(жалғасы)
Жаңа стандарттар, интерпретациялау және қолданыстағы стандарттар мен интерпретацияларға түзетулер (жалғасы)
БЕХС 39 «Туынды құралдарды жаңалау және хеджирлеуді есепке алуды жалғастыру»
Аталған түзетулер хеджирлеу құралы ретінде белгіленген туынды құралды жаңалау белгілі бір критерилерді қанағаттандыратын болса, хеджерлеуді есепке алуды тоқтатудан босатуды көздейді және респективті түрде қолданылуы тиіс. Аталған түзетулер Топтың қаржылық есептемесіне әсерін тигізген жоқ, себебі Топ есептік немесе өткен кезеңдер ішінде өз құралдарын жаңалауды жүзеге асырған жоқ.
21 «Міндетті төлемдер»
КРМФО (IFRIC) 21 ұйым қызметті жүзеге асырған сәтте міндетті төлемдер жүргізу жөніндегі міндеттемені танитынын, соның нәтижесінде заңнамаға сай төлем бойынша міндеттеме туындайтынын нақтылайды. Түсіндірме сонымен қатар, егер міндетті төлем бойынша міндеттеме кейбір ең төменгі бастапқы мәнге қол жеткізу нәтижесінде туындайтын болса, онда осындай ең төменгі бастапқы мәнге қол жеткізгенге дейінгі тиісті міндеттеме танылмайтынын нақтылайды. КРМФО (IFRIC) 21 түсіндірмесі ретроспективтік түрде қолданылады. Аталған түсіндірме Топтың қаржылық есептемесіне әсер еткен жоқ, себебі ол өткен кезеңдерде КРМФО (IFRIC) 21 түсіндірмесінің талаптарына сәйкес ҚЕХС (IAS) 37 «Резервтер, шартты міндеттемелер мен шартты активтер» стандартына сай мойындау қағидатын қолданды.
«Инвестициялық ұйымдар» (ҚЕХС (IFRIC) 10, ҚЕХС (IFRIC) 12 және ҚЕХС (IAS)27 түзетулер)
Аталған түзетулер ҚЕХС (IFRIC) 10 «Шоғырландырылған қаржылық есептеме» стандартына сай инвестициялық ұйымды белгілеуді қанағаттандыратын ұйымдар үшін шоғырландыру туралы талаптарға қатысты ерекшеліктерді көздейді және стандартты қолдануға көшуге қатысты белгілі босатулармен бірге респективті түрде қолданылуы тиіс. Шоғырландыруға қатысты ерекшелікке сай инвестициялық ұйымдар өз еншілес ұйымдарын пайда немесе залал арқылы әділ құны бойынша есепке алуы тиіс. Түзетулер Топтың қаржылық есептемесіне әсер етпеді, себебі Топтың басты ұйымы ҚЕХС (IFRIC) 10 стандартына сай инвестициялық ұйым ретінде жіктеу критерилерін қанағаттандырмайды.
ХҚЕС (IAS) 36 «Активтердің құнсыздануы» стандартына түзетулер − «Қаржылық емес активтер үшін төленетін құн туралы ақпаратты ашу»
Аталған түзетулер ХҚЕС (IFRS) 13 күшіне енуіне байланысты ХҚЕС (IAS) 36 сай ақпаратты ашу үшін қолайсыз салдарларды жояды. Бұдан басқа, аталған түзетулер активтердің өтелетін құны немесе ПГДП туралы ақпаратты ашып көрсетуді талап етеді, солар бойынша есепті кезең ішінде құнсызданудан болған шығын танылады немесе қалпына келтіріледі. Аталған түзетулер 2014 жылдың 1 қаңтарынан немесе осы күннен кейін басталатын жылдық есептік кезеңдерге қатысты ретроспективті түрде қолданылады, бұл ретте ХҚЕС (IFRS) 13 қолданылған жағдайда мерзімінен бұрын қолдануға жол беріледі. Аталған түзетулерге сәйкес Топ 7-ескертпеде қаржылық емес активтер үшін өтелетін құн туралы қосымша ақпаратты ашып көрсетуді ұсынады.
