2.1.3.2. сурет. Жасөспірімдер қылмысының серпіні
Дерекккөз: Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі Комитеті
Алматы қаласында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жолда ғы жағдайды тұрақтандыруға бағытталған бірқатар ұйымдастырушылық-практикалық шаралар қабылдануда, алдын алу және түсіндіру жұмыстары күшейтілді, жол қозғалысы қатысушыларына қатаң талап қойылды.
Сонымен бірге, көлік саны көбейді, кейбір жүргізушілердің көлік жүргізу мәдениеті төмен, басқа жақтан келген жүргізушілердің көлік жүретін жолдары мен қала көшелерін, жол бағыттарын білмеуі, онда бағдарлауды білмеуі, Алматы қаласында апаттың өсуіне алып келді. 2015 жылы 13,5% (22731-ден 25807-ге дейін) көп жол көлік оқиғасы деректері ресімделген.
Әкімшілік тәжірибені қатайтуға байланысты жол көлік оқиғасындағы жәбірленушілердің саны 2013 жылы - 6872, 2014 жылы - 5588, 2015 жылы – 5552 (- 0,6%), сондай - ақ жарақат алғандардың саны 2013 жылы 20,0% (8189 - ден 6559 - ға) төмендеген.
Сондай-ақ ЖКО кезінде қаза болғандардың саны 19,7%-ға (198-ден 159-ға), оның ішінде балалар 50%-ға (16 –дан8-ге) төмендеген.
2015 жылы 332 310 жол ережесін бұзушылық анықталған (328 190, +1,3%), 2 383 (2388) жүргізуші мас күйінде ұсталған, 5184 астамы– жүргізуші құқығынан айырылған (5709, -9,2%).
Достарыңызбен бөлісу: |