2015 жылға «Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» Мемлекеттік мекемесінің өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің жедел-қызметтік анализі


-2015 жылдары өрттерде қаза болған адамдардың статистикалық саны



бет2/2
Дата24.04.2017
өлшемі286,28 Kb.
#14960
1   2

2011-2015 жылдары өрттерде қаза болған адамдардың статистикалық саны.

2015 жылда өрттерде 39 адам қаза болды, соның ішінде 3 бала. Адамдардың негізгі саны өрт сөндіру бөлімшелерінің келуіне дейін қаза болады. Адамдардың қаза болған өрттерге «СҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ кадр жұмысы бөлімінің штаттық психологтары зардап шеккендерге көмек көрсету үшін міндетті түрде шығады.

2015 жылы өрттерде 20 адам құтқарылып 981 адам эвакуацияланған.

«СҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ бөлімшелерімен сөндірілген негізгі өрттердің саны есепті кезеңде тұрғын секторларға келеді – 521 (73,9%), соның себебінен халықтың өрт қауіпсіздік талаптарын немқұрайлы қарау нәтижесінен болады.

2015 жылы еркін өрт сөндіру жасақтары 209 өрттің сөндіруіне қатысты, облыс аумағында болған өрттердің жалпы санынан 27% құрайды (2014 жылы - 26%). ЕӨСЖ және тұрғындармен 64 өрт, өртке қарсы қызмет бөлімшелерімен бірге 181 өрт сөндірілген. Өткен жылдармен салыстырғанда өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде еркін өрт сөндіру жасақтарының өрттерді сөндіруге қатысуы оң нәтиже көрсетеді. Берілген мәлімет жергілікті органдармен бөлімше басшыларының жұмысын көрсетеді. Бұл бағытта ауылды округтарда ЕӨСЖ сапасыз жұмысы бойынша әкімшілікке хаттардың жіберілу практикасы жақсы көрсетіледі. Жылдың басынан жергілікті органдарға ЕӨСЖ сапасыз жұмыстары бойынша 12 ақпаратты хаттар жіберілген, қарастыру нәтижесінде Тимирязев ауданының Дмитриевск селолық округінің әкімі өрт сөндіру жұмысын сапасыз ұйымдастырғаны үшін сөгіс алды.

Жылдың басынан бастап тұрғын секторда сақтандыру шараларын күшейту бойынша жұмыс алғашқы бағыт болып анықталды. Ішкі істер органдарымен бірлесіп, нашар тұратын отбасылар үйлеріне рейдтер жасалды, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы (радио, баспасөз, телевидение) халық арасында үгіттеу жұмыстары жүргізілді. Тұрғын секторда өрттердің алдын алу аясында өрт қауіпсіздігі бойынша «айлықтар» өткізілді. Өрт сөндіру бөлімшелердің жеке құрамы аудандардың ТЖБ және Петропавл қ. ТЖБ қызметкерлерімен бірлесіп, тұрғын сектордағы үйлерді аралады. Тұрғын үй иелерімен тұрмыста өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сақтандыру жұмыстарын жүргізу кезінде 35 мыңнан артық үйлер араланды, 116 мың адаммен әңгімелесулер жүргізілді, оларға өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын сақтау бойынша 50 мыңнан артық жаднамалар берілді.

Солтүстік Қазақстан облысы орман алабының көлемі 560 мың га. артық, оның ішіндегі 138 га. «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық саябағына жатады. Осы жылы облыс аумағында 7 орман өрті болды, жалпы көлемі 14 га. және 200 га. көлемде 3 дала өрті болды. Өрт қауіпті кезеңге дайындалу аясында шартты орман өрттерін жою бойынша 16 өрт-тактикалық жаттығу жүргізілді. Маусым айында мекеменің жеке құрамы Ресей Федерациясының Қорған облысы аумағында табиғи сипаттағы ТЖ жою бойынша ірі көлемді бірыңғай жаттығуларға қатысты (29 адам қатысты және өрт сөндіру техникасының 3 бірлігі қатысты: АЦ, КШМ, ВАХТОВКА).