«ҚЕХС жыл сайын жетілдіру, 2010-2012жж. кезең»
2010-2012жж. аралығындағы ҚЕХС жыл сайын жетілдіру шеңберінде ҚЕХС жөніндегі кеңесі ҚЕХС (IFRIC) 13 «Әділ құнын бағалау» стандартына түзетулерді қоса алғанда, алты стандартқа жеті түзетулер шығарды. ҚЕХС (IFRIC) 13 түзетуі тез арада күшіне енеді, 2014 жылғы 1 қаңтарда басталатын кезеңдерге қатысты қолданылады және Тұжырымдарға арналған негіздер мәтінінде пайызсыз қысқа мерзімдік дебиторлық және кредиторлық берешек, егер дисконттау әсері маңызды емес болса, төленетін немесе алынатын сомалар бойынша бағалануы мүмкін деп түсіндіріледі. ҚЕХС (IFRIC) 13 стандартына бұл түзету топтың қаржылық есептемесіне әсер етпеді.
(жалғасы)
Жаңа стандарттар, интерпретациялар және қолданыстағы стандарттар мен интерпретацияларға түзетулер (жалғасы)
«ҚЕХС жыл сайын жетілдіру», 2011-2013жж.»
2011-2013жж. аралығы кезеңінде ҚЕХС жыл сайын жетілдіру шеңберінде ҚЕХС жөніндегі кеңес ҚЕХС (IFRIC) 1 «Қаржылық есептеменің халықаралық стандарттарын бастапқы қолдану» стандартына түзетуді қоса алғанда төрт стандартқа төрт түзету шығарды. ҚЕХС (IFRIC) 1 түсіндірмесіне түзету тез арада күшіне енеді, 2014 жылғы 1 қаңтардан басталатын кезеңдерге қатысты қолданылады, және Тұжырым жасауға арналған негіздер мәтінінде ұйымның қолданыстағы стандартты немесе қазірше міндетті емес болып саналатын жаңа стандартты қолдауға құқығы бар, бірақ ҚЕХС бойынша ұйымның бастапқы қаржылық есептемесінде берілген кезеңдерде осындай стандарттар бірізді қолданылған жағдайда мерзімінен қолдануға рұқсат береді деп түсіндіреді. ҚЕХС (IFRIC) 1 берілген бұл түзету топтың қаржылық есептемесіне әсер еткен жоқ, себебі Топ ҚЕХС бойынша өз қаржылық есептемесін дайындап жатыр.
Шығарылған, бірақ әлі күшіне енбеген стандарттар
Төменде шығарылған, бірақ Топтың қаржылық есептемесін шығарған күні күшіне енбеген стандарттар мен интерпретациялар келтірілген. Топ осы стандарттарды олар күшіне енген күннен бастап қолдануға ниетті.
ХҚЕС 9 «Қаржылық құралдар»
2014 жылғы шілдеде ХҚЕС жөніндегі Кеңес ХҚЕС 9 «Қаржы құралдары» стандартының соңғы нұсқасын жариялады, онда қаржы құралдары бойынша жобаның барлық кезеңдерін көрсетеді және БЕХС 39 «Қаржылық құралдар: мойындау және бағалау» стандартын және ХҚЕС 9 стандартының бұрынғы барлық нұсқаларын ауыстырады. Стандарт жіктеу және бағалау, құнсыздану және хеджирлеуді есепке алу үшін жаңа талаптар енгізеді. ХҚЕС 9 стандарты 2018 жылдың 1 қаңтарынан немесе осы мерзімнен кейін басталатын жылдық есептік кезеңдерге қатысты күшіне енеді, бұл ретте мерзімінен бұрын қолдануға жол беріледі. Егер бастапқы қолданылатын күн 2015 жылғы 1 ақпанға дейінгі кезеңге сай келетін жағдайда ҚЕХС 9 (2009, 2010 және 2013 жылдар) бұрынғы нұсқаларын ретроспективті қолдануға рұқсат беріледі. ХҚЕС 9 қолдану Топтың қаржылық активтерін жіктеу мен бағалауға әсер етеді, бірақ Топтың қаржылық міндеттемелерін жіктеу мен бағалауға әсер етпейді.
