2.1.2.7. Үштұғырлы тілдерді дамыту
Соңғы жылдары мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындар үлесі біртіндеп артып келеді. 2014 жылы халықтың 72%-ын құрап, 2015жылы 3%-ға артып, 75%-ға жетті. Сонымен қатар, қазақ тілінде оқытатын мектептер саны көбейіп келеді – 2013-2015 жылдардағы кезеңде бұл көрсеткіш жалпы мектептер санынан 4 пайызға артты және 70%-ды құрады. Дәл осы фактор жалпы тілдік жағдайға әсере етеді.
Көптеген орта және ірі компаниялар өз қызметкерлеріне мемлекеттік тілді үйретуге байланысты оқытулар жүргізуде.
Мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындар үлесін арттыру жұмыстары бағыты бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Алматы қаласының әкімдігі «Тіл» оқу-әдістемелік орталығын құрған, 10 мультимедиялық кабинет жұмыс жасайды, қалалық әкімдіктің және аудандардың әкімдіктерінің мәжіліс залдары ілеспе аударманы жүзеге асыруға арналған құралдармен жабдықталған, оқыту бағдарламалары әзірленген. Іс жүргізу үлгілерінің жинақтары шығарылған. Басылымдардың электронды нұсқалары бар, олар мемлекеттік тілде іс жүргізуді өз бетімен жүзеге асыру дағдыларын меңгеру үшін қосалқы әдістемелік құрал ретінде ұсынылады.
2014-2015 жылдары тілді жаңа технологиялармен оқытуға арналған «инновациялық оқытудың бағдарламалық ақпараттық кешені» шығарылды. Олар Алматы қаласының әкімдігі ғимаратында 20 кабинетпен, бірқатар мемлекеттік органдар мен аудандардың әкімдері аппараттарында жабдықталған.
Мемлекеттік шенеуніктер үшін, сондай-ақ Алматы қаласының тұрғындары үшін қазақ және ағылшын тілдерін оқыту курстары жұмыс істейді. Қазақ тілі курстарында 2013 жылы - 491, 2014 жылы - 836, 2015 жылы - 797, 2016 жылы - 673 адам оқытылды. Ағылшын тілі курстарында 2013 жылы - 281, 2014 жылы - 216, 2015 жылы - 230, 2016 жылы - 242 адам оқытылды.
Жексенбілік мектептердегі этно-мәдени орталықтардың өкілдері қазақ тілімен бірге, ана тiлiн оқытады.
ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша ҚР-сының Ұлттық тестілеу орталығы мемлекеттік қызметшілердің қазақ тіліндегі білім деңгейін анықтау мақсатында диагностикалық тестілеу өткізді. Ол жерде 2014 жылы 730 адам, 2015 жылы 565 адам, 2016 жылдың жарты жылдығында 2724 адам қатысты.
Алматы қаласында жергілікті атқарушы органдар тұрақты негізде іс өндіріс мониторингін шығарады. Қазақ тіліндегі құжаттар ағыны 2013 жылы -78 %-ды, 2014 жылы – 65%-ды, 2015 жылы – 64%-ды, 2016 жылдың жарты жылдығында - 62 %-ды құрады.
Мемлекеттік тіл саясатын кеңінен насихаттау мақсатында жыл сайын аудандық әкімдіктермен, департаменттермен, этно-мәдени орталықтармен бірлесе отырып, Абай, Т. Шевченко және А. Пушкин шығармашылықтарына арналған қалалық әдеби оқулар өткізіледі: конкурстар: «Мемлекеттік тіл және бұқаралық ақпарат құралдары» (Государственный язык и средства массовой информации); «Тіл – татулық тірегі» (Язык – опора единства); «Көркем сөз оқу шеберлері» (Мастера художественного слова).
«Үштұғырлы тіл» мәдени бағдарламасы аясында мемлекеттік қызметшілер арасында келесі іс-шаралар жүзеге асырылады: «Мемлекеттік тіл – менің тілім» (Государственный язык – мой язык), үш тілді меңгерген жастар арасында - «Тіл-парасат» (Полиглот).
Жоғарыда көрсетілген іс-шаралардың негізгі мақсаты - мемлекеттік тіл саясатын кеңінен насихаттау, жастар арасында қазақстандық патриотизмді қалыптастыру.
«Тіл саясаты аясында заңнама нормаларын бұзушылықтар саны» көрсеткіштерінің базалық тізім көрсеткіші бойынша 2015 жылғы жоспардағы 500, іс жүзінде 520-ны құрады. Көрсеткішке жетпеудің негізгі себебі, тіл саясаты саласындағы заңнаманың орындалмауы болып табылады.
2015 жылы әртүрлі жарнама агенттіктерінен, «Тіл туралы» Заң талаптарына сәйкестігін тексеру үшін 5024 жоба келіп түсті, олардың 520-сына өзгерістер енгізілді, 217-сынан қате табылды, 4283-сына өзгеріссіз қалуына рұқсат берілді.
2016 жылдың 1 маусымына дейін келіп түскен жобалар саны -1825, 250-інен қате табылды, 1453-іне өзгеріссіз қалуына рұқсат етілді.
«Тілдер туралы» Заңды бұзған шенеуніктерге «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 75 бабына сәйкес қабылданған шаралар қолданылады.
Дегенмен көрсеткіштер әлі де төмен және бұл бағытта біршама жұмыс жасау қажет.
Алматы қаласын әлемдік қауымдастыққа кіріктірілген заманауи қала ретінде дамытудың маңызды элементі халықтың ағылшын тілін меңгеру дәрежесі болып табылады. Қазіргі кезде аталған көрсеткішке жеткілікті назар аударылмайды және ағылшын тілін меңгерген ересек тұрғындар үлесі тұрақты түрде анықталмайды. Қаланы әрі қарай дамыту барысында аталған салаға баса назар аудару керек.
Достарыңызбен бөлісу: |