Солтүстік Қазақстан облысының аумағы күртік қар, су тасқыны, сондай-ақ табиғи өрттер мен жанулар сияқты табиғи сипаттағы төтенше жағдайларға ұшырағыш. 2015 жылдың өткен кезеңінде авариялық-құтқару жұмыстарын орындауға 326 шығулар жасалды, бұл 2014 жылға қарағанда 68% артық(2014ж-194). Оларды жүргізу кезінде 60 адам құтқарылды және 460 адам эвакуацияланды, 1 зардап шеккенге медициналық көмек көрсетілді және 5 қаза болған адамдардың денелері шығарылды. Қосалқы инженерлік техника (бульдозер, шнекороторлы қар тазалағыш, автогрейдер) мемлекеттік материалдық қордан мекеменің балансына түскеннен кейін автомобиль жолдарын күртік қардан тазалауға жұмылдырылды. Берілген техника барлығы 29 рет шықты және 214 шақырым жол тазаланды, күртік қардан техниканың 30 бірлігі босатылды, 22 көлік құралы қауіпсіз орынға сүйреп апарылды.

Тасқын сулардың салдарын жою үшін өрт сөндіру бөлімшелерімен 96 рет шығу жасалды, 73 мың куб еріген су сорылып шығарылды, 176 адам эвакуацияланды (73 – бала, 7 – мүгедек), 1129 бас үй жануарлары қыраттарға шығарылды, жеке құраммен арықтар тазаланды, бөгеттер нығайтылды және инертті материалдар дайындалды. Су тасқынға қарсы іс-шаралардың уақтылы жүргізілуінің арқасында адамдар қаза болған жоқ және халық пен мемлекетке келтірілген материалдық залалдың көлемі төмендетілді.

Ағымдағы жылда Солтүстік Қазақстан облысының аумағында су тасқыны салдарының мүмкіндігін жою мақсатында бөлімшелердің жеке құрам арасынан 200 адам және 35 бірлік техникасын құрайтын топтар құрылған.

Қазақстан Республикасы облыстың аусақтарында су тасқыны салдарының мүмкіндігін жоюда көмек көрсету үшін 21 адам және 6 бірлік техникасын құрайтын «СҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ күштер мен құралдар топтары құрылған.

АҚЖ орындауына қатысқан барлық қалалық және аудандық қызметттерімен (әкімшілік полиция басқармасы, медициналық қызметі және т.б.) «СҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ бөлімшелері жеке құрамының жедел және үйлесімді әрекеттерінің оң жағын көрсетеді. Жеке тұрған объектілерінің жергілікті деңгейінің көтерілуін жою үшін облыс орталығының ауданында 5 батпақ мотопомпа МП-70С, 2 мотопомпа МП-13/80.1 және 1 мотопомпа SERH-50 ХОНДА GX-240 пайдаланды, өз кезегінде жауынгерлік есептің адамдарға деңгейдің көтерілу кезінде уақытында көмек көрсетуіне әкелді, және де өрт сөндіру техникасының тозуы айтарлықтай азайды.

Қыс кезеңінде өрт сөндіруге және шұғыл авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге мекеме техникасының және жеке құрамының дайындығын қамтамасыз ету мақсатында бірқатар жоспарланған іс-шаралар жүргізілді. Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 08 қазандағы «2015-2016 жылдардың қысқы кезеңіндегі төтенше жағдайлардан Қазақстан Республикасының халқы мен аумағын қорғауға дайындалу және ұйымдастыру туралы» №826 бұйрығының негізінде облыстың барлық өрт сөндіру бөлімшелерінде жеке құрам санынан мобильді топтар құрылды. Қыс кезеңіндегі техногенді және табиғи сипаттағы төтенше жағдайларға дер кезінде әрекет ету үшін жүру мүмкіндігі жоғары техниканың 41 бірлігі дайындалған. Төмен температура жағдайларында өрттердің ұзаққа созылу кезінде жеке құрамды тасу және жылыту, сонымен қатар күртік қардан зардап шеккендерді эвакуациялау үшін жүру мүмкіндігі жоғары техниканың 4 бірлігі дайындалған: УРАЛ (3255) базасындағы «Вахтовка», екі «Вахтовка»: КамАЗ (43114) және ЗИЛ (131) «Кунг». Күртік қарда тұрып қалған техниканы эвакуациялау үшін 2 жеңіл броньді шағын тартқыш дайындалды. Оңтайлы және тиімді қолданылу үшін осы техника Айыртау ауданында орналастырылды, өйткені осы аумақтағы республикалық маңызды автомобильдік трасса жиі қармен басылып жатады.

Ағымдағы жылда мемлекеттік материалды резервінен мекеме балансына түскен инженерлі техника: шнекороторлы қар тазалағыш (Урал 4320-1151-71), автогрейдер (ХСMG моделі CR-180), бульдозер (Б10М.0801-1Е) және тралы бар отырмалы тягач (Howo) Петропавл қаласының ӨСБ ТҚКС аумағында орналасқан және қыс мерзімі жағдайынада қолдану үшін дайындалған. Сонымен қатар бөлімшеде гусеничті ауыр тасымалдағыш-тягач орналасқан.

Өрт сөндіру автомобильдеріне су құю үшін қыс мерзіміне дайындалу кезеңінде облыс орталығының 5 сорғы станциясын өрт сөндіру жеңдерімен жалғайтын шүмектермен жабдықтау туралы мәселе қарастырылды. Осы сумен қамтамасыз ету көздерін кедергісіз пайдалану үшін өрт сөндіру қызметінің жауапты қызметкерлеріне станциялардан кілттер тапсырылды.

Кәсіби даярлық мектебінде мекеменің 336 қызметкері оқыды. Өрттер және ТЖ кезінде зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі көмекті сапалы көрсету үшін мекеменің 103 қызметкері «Парамедиктер үшін дәрігерге дейінгі көмек көрсету» курстарында оқыды. Мекеменің психологтары 39 тренинг, 6 семинар, 1 интерактивті сабақ өткізді, 239 диагностика жасады және 93 қызметкерге кеңес берді, 101 қызметкер электр қауіпсіздігі бойынша дайндық өтті.



Тактикалық арнайы дайындығының жүйесіндегі сабақтар өңделген тақырыптық жоспарлардың және нормативті құжаттардың негізінде өткізілді. Тактикалық арнайы дайндық бойынша сабақтар өткізу барысында өрт-тактикалық дайындығына және өрт құтқару дайындығының нормативтерін тәжірибелік өтеуіне ерекше көңіл бөлінді. 2015 жылы бөлімшелер нормативтердің тәжірибелік өтеуге және сабақ кестесі бойынша 5437 рет шықты.
Өрт тактикалық сабақтар мен жаттығулардың өткізу анализі


Бөлімшелердің ұдайы жауынгерлік дайындығын ұстау мекеме жұмысының негізгі міндеті болып келеді. Сол үшін ағымдағы жылда 125 өрт-тактикалық жаттығулар және 813 сабақтар жүргізілді, оның ішінде адамдар көптеп болатын объектілерде 40 ӨТЖ және 772 сабақ. 1692 өрт сөндіру карточкаларының және 576 жоспарларының түзетілуі орындалды, су көздерінің анықтамалық кітаптарына және планшеттерге тиісті өзгерістер енгізілді (жаңа жыл мерекелерін өткізу қарсаңында мекеменің бөлімшелерімен өрт-тактикалық міндеттерін шешу бойынша 20 сабақ өткізілді, мерекелік шаралар өтетін объектілерде 172 өрт сөндіру карточкалары және 119 жоспарлары түзетілді).

Ішкі істер Министрінің орынбасары В.К. Божконың тапсырысына сәйкес 2016 жылға тактикалық-арнайы дайындығы бойынша өрт сөндіру тактикасын жетілдіруге қатысты тақырыптарын оқу үшін, сондай-ақ жеке құрамның құқықтық және дене тәрбиесін жетілдіру үшін тақырыптық жоспардың өңделуі оқу сабақтарының сағаты көбейтілді.

2015 жылда СҚО аумағында «Қыс-2015» РКШЖ және әскери-экономикалық жаттығулар өткізілді, жаттығуларға өрт сөндіру бөлімшелері белсенді қатысып жаттығу басшыларынан жақсы баға алды.

2015 жылы облыстың өрт сөндіру бөлімшелері, Солтүстік Қазақстан облысының күш ведомстволарымен, коммуналдық, медициналық және өзге де өзара әрекеттесу қызметтерімен бірлесіп, түрлі жоспарлы шаралар аясында барлығы 36 лаңкестікке қарсы жаттығу және 14 тактика-арнайы жаттығу өткізді (Гонг, РКШЖ және т.б.).


Тактика-арнайы және лаңкестікке қарсы жаттығуларға қатысуға

өрт сөндіру қызметі бөлімшелерінің жұмылдырылуына талдау

Гарнизонның жарағына қазіргі замандағы дем алу аппараттары келіп түсуіне байланысты мекемеде газ-түтіннен қорғау қызметін жетілдіру бойынша жоспарланып жұмыс жүргізіледі. Қазіргі уақытта он бір ауданда (он үштен) газ-түтіннен қорғау қызметі құрылды, бақылау бекеттері жабдықталды, жеке құрам дайындықтан өтті және дем алу органдарын қорғау құралдарымен жабдықталды. 2015 жылы газ-түтіннен қорғау қызметі Ақжар ауданында құрылды. Жүргізілген жұмыстардың арқасында ГТҚҚ 17-18 буыны тәулік сайын жауынгерлік кезекшілікке түседі, олар 2015 жылы 126 өртті жойды, 15 адам құтқарды және 250 адамды эвакуациялады. 2016 жылы Тимирязев және Уәлиханов аудандарында ГТҚҚ құру жоспарлануда, бірақ ол үшін дем алу аппараттарымен және тексеру тесторларымен қосымша жабдықтау қажет.

2015 жылдың кезеңінде өртке қарсы бөлімшелердің жеке құрамымен техника қауіпсіздік ережесін бұзуын және өндірістік травматизмді болдырмау үшін шаралар орындалды. Мекеменің бөлімшелерінде жеке құрам арасында травматизмнің алдын алу шаралары және қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмысын өткізілуіне қарамастан, 2015 жылдың 31 желтоқсанында Петропавл қаласы Московский 1 жолының мекенжайы бойынша тұрғын үйді сөндіру кезінде №5 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі азаматтық қорғау аға сержанты Оралұлы Алтынбек Абдрахмановпен өліммен аяқталған жазатайым оқиға болды.

Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті қызметкерлерімен және Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясының басқарма комиссиясымен берілген мәлімет бойынша қызметтік тергеу өткізіліп жатыр. Тергеу нәтижесінен кейін барлық материалдар Қазақстан Республикасының ІІМ ТЖК жіберілді. Қызметке жаңадан келген барлық қызметкерлермен техника қауіпсіздігі бойынша уақытында кіріспе және бастапқы нұсқаулық өткізіледі.Тактикалық-арнай дайындық бойынша сабақ өткізу кезіне қауіпсіздік техникасына ерекше көңіл бөлінеді.

Полицияның әкімшілік басқармасы өкілдерімен бірлесіп өрт сөндіру бөлімшелерінің жүргізуші құрамымен жол жүру оқиғаларын болдырмау, жүргізушілердің шеберлігін және білім біліктілігін жетілдіру бойынша 2 семинар-кеңес өткізілді. Автокөліктің техникалық қызмет көрсетуі өрт сөндіру техникасы және жабдықтары бөлімшесі мамандарының бақылауымен ТҚК кестесіне сәйкес өткізіледі.

Хаттаманың тапсырмасына сәйкес (ағымдағы жылда аудандық өрт сөндіру бөлімшелерінде қарауыл қызметінің ұйымдастырылуы және жауынгерлік дайындығын кенеттен тексеруді жүзеге асырды, нәтижелері бойынша өрт сөндіру бөлімдерінің басшыларына қызметті жетілдіру бойынша ұсынымдар берілді және тәжірибелік көмек көрсетілді). Барлығы облыс бойынша 16 аудандық бөлімшелеріне кенеттен тексеріс өткізілді, соның ішінде 9 өрт сөндіру бөлімі алыстағы аудан орталықтарында және елді мекендерде орналасқан. Өткізілген тексерістердің қорытындысы бойынша 9 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды және біреуі жазбаша ескертілді.

Қазақстан Республикасының ІІМ ТЖК 2015 жылғы 12 мамырдағы «Өрттерді зерделеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» № 110 бұйрығының талаптарына сәйкес облыстың бөлімшелерінде жауынгерлік әрекетер карточкаларын құрастырылуымен 72 ерекше өрттердің зерттелуі орындалды (2014 жылы 79 талдау). Талдаулардың қорытындысы бойынша барлық бөлімшелерге жіберілуімен бірге өрт сөндіру тактикасын жетілдіру бойынша ұсыныстар құрастырылады.

2014 жылы мекеменің қызметкерлерімен шатырды тесіп астындағы өртті сөндіруге арналған оқпанның үлгісі әзірленген еді. Осы оқпанды сынау бойынша фотоматериалдар және әзірлеу кестесі қарастырылу және өрт сөндірген кезде бұдан әрі қолданылу үшін ҚР ІІМ ТЖК жолданды. Осы оқпан бірнеше рет өрттерді сөндіргенде қолданды және өзін жақсы жағынан көрсетті. Ағымдағы жылда осы өнертабысқа өрт сөндіру техникасы және жабдықтары бөлімшесінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Қасен Ержанұлы Құсылбаев патент алды (автордың куәлігі №89777).


2016 жылға негізгі тапсырыстар
Өткізілген анализдің негізінде, өрт сөндіруді сапалы ұйымдастыру мақсатында «СҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ бөлімшелерінің басшыларына келесі шаралар орындауға ұсынылады:

1. Қатардағы және кіші басқарушы құрамының лауазымына жаңадан келген қызметкерлердің көп келуіне байланысты олармен алғашқы дайындығының сапалы өткізуін ұйымдастыру және болашақта кәсіби даярлық мектебінде өткізу;

2. Офицерлік құраммен әр түрлі халық шаруашылық объектілерінде өрт сөндіру кезінде тактикалық сауттылықты арттыру үшін жиі сабақтар өткізу;

3. Өрт сөндірудің тактикасын жетілдіру бойынша ұсыныстардың нақты орындалуымен жаңғырықты және ірі өрттерді зерттеу алқабында аналитикалық жұмыстың сапасын арттыру;

4. Бюджет қаржысын үнемдеу есебінен барлық бөлімшелер үшін шатыр астындағы өртті сөндіру оқпандарын иелендіру;

5. «Қызылжар су» ЖШС өкілдерімен бірлесіп тағы да 16 жоғарылатқыш станцияларында өрт сөндіру автомобильдеріне су құю крандарын орнату үшін кешен шараларын өткізу;

6. Қаражаттың берілуі кезінде мекеменің өрт қауіпсіздігін арттыру, ағаш конструкцияларын оттан қорғайтын құраммен өңдеу, электр сымдарының тоқ айыратын қабығын және кедергісін өлшеп, ескі және тозған электр сымын ауыстыру;

7. Жоспар бойынша өрт-тактикалық жаттығулар мен сабақтарын өткізе отырып бөлімшелер жеке құрамның жауынгерлік әзірлігін жоғарылату бойынша жұмысты жалғастыру;



8. Құқықтық және әскери-қызметтік тәртіп бұзушылығын болдырмау
Каталог: kchs -> 2016 -> fevral
fevral -> Бөлімшелерде 2015 жылға әскери және қызметтік дайындықты ұйымдастыру талдауы
fevral -> Жамбыл облысы тжд «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің 2015 жыл қорытындысы бойынша жедел-қызметтік жұмысының талдауы
fevral -> Бөлімшелерде 2015 жылға әскери және қызметтік дайындықты ұйымдастыру талдауы
kchs -> № исх: 39-6-06/1547-И/вн от: 07. 09. 2015 Қазақстан Республикасы
2016 -> Жамбыл облысы тжд «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің 2016 жылдың 1 жарты жылдық қорытындысы бойынша жедел-қызметтік жұмысының талдауы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет