4. ҚАЖЕТТІ РЕСУРСТАР
Алматы қаласының даму бағдарламасын жүзеге асыру үшін бюджеттік және жеке қаржылық ресурстар шоғырландырылады. Бюджеттік қаражат ең алдымен әлеуметтік мәселелерді шешуге, инфрақұрылымды дамытуға және бизнеске қолдау көрсетуге бағытталады.
2016-2020 жылдарға арналған жергілікті және республикалық бюджет шығындарының жалпы көлемі алдын-ала есептерге сәйкес 1,53 трлн. теңгені құрайды.
Жергілікті және республикалық бюджет шығындарынан тыс қосымша жеке салымдар тартылады, сол үшін мемлекеттік және жеке серіктестік механизмдері белсенді пайдаланылады. Жеке мемлекеттік серіктестік шегіндегі қаржылар, ең алдымен жобалық қаржыландыруға бағытталады.
Бағдарламаны қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджет есебінен және солардың қаражаттары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының рұқсат етілген заңнамалары және өзге де деректер шегінде жүзеге асырылатын болады.
Достарыңызбен бөлісу: |