Қысқа мерзімді жоспар Саукенова Назтай Умирзаковна №153. Ш. Есенов атындағы мектеп-лицей Пәні: Технология Сыныбы: 5



Дата30.05.2017
өлшемі51,13 Kb.
#17094
Қысқа мерзімді жоспар

Саукенова Назтай Умирзаковна

153.Ш.Есенов атындағы мектеп-лицей



Пәні: Технология

Сыныбы: 5

Пән мұғалімі: Саукенова Назтай

Сабақтың тақырыбы

ҮЙ ӨСІМДІКТЕРІ ПӘТЕР ИНТЕРЬЕРІНДЕ

Сілтеме

Технология 5-7 сыныптар оқулығы

Авторлары: К. Өстеміров,Н.А. Якупова



Жалпы мақсаты

Пәтер өсімдіктеріндегі бөлме өсімдіктері туралы мағлұмат бері, бөлме өсімдіктерінің түрлері, көбеюі, және күтімімен таныстыру.Өз еркімен жұмыс жасауға, ойын жеткізе білуге тәрбиелеу

Күтілетін нәтиже

Пәтер өсімдіктеріндегі бөлме өсімдіктері туралы білетін болады, бөлме өсімдіктерінің түрлерімен танысады, көбеюі жолдарын біледі және күту тәртібін үйренеді.Өз еркімен жұмыс жасап, ойын жеткізе біледі

Негізгі идеялар

Пәтер интерьерінде бөлме өсімдіктері үй ішіне жақсы атмосфера қалыптастырады. Гүлдер-пәтер жиһазының бір элементі.

Тапсырмалар

Топтық жұмыс Жеке жұмыс Жұптық жұмыс

Кім жылдам? Блум таксономиясы Пилот-штурман



I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Ұжымдық әрекет;2.Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу,назарын сабаққа аудару,топқа бөлу(2-3 минут)

Сынып оқушыларын екі топқа бөліп топтастыру.

I-топ Бегония; II-топ Цикламен

II.Талқылау үшін сұрақтар.Топтық жұмыс «Кім жылдам»(сұрақ-жауап)

Бегония тобының сұрақтары:

1.Ою-өрнек дегеніміз не?

2.Ою-өрнек неше топқа бөлінеді?

3.Өсімдік тектес оюға қандай ою түрлері жатады?

4.Геометриялық ою түрлері?

Цикламен тобының сұрақтары:

1.Космологиялық ою түрлері?

2.Ою-өрнек қандай бұйымдарда қолданылады?

3.Ою-өрнекті бүктеудің түрлері? (Бағдаршам арқылы бағалау)

III.Тұсау кесер.(Оқушы бөлме гүлін жұмбақтап айтады,шешуін табу арқылы сабақтың тақырыбы анықталады)

IV.Жаңа сабақ.Топтық жұмыс. «Қарлы кесек»

Үй өсімдіктері пәтер интерьерінде тақырыпты әр топ өздері оқып,бір-біріне түсіндіреді.Тақырыпты түсінгендігі тапсырма бойынша анықталады.



Бағалау: Екі жұлдыз,бір ұсыныс

V.Жеке жұмыс. «Блум таксономиясы»




Ойлау деңгейі

Сұрақтар

Жауаптары

1

Білу

Адам өмірінде өсімдіктер қандай рол атқарады?




2

Түсіну

Бөлме өсімдіктері не үшін қажет?




3

Қолдану

Пәтердегі бөлме өсімдіктерінің орналастыру тәсілдерін ата?




4

Талдау

Бөлме өсімдіктерін қалай отырғызамыз?




5

Жинақтау

Бөлме өсімдіктерінің көбеюі мен күтімі жөнініде айтып беріңіз?




6

Бағалау

Бөлме өсімдіктерін пайдаланудың маңыздылығын бағалаңыз?




Бағалау: Жетістік критериі арқылы бармақпен бағалу

VI.Топтық жұмыс. Әр топ өздеріне берілген гүлді жазады


Гүлдің аты

Неше жылдық өсімдік

Қандай топтарға жатады

Түсі қандай

Көбею жолдары

Бегония














Гүлдің аты

Неше жылдық өсімдік

Қандай топтарға жатады

Түсі қандай

Көбею жолдары

Цикламен













VII.Жұптық жұмыс: «Пилот-штурман»
Адасқан сөздерді орнына қою арқылы мағыналы сөйлемді табыңдар.

1.Ауру тудыратын, бөлменің ауасын тазартып, өсімдіктер фитонцидті бөледі микроптарды жоятын.

2.Ашық ал қызыл бұталы өсімдік гүлдері бар және ұзақ уақыт гүлдеп тұратын аласа бойлы бұталы өсімдік.
Дұрыс жауабы:

1.Өсімдіктер бөлменің ауасын тазартып,ауру тудыратын микроптарды жоятын фитонцидті бөледі.

2.Қазтамақ-ашық ал қызыл гүлдері бар және ұзақ уақыт гүлдеп тұратын, аласа бойлы бұталы өсімдік.
Өзара бірін-бірі бағалау


Үй тапсырмасы

Үй өсімдіктері пәтер интерьерінде.Сарамандық жұмысқа дайындық

Дереккөздер және жабдықтар

Қағаз, фломастер, стикер, ақ қағаз және т.б



Кейінгі тапсырмалар мен портфолио деректері

Тақырыптың негізгі идеяларының өзі үшін маңыздылығын талдап жазу.Сабақтың рефлексиясын жасау

Кейінгі оқу

Қосымша оқу үшін: қосымша әдебиеттер мен танысу

Сабақты талдау

Сабақты үлгі бойынша және ұстанымдар бойынша талдау.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет