Билет беру жүйесі 2016 жылдың 11 қаңтарынан бастап, барлық қалалық бағыттарда «ОҢАЙ» электрондық билетіне көшу жүргізілді. Жолаушылардың барлығы міндетті түрде жүрген жолдарын жүйеге «ОҢАЙ» картасы арқылы тіркеу қажет. Олардың жоғарыда аталған құралдары немесе мүмкіндіктері болмаған жағдайда, азаматтар бір реттік жүруге арналған «OҢAЙ» билетін сатып алуға болады.
Тұрғындардың сұрауы бойынша Алматы қалалық бағыттарда бір жолғы билеттер беретін терминалдарды орналастыру жөніндегі қосымша жұмыстар жүргізілді.
Жолаушылар билеттерін ұмытып кеткенде, толтырмаған кезде немесе басқа себептермен картаны қолданбаған жағдайда, «OҢAЙ» жолаушылар картасы қосымша енгізіледі.
2016 жылдың 20 маусымынан бастап, бір реттік төлемге арнайы көлік терминалдары қойылды. Көлік құрылғысы өз кезегімен және уақтысымен барлық қалалық бағыттарды қамтитын болады.
Бір реттік билетте маршрут нөмірі, көліктің мемлекеттік нөмірі, күні мен уақыты және «OҢAЙ» логотипі белгіленген болады.
Бір реттік билетті пайдалануды қалайтын жолаушылар жол ақысын көлік жүргізушісіне беруі тиіс және арнайы жүргізушінің жанында тұрған көлік құрылғысының көмегімен үлгіде көрсетілген билетті алады.