2.1.5.1. кесте Электрэнергиясын өндіру, мың кВт/сағ.
Энергия көзі атауы/ жылдар
|
Өлшем бірл.
|
2013
|
2014
|
2015
|
1- ЖЭО
|
мың кВт/с
|
386 554
|
383 778
|
354 695
|
2- ЖЭО
|
мың кВт/с
|
2 555 682
|
2 603 154
|
2 545 758
|
3- ЖЭО
|
мың кВт/с
|
1 087 296
|
1 052 923
|
1 134 779
|
Каскад ГЭС
|
мың кВт/с
|
190 274
|
157 368
|
191 652
|
Қапшағай ГЭС-і
|
мың кВт/с
|
1 008 608
|
838 433
|
858 674
|
«АлЭС» АҚ бойынша, жалпы
|
мың кВт/с
|
5 228 414
|
5 035 656
|
5 085 558
|
Дереккөз: Энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасы
Жылумен жабдықтау
Алматы қаласының жылумен жабдықтау жүйесі қаланың инженерлік инфрақұрылымының ең күрделі жүйесі болып есептеледі. Қаладағы жылуды өндіретін негізгі көз көмір болып отыр. Мысалы, 1 - ЖЭО-да көмірдің үлесі 6,8%-ға жетеді, 2- ЖЭО-да – 99,5%, ал 3- ЖЭО-да – 99%. Жалпы, 2015 жылғы мәлімет бойынша қатты және сұйық отыннан жылу өндіру 70%-ды құрайды.
«Алматыжылукоммунэнерго» ЖШС балансында 76 қазандық бар: оның 71-і газбен жабдықталған, ал 1-і қатты және сұйық отынды қолданады (оның 6-уы бойынша газдандыру жұмыстары жүргізілуде). Бұл ретте, қосылған аумақтардағы кенттерді қоса алғанда, қалада білім және денсаулық сақтау объектілерінің 93 автономиялық қазандығы орналасқан (денсаулық сақтау саласының 30 объектісі және білім беру саласының 63 объектісі), оның 52%-ы қатты және сұйық отын есебінен жылытылады.
2.1.5.2. сурет. ЖЭО және қазандықтардақатты және сұйық отыннан жылу өндіру, 2014-2015 жылдар
1 Қосылған аймақтардың 30 денсаулық сақтау нысандарын және 63 білім беру нысандарын қосады
2 Санаты «Ескі құрылысты салуға»жатады
Дереккөз: Энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасы
Жалпы көлемнен жылу энергиясының 98% (5 579 602 Гкал, 2014 жыл) ең ірі энергия көздері «АлЭС» АҚ кіретін 1-ЖЭО, 2-ЖЭО және БЖК-дан өндіріледі.
Қазіргі уақытта Алматы қаласы бойынша жылу желісінің жалпы ұзындығы 1145,9 километрді құрайды. 2008 және 2016 жылда 153,9 километр жылу желісі қайта жаңғыртылды.
Қаланың орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етілуі қалыпты деңгейде, біртіндеп артуда (2012 жылы 77%, 2015 жылы 78%). Бұл ретте, мәліметтерге орталықтандырылған жылуы жоқ және кішігірім автономиялы қазандықтар жұмыс істеп тұрған, қосылған Наурызбай ауданы кірмеген. Қазіргі кезде Наурызбай ауданы аумағындағы автономиялық қазандықтар мен жылу желілерін қайта жаңғыртудың жоспары пысықталуда.
Күрделі жөндеуден өткен желілердің үлесі төменгі деңгейде, ол жылу желілерінің тозуын арттыруға алып келеді. Жылу желілері тозуының мүмкін болатын деңгейін ұстап қалу үшін магистралдық желілерге басымдық бере отырып, жылына ұзындығы 14 км-ден кем емес магистралдық жылу желілерін, ұзындығы 23 км-ден кем емес тарату жылу желілерін төсеу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |