2016 жылдың жылдық есебі алматы 2017 ж. Шипажайдың жалпы сипаттамасы



бет1/3
Дата01.04.2017
өлшемі409,2 Kb.
#12930
  1   2   3


Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы

3 «Алау» балалар шипажайы



Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

2016 жылдың

ЖЫЛДЫҚ ЕСЕБІ

Алматы 2017 ж.



  1. Шипажайдың жалпы сипаттамасы

Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының №3 «Алау» Балалар шипажайы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны Бостандық ауданында З.Шашкин көшесі, 7 мекен-жайында орналасқан. Санаторий типтік балалар мекемесінің үй-жайында орналасқан, 1982 жылдан бері жұмыс істейді.

Санаторийдің функционалдық міндеті – туберкулездік емес этиологиялы пульмонологиялық аурулармен сырқаттанатын балаларға 100 төсек –орынды қалпына келтіре емдеу мен медициналық сауықтыру бойынша тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету болып табылады.

Алматы қаласы әкімдігінің 03.09.2015 жылғы №3/527 қаулысы негізінде №3 «Алау» Балалар санаторийі ШЖҚ МКК болып қайта аталды.

Алматы қалалық Әділет департаментінің Бостандық ауданы әділет басқармасының 22.10.2015ж. №728-ші бұйрығымен қайта тіркеуден өтті.

ТМККК бойынша 2016 жылғы мемлекеттік тапсырыс 1800 баланы құрайды.

Алматы қаласының БМСК мамандарының жолдамасымен «Емдеуге жатқызу бюросы» Порталы арқылы жіберіледі.
Шипажайдың мақсаты мен міндеттері:
Міндеттері: Пациенттің медицина қызметкеріне деген сенімін арттыру арқылы сапалы әрі тиімді медициналық көмек көрсету.

Мақсаты:балалардың жан-жақты дамуын, балалардың сырқаттануын азайтуды, салауатты өмір салтына бейімделуін, денсаулықтарын қорғау мен нығайту үшін барынша ұтымды жағдайлардың жасалуын қамтамасыз ету.

2. Шипажайдың негізгі міндеттері

- қалпына келтіре емдеу мен медициналық оңалту бойынша емдеу-сауықтыру шараларының толық кешенін іске асыру;

- шипажайға келіп түскен балаларды қалпына келтіре емдеу мен медициналық оңалту бойынша қоғамдық және әлемдік озық тәжірибелерді зерттеу және тарату;

- балалардың және олардың ата-аналарының арасында салауатты өмір салтын, науқас балалардың денсаулығын қалпына келтірудегі олардың жауапкершілігін насихаттау, әрі оларды сауықтыру шараларына белсенді қатысуға жұмылдыру;

- қаланың өзге БМСК-лерімен емдеу, оңалту ісінің сабақтастығы.

3. Емдеу-сауықтыру шараларының кешені

1. - Санитарлық-гигиеналық және емдік режим;



  1. - Алты реттік толық құнарлы және ұтымды диеталық тамақтандыру;

  2. - Қалпына келтіре емдеу мен медициналық оңалтудың бекітілген стандарттары бойынша баланың сырқатына сәйкес бекітілген емдеу стандарты бойынша дәрумендік және физиолық емдеу;

  3. - Фитотерапия (шөптер мен фитошәйлердің толық құрамды жинағы);

  4. - Физиотерапия ( физиотерапиялық емнің барлық түрлері - сәулемен емдеу, жылумен емдеу, аэрозольтерапия , сумнен емдеу және т.б.);

  5. - Стопотерапия шунгитпен;

  6. - Галотерапия;

  7. - Самырсын майымен ароматерапия;

  8. - «Шарко» душы;

  9. - Жеке және топпен ЕДШ;

  10. - Емдік массаж;

  11. - Контрастты-ауа ванналары тәсілімен шынықтыру.


Баланың бейімделуі, емделуден бос уақытын қызықты әрі жақсы өткізуі емдеу-сауықтыру жұмысы барысында өте маңызды рөл атқарады, сондықтан педагог қызметкерлердің жұмысына да көп көңіл бөлінеді

Емдеу-сауықтыру жұмыстарын жүргізумен қатар оқу-тәрбие жұмысы да іске асырылады.

Шипажайдың педагогика қызметінің жұмысы келім-кетімнің алғашқы күні баланың әлеуметтік бейімделуі үшін, баланың айналасында оптимистік, жағымды эмоционалдық атмосфераның, қарым-қатынас ортасының қалыптасуы үшін жағдай жасауға бағытталған.



Күнделікті жұмыс барысында педагог қызметкерлер медицина қызметкерлерімен тығыз байланыста жұмыс жүргізеді.

2016 жылғы міндеттер мынандай болы: «Денсаулық» білім беру саласы бойынша, дене шынықтыру сабағы арқылыбалалардың денсаулығын нығайту; «Шығармашылық» білім беру саласы бойынша балаларға сурет салуды үйрету, қоршаған ортаның әсемдігін көре білуді балаларға үйрету, балалардың бейнелеу өнеріне деген қызығушылығын ояту. Балалар келіп түске кезде олармен педагогика бөлімінің меңгерушісі мен психолог-педагог жұмыс жүргізеді. Ата-наларымен сауалнамалар жүргізеді , және әр баламен жеке жұмыс жасайды. Қызметкерлермен тренингтер өткізіледі: «Қарым-қатынас жасау, тәлдесудің вербалдық және бейвербалдық құралдары», 9 қыркүйекте «Бақытты отбасы» тренингі өткізілді.

Шипажай педагогтары ағылшын тілі элементтері бар сабақтарды да өткізіп тұрады. Келім-кетім соңында музыка жетекшісі ойын-сауық шараларын өткізеді.


4. Қаржы-шаруашылық қызметті ұйымдастыру
Шипажайдың қаржы-шаруашылық қызметі 100% мемлекеттік тапсырысты орындаудан тұрады. Бір баланы емдеу үшін бюджеттен 15 төсек орын күніне 72425,55 мың теңге сома бөлінеді, оның ішінде тамақтандыру үшін күніне 1004,3 теңге, дәрі-дәрмектер үшін күніне 198,39 теңге, қалған сома салықтар үшін, жалақы мен жүктеме шығындар үшін жұмсалады ( өзге қызметтер, коммуналдық қызметтер).

10 төсек-орыннан тұратын күндізгі стационардың ақылы бөлімшесі жұмыс істейді, бөлімшенің штаты 4 бірлікті құрайды.

5. Соңғы 3 жылдағы қаржылық көрсеткіштері



Атауы

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

Қаржыландырылған жоспар

116 446,5

123946,2

136 733,1

Бекітілген мемлекеттік тапсырыс сомасы

116 446,5

123946,2

136 733,1

Мемлекеттік тапсырыс

1800

1800

1800

Жоспардың нақты орындалуы

1800

 


1800

1800

Бір емделу жағдайының нақты құны

64 906,95


68 839,04


72 425,55




6. Шығындар құрылымын талдау
Мың тг

Спецификасы

Атауы

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

 

 

теңге

(+/-) в %

теңге

(+/-) в %

теңге

(+/-) в %

 

Жалпы қаржыландыру

116 446,50

100,00

123946,2

100,00

136733,1

100,00

 

Оның ішінде ақылысы

0

-

0

-

2425,3

1,8


111

Жалақы

57 851

49,68

68 967,10

55,64

79132

57,87

 

о.і. әкімнің сыйақысы

0

13,51 (от фот)

4756

6,90 (от фот)

3942

4,14 (от фот)

 

о.і. дифф.төлемдер

7815

13,51 (от фот)

8476

12,29 (от фот)

9621

13,00 (от фот)

121

Салықтар

5 601

4,81

6841

5,52

8423,8

6,16

141

Азық-түлік өнімдері

25 545

21,94

24 842,70


20,04

27 116,00

19,83


142

Дәрі-дәрмектер

4 511

3,87

3 942,00

3,18

5356,5

3,92

149

Тауарларды сатып алу

4 864

4,18

3 246,70

2,62

4015,4

2,94

151

Коммуналдық қызметтер

5692,9

4,89

5244,6

4,23

4962,2

3,63

152

Байланыс қызметтері

354,8

0,30

406,5

0,33

414

0,30

153

Авто қызметтер

2230,2

1,92

1690

1,36

2400

1,76

159

Өзге қызметтер

9797,1

8,41

4020,1

3,24

4 913,20

3,59

Жалпы қаржыландыру 2014 жылы - 116 446,5 мың тг. құрады, 2015 -123946,2 мың тг., 2016 – 136 733,1 мың. тг. 2015 жылдан бастап 2016 жыл бойынша өзгерістер процентке шаққанда көбею жағына қарай +9,3 %.-ке теңелді.



Жалпы қаржыландыруға мыналар кіреді

  1. Жалақы бойынша сома 2016 жылы 79 132,0 мың тг. Құрады, бұл алдыңғы 2015 жылға қарағанда 8,7% -ға көбірек.

  2. Салық: 2016 ж. сома 8423,8 мың тг. Тең, яғни 2015 жылға қарағанда 8,1 % -ға артық.

  3. Азық-түлік өнімдері 2015 жылы 24 842,7 мың тг және 2016 жылы + 9,1 %-ға көбейген, жалпы сомасы 27 116,0 мың тг құрады

  4. Дәрі-дәрмектер 2016 жылы 5356,5 мың тг. құрады, бұл 2015 жылға қарағанда 7,3 % -ға артық, 2015 жылы сома 3942,0 мың тг. құраған.

  5. Тауарларды сатып алу 2015 жылы 3246,7 мың тг болды және 2016 жылы 4015,4 мың тг. болды. Айырмашылығы көбею жағына қарай 19,1 %-ды құрады.

  6. Коммуналдық қызметтер 2016 жылы 4962,2 мың тг., бұл 2015 жылға қарағанда 5,7 % -ға аз, 2015 жылы сома 5244,6 мың тг. құраған.

  7. Байланыс қызметі 2016 жылы 414,0 мың тг. құрады, бұл 2015 жылға қарағанда 1,8 % -ға көбірек, 2015 жылы сома 406,5 мың тг. құраған.

  8. Автокөлік қызметтері 2016 жылы 2400,0 мың тг. құрады, бұл 2015 жылға қарағанда 29,6 % -ға артық, 2015 жылы сома 1690,0 мың тг. құраған.

  9. Өзге қызметтер 2015 жылы 4020,1 және 2016 жылы 4913,2 мың тг. құрады. Тиісінше процентке шаққанда көбею жағына қарай 18,2 % -ды құрайды.


Бухгалтерлік есептілік 2011 жылдан бері 1С бағдарламасы: 8.3. нұсқасы бойынша МСФО –мен жүргізіледі. Тауарларды сатып алу ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына қатаң сәйкес түрде іске асырылады.

Материалдық – техникалық база 89 %-ға жабдықталған.

7. Шипажай қызметкерлерінің орташа айлық жалақысы





2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

Динамика роста

Дәрігерлер

56 490

192 092,22

194 650,00

1,3 %

ОМҚ

72 484

112 128,24

123 594,26

9,3 %

КМҚ

54 815,2

68 514,80

73 332,16

6,6 %

ӨЗГЕЛЕРІ

61 773,92

65 957,29

82 475,93

20,0 %

8. Дифференцияланған төлемдер

Дифференцияланған төлемдер 2014 жылы жалақы қорының - 12%-н құрады НЖ 7815,0 ( жеті миллион сегіз жүз он бес) мың теңге;

Дифференцияланған төлемдер 2015 жылы жалақы қорының - 11,3% -н құрады НЖ (8 476) ( сегіз миллион төрт жүз жетпіс алты) мың теңге.

Дифференцияланған төлемдер 2016 жылы жалақы қорының - 13,0 % -н құрады НЖ (9 621) ( тоғыз миллион алты жүз жиырма бір) мың теңге.

Дифференцияланған төлемдер (9 621) 7 рет жүзеге асырылды ( наурыз, сәуір, мамыр, маусым, қыркүйек, қараша, желтоқсан).

Еңбекақы төлемдері Үкіметтің №1193-ші қаулысына сәйкес үстіміздегі жылдың соңына дейін ай сайын төленеді. Дифференцияланған теңбекақы төлемдерінің көбеюі байқалады.


9. 2016 жылғы шығындар
2016 жылы қаржыландыру пайызға шаққанда келесі түрде болды:


Атауы

%

Жалақы қоры

57,87

Салықтар

6,16

Азық-түлік өнімдері

19,83

Дәрі-дәрмектер

3,92

Тауарларды сатып алу

2,94

Коммуналдық қызметтер

3,63

Байланыс қызметі

0,3

Автокөлік қызметтері

1,76

Өзге қызметттер

3,59

2016 жылғы медико-экономикалық көрсеткіштер

Атауы

Саны

Емделген балалар

1800

Төсек-орын күндері

27 000

Балалардың орташа болуы

15

Бір жағдай бойынша шығын, теңгемен

72 425,55

Бір балаға күніге жұмсалатын азық-түлік шығындары

1004,3

Бір балаға күніге жұмсалатын дәрі-дәрмек шығындары

198,39

10. Кадрлық құрам
Жалпы штат саны - 99,0 бірлік.

Жұмыс істейтін медицина қызметкерлері арасындағы біліктілік санаттарын иеленгендер: дәрігерлер – 3 адам, бұл - 75%-ды құрайды;

мейірбикелер – 12 адам, бұл – 66,7%-ды құрайды;

педагог қызметкерлер – 11 адам, бұл - 65%-ды құрайды;


Есептік жылдағы қызметкерлердің толықтығы



Атауы

Дәрігерлер

Орта мед.қызметкерлер

Кіші мед. қызметкерлер

Педагог қызметкерлер

Өзге қызметкерлер

Штат бойынша

6

28,75

23

11

30,25

Жеке тұлғалар

4

18

17

10

24

Сырттай қоса атқарушылар

6

-

-

-

-

Толықтығы

100%

62,6%

73,9%

90,9%

79,3%

Бос емес

6

21,25

18,75

10

27,25

Қоса атқарушылық коэф.

0,60%

1,18

1,10

1,10

1,05

Санаттылығы

75%

66,7%

-

65%

-




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет