2016 жылғы № шешіміне қосымша V сайланған Алматы қаласы мәслихатының XLVII кезектен тыс сессиясының


кесте. Мәдениет ұйымдарының негізгі көрсеткіштері



бет40/111
Дата05.02.2022
өлшемі6,96 Mb.
#13025
түріБағдарламасы
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   111
2.1.2.4.1. кесте. Мәдениет ұйымдарының негізгі көрсеткіштері

Атауы/жылдар 

Өл. Бір.

2013

2014

2015

Театрлар саны

бірл.

13

13

15

Ұсынылымдар саны

бірл.

1499

1700

1846

Көрермендер саны

мың адам

451,9

462,5

466,9

Мұражайлар саны

бірл.

15

16

16

Келушілер саны

мың адам

314,9

308,3

323

Кинотеатрлар саны

бірл.

26

17

15

Келушілер саны

мың адам

6 354,2

4 712,9

3 903,3

Кітапханалар саны

бірл.

31

30

30

Кітап қоры

бірл.

37 359,1

37 545,2

37 677,1

Оқырмандар саны

мың адам

339,2

374,2

372,6

Парктер саны

бірл.

6

8

9

Концерттік ұйымдар

бірл.

12

11

12

Өткізілген концерттер

бірл.

856

773

696

Концерт көрермендер саны

мың адам

438,5

492,4

543,6

Мәдени-бұқаралық іс-шаралар саны

бірл.

133

452

197

Халықтың орташа жылдық саны

мың адам

1 491 469

1 621 887

1 672 908

Дереккөз:Алматы қаласы Статистика департаментінің санақ жинағы, 2015 жыл.


2.1.2.4.2. кесте. Мәдени іс-шаралар өткізу және мәдениет ұйымдарына бару бойынша көрсеткіштер

Атауы/жылдар

2013

2014

2015

Мәдениет саласында өткізілген әлеуметтік маңызы бар және мәдени іс-шаралар саны, бірлік

133

452

192

1000 адамға есептегенде мәдениет ұйымдарына келушілердің орташа саны










- кітапханалар

225

227,7

222,7

- театрлар

299,7

281

279

- концерттік ұйымдар

290

299,8

324

- мұражайлар

208,8

187,5

193

Мәдениет ұйымдарының қызметтерін өткізу кезінде тапқан қаражаттардың қатынасы, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, %

33,3

32

44,2

Дереккөз: Алматы қаласы Мәдениет басқармасының ведомстволық мәліметтері

Мәдениет ұйымдарының қызметтерін өткізу кезінде тапқан қаражаттардың қатынасы, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, 44,2 % құрады өткен жылдармен салыстырғанда (2013-2014жылдары) 10,9 және 12,2 п.п. өсу қарқыны көрсетіледі.


2.1.2.4.3. SWOT-талдау

Күшті жақтары:
- Алматы қаласы республиканың интеллектуалды, рухани және мәдени орталығы болып табылады;
- барынша дамыған мәдени инфрақұрылым.



Әлсіз жақтары:
- қаланың бірқатар мұражайлары мен кітапханаларын материалдық-техникалық жарақтандырудың жеткіліксіздігі;
- мамандандырылған мәдени қызметкерлер кадрлар ағысының жоғарылығы.



Мүмкіндіктер:
- мемлекеттің орталығы ретіндегі қаланың мәдени-экономикалық келбетін қалыптастыруға әсер ететін заманауи жалпы ұлттық мәдени, ақпараттық орта, мәдениетті сақтау мен дамыту, тұрғындардың рухани-мәдени деңгейін дамыту.

Қауіп -қатерлер:
- кітапхана, мұражай қорларының, мәдени орталықтардың азаюы.

Түйткілді мәселелер:
- қаланың бірқатар мұражайлары мен кітапханаларының жеткіліксіз түрде материалдық-техникалық жарақтандырылуы;
- қазіргі заманғы мұражайлардың жоқтығы, мысалы, осы заманғы өнер мұражайы мен интерактивті ғылыми мұражайлар;
- арт-менеджмент саласындағы білікті мамандардың тапшылығы.

2.1.2.5. Дене шынықтыру және спорт


2015 жылы Алматы қаласының спорттық құрылымдарының желісі 1202 нысанды қамтыған, ол 2013 жылғымен салыстырғанда 11% артық. Қалада 12 стадион, 14 спорт кешені, 32 жүзу бассейні, 5 оқу-жаттығу орталығы, қаланың ЖОО және мектептер жанындағы 282 спорт нысандары жұмыс жасайды.


Қалада 74 спорт түрі дамитын 27 мемлекеттік кәсіпорындар жұмыс істейді. Осы 16 жас-өспірімдер спорт мектептері, 7 спорт клубтары, 2 деңгейі жоғары спорт мектебі, 1 Олимпиадалық резервін даярлау орталығы, спорттағы дарынды балаларға арналған 1 мектеп-интернат. 2015 жылы шұғылданатындардың жалпы саны 13,5 мың адам, 2014 жылы 13 716 адам және 2013 жылы 13604 адам болды.
Білікті спортшылардың санының ұлғаюы байқалады. Мәселен, 2013 жылы халықаралық дәрежедегі ҚР спорт шебері атағына иеленген спортшылар саны 46 болды, 2014 жылы – 60, 2015 жылы – 21 спортшы, 2013 жылы ҚР-ның спорт шеберлері – 186, 2014 жылы – 310, 2015 жылы – 93, 2013 жылы спорт шеберіне үміткерлер – 498, 2014 жылы – 809 және 2015 жылы – 454.
Алматы қаласында дене шынықтыру және спортпен тұрақты түрде шұғылданатын тұрғындар санының өсу үрдісі байқалады. Соңғы 3 жыл ішінде аталған көрсеткіш 2013 жылғы қала тұрғындарының 25,9%-нан (387 099 адам) 2015 жылы қала тұрғындарының 27,5 %-на (406 604 адам) дейін артқан.
2014 жылы қалада 2017 жылғы 28 қысқы Универсиадаға арналған үш нысанның құрылысы басталған: Алатау ауданында 12 мың келушіге арналған мұз айдыны, Медеу ауданында 3 мың келушіге арналған мұз айдыны және 5000 орынды жатақханадан, қызмет көрсету нысандары, дүкендер, тамақтану орындарынан құралатын атлетикалық ауыл бар. 2016 жылы пайдалануға берілу жоспарланып отыр. Бұл ретте, Универсиаданың аясында спорттық ғимараттар тұрғызылып, спорттық инфрақұрылымдар белсенді интеграциялануда. «Олимпиадалық ауылдың» бір бөлігі Алматы қаласының Олимпиядалық даярлау орталығына берілу жоспарлануда, орталықтың спортшылары жатақхана ғимаратында тұруға мүмкіндік алады. Бұл Алматы қаласының аумағына қысқы спорт түрлерінің дамуына жаңа импульс береді, және бұқаралық спорт пен жоғарғы жетістіктер спорттарын дамытуға ықпал етеді.
Алматы спорттық астана ретінде спорттық аренадағы өз орнын нығайтты. Қалада көптеген спорттық алаңдар бар, спорт саласындағы жетекші мамандар, спортшылар және бапкерлер жұмыс жасайды. Алматыда ғылыми-оқу мекемелері, сонымен қатар спорттық және мамандандырылған спорт ұйымдары орналасқан: Спорттық медицина және сауықтыру орталығы, антидопингтік зертханалар, республикалық спорт колледждері, спорттық шеберлігі жоғары мектептер мен интернаттар т.с.с.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің жүргізген республикалық рейтингісіне сәйкес, Жазғы және Қысқы Олимпиада ойындары, сонымен қатар халықаралық ресми кешенді жарыстарға қатысатын спортшылар мен лицензиаттарды дайындау қорытындысы бойынша, кала сенімді түрде 1 орынға ие.
Сондай-ақ, 2015 жылы Алматы қаласы Қазақстан Халықтарының Спартакиадасында жалпы қомандалық есепте 1 орын алды.
Алматы қаласының спортшылары бүкіл Республика құрамының 30%-ын қамтамасыз ете отырып, ұлттық құраманың басты донорлары болып есептеледі.
Мұнда жыл сайын әртүрлі спорттық шаралар өтіп, халықаралық деңгейдегі спорттық табыстарға қол жеткізіледі. 2015 жылы қалада 900 ірі спорттық шара өткізілген
2015 жылдың қорытындысы бойынша Алматы қаласында демеушілік қаражат арқасында 55 ашық спорт аландары салынып, пайдалануға берілді.
Алматы қаласында жыл сайын халықаралық дәрежедегі спорт іс-шараларының өткізілуіне байланысты спорттық аренада өз ұстанымын спорт астанасы ретінде нығайту үстінде. Жыл сайын Алматы қаласының аумағында ірі халықаралық ресми жарыстар өткізілуде. Соңғы төрт жыл ішінде қаламызда қысқы Азия ойындары, ауыр атлетикадан және өрттік-құтқару спортынан әлем чемпионаттары, қол добы, волейболдан және мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы пауэрлифтингтен Азия чемпионаттары, шаңғымен тұғырдан секіруден жазғы және қысқы әлем Кубогінің кезеңдері және т. б. ірі жарыстар өткізілді.
Қалада топтық спорт түрлерімен шұғылдануға арналған жалпы қолжетімді алаңдардың саны өте аз. Қаладағы қолданыстағы алаңдардың көпшілігі мектептер мен ЖОО иелігінде болады немесе жеке тұрғын үй кешендерінің аумағында орналасады. Нәтижесінде ересектердің оқу орнын аяқтағаннан кейін жалпының қолы жететін алаңдарда футбол және баскетбол секілді топтық спорт түрлерімен шұғылдануға мүмкіндіктері өте аз болады. Топтық спорт түрлерімен айналысуға арналған инфрақұрылымдардың жалпы қолжетімділігін дамыту, сондай-ақ қаланың воркаут-алаңдарының жалпы қолжетімділігі жүйесін дамыту алдағы уақытта спорт инфрақұрылымын дамытудың алғашқы кезектегі міндеттерінің бірі болып табылады. Жоғары жетістіктер спорты спорттық құрылымдардың жетіспеушілігін сезінуде, 21 спорт мектебінің тек 4 өз базалары бар. Халықаралық стандарттарға сәйкес сапалы бұйымдар мен заманауи құрылғылар да жетіспейді.
Мектепке дейінгі мекемелердің және жалпы орта білім беретін мекемелердің материалдық базасы әрі қарай дамытуды, жаңартуды және оқушылардың дене тәрбиесі бағдарламасын толық көлемде орындау үшін қажетті спорттық құрылғылармен жабдықтауды талап етеді.
Бүгінгі таңда спорт әртүрлі инновацияларға ұшыраған және спортшылармен жұмыстың ғылыми және инженерлік ізденістерге негізделген жаңашыл әдістемелерін меңгерген мамандарды дайындауға баса назар аударуды талап етеді. Қазіргі кезде осы салада, әсіресе жас мамандар арасында білікті мамандардың жетіспеушілігі байқалып отыр. Спортты, әсіресе, жоғары жетістіктер спортын әрі қарай дамыту үшін жаңа мамандарды дайындауға, сондай-ақ осы саладағы мамандардың біліктілігін арттыруға бас назар аудару керек.


2.1.2.5.1. кесте. Алматы қаласында спортты дамыту бойынша негізгі көрсеткіштер





Нысаналы индикаторлар/Тікелей нәтижелер көрсеткіштері

Өлш.бір.

