Экономикалық индикаторларды бағалайтын индекстерде (макроэкономикалық көрсеткіштер – ІӨӨ-нің өсуі, инфляция, жұмыссыздық және т.б. капиталды тартуға, бизнесті дамытуға қабілеттілік) Алматының дамуы орташа мегаполистердің деңгейіне сәйкес келеді.
Z/YenGroup компаниясының Global Financial Centres Index (GFCI) әлемдік қаржы орталықтарының рейтингісінде Алматы 86 қала арасынан 70 орынға ие 2016 жылы.
«Financial Post» баспасының деректері бойынша біздің қаламыз экономикасы барынша қарқынды дамушы 96 қаланың ішінен Топ-10 қаланың құрамына енді.
Беделді «The Economist» баспасының сарапшыларының берген бағасына сәйкес, 2025 жылға қарай Алматы капиталды, технологиялар мен білікті мамандарды тарту бойынша әлемдегі бәсекеге қабілетті жүз қаланың құрамына енеді.
«Doing Business» Дүниежүзілік Банкінің индексіне сәйкес бүгінгі таңда Қазақстан 189 елдің арасынан 35 орынды иеленуде. Бұл индекс Алматының экономикалық көрсеткіштерінің негізінде есептеледі.
Сонымен бірге, әлеуметтік ортаның рейтингісі бойынша орташа қалалардың деңгейінен ептеп артта қалатыны байқалуда.
Айталық, «Mercer» өмір сапасының негізінде Алматы 230 қаланың арасынан 176 орынды, ал «Economist Intelligence Unit» өмір сапасы индексінде 140 мегаполистің арасынан 100-ші орынды иеленіп отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |