Қала республиканың мәдени орталығы болып табылады. Мұнда 200-ден астам демалыс және мәдениет ұйымдары орналасқан, оның ішінде 16 мұражай, 30 кітапхана, 18 театр, 100-ден астам концерттік-ойын-сауық ұйымдары, клубтар мен мәдениет орталықтары, 15 кинотеатр, 9 демалыс паркі, цирк және зообақ бар.
Соңғы 3 жылда ұйымдар саны және оларға келушілер саны орта есеппен көптеген параметрлер бойынша бір деңгейде қалады. Неғұрлым тұрақсыз серпінді театрға келушілер көрсеткіші көрсетіп отыр, бұл театрлардың нақты репертуарларының біршама әсеріне байланысты қалыпты жағдай болып табылады.
2014 жылы тіркелген мәдени-бұқаралық іс-шаралар саны бірнеше есе артты.
2015 жылы «мәдениет саласындағы жүзеге асырылатын әлеуметтік маңызды және мәдени іс-шаралар саны» нысаналы индикаторы бойынша, жоспардағы 149 іс-шараның 137 іс-шарасы өткізілді.
Орындалмау себебі, әлемдік экономикалық жағдайға және дағдарысқа қарсы бұқаралық іс-шаралар өткізуге бағытталған бюджетті оңтайландыру, факт болып табылады.
Қалада тұрақты түрде тарихи-мәдени мұраны сақтау бойынша, оның ішінде, мәдениет мекемелері тарапынан ескерткіштерді орнату, қайта жаңарту және күрделі жөндеу бойынша жұмыс жүргізіледі. Осылайша, 2013 жылы күрделі жөндеу бойынша жұмыстар жүргізілген болатын:
«С.Бегалин атындағы Мемлекеттік балалар кітапханасы» ММ;
2014 жылы 6 тарих және мәдениет ескерткіштеріне ағымдағы жөндеу жүргізілген:
Абай (Ибраһим) Құнанбаев ескерткіші;
Қазақстан Жазушылар одағының ғимараты;
Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының ғимараты;
«Тәуелсіздік монументі» ескерткіші
Шоқан Уәлиханов ескерткіші
Алматы қ, М.Горький атындағы ОКП жазғы театрды ағымдағы жөндеу
Монументалды өнер ескерткіші «28-ші гвардияшы панфиловшылар саябағында Даңқ мемориалдық кешенін» күрделі жөндеу
2015 жылы, атап айтқанда 2 тарихи және мәдени ескерткіштерді, ағымдағы жөндеу жүзеге асырылады:
Жөндеу жұмыстарын жүргізуден басқа, соңғы 3 жылда Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларына сәйкес жаңа ескерткіштер жасалып, орнатылған болатын (2013 жылы – халық ақыны Кенен Әзірбаевқа, 2015 жылы Әди Шаріповке, және демеушілер арқылы Сүйінбай Аронұлы мен Малбагар Меңдіқұловқа).
Қаланың 16 мұражайы ішінде жекелеген мұражайларда заманауи техникалық жабдықпен экспозициялар бар, мысалы, 2012 жылы Қазақ халық музыка аспаптары мұражайы қайта жаңартылған.
Сонымен қатар, қаланың мұражай кешенінде бірқатар мәселелер бар. Бірқатар мұражайлардың материалдық-техникалық жабдықталуы заманауи талаптарға сәйкес келмейді. Алматыда шетелдің мәдени орталықтарында кеңінен ұсынылған заманауи өнер мұражайы, интерактивті ғылым және техника мұражайы жоқ. Осы жағдайлардың барлығы Алматының алдына қаланың мұражай кешенін дамыту бойынша үлкен міндеттер қояды.
Достарыңызбен бөлісу: |