2016 жылғы № шешіміне қосымша V сайланған Алматы қаласы мәслихатының XLVII кезектен тыс сессиясының



бет53/111
Дата05.02.2022
өлшемі6,96 Mb.
#13025
түріБағдарламасы
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   111

2.1.4. Инфрақұрылым

2.1.4.1. Байланыс және коммуникация


2013-2015 жылдар аралығындағы кезеңде байланыс және коммуникация нарығы түсім көлемі азайған және 2015 жылы 400 368 млн. теңгені құраған. 2015 жылғы байланыс қызметтерінің нақты көлемінің индексі 103,8% құраған.


2.1.4.1.1. кесте. Байланыс қызметтері нарығы көлемінің даму серпіні

Атауы/жылдар

Өлшем. бірл.

2013

2014

2015*

Пошталық және курьерлік қызмет көлемі

млн. теңге

14 553,1

16 632,1

14 220,1

Байланыс қызметінің кірістері

млн. теңге

371 525

394 614,7

400 368

Оның ішінде:













Қалааралық, халықаралық телефон байланысынан

млн. теңге

20 546,1

23 193,4

17 940,8

Жергілікті телефон байланысы қызметінен

млн. теңге

8 307,9

8 502,4

7 997,1

Телерадиобағдарламаларды беруден

млн. теңге

9 212,0

9 595,3

9 299,2

Интернет желісіне қосылудан

млн. теңге

73 662,5

92 286,5

108 343,3

Кабельдік инфрақұрылым бағдарлама-ларын тарату жөніндегі қызметтер, Сымсыз желілер бойынша және спутник арқылы

млн. теңге

6 988,1

7 644,7

9 538,1

Мобильді байланыстан

млн. теңге

191 506,6

183 548,2

161 620,5

Байланыстың өзге де қызметтерінен

млн. теңге

51 847,4

69 844,0

85 628,8

Байланыс қызметтерінің нақты көлем индексі, алдыңғы жылға %-бен

%

121,4

111,9

101,7

Дереккөз: Алматы байланыс кәсіпорындарының негізгі көрсеткіштері, 12-серия
2015 жылғы жағдай бойынша байланыс және коммуникация нарығының негізгі құрамдас бөліктері:

  • Ұялы байланыс – 40,3%

  • Ғаламтор-қызметтер – 27,0%

  • Телефон байланысы –6,5%

  • Басқа да қызметтер (пошта байланыстарын қоса алғанда) – 26,2%

Төменде әрбір негізгі бағыт бойынша ағымдағы жағдайдың сипаттамасы ұсынылған:
Ұялы байланыс
2013 – 2015 жылдар аралығындағы кезеңде ұялы байланыс нарығын пайдаланушылардың саны мен кірісінің 191 506,6 млн.теңгеден 161 620,5 млн.теңгеге дейін едәуір кемуі байқалды. Бұл ірі (32%) ұялы оператордың («Билайн») Астанаға қоныс аударуымен байланысты болды.
Сонымен қатар, Алматы қаласындағы ұялы байланыстың таралу деңгейі Қазақстан бойынша орташа статистикалық көрсеткіштерден жоғары болады.
Алматы қаласының байланыс нарығындағы негізгі қызметтердің жеткізушілері: «Алтел 4G» (59%1), «Кселл» (21%2), «Билайн» (13%) және «Теле 2» (5%) компаниялары болып табылады. Бұл желілердің республикалық үлестердің таралуынан біршама өзгеше болып келеді, мұнда 2015 жылы абоненттердің ең жоғары үлесі «Кселл» желісіне тиесілі болды.
Нарық қалыптасқан құрылымы мен даму серпінінде бақылайтын ойыншылардың саны аз және аумақтық қамту, ұялы байланыс сапасын арттыру және тарифтік саясат мәселелерін шешу үшін әкімдікті қатыстыру қажет етпейді.
Интернет
2013-2015 жылдар аралығындағы кезеңде ғаламтор-провайдерлерінің кірісі 73 662,5 – 108 343,3 дейін артты. Кірістердің артуының негізгі себептері ғаламтор-пайдаланушылар санының 2 есеге дерлік көбеюі болып табылады.
Кіріс пен пайдаланушылар санының орташа жылдық өсу ырғағы (CAGR) сәйкесінше 16% және 27% құрады. Нәтижесінде қала тұрғындары арасында ғаламтордың таралу деңгейі 22 пайыздық тармаққа шамамен 2 есеге жоғарылады және 46,7% құрады.
Алматы қаласындағы ғаламтор-байланыстың орташа жылдамдығы 2014 жылы 19 Мбит/сек құраған, бұл Қазақстан қалаларының ішінде 14-ші көрсеткіш болып табылады және республикадағы орташа көрсеткіштен сәл жоғары (18,8 Мбит/сек). Тұтас алғанда Қазақстан дүние жүзінде ғаламтор-байланыс жылдамдығы3 бойынша 56 орынды иеленеді. Ғаламтор жылдамдығы КЖЖ4 арналарының таралуы есебінен қамтамасыз етіледі, олардың үлесіне барлық ғаламтор-қызметтерінің 83% сәйкес келеді.
Ғаламтор-қызметтер нарығында 20 ғаламтор-провайдерлері бар. Бұл ретте ұлттық «Қазақтелеком» компаниясы нарық көшбасшысы болып табылады және нарықты 80% иеленеді.
Таралудың салыстырмалы төмен деңгейі мен төмен жылдамдыққа қарамастан пайдаланушылар санының артуының ағымдағы жағдайы және қызметтер нарығында ірі ойыншының болуы нарықтың аталған сегментініңөз бетімен дамитындығын және әкімдік тарапынан араласуды қажет етпейтіндігін көрсетеді.


2.1.4.1.2. кесте. Интернет қызметтерінің ену деңгейі

Атауы/жылдар

Өлш. бірл.

2013

2014

2015*

Тіркелген интернет абоненттерінің саны

мың теңге

553,0

745,9

726,6

100 тұрғынға шаққанда тіркелген Интернет абоненттерінің саны

бірлік

37

48

43

Дереккөз: Алматы қаласы Статистика департаменті.
Тіркелген телефон байланысы
Қалааралық және халықаралық ұялы байланыс қызметінен түскен кірістер 2015 жылы 17 940,8 млн.теңгені құрады. 2013 жылмен салыстырғанда 2605,3 млн.теңгеге дейін азаюы байқалды (2013 жылы – 20546,1 млн.тг). Жергілікті телефон байланыс қызметінің кірісі 2015 жылы 7997,1 млн.тг құрады. 2013 жылмен салыстырғанда 310,8 млн.теңгеге азайғаны байқалды (2013 жылы – 8 307,9 млн.тг). Телефон байланысының сегментіндегі «Қазақтелеком» АҚ нарығының үлесі 92%-ды құрайды.
Кірістер өсімінің орта жылдық қарқыны (CAGR) мен пайдаланушылар саны тиісінше 12% және 4% құрады. Телефон байланысын пайдаланушылардың жалпы санының өсуі қала халқының өсу қарқынымен тепе-тең жүрді, бірақ қалаға жаңа аумақтардың қосылуы нәтижесінде халық арасындағы телефондандыру деңгейі төмендеді.
Жалпы алғанда байланыс және телекоммуникация нарығы ірі коммерциялық компаниялардың (нарықтың негізгі үлесін иеленуші) үлкен ықпалында және оның әрі қарай дамуы көп жағдайда Алматы қаласы бойынша олардың даму стратегиясына байланысты болады.

2.1.4.1.5. кесте. Телефон байланысы қызметтерін пайдаланушылардың саны

Атауы/жылдар

Өлш. бірл.

2013

2014

2015*

Тіркелген телефон желілерінің саны

Мың бірлік

699,6

734,6

706,5

олардың ішінде халық арасында

Мың адам

449,2

463,9

437,6

Дереккөз: Алматы қаласы Статистика департаменті, 2015 жыл.
* 2015 жылға арналған алдын-ала деректер.

Сандық сауаттылық – адамның күнделікті және кәсіби қызметте ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана білуі. Ақпараттық технологиялармен жұмыс істеу дағдыларының деңгейін көтеру барлығы үшін ақпараттық қоғамның ашықтығын ұлғайтады.


Халықтың 6-15 жас аралығындағы балаларды сандық сауаттылық дағдыларына үйретуі білім беру мекемелерінде білім берудің тиісті деңгейінің жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес жүргізіледі.
16-74 жас аралығындағы халықтың компьютерлік (сандық) сауаттылығын ерте көтеру «Ақпараттық теңсіздікті төмендету» бағдарламасын іске асыру барысында жүргізілді. Бағдарлама шеңберінде барлығы 28115 адам оқытылды. 2012 жылдан бастап жергілікті бюджет есебінен компьютерлік сауаттылықты көтеру курстары өткізілуде. 2012 жылдан 2015 жылға дейін 81970 адам оқытылды. 2015 жылы 15000 адам оқытылды.
Халыққа базалық компьютерлік дағдыларды оқыту мақсатында білім басқармасы оқу бағдарламасын әзірледі, оқытушылар құрамы қамтамасыз етілуде, жалпы білім беру мектептерінде оқытуға арналған компьютерлік сыныптар ашылды. Оқу үдерісін қамтамасыз ету үшін жыл сайын қаржы бөлінеді (оқулықтар таратылымы, оқытушылардың жалақысы, компьютерлік сауаттылықты үйренушілерге арналған куәлікті әзірлеу).
Орта мектептердің оқу сыныптарында тәжірибелік сабақтарды орындау арқылы базалық және негізгі оқу жоспарының үлгісінде оқыту семинарлары ұйымдастырылған. Семинарды өткеніне байланысты тыңдаушыларға куәлік беріледі.

2.1.4.1.6. SWOT-талдау

Күшті жақтары:

  • ақпараттық қоғамды дамыту.

Әлсіз жақтары:

  • оқытушылардың кәсіби дайындығының, мектеп оқушылары мен студенттерді үйретуге арналған ақпараттардың төмен деңгейі

Мүмкіндіктер:

  • өңір тұрғындарының ақпараттық техно-логияларды пайдалануға қызығу-шылық танытуы.




Қауіп-қатерлер:

  • халықтың электронды мемлекеттік қызметті алу мүмкіндігінің жоқтығы.




Түйткілді мәселелер:

  • компьютерлік сауаттылықты арттыруға арналған тегін курстарға қатысу төменділігі мен немқұрайдылығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет