Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ
2021-2022 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ КӨКТЕМГІ СЕМЕСТРІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ТУРАЛЫ НҰСҚАУЛЫҚ
1.Университеттің барлық курстарында оқу процесі 2022 жылдың 24 қаңтарынан басталады.
2.Университет құрылым басшылары, декандар мен кафедра меңгерушілері 21 қаңтарға дейін университеттің ПОҚ, қызметкерлері және білім алушылары арасында көктемгі семестрдің форматы туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу форматтары: кездесулер өткізу, әлеуметтік желілер ( ZOOM, Facebook, Instagram, YouTube) арқылы хабарламалар тарату, жазбаша хабарламалар жіберу және т.б.
3. Көктемгі семестр төмендегідей форматта ұйымдастырылады:
Бакалавриат үшін:
І курстар –онлайн;
ІІ, ІІІ курстар, «Дизайн» ББ IV курсы және қысқартылған ББ І курстары үшін қызыл аймақтан шыққанға дейін аралас оқу (дәріс сабақтар – онлайн, семинар/практикалық, зертханалық сабақтар - офлайн), қызыл аймақтан шыққаннан кейін дәстүрлі оқу форматына көшеді;
Қысқартылған білім бағдарламаларының ІІ, ІІІ курстары үшін - толық онлайн;
Кәсіби практикалар офлайн форматта ұйымдастырылады, сәйкесінше практика базасының болуы жағдайында тұрғылықты мекен-жайы бойынша өткізілуі қарастырылады.
Магистратура бойынша:
Ғылыми-педагогикалық бағыттың І курстары - аралас оқу (дәріс сабақтар – онлайн, семинар/практикалық, зертханалық сабақтар - офлайн);
Бейіндік бағыттың І курстары үшін өндірістік практика – офлайн.
II курстарға зерттеу практика – офлайн;
Докторантура бойынша:
І курстар үшін аралас оқу (дәріс сабақтар – онлайн, семинар/практикалық, зертханалық сабақтар - офлайн);
II курстарға зерттеу практика – офлайн.
4. Деканаттар аралас оқу форматы үшін ІІ, ІІІ курстар және «Дизайн» ББ IV курстарына арналған уақытша сабақ кестесін құрып, бекітеді.
Аралас форматтағы уақытша сабақ кестесін құрудағы талаптар:
мүмкіндігінше «бір аудитория-бір топ» қағидасын ұстану ( онлайн және офлайн сабақтар сабақ кестесіне апта күндері бойынша кезекпен орналастыру);
мүмкіндігінше жылжымалы сабақ кестесін құру ұсынылады (мысалы, бір топта сабақтың басталуы-08.30, екінші топтарда-08.45).
аудиторияларда бетперде кию, әлеуметтік арақашықтық сақталуын қамтамасыз ету;
аудиторияны санитарлық өңдеу, ауаны желдету және т.б. жұмыстар жүргізу үшін дәстүрлі форматта өткізілетін оқу сабақтары үшін үзіліс уақыты 20 минуттан кем болмауы тиіс;
онлайн форматта өткізілетін сабақтар үшін үзіліс уақыты 10 минутты құрайды.
5. Жекелеген білім алушыларға төмендегідей жағдайда оқу процесін қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру мүмкіндігі қарастырылады:
ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттер (ДКК (ВКК) анықтамасы бар жағдайда);
COVID-19, өкпе пневмониясы және басқа жұқпалы аурулардың белгілері анықталған студенттер.
Білім алушы деканатқа мына құжаттарды тапсыруы керек:
өтініш
ДКК (ВКК) анықтамасы
Дәрігер (терапевт) қорытындысы (ПЦР-тестілеудің теріс нәтижесі)
Университетішілік комиссия құжаттарды қарастырып, қорытындысын шығарады.
6. Кафедра меңгерушілері:
17 қаңтарға дейін ББ жұмыс оқу жоспарына сәйкес пәндерді силлабуспен қамтамасыз ету және «Univer» білім беру порталына жүктеу;
21 қаңтарға дейін бейнедәрістерді жазу және оларды факультеттердің Youtube каналына орналастыру;
сабақ кестесінде силлабус ZООM идентификаторы (онлайн форматтағы сабақтар үшін) туралы ақпараттың болуы;
жүргізілген сабақтардың бейнежазбасын (ZOOM және т.б.) сақталуын қамтамасыз ету.
7. Оқытушылар, қызметкерлер мен білім алушылар үшін оқу ғимараттарына, студенттер үйіне кіру талаптары:
Ashyq арқылы сканерлеу кезінде білім алушылар үшін «жасыл» немесе «көк» мәртебесі болуы тиіс;
оқытушылар, қызметкерлер үшін тек “жасыл” мәртебесі болуы;
дене қызуы 37 градустан жоғары, түшкіру, жөтел т.б. жұқпалы вирустық белгілері бар тұлғалар оқу ғимараттарына жіберілмейді. Жұқпалы вирустық белгілері бар студенттер немесе қызметкерлер анықталған жағдайда жауапты құрылым басшылары университет емханасына хабарлауға міндетті.
8. Факультет декандары білім алушылардың оқу ғимараттарына, аудиторияларға кептеліссіз кіруін ұйымдастырады.
9. Жауапты құрылым басшылары оқу ғимараттарында және олардың территорияларында, студенттер үйінде санитарлық-эпидемиологиялық режим талаптарының (білім алушылар мен қызметкерлердің күнделікті термометриясы, дезинфекциялау және т.б.) сақталуын, қызметкерлер, оқытушылар мен студенттерді (18 жастан асқан) вакцинациялау жұмыстарын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
НЕГІЗДЕМЕ: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Нұсқау хаты (15.01.2022 ж. № 2-14-2/140-И).
Академиялық мәселелер бойынша проректор А.С.Сейткан
Достарыңызбен бөлісу: |