ХҚЕС 15 «Клиенттермен жасалған шарттар бойынша түсімдер»
ХҚЕС 15 стандарты 2014 жылғы мамыр айында шығарылды және клиенттермен жасалған шарттар бойынша түсімге қатысты қолданылатын бес кезеңді қамтитын жаңа модельді көздейді. ХҚЕС 15 стандартына сай түсім ұйым клиентке тауарларды немесе қызметтерді табыс етудің орнына алу құқығын күтетін өтемді көрсететін сома бойынша танылады. ХҚЕС 15 қағидаттары түсімдерді мойындауға және бағалауға деген анағұрлым құрылымдық тәсілді көздейді. Түсім жөніндегі жаңа стандарт барлық ұйымдарға қатысты қолданылады және ҚЕХС сай түсімдерді мойындауға қойылатын барлық қолданыстағы талаптарды алмастырады. Стандарт 2017 жылдың 1 қаңтарынан немесе осы мерзімнен кейін басталатын жылдық есептік кезеңге қатысты толық көлемде ретроспективті түрде немесе түрлендірілген ретроспективтік тәсілді қолданумен қолданылады, бұл ретте мерзімінен бұрын қолдануға рұқсат беріледі. Қазіргі уақытта Топ ХҚЕС 15 әсерін бағалауда және күшіне енетін тиісті күнге жаңа стандарт қабылдауды жоспарлауда.
ХҚЕС 14 «Кейінге қалдырылған тарифтік түзетулер шоты»
ХҚЕС 14 қызметі тарифтік реттеуге жататын ұйымдарға ХҚЕС алғаш пайдаланғаннан кейін кейінге қалдырылған тарифтік айырмашылық шоттары бойынша қалдықтарға қатысты өздері қолданатын қолданыстағы есепке алу саясаты қағидаттарының басым көпшілігін қолдануға мүмкіндік беретін міндетті стандарт болып табылады. ХҚЕС 14 қолданатын ұйымдар кейінге қалдырылған тарифтік айырмашылықтар шотын қаржылық жағдай туралы есептемеде жеке ұстаным ретінде көрсетуі, ал осындай қалдықтар бойынша қозғалыстарды - пайдалар немесе залалдар және басқа да жиынтық табыс туралы есептемеде жеке ұстаным ретінде көрсетуі тиіс. Стандарт ұйымның тарифтерді реттеу сипаттамасы және олармен байланысты тәуекелдер, сонымен қатар осындай реттеудің оның қаржылық есептемесіне тигізетін әсері туралы ақпаратты ашып көрсетуді талап етеді. ХҚЕС 14 2016 жылдың 1 қаңтарынан немесе осы датадан кейін басталатын жылдық есептік кезеңдерге қатысты күшіне енеді. Себебі Топ ХҚЕС сәйкес өз есептемесін дайындайды, бұл стандарт оның қаржылық есептемесіне қолданылмайды.
3. ЕСЕПКЕ АЛУ САЯСАТЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ
(жалғасы)
Шығарылған, бірақ әлі күшіне енбеген стандарттар
БЕХС 19 түзетулер «Белгіленген жарналары бар зейнетақы жоспарлары: қызметкерлердің жарналары»
БЕХС 19 ұйымдардан белгіленген жарналармен зейнетақы жоспарларын есепке алу кезінде қызметкерлердің немесе үшінші тараптардың жарналарын қарауды талап етеді. Жарналар қызметке байланысты болған жағдайда, олар теріс сыйақы ретінде қызмет көрсету кезеңдеріне жатқызылады. Бұл түзетулер, егер жарналар сомасы жұмыс өтіліне байланысты емес болса, ұйымдар жарналарды қызмет көрсету кезеңіне жатқызудың орнына, осындай жарналарды тиісті қызмет көрсетілген кезеңде қызмет құнын азайту ретінде мойындауға құқылы. Түзетулер 2014 жылдың 1 қаңтарынан немесе осы датадан кейін басталатын жылдық есептік кезеңдерге қатысты күшіне енеді. Топ бұл түзетулердің Топқа қолданылмайды деп күтеді, себебі Топтың ұйымдарының бірде біреуінің қызметкерлерден немесе үшінші тараптардан белгіленген жарна төлемдері бар зейнетақы бағдарламалары жоқ.
ХҚЕС 11 «Бірлескен қызмет» - «Бірлескен операциялардағы қатысу үлестерін сатып алуды есепке алу» түзетулері
ХҚЕС 11 бірлескен операцияларға қатысушы бизнес бірлестіктерін есепке алу үшін ҚЕХС (IFRIC) 3 тиісті қағидаттарына сай қызметі өз алдына бизнесті білдіретін бірлескен операцияға қатысу үлесін сатып алудың есепке алынуын талап етеді. Егер бірлесе бақылау сақталатын болса, түзетулер сондай-ақ бірлескен операциядағы бұрынғы қатысу үлестері сол бірлескен операцияда қосымша үлестерді сатып алу кезінде қайта бағаланбайтынын нақтылайды. Сонымен қатар, ҚЕХС (IFRIC) 11 стандартына қолдану саласының ерекшелігі енгізілді, егер бірлескен бақылауды жүзеге асыратын тараптар (есеп беретін ұйымды қоса алғанда) бір және сол соңғы бақылаушы тараптың жалпы бақылауында болса, соған сай аталған түзетулер қолданылмайды.
Түзетулер бірлескен операцияда бастапқы үлесті сатып алуға да және сол бірлескен операцияда қосымша үлесті сатып алуға да қатысты қолданылады және 2016 жылдың 1 қаңтарынан немесе осы датадан кейін басталатын жылдық кезеңдерге қатысты перспективалық түрде күшіне енеді, бұл ретте мерзімінен бұрын қолдануға жол беріледі. Осы түзетулер Топтың қаржылық есептемесіне әсер етпейді деп күтілуде.
БЕХС (IAS) 16 және БЕХС 38 «Амортизациялаудың ыңғайлы әдістерін нақтылау» түзетулері
Түзетулер БЕХС 16 мен БЕХС (IAS) 38 қағидаттарын түсіндіреді, олардың мәні табыс активті қолдану шеңберінде қолданылатын экономикалық пайданы емес, қызмет нәтижесінде экономикалық пайда құрылымын (актив оның бір бөлігі болып табылады) көрсететінінде. Соның нәтижесінде түсімге негізделген әдіс негізгі құралдарды амортизациялау үшін сирек жағдайда ғана қолданыла алады. Түзетулер 2016 жылдың 1 қаңтарынан немесе осы датадан кейін басталатын жылдық есептік кезеңдерге қатысты перспективалық түрде қолданылады, бұл ретте мерзімінен бұрын қолдануға рұқсат етіледі. Бұл түзетулер Топтың қаржылық есептемесіне әсер етпейді деп күтілуде, себебі Топ өзінің айналымнан тыс активтерін амортизациялау үшін түсімге негізделген әдісті қолданбады.
МСФО (IAS) 16 және МСФО (IAS) 41 «Ауыл шаруашылығы: жеміс беретін өсімдіктер» стандартына түзетулер
Түзетулер жеміс беретін өсімдіктер анықтамасына сәйкес келетін биологиялық активтерді есепке алуға қойылатын талаптарға өзгерістер енгізеді. Түзетулерге сай жеміс беретін өсімдіктер анықтамасына сәйкес келетін биологиялық активтер бұдан былай МСФО (IAS) 41 стандартын қолдану саласына жатпайды. Оның орнына МСФО (IAS) 16 стандарты қолданылдады. Бастапқы танылғаннан кейін жеміс беретін өсімдіктер жинақталған нақты шығындар бойынша (піскенге дейін) және нақты шығындар бойынша есепке алу моделін немесе қайта бағаланған құн бойынша (піскеннен кейін) есепке алу моделін қолданумен МСФО (IAS) 16 стандартына сай бағаланады. Түзетулер сонымен қатар, жеміс беретін өсімдіктер өнімі бұрынғыдай МСФО (IAS) 41 қолдану саласында қалатынын және сатуға жұмсалған шығындарды шегергендегі әділ құны бойынша бағалануы тиіс. Жеміс беретін өсімдіктерге жататын мемлекеттік субсидияларға қатысты МСФО (IAS) 20«Мемлекеттік субсидияларды есепке алу және мемлекеттік көмек туралы ақпаратты ашу» стандарты қолданылатын болады. Түзетулер 2016 жылғы 1 қаңтардан немесе осы күннен кейін басталатын жылдық кезеңдерге қатысты ретроспективті түрде қолданылады, бұл ретте мерзімінен бұрын қолдануға рұқсат беріледі. Түзетулер Топтың қаржылық есептемесіне әсер етпейді деп күтілуде, себебі Топта жеміс беретін өсімдіктер жоқ.
