Көліктік модельдеу
Қаланың көлік жүйесін жақсарту бойынша іс-шараларды өткізуді бағалау және жолдардың тығыздылық деңгейін төмендету мақсатында көлік қозғалысын кешенді зерттеуді өткізу қажет. Аталған бағалау көлікті модельдеу бағдарламасымен жүргізіледі.
Тиісті бағдарламалық қамтамасыз ету «Алматы қаласындағы тұрақты көлік стратегиясы» Біріккен Ұлттар Ұйымының даму бағдарламасы шеңберінде қолға алынып, кейін Көлік холдингіне тапсырылды. 2015 жылғы қазандағы жағдай бойынша көлік моделі толық деңгейде іске қосылмады, әлі іске қосылу үдерісінде тұр.
Достарыңызбен бөлісу: |