Стоматолог дәрігер - 1800 баланы тексеруен өткізді, сау балалар - 987, оның ішінде емделуге мұқтаждары - 430 бала. Бұрын емделгендері - 383 бала. Барлықтарына тұрғылықты жерлері бойынша емделу жөнінде кеңестер берілді.
ЛОР дәрігер - 1800 баланы тексеруен өткізді, оның ішінде: вазомоторлық ринит – 31, созылмалы тонзиллит – 156, оның ішінде: 1-2 дәрежелі аденоидтер – 31, таңдай бадамша бездерінің гипертрофиясы – 87, созылмалы фарингит – 1, аллергиялық ринит – 3, созылмалы 2-жақты орта отит - 1, аденоидты вегетация 1-2-3 ст – 6.
ЕДШ дәрігері - 252 топтық сабақтар өткізді, Бронхиалдық астма диагнозы бар балалармен жеке сабақтар өткізілді. ЕДШ тәсілдеріне таңертеңгілік гигиеналық жаттығулар, емдік гимнастика шаралары, Стрельникова бойынша, Бутейко бойынша тыныс алу жаттығулары, дозалы емдік жаяу серуендер кіреді.
Емдік-сауықтыру шаралары кешеніне, жоғарғы органдар бекіткен стандарттарға сәйкес емдеулермен қатар диеталық терапия енгізілген, атап айтсақ рацтонға құрамында йод бар (сүт, ірімшік, нан, айран) тағамдар, және «С» дәруменделген 3-ші тағам енгізілген 6 реттік толыққанды тамақтандыру.
18. Ішкі аудит бойынша есеп
Шипажайдың пациенттерді қолдау (ПҚ) және (ІА) ішкі аудит қызметінің комиссиясы жұмыс жүргізеді, есептік кезең ішінде 18 рет жиналыс өткізілді. Барлық жиналыстар хаттамаланған. Әр келім-кетімнің соңында сарапшы-дәрігер 50% медицина карталарын сараптамадан өткізеді. Медициналық құжаттамаларды жүргізу бойынша ескертулер жиналыстарда талқыланып, кемшіліктер жойылады, медициналық көмек көрсету сапасына әсері тиген жоқ.
Сонымен қатар анықталған ақаулар бойынша қала емханаларына наразылық-хатттар жолданды.
Және де ішкі аудит қызметінің жұмысына ата-аналардан сауалнама алуда кіреді (емделіп шығарылған кезде).
Есептік жыл ішінде 1800 ата-ананың ішінен 360 ата-анадан сауалнама алынды, яғни сауықтырылған балалардың 20%, олардың 99,8% -ы көрсетілген медициналық көмектің сапасына қанағаттанған.
Әр келім-кетімнен кейін пациенттердің ата-аналарынан келіп түскен арыздар мен ұсыныстар, сондай-ақ азаматтардың ұсыныстары мен тілектерін тіркеу журналы талқыланады. Ата-аналардан және балалардан есептік кезеңде наразылықтар мен негізделген арыз-шағымдар болған жоқ.
Тазалық-ағарту жұмыстары
Медицина қызметкерлері балалар мен ата-аналар арасында СӨС бойынша жұмыстар жүргізеді.
Дәрігерлер – 12, мейірбикелер – 48 дәріс пен сұхбаттар өткізген.
Бекітілген жылдық жоспарға сәйкес дәрігерлер мен бикелер конференциялары өткізілді.
Балалар арасында салауатты өмір салты бойынша тақырыптық сабақтар өткізілді.
Проводились тематические занятия по здоровому образу жизни среди детей. «Нашақорлық – Наркомания», «Защитись от ВИЧ сегодня», «Дұрыс тамақтану» тақырыптық қабырға газеттері «Туберкулез», «СПИД - ВИЧ» «ТҰМАУ-ГРИПП», «Бронхиалдық астма», «Біз темекі шегуге қарсымыз» санбюллетендері бар. Сауықтырылып жатқан балалар арасында салауатты өмір салтын насихаттау бойынша «Жарыстар, викториналар, көңілді бәйгелер» акциялары өткізілді.
Ұжымдық іс-шаралар
«Нұр-Отанның» есеп беру-сайлау жиналысы өткізілді – «Нұр-Отан» партиясының саяси кеңесінің мүшесі Б.А.Коваленкомен кездесу болды.
Алматы қалалық мәслихатына кандидаттыққа үміткерді ұсынуға, «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс XVIIIконференциясына делегаттар сайлауға қатыстық.
Ұжым қызметкерлері бірнеше рет веложарыстарға қатысты.
Бүкіл ұжым аудандық және қалалық сенбіліктер өткізуге белсенді ат салысты.
Жазғы уақытта ұжым қызметкерлері санаторийде өткізілген флешмобқа белсенділікпен қатысты.
Алғыс айту күнінің құрметіне 1 мамырда денсаулық сақтау ісінің ардагерлері Г.Г.Урмурзинамен және К.К. Максутбаевамен кездесу ұйымдастырылды.
БАҚ бетіне жариялану: Қазақстан телеарнасы бойынша пед. бөлім меңгерушісі Ш.К. Юсупова, аға мейірбике А.С.Саламатовалар сөз сөйледі.
«Денсаулық академиясы» журналында №3 «Алау» балалар санаторийінің қызметі туралы, ТМККК көрсету туралы мақалалар жарияланды.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне ұжыммен және пациенттердің ата-аналарымен салтанатты жиын өткізілді. Балалармен ән-би таңертеңгілігі өткізілді.
Санитарлық-эпидемиологиялық режим және ауруханаішілік инфекциялық бақылау
Шипажайдың тазалық-зарарсыздандыру режимін сақтау жұмыстары ұдайы жүргізіледі.
2016 жылғы қаңтар айында Бостандық ауданының тұтынушалар құқығын қорғау басқармасы сан-эпид тәртібі мен нормаларына сәйкестігі туралы күндізгі стационарға сан-эпидқорытындыны берді.
2016 жылғы мамыр айында санаторий аумағын кенеден тазарту бойынша өңдеу жұмыстары жүргізілді.
22.07.2016 жылы Бостандық ауданының тұтынушалар құқығын қорғау басқармасы жоспарлы тексеруін жүргізді. Анықталған олқылықтар бойынша ескертулер кідіріссіз жойылды.
Тоқсан сайын микробиологиялық зерттеулер жүргізіледі (өзін-өзі бақылау).
Мәселелер
Ғимаратты сейсмикаға қарсы күшейту жүргізу қажет.
Кәріз желілерін, және суық сумен ыстық сумен қамтамасыз ету желілерін толық ауыстыру қажет.
Асхана блогына 60 л ас пісіретін электрлік секциялы-модулденген қазан сатып алу қажет.
Желдеткішке арналған электр қозғалтқышты сатып ала отырып, желдету жабдықтарын күрделі жөндеуден өткізу қажет.
Қалпына келтіре емдеу мен медициналық оңалту ісіне арналған арнайы стандарттар әзірленбеуіне байланысты аккредитациялау шаралары жүргізілмеді.
19. Тұжырымдар
1. Мемлекеттік тапсырыс 100% орындалды.
2. Инфекциялық аурулар есептік жылда болған жоқ.
3. Қызметерлердің білімін жетілдіру мен айналысатын лауазымы бойынша аттестаттау уақытысында әрі 2016 жылдың жоспарына сәйкес өтті.
4. Негізделген шағымдар болған жоқ.
5.Сауықтырудың тиімділігі тұрақты қалыпта, осы есептік жылда сауықтырылған балалардың бәрі жақсырумен емделіп шықты.
6. Бюджет қаржысының үнемделуі есебінен қызметкерлерге ынталандыру төлемдері жүйелі түрде бөлінуде.
20. 2017 жылғы негізгі міндеттер
1. Негізгі көрсеткіштерге жету.
2. Аккредитациядан өту (стандарттарға сәйкес) 2018 ж. I-жыртыжылы;
3. Қаржы қорларын дұрыс бөлу;
4. Жалақы қорының үнемделуіне байланысты қызметкерлерді ынталандыру.
5. Жаңа сауықтыру тәсілдерін енгізу есебінен медициналық қызмет көрсету сапасын, балаларды сауықтыру тәсілдерін жетілдіру және арттыру ісін жалғастыру.
6. Шипажайда инфекциялық аурулардың, жарақаттанудың алдын алу жұмыстарын ұдайы бақылап отыру.
7. Балаларға сауықтыру үшін диагнозын ескере отырып, профиліне сәйкес, Емдеуге жатқызу бюросының порталы арқылы жолдама берген кезде, қала емханаларымен сабақтастықты күшейту қажет.
8. Қызметкерлердің өзге ММ –да тәжірибеден өтуін, кафедраның қатысуымен шеберлік сыныптарын ұйымдастыру, дәрігерлер мен мейірбикелердің БАҚ-пен белсенді жұмыс жүргізуіе, журналдарға мақалалар, тұжырымдар жариялауын ұйымдастыру.
9. Ресурстарды сақтау мен материалдық-техникалық базаны нығайту саясатын бұдан әрі жүргізе беру (смета бойынша жұмсақ және қатты жиһаздарды қосымша сатып алу.
10. Жәредем беретін инвесторлардың, демеушілердің қатысуымен шипажайдың аумағын, және топтарда көгалдандыру мен абаттандыруды жақсарта түсу (гүлдер, ағаштар отырғызу, гүлзарлар орнату).
Достарыңызбен бөлісу: |