Алматы қаласының 2020 жылға дейінгі кезеңде дамуының жалпы мақсаты қала ретінде үдемелі әлеуметтік-экономикалық өсуін, халықтың тұрмысы үшін қолайлы жағдайды және бизнестің дамуына тартымды жағдайды қамтамасыз ету болып табылады.
Алматы қаласын дамытудың негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:
Алматы қаласының тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету;
Өнеркәсіптің тұрақты өсуін қамтамасыз ету және энергия тиімділігін арттыру;
Азық-түлік белдеуін дамыту;
Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту;
Өңіраралық ынтымақтастықты дамыту;
Қолайлы инвестициялық ахуалды қалыптастыру;
Қалада инновациялық ахуалды жақсарту;
Мектепке дейінгі білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету;
Орта білімнің сапасын және инклюзивтігін арттыру;
Қаланың және елдің экономикасының қажеттіліктерін ескере отырып, кәсіби білім мен мамандануды қамтамасыз ету;
Халықтың денсаулығын жақсарту және денсаулық сақтаудың бәсекеге қабілетті жүйесін қалыптастыру;
Еңбек нарығын дамыту және халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету;
Жұмыс орындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
Қайыршылық деңгейін төмендету;
Тұрмысы төмен халықты әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету;
Тарихи-мәдени мұраларды сақтау және дамыту;
Бұқаралық спортты дамыту;
Ұлттың тұрақты дамуы үшін қоғамның бірігіп нығаюын қамтамасыз ету;
Әлемдік деңгейдегі туристік кластерді дамыту;
Құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтың алдын алу жүйесін дамыту;
Техногендік апаттар, қираулар және дүлей зілзала жағдайларында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
Коммуникациялық желілерді дамыту;
Тұрғын үйге және әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына қол жеткізуді қамтамасыз ету;
Тұрғын үй нысандары үшін сапаның жоғары стандарттарын қамтамасыз ету;
Жол желілерінің ластану деңгейін төмендету;
Қоғамдық көліктің мобилділігін және қолжетімділігін қамтамасыз ету;
Тұтынушыларды сапалы және сенімді коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету;
Атмосфералық ластану деңгейін төмендету;
Қалдықтарды басқарудың және қайта өңдеудің заманауи жүйесін құру және қала аумақтарының тиісті санитарлық жағдайын қамтамасыз ету;
Қаланы көріктендіру және көгалдандыру;
Алматы қаласының шағын өзендерін, су нысандарын экологиялық оңалту;
Мемлекеттік органдардың мемлекеттің саясатын іске асыру жөніндегі қызметін үйлестіруді жақсарту, жергілікті басқару және өзін өзі басқару құрылымдарын дамыту.