2.1.2.6.3. сурет. Алматы қаласындағы орналастыру орындары
Орналатыру орындарының саны
бірлік
Дереккөзі: «Алматы қаласындағы туризм мен қонақүй шаруашылығын дамыту» (2013-2014 жж.) статистикалық бюллетені, «Алматы қаласындағы 2014 жылдың қаңтар-желтоқсан айларындағы орналастыру орындарының қызметі туралы» Алматы қаласының Статистика департаменті
Егер бөлмелер қорының құрылымын қарастыратын болсақ, оның біраз бөлігі жоғары сегменттегі қонақүйлерде орналасқан. Қаланың қонақүй шаруашылығында санатсыз мейманханалар басым -53,3% және 4* және 3* - 32,3%, ал 5* қонақүйлердің үлесі бар болғаны 6%.
Туристік индустрияны дамыту сараптамасының негізгі көрсеткіштері Алматы қаласын туристік орталыққа айналдыру келешегінің жағымды динамикалық өсімдерін көрсетеді.
«2011-2015 жылдарға арналған Алматы қаласын дамыту бағдарламасында» Алматы қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы 2 мақсатты индекаторды бекітті.
2015 жылдың қорытындысы бойынша 2 индикатордың - 1 мақсатқа жетті, 1 жетпеді.
Анықтама: орналастыру орындарында қызмет көрсетілген келушілер саны-резиденттер, жоспар-440 мың адам, нақты-420,3 мың адам (орындалмаушылық 4,5%);
Ішкі туристер санының төмендеуіне, теңге бағамының түзетілуі себеп болды.
Алайда бұл, өз кезегінде сыртқы туризмге оң әсерін тигізді, себебі қазақстандық еңбек өндірісі бәсекеге қабілеттілігін арттырды.
Достарыңызбен бөлісу: |