Сәлдегүл таушымылдығы-таушымылдықтар тұқымдасына жатады.Тау етегінен орта тау белдеуіне дейінгі бұталар арасында өседі.Алтай,Тарбағатай,Сауыр және Жоңғар Алатауында кездеседі.Дөңгелеңген түйнек тәрізді тамырында құрттары болады.Гүлі ашық қызыл немесе ақшыл көк түсімен ерекшеленеді.Бойы 35-40 см-ге дейін.Жақсы күтім болса үлкен болып өсіп 20 жыл гүлдейді.Оның мәдени жағдайда өсіріп,сәндік ретінде пайдаланылатын түрі «Пион» деп аталады.Марқакөл,Катонқарағай ұлттық паркінде қорғалады.
Сәлдегүлдің пайдасы және дәрілік қасиеттері:
Бұл керемет өсімдіктің емдік қасиеттері көптеген ғасырлар бойы зерттеліп келеді.
Біздің ата-бабаларымыз шамамен ондаған ауруларға қарсы қолданған.Медицинада тұқымы,гүл,гүлшелері,тамыры пайдаланылады.
Атап айтсақ тырыспа ауруына,қабынуға,өт ауруына,сарыауру.қантсусамыры,қант айналу мүшелерінің ауруына ем ретінде қолданылады.Байқасаңыздар бұл аурулар қазіргі кезде көп кездесетін дерттер.Сәлдегүлден майлар,қайнатылған тұнбалар дайындалады.Одан әрі дәрілік шөп туралы білімімді дамыту үшін дәріхана қызметкерімен сұқбат жүргіздім.
Бұл өсімдіктің тамырынан майлар алынады.Тамырында құрт өсіп жетілгенде,ол құрттардан ұнтақ жасалады.Хош иісі мен тәтті дәмі үшін өсімдіктің гүлі,гүлшелері тұнба ретінде шипалы.Және де ерін далабына,әртүрлі иіс суларға да қосылады.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Сұрақ және жауап. Энциклопедия.
2.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын.
3.Қазақстан өсімдіктер әлемінің асыл қазынасы. Қазақстан Қызыл кітап беттерінен. Алматы:”Алматыкітап” ЖСШ, 2006.-75 бет