3. ЕСЕПКЕ АЛУ САЯСАТЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ (жалғасы)
Шығарылған, бірақ әлі күшіне енбеген стандарттар (жалғасы)
МСФО (IAS) 27«Жеке қаржылық есептемеге үлестік қатысу әдісі» стандартына түзетулер
Түзетулер ұйымдарға жекелеген қаржылық есептемеде еншілес ұйымдарға, бірлескен кәсіпорындарға және бағынысты ұйымдарға салынатын инвестицияларды есепке алу үшін үлестік қатысу әдісін қолдануға рұқсат береді. ҚЕХС-ты қолданатын және өз жекелеген қаржылық есептемесінде үлестік қатысу әдісіне көшу туралы шешім қабылдайтын ұйымдар бұл өзгерісті ретроспективті түрде қолдануы тиіс болады. ҚЕХС бірінші рет қолданатын және өз жекелеген қаржылық есептемесінде үлестік қатысу әдісіне көшу туралы шешім қабылдайтын ұйымдар бұл әдісті ҚЕХС-қа көшкен күннен бастап қолдануға міндетті. Түзетулер 2016 жылғы 1 қаңтардан немесе осы күннен кейін басталатын жылдық кезеңдерге қатысты күшіне енеді. Түзетулер Топтың шоғырландырылған қаржылық есептемесіне әсер етпейді.
«ҚЕХС-ты жыл сайынғы жетілдіру, 2010-2012жж. аралығындағы кезең»
Бұл түзетулер 2014 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді және шамамен ол Топтың қаржылық есептемесіне айтарлықтай әсер етпейді. Құжат мынадай түзетулерді қамтиды:
ҚЕХС (IFRIC) 2 «Акцияларға негізделген төлемдер»
Бұл түзету перспективті түрде қолданылады және нәтижелерге қол жеткізу шартының және құқық белгілеу талаптары болып табылатын қызмет көрсету кезеңі шартының анықтамаларына байланысты әртүрлі мәселелерді түсіндіреді:
Нәтижелерге қол жеткізу шарты қызмет көрсету кезеңінің шартын қамтуы тиіс;
Нысаналы көрсеткішке контрагент қызмет көрсеткен уақытта қол жеткізілуі тиіс;
Нысаналы көрсеткіш осы топтың құрамында ұйымның немесе басқа ұйымның қызметіне жатқызылуы мүмкін;
Нәтижелерге қол жеткізу шарты нарықтық немесе нарықтық емес талаптар болуы мүмкін;
Егер контрагент қайсыбір себептер бойынша құқық берілген кезең ішінде қызмет көрсетуді тоқтатса, қызмет көрсету кезеңінің шарты орындалмайды.
ҚЕХС (IFRIC) 3 «Бизнесті біріктіру»
Түзету перспективалы түрде қолданылады және бизнесті біріктіруге негізделген міндеттемелер (немесе активтер) түрінде жіктелген шартты сыйақылар туралы барлық келісімдер нәтижесінде ҚЕХС (IFRIC) 9 (немесе БЕХС (IAS) 39, егер қолданылатын болса) стандартын қолдану саласына жататынына қарамастан пайда немесе залал арқылы әділ құн бойынша бағалануы тиіс.
ҚЕХС (IFRIC) 8 «Операциялық сегменттер» стандартына түзетулер
Түзетулер ретроспективті түрде қолданылады және мыналарды нақтылайды:
ұйым ҚЕХС (IFRIC) 8 стандартының 12-тармағында біріктіру критерилерін, сонымен қатар осындай түрде біріктірілген операциялық сегменттердің қысқаша сипаттамасын және біріктірілген операциялық сегменттердің ұқсас экономикалық сипаттамалары бар деген тұжырымды жасаған кезде бағаланған экономикалық индикаторларды (мысалы, сату, жаппай маржа) қолданған пікірлер туралы ақпаратты ашып көрсетуі тиіс;
Сегмент активтері мен жиынтық активтерді салыстыру туралы ақпарат салыстырма сегмент міндеттемелері бойынша ашылатын ақпаратқа ұқсас операциялық шешім қабылдайтын басшылыққа ұсынылған жағдайда ғана ашылады.
Достарыңызбен бөлісу: |