Нысаналыиндикаторлар
|
Өлш. бірл.
|
2014
|
2015
|
2016
|
2017
|
2018
|
2019
|
2020
|
Жау. орынд.
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
1
|
Шет елдік туристердің үлесі
|
%
|
37,9
|
41,8
|
40
|
45
|
46
|
47
|
48
|
УТ
|
Қойылған мақсаттарға жету жолдары
Алматы қаласының танымалдылығын, бәсекелестікке қабілеттілігі және туристік тартымдылығын қамтамсыз ету үшін жағдайлар жасау;
ЮНВТО және ЮНЕСКО қолдауымен Алматы қаласын көтеру үшін Жібек жолы халықаралық брендін пайдалану;
Қаланың дүние жүзіне танымал брендін құру;
Қаланың мәдени және тарихи өзіндік ерекшелігін көрсететін, оның «визит карточкасына» айналуы мүмкін брендті іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
Қаланың мемлекеттік органдары және сервистік секторының қызметкерлері үшін ағылшын тілі курстарының қолжетімділігін арттыру.
3.7. Белсенді азаматтар қаласы
Мәселелерді тиімді шешу үшін азаматтардың белсенділігі Алматы дамуының басты шарты болып табылады.
Бүгінгі таңда дамыған елдердегі ешбір қала халықтың белсенді қатысуынсыз мәселелерді шеше алмайды. Қаланың басты ресурсы – адамдар мен олардың ақылы, шығармашылық қабілеттері. Алматы халқының жоғары белсенділігімен ерекшеленеді, бұл – дамыған үкіметтік емес секторы мен күшті бизнесі бар қала.
Қалада жергілікті атқарушы органдар мен халықтың өзара әрекет етуінің жаңа сипаттамасын жасау қажет. Осылайша, ең басты қағида айқындылық, есеп берушілік пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру болуы керек.
Қала халқымен қарым-қатынас жасау үшін бүгінгі таңда қала тұрғындары қалаға қатысты мәселелер мен оларды шешу жолдарын ұсынған хаттарды жазатын әлеуметтік желілердің аккаунттары жұмыс істеуде.
Қалалық әкімдікпен әріптестіктің негізінде азаматтық қоғамның дамуы әлеуметтік ілгерілеу мен тиімді реформаларды өткізу үшін қолайлы жағдайларды жасауға көмектесетін болады. Бұл - қала саясатының тиімділігін көтерудің, экономикалық өсу мен демократиялық дамудың, жаңғырудың маңызды шарты.
3.7.1. мақсат. Мемлекеттік органдардың мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, жергілікті және өзін-өзі басқару құрылымдарын дамыту жөніндегі қызметін үйлестіру
Достарыңызбен бөлісу: |