Газбен жабдықтау
Қалада газды таратумен айналысатын 4 кәсіпорын бар , оның ішіндегі ең ірісі «ҚазТрансГаз - Алмак» ЖШС.
Қала тұрғындарының газды тұтынуы 431,5 млн. куб. метрді құрады немесе қаладағы газды тұтынудың жалпы көлемінің 33,2%, өндірістік қажеттілктерге 820,6 млн. куб. м (63,2%) газ пайдаланылған.
Алматыдағы газбен қамтылудың деңгейі өте жоғары, тіпті халықаралық деңгей үшін де. Газбен қамтудың көрсеткіші 2012 жылы 96%-дан 2014 жылы 97%-ға артты, соның ішінде жеке үйлер бойынша 95%, көпқабатты тұрғын үйлер бойынша 100%, бұл салыстырып отырған қалалардан 20 және одан да көп пайызға жоғары. Бұл ретте, факті бойынша жеке тұрғын үйлердің тек 65%-ы газға қосылған. Шамамен 31 мың үй газ жабдығын сатып алуға қаражаттың болмауы және оны орнату жұмыстарына ақы төлей алмауы себебінен, оның құны бағалау бойынша 300 мың теңгені құрайды, газ құбырына қосылмаған. Бұл ретте, газға қосылмаған үйлер қатты отын (көмір) есебінен жылытылып, ауаны ластауда. Тұрғын үй қорына атмосфералық жалпы шығарындылардың 4% (10,5 мың тонна) тиесілі.
Алматы қаласы бойынша табиғи газды орташа сағаттық тұтынуы 180 мың текше метр/сағатты құрайды, қысқы кезеңдегі қарбалас сағаттарда – 250-260 текше метр/сағат.
Табиғи газдың шығындары 2013 жылғы 49,9 млн. текше метрмен салыстырғанда 49,9 млн. текше метр (берілген газға 3,3%) құрады.
Қаланың тұтынушылары табиғи газбен бірге сығымдалған газды пайдаланады. 2013 жылы тұрғындарға осы отынның 102 тоннасы босатылды, 2014 жылы 45 тонна. 55,9% төмендеуі тұтынушылардың табиғи газды пайдалануына көшуіне және сығымдалған газды пайдаланушы үйлердің санының азаюына байланысты болып отыр.
2016 жылдың басында қаладағы көше газ желілерінің ұзындығы 5 мың км. құрады. Жылдық өсу (2014 жылы 2013 жылдағымен салыстырғанда ) 5% құрады. Әуезов және Бостандық аудандарындағы газ желілері өте ұзын болып табылады. Орам ішілік (ішкі аулалық) желілер 2013 жылмен салыстырғанда 120,6 километрге ұлғайды және 3161,4 километрді құрады.
2015 жылы инженерлік-коммуникациялық газ инфрақұрылымының тозуының деңгейі 36%-ды құрады, мұның өзі өткен кезеңнің осындай көрсеткішінен 1%-ға төмен.
2014 жылы 60 км газ желілері қайта жаңғыртылды.
2015 жылы 65 км газ желілері қайта жаңғыртылды.
Алматы қаласының газ жеткізу жүйесінің қуатын ұлғайту мақсатында 2015 жылы айналып өтетін газ құбырын тарта отырып, ГРС-2-нің қуатын сыртқа шығару жоспарлануда. Бүгінгі күні Алматы қаласын газбен жабдықтау саласындағы өзекті мәселе қала төңірегінде газ шеңберін жасау болып табылады. Осы шаралар табиғи газды пайдалана отырып, тұрғын үйлерді және тұруға арналмаған нысандарды газбен жабдықтауға байланысты мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |