Түйткілді мәселелер:
- мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілді меңгеруге қызығушылықты арттыру және іс қағаздарын жүргізуді толық мемлекеттік тілге көшіруді аяқтау бойынша жұмыс тиісті деңгейде жүргізіліп отырған жоқ.
- мемлекеттік тілді білетін және оны өз жұмысында қолданатын мамандарды көтермелеу тәжірибесі жоқ;
- ағылшын тілін дамытуға жеткіліксіз назар аударылып отыр, одан әрі осы салаға ерекше көңіл бөлу қажет.
2.1.3. Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп
2013 және 2015 жылдар аралығы кезеңіндегі Алматы қаласы аумағындағы жедел жағдайды талдай отырып, осы кезең криминогендік жағдайдың тұрақтандырылуымен сипаталатынын атап өту қажет.
Ішкі істер департаменті соңғы үш жылда қылмыстарды тіркеу мен есепке алуды түбегейлі өзгертуге, қылмыспен күресуге және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған бірқатар ұйымдастырылған шаралар қолданды.
Егер 2013 жылы – 53 918 қылмыс тіркелсе, 2014 жылы - 60 211, ал 2015 жылы 70 098 қылмыс тіркелген.
2015 жылы жалпықылмыстық қылмыстардың статистикалық өсуі Алматы облысының аумағы қосыла отырып, қала шекарасының кеңеюінен 23,2 мың га және халық санының 10%-ға (1 552 349-дан 1 699 714-ке дейін) көбейюінен туындады.
Жаңа қылмыстық заңнаманың енгізілуімен байланысты, тіркелген қылмыстардың жалпы санының 5,5% (3 843-тен 70 098) бұрын әкімшілік құқық бұзушылық болып сипатталған (ҚР ӘҚБтК 46 бабы) қылмыстық әрекеттерге тиесілі.
Үлкен емес (11216) және орташа дәрежелі (48363) қылмыстар 13,9%-ға өскен.
2015 жылы қылмыс жасаған 10 мың тұлғаның жартысы (4800) көрші аймақтардың азаматтары табылды.
Достарыңызбен бөлісу: |