2016 жылғы № шешіміне қосымша V сайланған Алматы қаласы мәслихатының XLVII кезектен тыс сессиясының



бет61/111
Дата05.02.2022
өлшемі6,96 Mb.
#13025
түріБағдарламасы
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   111
Көлік жүйесінің агломерациясы

Алматы қаласының көлік жүйесі агломерациясының негізгі мәселесі қалалық және қала шетіндегі жүрдек жолаушы көлігінің (LRT, BRT, қала шетіндегі электричкалар) үлкен тасымал қабілетіне ие заманауи жүйелерінің жоқтығы болып табылады. Қала маңындағы бағыттарда жолаушылар тасымалдаудың бар қажеттіліктерін қанағаттандыратын автомобиль көлігінің баламасы жоқ.




Велокөлік
Ірі қалаларда велосипед көлігін дамыту жол жүктемесін төмендету және көліктің тұрақты түрлерін дамыту бойынша танымал шара болып табылады. Велокөлікті дамыту үдерісінде негізгі фактор велосипед инфрақұрылымының болуы болып табылады (веложолдар, велотұрақтар және велопрокат жүйесі).
2015 жылы веложолдардың жалпы ұзындығы 24 км. астамын құрайды, Рысқұлов даңғ., Момышұлы, Ақын Сара к., Дархан ш.а. бастап ҮАК жолының бойындағы магистральдық көшелерді ұзарту кезінде және Абай даңғылын күрделі жөндеу кезінде велосипед жолдары салынды. Сондай-ақ Тимирязев к., Байтұрсынов к. Абай даңғылына дейін және Жандосов к. Саин көшесінен Таусамалы ш.а. дейін күрделі жөндеу кезінде, ұзындығы 17,2 км. веложолдардың құрылысы қарастырылған

.2.1.4.3.4. сурет. Веложолдардың жалпы ұзындығы және қамтылуы, 2015ж.



Дереккөз: баспасөз шолуы, сарапшылармен сұхбат

Велосипед инфрақұрылымының басқа да маңызды құрамдас бөлігі велотұрақтардың бар болуы болып есептеледі. Қаланың аумағында велотұрақтар әкімдік, бизнес құрылымдары және қоғамдық ұйымдардың күшімен орнатылады.


2015 жылы қаланың аумағында жалпы сыйымдылығы 700-900 орын болатын шамамен 120 велотұрақ орналасты. Велотұрақтардың бұл саны велокөлікті дамытуды шектейді, өйткені қаланың көлемінде велокөлікті дамытудың ағымдағы жоспары кезінде жеткіліксіз болып табылады, бұл салыстырмалы түрде басқа қалалардағы велотұрақтармен қамту дейңгейін қарау кезінде байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет