2.1.3.1. сурет. Қылмыс жасаған тұлғалар
Ауыр және аса ауыр қылмыстарды ашу бойынша нысаналы бағытталған жұмыстар жүргізілді.
Нәтижесінде 2015 жылы қылмыстың ауыр түрлері 15,3% (7631/6467), қарақшылық 14,2% (239/205), тонау 9,6% (3335/3016), пәтерден ұрлау 12,5% (9350/8184), көлік құралдарын айдап кету 7,1% (452/420) азайған.
Қоғамдық орындарда жасалған қылмыстардың серпіні мынадай: 2013 жылы – 27 327, 2014 жылы - 29 664, 2015 жылы - 30 830, көшеде 2013 жылы - 17 814, 2014 жылы - 17 351, 2015 жылы - 18 317.
Қалада қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге тәулігіне орташа 810 полиция қызметкері және ҚР ІІМ ішкі әскерінің әскери қызметкерлері қойылады, олар 556 дейінгі патрульдеу маршруттарын қамтиды, оның ішінде 300 автомобильдік және 256 жаяу маршрут.
Ауыр қылмысты ашу 2013 жылы - 24,7%, 2014 жылы - 27,7%, 2015 жылы - 31,7%, аса ауыр 2013 жылы - 70,2%, 2014 жылы - 76,2%, 2015 жылы - 85,0% құрады.
2015 жылдың қорытындысы бойынша кісі өлімін ашу 5,6% (84,2%-дан 89,8%-ға), қарақшылық 5,4% (53,7%-дан 59,1%-ға), денсаулыққа ауыр зиян келтіру 6,7% (76,0%-дан 82,7%-ға), зорлау 5,9% (89,7%-дан 95,6%-ға), тонау 1,9% (18,7-дан 20,6%-ға), ұрлық 4,9% (15,5%-дан 20,4%-ға) жақсарған.
Қалада қылмыстық белсенділікті төмендету мақсатында 184 (2014 жылы - 139) қарақшылық және тонаушы қылмыстық топ, 202 (2014 жылы -183) - ұры ұсталған. Есірткі қылмысы 2014 жылы 360-тан 2015 жылы 891-ге дейін 2,5 есеге көп анықталған.
Құқықтық тәртіпті бұзу мен қауіпсіздіктің қайнар көзіне тұрақты табысы жоқ, бұрын сотталған және шет жақтан келген тұлғалар жатады. 2015 жылы қылмыстық жауапкершілікке қылмыс жасаған (2013 жылы - 4111, 2014 жылы - 4250) 4 359 тұлға (2,6% өскен) тартылған.
Талдау көрсеткендей, қылмыстық жауапкершілікке тартылған 10 170 (2014 жылы - 9 354) тұлғаның, 4 177 (2014 жылы - 3045) немесе 41,1% Қазақстанның өзге өңірлерінің тұрғындары, шетелдіктер - 623 немесе 6,1/% (2014 жылы - 377), тұрақты мекенжайы жоқ тұлғалар 212 немесе 2,1% (2014 жылы - 326) құрайды.
Бұрын қылмыс жасағандар жасаған қылмыстардың серпінін талдауы 2013 жылы- 770, 2014 жылы - 1003, 2015 жылы - 2001 тіркелген қылмыс, яғни 99,5%-ға өскенін көрсетті.
2013-2014 жылдары жасалған бұрын жасалған қылмыстың үлес салмағы тұрақты деңгейде болып, 8,4% құраған, 2015 жылы тіркеудегі өзгеріске байланысты статистикалық есеп 14,7% құраған.
Жасөспірімдер қылмыс серпіні 2013 жылы - 279, 2014 жылы - 249, 2015 жылы - 204 қылмыс тіркелгенін көрсетті.
Кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстың үлес салмағы төмендеп, 2015 жылдың қорытындысы бойынша 1,5% (2013 жылы - 3,0%, 2014 жылы - 2,1%) құраған.
Қылмыс жасаған жасөспірімдер арасында 8,8% (18) – жалпы білім беру мектептерінің оқушылары.
Балаларға қатысты қылмыс үш есе төмен жасалған - 2015 жылы 290 қылмыс.
Достарыңызбен бөлісу: |