2013

2014

2015

1

Дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданатын барлық жастағы тұрғындарды қамту

%


25,9

26,5

27,5

2

Дене шынықтыру және спортпен айналысатын бала мен жасөспірім спорт мектептерінде, дене шынықтырумен дайындайтын спорт клубтарындағы 7 мен 18 жасқа дейінгі бала мен жасөспірімдерді қамту

%


7,8

8

8,5

Дереккөз: Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының ведомстволық мәліметтері


2.1.2.5.2. кесте. 2015 жылы Алматы қаласында өткізілген ауқымды халықаралық спорттық іс-шаралар



Самбодан Әлем кубогінің кезеңі;

Әлемдік бокстың WSB сериясы жобасында «Astana Arlans» және «Argentina Condors» командалары арасындағы кездесу;

Спорттық биден халықаралық турнир;

Солтүстік дисциплиналар әлем чемпионаты;

Спидвейдан әлем чемпионаты;

«Кунлинг Файт» ережесіз жекпе-жегінен халықаралық турнир;

«Комбинированная пирамида» бильярд спортынан әлем чемпионаты;

Тоғызқұмалақтан III әлем чемпионаты;

Регбидан Азия чемпионатының матчы;

Қазақстан және Буркина Фасо құрамаларының арасындағы матч;

«EXPO CHAMPIONSHIP 2015» спорттық биден халықаралық турнир;

Футболдан Европа чемпионатына Қазақстан және Түркия құрамаларының арасындағы іріктеу матчы ;

Футболдан «Қайрат» және «Црвена Звезда» командалары арасындағы матч;

Футболдан «Қайрат» және «Алашкерт» командалары арасындағы матч;

Футболдан «Қайрат» және «Абердин» командалары арасындағы матч;

Пауэрлифтингтан мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы Азия чемпионаты;

Жеңіл атлетикадан «Мемориал Г. Косанова» халықаралық турнирі;

Гандболдан әйел командалары арасындағы Азия чемпионаты;

Гольфтан «Kazakhstan open 2015» халықаралық турнирі;

Су добынан жастар арасындағы әлем чемпионаты;

Футзалдан Қазақстана және Босния құрамалары арасындағы халықаралық турнир;

Бокстан М. Хайрутдиновты еске алуға арналған халықаралық турнир;

Шахматтан Орталық Азия кубогі;

Таэквондодан «Kazakhstan open» халықаралық турнирі;

Керлингтан Тынық мұхит - Азия чемпионаты;

Грек-рим күресінен Ш.Сериковты еске алуға арналған Евразия турнир;

Дереккөз: Алматы қаласы Денешынықтыру және спорт басқармасы


2.1.2.5.3. кесте. SWOT-талдау

Күшті жақтары:
- дамыған спорт инфрақұрылымының болуы

Әлсіз жақтары:
- қалада дене шынықтыру және спорт мекемелерінің әлсіз материалдық-техникалық базасы, халықтың, сондай-ақ біліктілігі жоғары спортшылардың сұранысын қанағаттандырмайды;
- бұқаралық және балалар-жасөспірімдер спортының әлсіз дамуы;
- спорттың ғылыми және медициналық базасының болмауы, білікті мамандардың тапшылығы.

Мүмкіндіктер:

  • халықаралық дәрежеде ірі спорттық шаралар өткізу.




Қауіп-қатерлер:
- жалпылама және аула спорт алаңдарында қирату қауіптерінің болуы;
- спорттық жеке және фитнес орталықтарда жаттықтырушылық қызметке мемлекеттік бақылау мен сертификаттаудың төменгі санатта қалуы.



Түйткілді мәселелер:
- спортпен айналысу үшін жалпыға қолжетімді алаңдардың жетіспеуі;
- жоғары жетістіктер спортының материалдық-техникалық базасының жетіспеушілігі;
- білім беру ұйымдарының спорт құралдарымен жеткіліксіз жарақтандырылуы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет