадр әлеуетін дамыту және қызметкерлерді қолдау жөніндегі шаралар нақтыланған, зиянды, ауыр және қауіпті еңбек жағдайында жұмыс істегені үшін қосымша төленетін еңбек демалысы берілетін кәсіптер мен лауазымдар тізбесі, еңбеккерлердің медициналық сақтандыру және мәдени-бұқаралық бос уақыттары айқындалды. Сондай-ақ Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен оларға теңдестірілген адамдарды, Компанияның есебіндегі ардагер энергетиктерді әлеуметтік қолдауға қатысты мәселелер көрсетілді. Ұжымдық шарттың қолданысы «KEGOC» АҚ-ның барлық қызметкерлерін қамтиды.
Тұтастай алғанда, ұжымдық шартқа енгізілген өзгерістер әлеуметтік-еңбек қатынастарын дамыту шараларын жетілдіруге, «KEGOC» АҚ қызметкерлерінің құқықтарын қорғауға қызметкерлерді басқару жөніндегі жұмыстарды жетілдіруге бағытталды.
Бұдан басқа, Компания қызметкерлермен дербес жасалған тұрғын үйді жалдау шарттары негізінде «KEGOC» АҚ қаражаты есебінен 3 жылдан көп емес мерзімге (өндірістік жұмыскерлерге – мерзімі шетелмейді) тұрғын үй жалдау ақысы шығыстарын ішінара өтеу жолымен тұрғын үй мәселелерін шешуге көмектеседі. 2014 жылы Компания қызметкерлеріне тұрғын үйді жалдауға берілген шығыстардың жалпы сомасы 130,5 млн.теңгені (112 адам) құрды.
Сонымен қатар, Компания жыл сайын ерікті негізде қызметкерлерді медициналық сақтандыруды жүзеге асырады. 2014 жылы «KEGOC» АҚ-ның 2 500 қызметкері мен олардың отбасы мүшелері 148,2 млн.теңгеге сақтандырылды.
«KEGOC» АҚ кадр саясатының негізгі көрсеткіштерінің бірі қызметкерлерді тарту индексі (ӘБҚ қызметкерлеріне сауалнама жүргізу және онлайн сауал жүргізу нәтижелері бойынша есептелген) және өндірістік құрам еңбеккерлерінің арасында анықталған әлеуметтік тұрақтылық рейтингі болып табылады. 2014 жылы қызметкерлерді тарту индексі 64%-ды, ал әлеуметтік тұрақтылық рейтингі – 77%-ды құрады.
«KEGOC» АҚ 2014 жылы республикалық «Сенім - 2014» конкурсының қорытындысы бойынша ІХ халықаралық «Адами ресурстарды басқару: өзгерістерді басқарудағы HR рөлі» конференциясының шеңберінде «Үздік жұмыс беруші ұлттық компания» номинациясында жеңімпаз атанды.
Қоршаған ортаны қорғау
«KEGOC» АҚ толық көлемде экологиялық тепе-теңдікті қолдау, қоғамның экологиялық орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету қажеттілігін аңдай отырып, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қызметті күнделікті жұмысының ажырамас бөлігі ретінде қарастырады.
«KEGOC» АҚ Экологиялық саясатының мақсаты қоршаған ортаға теріс әсерлерді мейлінше азайту, экологиялық қауіпсіздік деңгейін арттыру, Қазақстан ҰЭТ дамыту кезінде қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету үшін жауапкершілік; Компания қызметінде энергияны үнемдеу мен табиғи және энергетикалық ресурстарды ұтымды қолдану болып табылады.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызмет көрсеткіштері
Әуелік электр жеткізу желілері және қосалқы станциялардың ашық тарату құрылғылары қоршаған ортаның ластануының белсенді көздері болып табылмайды. Электр желілері мен қосалқы станциялар жұмыс істеген кезде қоршаған ортаға әсер ететін негізгі көздер мыналар болып табылады:
өнеркәсіптік жиіліктің электр магниттік өрісі;
«KEGOC» АҚ филиаларының тораптар мен қосалқы станцияларға пайдалану жөнінде қызмет көрсету кезіндегі шаруашылық қызметі;
қосалқы станциялардың жабдықтарын жөндеген және жаңғыртқан кезде пайда болған өндіріс қалдықтары;
Компанияның іске асырылып жатқан инвестициялық жобалары.
Қоршаған ортаға физикалық әсер
Қоршаған огртаға физикалық әсерді өнеркәсіптік жиілік, шу, діріл, ұйымдастыру техникасының сәуле шығаруы және басқа да физикалық факторлар келтіреді. Қосалқы станцияларда электр өрісінің кернеуін, шу мен басқа да физикалық факторларды өлшеу Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес еңбек жағдайлары бойынша өндірістік объектілерді аттестаттау шеңберіндегі кестеге сай жүргізіледі. Жабдықтардың (алмастыылрған, жаңғыртылған және т.б. кезінде), қосалқы станциялардың басты электрлік схемаларының; ЭЖЖ кірмелері мен шықпаларының түр мөлшерлері мен құрылымдық ерекшеліктері өзгерген жағдайда электр өрісі мен шулардың кернеулігіне кезектен тыс өлшемдер жүргізіледі. Ұйғарынды деңгейден артқан жағдайда тиісті қорғаныш шаралары әзірленеді.
«Ақтөбе ЖЭТ» филиалының объектілерінде электр өрісі кернеулігінің, шулардың, дірілдің өлшеулері, жұмыс орындарында химиялық және физикалық факторлардың айқындаулары, өріс кернеулігін, жарықталуды, діріл мен шуларды өлшеу атқарылды. Нормативтерден ауытқулар анықталмады.
2014 жылғы 2-тоқсанда «Солтүстік ЖЭТ» филиалында жұмыс орындарын аттестаттаған кезде 146 жұмыс орындарында электр өрісінің, шулар мен басқа да физикалық факторлардың кернеулігі өлшенді. Аттестаттау қорытындысы бойынша еңбек қауіпсіздігі жағдайын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленді.
Атмосфералық ауаға әсер
ЖЭТ филиалдарында шекті рұқсат етілетін лақтырындылар (ШРЛ) нормативтеріне сай зиянды заттар шығарындылардың тұрақты көздері (ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған) анықталды. ЖЭТ филиалдарындағы тұрақты көздерден болатын шығарындыларды азайту мақсатында операциялық мониторинг (өндірістік үдеріс мониторингі) – жабдықтың әр бірлігі жұмысының сағат саны мен материалдар шығыстарын есепке алу жүргізілді. Шығарындыларды азайту жасасқан шарттарға сай, мамандандырылған ұйымдар жүргізген өндірістік экологиялық мониторинг нәтижелерімен расталды. Тұрақты көздерден болатын жалпы шығарындылардың көлемі 2014 жылы белгіленген норматив кезінде жылына 29,57 тонна болған кезде 24, 27 тоннаны құрады.
|
Норматив, т/жыл
|
Нақты, т/жыл
|
%
|
Тұрақты көздерден болатын жаппай шығарындылар
|
27,66
|
24,27
|
16
|
Достарыңызбен бөлісу: |