Атаулары
|
2013
|
2014
|
2015*
|
млн. адам
|
Барлық көлік түрлері
|
4 238,8
|
4 808,6
|
4 988,2
|
Оның ішінде:
|
|
|
|
Автобуспен
|
3 159,7
|
3 745,2
|
3 915,5
|
Әуедегі жүк көлігімен
|
3,3
|
3,8
|
4,3
|
Таксимен
|
1 052,2
|
1 033,5
|
1 035,2
|
Қалалық электрлі
|
23,4
|
26,1
|
32,9
|
млн. жкм
|
Барлық көлік түрлері
|
32 400,5
|
34 839,7
|
36 271,6
|
Оның ішінде:
|
|
|
|
Автобуспен
|
19 284,5
|
20 933,3
|
21 743,0
|
Әуедегі жүк көлігімен
|
7 484,0
|
7 571,8
|
8 374,4
|
Таксимен
|
5 920,4
|
6 193,2
|
5 929,7
|
Қалалық электрлі
|
128,5
|
141,4
|
224,5
|
Дереккөз: Алматы қаласы Статистика департаменті, Жолаушылар көлігі басқармасының деректері
Жеке көлікпен жолаушылар айналымының ұлғаюының негізгі себебі 2015 жылы 556,3 мың бірлік көлікті құраған жыл сайынғы өсім, сондай - ақ қалаға күн сайын келетін маятникті1 көлік санының (орта есеппен жылына 10%) өсуі болып табылады.
2.1.4.3.1. сурет. Жолдардағы көлік тығыздығының талдамасы
321
250
203
2013 2014 2015
Дереккөз: Жолаушылар көлігі басқармасы; қалалардың статистикалық агенттіктері
Жолдардағы көліктер тығыздығының ұлғаюы қаладағы халықтардың өсуімен бір мезгілде жүрді. Сондықтан Алматының халқын көлікпен қамтамасыз ету деңгейі 2013-2015 жылдары сәл алға шығып, 1000 тұрғынға 375 автокөліктен тиді.
Қозғалыстың орташа жылдамдығы
Көлік жүйесінің тиімді жүргізілуінің негізгі көрсеткіштерінің бірі кептеліс кезіндегі қозғалыстың орташа жылдамдығы болып табылады. Біріккен Ұлттар Ұйымының даму бағдарламасының деректеріне сәйкес Алматы қаласындағы қозғалыстың ағымдағы орташа жылдамдығы кептеліс кезінде сағатына 19 км. құрайды. Бұл салыстырылып отырған қалалардан біршама төмен.
2.1.4.3.2. сурет. Кептеліс кезіндегі қозғалыстың орташа жылдамдығы, 2015 ж.
Дереккөз: «Алматы қаласындағы тұрақты көлік стратегиясы» БҰҰ даму бағдарламасы; Көлік холдингі; қалалардың статистикалық агенттіктері
Жұмыс тобының талдауына сәйкес көлік санының жылына 4% өсуінен (ағымдағы жол инфрақұрылымдарының құрылыс қарқынына қатысты) келесі 5-7 жылда қозғалыстың орташа жылдамдығының 20% төмендеуі күтіледі. Көрсетілген болжамдарды ескере отырып, 2020 жылға қарай қозғалыс жылдамдығы 15 км/сағатқа дейін төмендеуі мүмкін. Сондықтан қалаға көлік тығыздығын төмендетуге бағытталған шараларды қарастыру қажет.
Қоғамдық көлік
Соңғы жылдары қала қазірдің өзінде көрнекті нәтижеге ие көлік инфрақұрылымдарын дамытудың бірқатар жобаларын іске асырды. Төменде қоғамдық көліктегі маңызды инвестициялық жобалар ұсынылды:
Метрополитеннің бірінші желісінің негізгі 2 бөлігінің құрылысын аяқтау;
Сығылған газда жұмыс жасайтын автобустардың саны 635;
Заманауи энерготиімді тролейбустардың саны 195;
Сығылған газда жұмыс істейтін такси саны 400 дана;
3 комуналдық автобустық парктер құрылысы;
Көліктік инфрақұрылымды қалпына келтіру және ішінара жаңғырту;
Пандустармен жабдықталған қалалық көлік үлесі 45% құрайды, оның ішінде 635 автобус және 195 троллейбус. Бұдан басқа, қала бойынша мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін 8260 жол белгілері мен көрсеткіштері орнатылған. Метрополитен де толық мүгедектер үшін жабдықтармен қамтамасыз етілген.
Қаладағы барлық тұрақтарда мүгедектер автомашиналары үшін орындар бар.
Алматы қаласының Абай даңғ., Фурманов, Достық даңғ, Алтынсарин даңғ., сияқты негізгі орталық көшелеріндегі аялдамалар мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін шамамен 150 бірлік пандустармен жабдықталған
Жоғарыда аталған жобалар, қоғамдық көлік қызметінің сапасын соның ішінде, жүзеге асырылған инвестицияларды жақсартты:
Метрополитен құрылысы – жылына 68 млн. пасс.км;
Компримирленген газбен жұмыс істейтін автобустарды сатып алу - жылына 1 млрд. пасс.км;
Қазіргі заманғы және энерготиімді троллейбустар сатып алу – жылына 190 млн. пасс.км;
Компримирленген газбен жұмыс істейтін таксилерді сатып алу – жылына 80 млн. жолаушы/км.
Достарыңызбен бөлісу: |