2014 жылғЫ «kegoc» АҚ жылдық есебі «kegoc» АҚ 2014: негізгі өндірістік көрсеткіштер


ЕСЕПКЕ АЛУ САЯСАТЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ (жалғасы)



бет16/29
Дата30.05.2017
өлшемі4,72 Mb.
#17154
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   29

3. ЕСЕПКЕ АЛУ САЯСАТЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ (жалғасы)


Шығарылған стандарттар, бірақ әлі күшіне енбеген (жалғасы)

«ҚЕХС-ты жыл сайынғы жетілдіру, 2010-2012жж. аралығындағы кезең»

БЕХС (IAS) 16 «Негізгі құралдар» және БЕХС (IAS) 38 «Материалдық емес активтер»

Түзету ретроспективті түрде қолданылады және актив жалпы немесе таза баланстық құн бойынша қадағаланатын деректерге негізделе отырып, қайта бағаланатынын БЕХС (IAS) 16 және БЕХС (IAS) 38 шеңберінде түсіндіреді. Сонымен қатар, жинақталған амортизация активтің жалпы және баланстық құны арасындағы айырма болып табылады.



БЕХС (IAS) 24 «Байланысты тараптар туралы ақпаратты ашып көрсету»

Түзету ретроспективті түрде қолданылады және басқарушы ұйым (негізгі басқарушылық персонал қызмет көрсететін ұйым) байланысты тарап болып табылатыны және оған байланысты тараптар туралы ақпаратты ашып көрсетуге қойылатын талаптар қолдатанынын түсіндіреді. Сонымен қатар, басқарушы компанияның қызметін пайдаланатын ұйым басқару жөніндегі қызметтерді тұтынуға байланысты көтерген шығыстар туралы ақпаратты ашып көрсетуі тиіс.



«ҚЕХС-ты жыл сайынғы жетілдіру, 2011-2013жж. аралығындағы кезең»

Бұл түзетулер 2014 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді және шамамен Топтың қаржылық есептемесіне айтарлықтай әсер етпейді. Құжат мынадай түзетулерді қамтиды:



ХҚЕС (IFRIC) 3 «Бизнесті біріктіру» стандартына түзету

Түзету перспективалы түрде қолданылады және ҚЕХС (IFRIC) 3 қолдану саласынан мынадай ерекшеліктерді түсіндіреді:



  • ҚЕХС (IFRIC) 3 стандартын қолдану саласына бірлескен кәсіпорындар ғана емес, бірлескен кәсіпкерлік туралы барлық келісімдер кірмейді;

  • Қолдану саласынан бұл ерекшелік тек бірлескен кәсіпкерлік туралы келісімнің қаржылық есептемесіндегі есепке алуға қатысты ғана қолданылады.

ҚЕХС (IFRIC) 13 «Әділ құнын бағалау»

Түзету перспективалы түрде қолданылады және ҚЕХС (IFRIC) 13 стандартындағы портфельге қатысты ерекшелік қаржылық активтерге және қаржылық міндеттемелерге ғана емес, сонымен қатар ХҚЕС (IFRIC) 9 (немесе БЕХС (IAS) 39, қолданылатын болса) қолдану саласына түсетін басқа шарттарға қатысты да қолданылады.



БЕХС (IAS) 40 «Инвестициялық жылжымайтын мүлік»

БЕХС (IAS) 40 қосалқы қызметтердің сипаттамасы инвестициялық жылжымайтын мүлікті және меншік иесі иеленетін (яғни, негізгі құралдар) жылдымайтын мүлікті межелейді. Түзету перспективалы түрде қолданылады және операция туралы анықтау үшін БЕХС (IAS) 40 стандарты емес, ХҚЕС (IFRIC) 3 стандарты қолданылатынын түсіндіреді.



«ҚЕХС-ны жыл сайынғы жетілдіру, 2012-2014жж. аралығындағы кезең»

Бұл түзетулер 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Топтың басшылығы бұл кезде түзетулер Топтың қаржылық есептемесіне айтарлықтай әсер ететінін бағалау процесінде болады. Құжат мынадай түзетулерді қамтиды:



МСФО 5 Есептен шығару әдістеріндегі өзгерістер

МСФО 7 Қызмет көрсетуге жасалған келісімшарттар

МСФО 7 Қысқартылған қаржылық есептемеге қолданылатын ҚЕХС 7 түзетулері

МСФО 19 Нарықтың өңірлік проблемалары

МСФО 34 Ақпаратты «қаржылық есептеменің қайсыбір жерінде» ашып көрсету.


  1. ЕСЕПКЕ АЛУ САЯСАТЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ


(жалғасы)

Шығарылған стандарттар, бірақ әлі күшіне енбеген (жалғасы)

Активтерді жіктеу және ағымдағы және ұзақ мерзімді міндеттемелер

Топтың қаржылық жағдайы туралы есепте активтер мен міндеттемелерді оларды ағымдағы және ұзақ мерзімді етіп жіктеу негізінде көрсетеді. Активтер ағымдағы болып табылады, егер:



  • оны сату болжамдалған болса немесе ол әдеттегідей операциялық цикл шеңберінде сату немесе тұтыну үшін тағайындалса;

  • ол негізілген сауда-саттық мақсаты үшін тағайындалса;

  • немесе оны есепті кезең аяқталғаннан кейін кем дегенде он екі айдың ішінде міндеттемелерді өтеу үшін қолдануға немесе оны айырбастауға шектеулер болған жағдайды қоспағанда, ақшалай қаражатты немесе олардың баламаларын білдіреді.

Барлық басқа активтер ұзақ мерзімді болып жіктеледі. Міндеттеме ағымдағы болып табылады, егер:



  • оны әдеттегідей операциялық цикл шеңберінде өтеу ұйғарылса;

  • ол негізінен сауда-саттық мақсаттары үшін ұсталып тұратын болса;

  • ол есептік кезең аяқталғаннан кейін жиырма айдың ішінде өтелуге жататын болса;

  • компанияда есептік кезең аяқталғаннан кейін кем дегенде жиырма айдың ішінде міндеттемелерді өтеуді кейінге қалдырудың сөзсіз құқығы жоқ.

Топ барлық басқа да міндеттемелері ұзақ мерзімді ретінде жіктейді.

Кейінге қалдырылған салықтық активтер мен міндеттемелер ұзақ мерзімді активтер мен міндеттемелер ретінде жіктеледі.



Әділ құнды бағалау

Топ сату үшін қолда бар қаржылық активтер сияқты қаржылық құралдарды әрбір есепті күнге әділ құны бойынша және қаржылық емес активтерді (ҰЭТ құрылыстары) олардың әділ құны бойынша, олардың әділ құны қалдық сомасынан айтарлықтай ерекшеленген жағдайда бағалайды. Амортизацялау құны бойынша бағаланатын қаржылық құралдардың әділ құны туралы ақпарат 28- ескертпеде ашылады.

Әділ құн активті сатқаны үшін алынған немесе бағалау күнгі нарық қатысушылары арасында әдеттегідей тәртіппен жасалатын мәмілелер шеңберінде міндетемелерді табыс ету үшін төленген баға болып табылады. Әділ құны бойынша бағалау активті сату немесе міндетемелерді табыс ету жөніндегі мәміле төмендегілерге байланысты өткізіледі деп болжамдайды:


  • аталған актив немесе міндеттеме үшін негізгі нарықта;

  • немесе аталған актив немесе міндеттеме үшін неғұрлым қолайлы нарықта негізгі нарықтың болмауы жағдайында.



ЕСЕПКЕ АЛУ САЯСАТЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ


(жалғасы)

Әділ құнын бағалау (жалғасы)

Топтың негізгі немесе неғұрлым қолайлы нарыққа рұқсаты болуы тиіс. Активтің немесе міндеттеменің әділ құны нарыққа қатысушылар активтің немесе міндеттеменің бағасын анықтау кезінде пайдалана алатын ұйғарындарды пайдалана отырып бағаланады, бұл ретте нарыққа қатысушылар өздерінің жоғары мүдделері үшін әрекет жасай алады деп жорамалданады.

Қаржылық емес активтің әділ құнын бағалау нарыққа қатысушының экономикалық пайда алу немесе активті ең үздік және неғұрлым тиімді пайдалану арқылы немесе оны нарықтың басқа қатысушысына сату нәтижесінде аталған активті ең үздік және неғұрлым тиімді пайдалану мүмкіндігін ескереді.

Топ қалыптасқан жағдайларда тиімді болып табылатын және әділ құнды бағалау үшін жеткілікті деректер қол жетімді болатын осындай бағалау әдістемесін қолданады, бұл ретте орынды қадағаланатын бастапқы деректерді барынша көп пайдалана отырып және қадағаланбайтын шығыс деректерін аз қолдана отырып пайдаланады.

Әділ құны қаржылық есептемеде бағаланатын немесе ашып көрсетілетін, тұтастай алғанда әділ құнды бағалау үшін маңызды болып табылатын ең төменгі деңгейдегі бастапқы деректер негізінде әділ құн көздерінің иерархиясынан төмен сипатталған шеңберде жіктелетін барлық активтер мен міндеттемелер:

• 1-деңгей − Бірдейлендірілген активтер немесе міндеттемелер бойынша актив нарығында нарықтық баға белгілеу (қандай да болмасын түзетулерсіз);



  • 2-деңгей − Әділ құнды бағалау үшін маңызды, иерархияның анағұрлым төменгі деңгейіне жататын шығыс деректер нарықта тікелей немесе жанама қадағаланатын бағалау моделі;

  • 3-деңгей − Әділ құнды бағалау үшін маңызды неғұрлым иерархияның төменгі деңгейіне жататын бастапқы деректер нарықта қадағаланбайтын бағалау моделі.

Қаржылық есептемеде мерзімді негізде қайта бағаланатын активтер мен міндеттемелер жағдайында, Топ әр есептік кезеңнің соңында жіктемені қайта бағалай отырып (тұтастай алғанда әділ құнын бағалау үшін маңызды болып табылатын ең төменгі деңгейдегі шығыс деректер негізінде) иерархия көздерінің деңгейлері арасында оларды ауыстыру қажеттілігін анықтайды.

Топтың қаржы жөніндегі басшылығы саясат пен рәсімдерді ҰЭТ құрылыстары мен сату үшін қолда бар бағасы белгіленбейтін қаржылық активтердің әділ құнынын мерзімді бағалау үшін де, сондай-ақ онда қолданылатын активтердің әділ құнын бір реттік бағалау үшін саясат пен рәсімдерді анықтайды.

ҰЭТ құрылыстарының құнын бағалау үшін сыртқы бағалаушылар тартылады. Сыртқы бағалаушыларды тарту туралы шешімді жыл сайын қаржы жөніндегі басшы қабылдайды. Іріктеу критерилері ретінде нарықты білу, бедел, тәуелсіздігі мен кәсіби стандарттарға сәйкестігі қолданылады. Сыртқы бағалаушылармен мәселені талқылағаннан кейін қаржы жөніндегі басшы әрбір жағдайда қандай бағалау әдістемесі мен қажетті бастапқы деректерді пайдаланатыны жөнінде шешім қабылдайды.

Қаржы жөніндегі басшы әрбір есепті кезеңге Топтың есепке алу саясатына сәйкес қайта талдауды және қайта бағалауды қажет ететін активтер мен міндеттемелер құнының өзгерістеріне талдау жасайды. Осындай талдау шеңберінде қаржы жөніндегі басшы соңғы бағалау кезінде қолданылған негізгі бастапқы деректерді бағалау кезінде пайдаланылатын ақпаратты шарттармен және басқа орынды құжаттармен салыстыру жолымен тексереді.

Топтың Қаржы жөніндегі басшысы мен сыртқы бақылаушылары қайта бағаланатын сыныптары бойынша әрбір активтің әділ құнының өзгерістерін есепке алу саясатына сәйкес, өзгерістердің негізділігін анықтау мақсатында сыртқы тиісті көздермен салыстырады.

Топтың Қаржы жөніндегі басшысы мен сыртқы бақылаушылары бағалау кезінде пайдаланылатын негізгі болжамдарды талқылайды.

Әділ құн туралы ақпаратты ашып көрсету мақсаты үшін Топ активтер мен міндеттемелерді олардың сипаттамасы, оларға тән сипаттамалар мен тәуекелдер, сонымен қатар жоғарыда көрсетілгендей әділ құн көздері иерархиясында қолданылатын деңгей негізінде жіктейді.



  1. ЕСЕПКЕ АЛУ САЯСАТЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ


(жалғасы)

Шетел валютасындағы операциялар

Топтың шоғырландырылған қаржылық есептемесі теңгемен берілген. Теңге сондай-ақ Топтың бас компаниясының функционалдық валютасы болып табылады. Топтың әрбір компаниясы өзіндік функционалдық валютасын айқындайды және әрбір компанияның қаржылық есептемесіне кірген баптар осы функционалдық валютада бағаланады.

Шетелдік валютадағы операцияларды алдымен Топ компаниялары олардың функционалдық валютасында операция мойындау өлшемдерін қағаттандыратын кездегі күнге қолданылатын спот-бағам бойынша есепке алады.

Шетелдік валютада көрсетілген монетарлық активтер мен міндеттемелер есептік күнге қолданылатын функционалдық валютаның спот-бағамы бойынша қайта есептелінеді.

Монетарлық баптарды жабу немесе қайта есептеу кезінде туындайтын барлық бағамдық айырмалар Топтың таза инвестициясын шетелдік бөлімшеге аударуды қамтамасыз ететін монетарлық баптарын қоспағанда, жиынтық табыс туралы есебіне кіреді. Олар пайдалар мен шығындарда мойындалған уақытта таза инвестицияның шығу тұсына дейін басқа да басқа да жиынтық табыс құрамында көрсетіледі.

Тарихи құны негізінде шетел валютасында бағаланатын беймонетарлық баптар бастапқы мәміле жасалған күні қолданылатын бағамдар бойынша қайта есептеледі.

Шетелдік валютадағы әділ құн бойынша бағаланатын беймонетарлық баптар әділ құнды айқындау күніне қолданылатын бағамдар бойынша қайта есептелінеді. Беймонетарлық баптарды қайта есептеу кезінде туындайтын табыстар немесе шығыстар баптың әділ құны өзгеруі нәтижесіндегі табыстарды немесе шығыстарды мойындау қағидаларына сәйкес есепке алынады (яғни, әділ құны өзгеруі нәтижесіндегі кірістері немесе шығыстары басқа жиынтық табыс немесе пайда немесе залал құрамында танылатын, сонымен қатар сәйкесінше табыс немесе пайда немесе залал құрамында танылатын баптар бойынша бағамдық айырмашылықтар).

Топ маңызды мәмілелер жүргізген шетел валюталарындағы айырбастау бағамдары былайша берілген:



Мерзім соңындағы айырбастау бағамы (теңгеге шаққанда)


2014 жылғы

31 желтоқсан

2013 жылғы

31 желтоқсан










1 АҚШ доллары

182,35

153,61

1 еуро

221,59

211,17

1 ресей рублі

3,13

4,69









Он екі айдағы орташа айырбастау бағамы (теңгеге шаққанда)

2014

2013









1 АҚШ доллары

179,12

152,14

1 еуро

238,10

202,08

1 ресей рублі

4,76

4,78

Негізгі құралдар

ҰЭТ құрылыстарын қоспағанда, негізгі құралдар жинақталған амортизация және/немесе егер болған жағдайда құнсызданудан жинақталған залалдар шегеріле отырып, бастапқы құн бойынша есепке алынады. Егер капиталдыру критерилері орындалса, мұндай құн негізгі құралдар бөлігін алмастыру құны мен ұзақ мерзімді құрылыс жобалары жағдайында қарыздар бойынша шығындарды қамтиды. Белгілі бір уақыт аралығынан кейін негізгі құралдардың едәуір құрамбөліктерін алмастыру қажет болған жағдайда, Топ осындай құрам бөліктерін жеке пайдалы қолдану мерзіміменжекелеген активтер ретінде таниды және оларды амортизациялайды. Осыған ұқсас негізгі техникалық тексеруді жүргізу кезінде онымен байланысты шығындар, егер де барлық мойындау критерилері орындалса, жабдықтарды алмастыру ретінде негізгі құралдардың баланстық құнында мойындалады.

Жөндеу мен техникалық қызмет көрсетуге арналған барлық басқа шығындар жұмсалу тұсындағы пайдалар немесе шығындар құрамында мойындалады.

ҰЭТ құрылыстары жинақталған амортизациялау мен қайта бағаланған күннен кейін танылған шығындарды шегере отырып, әділ құн бойынша бағаланады. Қайта бағалау қайта бағаланған активтің әділ құны оның баланстық құнынан айтарлықтай ерекшеленбейтініне сенімділікті қамтамасыз ету үшін жеткілікті жиілікпен жүзеге асырылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет