Ұзақтығы – 40 минут Балл саны 26 Өзен құндызының санының күрт төмендеуіне әкелетін абиотикалық факторды анықтаңыз. [1]



Дата07.02.2022
өлшемі1,95 Mb.
#89873
Байланысты:
ТЖБ 7 сынып 1 токсан (1)




«Биология» пәнінен 1-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
Ұзақтығы – 40 минут
Балл саны - 26


1. Өзен құндызының санының күрт төмендеуіне әкелетін абиотикалық факторды
анықтаңыз. [1]
A) Аңшылық
B)Су өсімдіктерінің көбеюі
C) Су қоймаларының тартылып қалуы
D) Жаздағы мол жауын-шашын
2. Көптеген ұлуларға тән қасиеттерді анықтаңыз. [1]
A) Протистерге жатады
B) Омыртқалыға жатады
C) Денесінде мантиясы бар
D) Денесі хитиннен тұрады
3. Төмендегі суретте екі түрлі ағза берілген.
Осы ағзалар қандай белгілері арқылы ажыратылады? [1]

A) Омыртқаның болуы мен болмауы


B)Көру мүшелерінің болуы мен болмауы
C)Тыныс алу мүшелерінің болуы мен болмауы
D) Бөліп шығару мүшелерінің болуы мен болмауы


4. Төмендегі суретте ұлпа мен мүшелер жүйесі қандай сандармен белгіленгенін
анықтап жазыңыз. [2]



5. Берілген суретте қоректік тор бейнеленген.

(а) Осы қоректік тордағы продуцентті атаңыз. [1]
_______________________________________________
(b) Үш деңгейден тұратын бір қоректік тізбек құрыңыз. [1]
________________________________________________
(c) Екінші реттік консументті атаңыз. [1]
________________________________________________


6. Өз өлкеңізде тіршілік ететін ҚР Қызыл кітабына енген өсімдік немесе жануарға
мысал келтіріңіз. [1]
________________________________________________


7. Берілген суреттерді зерделеңіз.

Қарапайым дихотомиялық кілтті пайдаланып, Е әріпімен белгіленген жануарды
анықтаңыз. Жаунарды анықтауды көрсететін қадамдарды жазып көрсетіңіз. [2]


(Мысалы: Аяқтары бар – 6 аяғы жоқ/бар - ... - ... - ...)
_______________________________________________



8. Суреттерді зерделеңіз.

(а) Жануар жасушасында кездеспейтін өсімдік жасушасының құрылымдарын атаңыз. [1]
____________________________________________

(b) Жануар және өсімдік жасушаларына ортақ құрылымдарды атаңыз. [1]


____________________________________________


9. Мұғалім оқушыларға мектеп ауласын зерттеуге тапсырма берді. Бір топқа мектеп
ауласының көлеңкелі жағын, екінші топқа күнгей жағын зерттеуді тапсырды.
Зерттеу нәтижесін температура, жарық, ылғалдылық т.б. факторларға байланысты болжаңыз. [4]





10. Ерте кезде жылан мен жауын құртты бір типке «мақұлықтарға» біріктірген.
Қазір олар неге екі түрлі типке жататынын түсіндіріңіз. [2]
_____________________________________________


11. Төмендегі суретке мұқият қараңыз.

(a) Суретте көрсетілген судың қасиетін анықтаңыз. [1]


____________________________________________

(b) Суретте көрсетілген мұздың тығыздығын анықтаңыз. [1]


____________________________________________

(c) Судың осы қасиетінің табиғатта тірі ағзалар үшін маңызын сипаттаңыз. [1]


____________________________________________
12. Мұхиттағы аралда жанартаудың атқылауы болып, арал лава астында қалды делік.
( а) «Сукцессия» ұғымына анықтама беріңіз. [1]
_____________________________________________
(b) Аралды алғаш мекендей бастайтын ағзаларды атаңыз. [1]
____________________________________________


13. Адам экожүйемен тығыз байланыста болады.
Адамның экожүйеге кері және оң әсерін анықтаңыз. [2]


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет