2015 жылға «Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» Мемлекеттік мекемесінің өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің жедел-қызметтік АНАЛИЗІ
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі «Азаматтық қорғау» №118 Заңына сәйкес өрт сөндіру қызметінің негізгі міндеттерінің бірі өрт сөндіру, авариялық-құтқару және басқа шұғыл жұмыстары болып келеді.
Солтүстік Қазақстан облысының азаматтық қорғау күштерінің құрамына штаттық саны 739 жеке құрамнан тұратын 27 өрт сөндіру бөлімшелері кіреді. Мемлекет жарағында 137 бірлік өрт сөндіру техникасы бар, соның ішінде 84 негізгі, 13 арнайы, 40 бірлік қосымша. Техниканың барлығы жарамды күйде.
Техногенді және табиғи сипаттағы төтенше жағдайларға уақтылы әрекет ету мақсатында 2015 жылы облыс қалаларында шығу кестелері құрастырылып, бекітілген, ал селолық аудандарда – күштер мен құралдарды жұмылдыру жоспарлары, жоғары нөмірмен шақыру бойынша автоматты түрде шығатын объектілер тізімі, сонымен қатар химия тұрғыдан аса қауіпті объектілер тізімі анықталған. Өрт сөндірудің сапасын жақсарту және өрт сөндіру кезінде өзара әрекеттесуді ұйымдастыруды үшін «СҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ облыстың 22 ведомствосымен және ұйымдарымен екі тарапты келісім-шарттар жасалды.
2015 жылы Солтүстік Қазақстан облысының аумағында 770 өрт болды, 126 млн. астам теңгеге залал келтірілді. 2014 жылмен салыстырғанда өрттің саны 5,1% азайтылды. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша бір өртке орташа залалдың келуі 164 897 теңге құрайды - 2015 жылда 126 971 128 теңге.
Тіркелген өрттердің жалпы санынан, 251 өрт облыс орталығының Петропавл қаласында болды, облыстың қалаларында 163 тіркелді, ал ауылдық жерлерде 356 өрт. 2015 жылдың 12 ай аралығында 64 өртке (өрттің жалпы санынан 8,4%) мекеменің бөлімшелері шақырылмай, әскери емес өрт сөндіру жасақтарымен және тұрғындармен сөндірілді.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша
5 жыл аралықта тіркелген өрттердің саны.
Есепті кезеңде өртке қарсы қызмет бөлімшелері өрттерді жою үшін дабыл бойынша 705 рет шықты, 2014 жылға қарағанда 7,1% аз келді. Мекеменің күштері мен құралдары авариялық-құтқару жұмыстарын атқару үшін 326 рет жұмылдырылды, біріншіден бұл бөлімшелердің жұмылдырылуы көктем кезеңінде еріген қар суларын соруына байланысты.
Бөлімшелердің өрттерге, авариялық-құтқару жұмыстарына және жалған шақыруға шығу динамикасы.
Өткен жылдармен салыстырғанда жалған шақырулар саны айтарлықты артты. 2015 жылы бөлімшелермен 12 жалған шығу болды, бұл өткен 3 жылға қарағанда (2012 жыл – 1 рет, 2013 жыл – 2 рет, 2014 жыл – 4 рет) 71% артық. Жоғарыда айтылған деректерге тиісті мәліметтер жиналды және процессуалды шешім қабылдау үшін Петропавл қаласының ІІБ және АІІБ тергеуге алуға берілді.
Облыстың елді мекендерінде өрт сөндіру бойынша
«СҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ бөлімшелерінің жауынгерлік іс әрекет ЖИЫНТЫҚ КЕСТЕСІ
№
р/р
|
Аталуы
|
2015 ж.
|
2014 ж.
|
1
|
Кезекші қарауылдың дабыл бойынша шығуы, соның ішінде
|
1866
|
1845
|
а)
|
Өрттерге
|
705
|
761
|
б)
|
Авариялық-қтқару жұмыстары
|
326
|
194
|
в)
|
Өрт ретінде есепке алмайтын жанулар
|
823
|
886
|
г)
|
Жалған
|
12
|
4
|
2
|
Өрт-тактикалық жаттығулар, сабақтар
|
125/813
|
158/699
|
3
|
Құтқарылған / эвакуацияланған адамдар (барлығы)
|
20/981
|
48/1047
|
4
|
Өртте қаза болған адамдар (барлығы)
|
39
|
47
|
4.1
|
Соның ішінде балалар
|
3
|
8
|
5
|
ЕӨСД, тұрғындармен және т.б сөндірілген өрттер
|
64
|
51
|
6
|
Өрттен шыққан залалдың жалпы сомасы (мың.теңге)
|
126 971,12
|
119 000,25
|
7
|
Тауар-материалды құндылықтар құтқарылды (мың. теңге)
|
190 000
|
620 292
|
8
|
Құрылыстар жойылды
|
152
|
181
|
Ағымдағы жылда облыс орталығының аумағында «Атак» ЖК (ғимаратта кафе, дүкен, шағын балалық орталық орналасқан, өрттің жалпы көлемі 1672 ш.м құрады) объектінде 1 ірі өрт болды. СҚО ТЖД бастығы азаматтық қорғау полковнигі П.В. Филипповтың қатысуымен Қазақстан Республикасының ІІМ ТЖК 2015 жылғы 12 мамырдағы «Өрттерді зерделеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» №110 бұйрығына сәйкес гарнизонның барлық басқарушы құрамымен өрттің талдауы өткізілді. Қорытындысында бөлімшелердің жауынгерлік әзірлігін арттыру мақсатында техникалық және ұйымдастырушы жиынтығы өткізілді:
Қызылжар су ЖШС өкілдерімен бірлесіп, өрт гидранттарының
тексерісі ұйымдастырылды;
өртке қарсы су жабдығының жағдайы облыстық ТЖ комиссиясямен
қарастырылды, нәтижесінде Қызылжар су ЖШС 100 өрт гидраттарымен иеленді және олар су өтетін жүйелерге орнатылды;
орналасуы бойынша реттеу жұмысы орындалды(БАҚ сюжет, КҚБ төрағаларымен сұхбат);
өрт орнынан радиобайланыстың жақсаруы үшін қаражат
экономиясының көмегімен екі ретранслятор(радиобайланыс күшейткіштері) алынды, олардың көмегімен радиостанция жұмысының алғаштығы артты, штаб үстелі дербес тоқ көзімен жұмыс істейтін станционарлық радиостанциямен жабдықталды;
басқарушы құрамның жаңғырықты және ірі өрт орнына шығу
алгоритмі қайта өңделді, сондай-ақ шақыру орнына келген кезде әр қызметкерге айқындалған міндеттердің тәртібінің орындалуы бекітілген өрт сөндіру штабын құрастыру нұсқаулығы;
шығатын объектілер тізімі түзетілді;
облыстың барлық бөлімшелерінде өрт сөндіру карточкалары және
жоспарларының қайта өңделуі ұйымдастырылды;
өрт сөндіру штабының лауазымдық тұлғалардың әрекеттерін орындай
отырып, адамдардың жаппай келу объектілерінде 38 өрт-тактикалық жаттығулар ұйымдастырылып орындалды;
өрттің көрші тұрған құрылыстарға тарау мүмкіндігі болатын облыстың
барлық елді мекендерінде бақылау жүргізілді;
(ауылдарды 2 және одан да көп), бөлімше басшыларымен талдау өткізіледі, кейін жеке құраммен зерттеу үшін барлық бөлімшелерге жіберіледі;
облыс орталығының жоғарылатқыш станцияларында өрт сөндіру
автомобильдеріне су құю үшін крандар орнатылды (6 осы жылда және 2016 жылда 16 орнатылады).
Облыстың аудандарында жаңғырықты және ірі өрттер тіркелмеген, сонымен бірге өткен жылмен салыстырғанда тұрмыстық өрттер аудандарда 5,6% азайған.
Облыс өңірі бойынша барлық аудандарда өрттердің саны кеміген, Айыртау, Мамлют, Уәлианов аудандарын қоспағанда, сондағы өткен жылмен салыстырғанда өрттер саны тиісінше 55,5%, 11,5%, 29,4% артты. Өрт санының өсуі Айыртау ауданында болды, егерде 2014 жыл аудан өңірінде 36 өрт болса, 2015 жылы 56 өрт тіркелген, бұған қарағанда өрттер саны 55,5% өсті.
Өрт ретінде есепке алмайтын жанулардың облыс бойынша саны өткен жылмен салыстырғанда 7% азайған.
Өрттің жетістікті сөндірілуі және материалдық залалдың азайуы, өрт орнына жүру жолының уақыты және жою уақыты болып келеді.
2015 жылдың өткен кезеңінде 36,6 % өрттерге мекеме бөлімшелері 10 минутқа дейін келді, бұл өрттің ірі мөлшерлерге таралмайынша сөндіруді дер кезінде ұйымдастыруна әкелді және отпен материалдық залал келтіруін азайтты. 12 ай ішінде өрт орнына бірінші бөлімшенің орташа жүру уақыты облыс орталығында 3,02 минут, ал ауылды мекендерде 1,23 минут құрады.
«СҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ
бөлімшелерінің өрт орнына жүру уақыты (пайызда)
Мемлекеттік өртке қарсы органдары бөлімшелерінің жоқ болуынан және аудандық орталықтарынан алшақ келетін ара қашықтықта болған өрттердің саны -28,1% азайды, облыс бойынша өрт орнына бірінші бөлімшенің орташа жүру уақыты 2014 жылдың үйлес кезеңімен салыстырғанда 15,9% артты және 13,9 минут құрады.
Өрт сөндіру уақыты (пайызда)
2015 жылдың 12 ай ішінде бір сағатқа дейін 364 өрт (өрттің жалпы санынан 51,6%), 2014 жылдың үйлес кезеңінде 366 өрт сөндірілді (48%). Бір сағаттан артық сөндірілген өрттердің саны айтарлықтай көбейді, аудандық бөлімшелердің шығу радиусы нормативті талаптардан айтарлықтай асырады, және де кезекші қарауылдың саны маңызды рөл атқарады. Өрт сөндіру кезінде аудандық бөлімшелеріндегі жеке құрамы 3-4 адамнан аспайды, соның себебінен сөндірудің уақытында және басқа жауынгерлік әрекеттердің бір уақытта орындалуында айтылады.
Өрт сөндіру бекеттеріндегі кезекші қарауылдың штаттық саны 3 адамнан құрайды, соның себебінен олардың өрт орнына келу кезінде өрт сөндіру техниканың тактикалық мүмкіндіктерін толық көлемінде орындауға мүмкіндік берілмейді, және де өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің имиджінде кемшілікті көрінеді.
Барлығы Солтүстік Қазақстан облысының гарнизонында 2015 жылдың есеп кезеңінде бір қарауыл күшімен 444 өрт сөндірілді(жалпы санынан 57,6%).
Автоцистернадан бір оқпанмен 298 өрт сөндірілді немесе 38,7% (2014 жылдың үйлес кезеңінде 346 өрт немесе 42,6%). Берілген мәлімет осындайларға көрсетіледі, аудандық бөлімшелердің жеке құрам санының жетіспеуінен көп оқпандар санын беру мүмкіндігі әрдәйым берілмейді. Көптеген жағдайда өрттердің сөндірілуі қолайсыз жадайларда жүргізіледі, мұндай мәліметтердің бірі болып өртке қарсы су жабдығының жағдайы нашар болуы.
2015 жылдың есеп кеңінде 123 өрттерде ауа-механикалық көбігі қолданылды (2014 жылы – 20 рет). Өрт сндіргіш ұнтағы болмағандықтан қолданылған жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: |