2016 жылғы № шешіміне қосымша V сайланған Алматы қаласы мәслихатының XLVII кезектен тыс сессиясының



бет82/111
Дата05.02.2022
өлшемі6,96 Mb.
#13025
түріБағдарламасы
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   111
3.1. Жайлы қала


3.1.1. Сапалы жолдар және көлік


Сапалы жолдар
2014 жылы Дүниежүзілік экономикалық форумның есебіне сәйкес, Қазақстан жол сапасының әлемдік рейтингісінде 144 елдің ішінде 117 орында тұр. Сарапшылар Қазақстандағы жол бетінің сапасын ықтимал 7 баллдан 2,7-ге бағалады.Қаланың даму бағдарламасында,2020 жылға қарай жақсы және қанағаттандырарлық жағдайдағы жергілікті автомобиль жолдарының сапасын 80%-ға арттыру көзделген. (2015 ж. - 65%).


3.1.1.1. мақсат. Жол байланыстарындағыжүк деңгейін төмендету





Нысаналы индикатор

Өлш. бірл.

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

Жауапты орындаушы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

1

жақсы және қанағаттандырарлық жағдайдағы жергілікті автомобиль жолдарының улесі

%

43

65

60

65

70

75

80

ЖКБ



Алға қойылған мақсаттарға жету жолдары

  • Алматы қаласының Бас жоспарындағы негізгі ережелерді іске асыру;1

  • Қалалық жол желісін кешенді түгендеу жүргізуде,жол желілерінің дәрежесі мен жағдайын анықтау;

  • Түгендеу нәтижесінде жол желілерін барлық бағыттары бойынша техникалық паспорттарды қалыптастыру;

  • Қалалық жол желісінің қамту аумақтар деңгейін анықтау мақсатында түгендеу нәтижесі бойынша қала жолдарының кезекші картасын қалыптастыру;

  • Қалалық жолдардың балансын ескере отырып, аудандық әкімдіктердің балансында жөндеу жұмыстары және амортизация есебін жоспарлау жүйесін енгізу;

  • Жөндеу тізбесінқалыптастыру: көрсетілетін жұмыс түрініңбарлық аудандардағы жол желілерінебірыңғай құрылыс және жөндеу жұмыстарын талап ету мақсатында, құрылыс / жөндеу жұмыстарының мерзімдері мен құны;

  • Жол нысандарыныңқұрылыс/жөндеуәсерін өлшеу (көпірлер, жол айрықтар, көшелер құрылысын қоса алғанда): құрылыс / жөндеу жұмыстарының нәтижесінде, жол салу инфрақұрылымы шешімдерді талдау негізінде болуы тиіс.Бұл талдау, интеллектуалды көлік жүйелері және көлік жүйесін модельдеу құралына негізделуі тиіс;

  • Жол желісін жоғары жылдамдықты қала жолдары және қалааралықлық бірыңғай жүйелі жолдар,көпірлер және көшелер құрылысы негізінде дамыту;

  • Негізгі көшелер мен жолдардың қиылыстарында түрлі деңгейлерде көлік айрығын салу;

  • Күрделілігі әртүрлі деңгейдегі жөндеу жұмыстарын жүргізу: ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу;

  • Жаңа жол желілерінде қауіпсіздікті арттыру үшін іс-шараларды іске асыру.

Қоғамдық көлік
Қала бойынша қозғалыстың орташа жылдамдығы 2020 жылы 19 км/сағаттан 25 км/сағатқа дейін артуы тиіс. Қала тұрғындарының және қонақтарының мобильдік мүмкіндігі қоғамдық көліктер есебінен қамтамасыз етілетін болады. Бұл жеке көлікке балама болмақ. Қоғамдық көлік атмосфераға зиянды заттарды аз бөліп, экологияны жақсарта отырып, жеке көлікке қарағанда энергияны 3-4 есе аз тұтынады. Қоғамдық көлікті дамыту жолдардағы кептелістерді азайтуға, қалалықтардың уақытын және көлікке, инфрақұрылымға арналған шығындарды үнемдеуге әкеледі. 2020 жылы қоғамдық көліктің үлес салмағы 32 %-дан 48 %-ға дейін өседі.
Осы міндетке қол жеткізу үшін, бірінші кезекте жеке көлікпен салыстырғанда қоғамдық көліктің тартымдылығын арттыру қажет. Дамыған елдердің тәжірибесіне сәйкес ынталандыру шаралары қолданылады (айрықша автобус жолақтарының санын көбейту, серіктес қалалар мен көлік қатынасын ұйымдастыру, метроны дамыту және т.б.) және шектеу шаралары (ақылы тұрақтар енгізу, теңгермелі тарифтер және т.б.).
Жаяу жүргіншілерге, мүмкіндігі шектеулі адамдарға, сондай-ақ велокөлікке инфрақұрылымды дамытуға айрықша көңіл бөлінеді. Велокөлікті ынталандырудың басты тәсілі – велосипед инфрақұрылымын жасау.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет