Әлеуметтік сала (2020 жылы) Балалардың (3-6 жас) мектепке дейінгі оқумен және тәрбиемен қамтылуы 100% құрайды;
Оның ішінде жекеше мектепке дейінгі ұйымдардың жүйесін дамыту есебінен 37,2 % құрайды.
Балалардың инклюзивті білім берумен қамтылуы жалпы мүмкіндігі шектеулі балалар санының 33,2% құрайды;
Жаратылыс-математикалық тәртібі бойынша мектеп бітірушілер арасында білімділік бағдарламаларын сәтті (үздік/жақсы) меңгерген оқушылардың үлесі 60% құрайды.
15-28 жас аралығындағы жастардың жалпы санында NEET үлесі 6,7% құрайды;
ТКБО оқу орындары түлектерінің ішіндегі еңбекке орналастырылғандардың үлесі алғаш оқу орнын тәмамдағандардың 75% құрайды;
Типтік жастағы (14-24 жас) жастарды техникалық және кәсіби біліммен қамту үлесі 22,7% құрайды;
Мемлекеттік желілер нормативіне сәйкес жалпы орта білім беру ұйымдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету 100% құрайды.
14 жастан 29 жас аралығындағы халықтың мемлекеттік жастар саясатымен қанағаттану деңгейі 80% құрайды;
100 мың тірі туылғандарға шаққанда аналар өлімін азайту 4-ке дейін төмендейді;
1000 тірі туылғандарға шаққанда сәбилер өлімін азайту 6,7 дейін төмендейді;
100 мың халыққа шаққанда жаңадан пайда болған қатерлі ісіктен болатын өлімді 100-ге жеткізу;
15-49 жас тобындағы адамдардың иммуножетіспеушілік вирусының таралуын 0,2-0,6 %, 1,3 пайызды құрайды.
Жұмыссыздық деңгейі 5,1% дейін төмендейді;
Жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша өтініш жасаған тұлғалардың жұмысқа тұрғызылғандарының үлесі 82,0% құрайды;
Мекенжайлық әлеуметтік көмек алушылардан жұмысқа орналастырылғандардың үлесі 26% құрайды;
Мақсатты топтарға өтініш бергендер арасындағы тұрақты жұмыспен қамтылған адамдардың үлесі 66,5% құрайды.
Заңды тұлғалар тартқан шетел жұмыс күшінің құрамындағы білікті мамандардың үлес салмағындағы жергілікті атқарушы органдардың рұқсат беру (шетел жұмысшы күшін тарту квотасы бойынша) үлесі 95% құрайды.
Арнайы әлеуметтік көмек көрсету үшін қамтылған тұлғалардың үлес салмағы (көмек алуға мұқтаж тұлғалардың жалпы санында) 100% дейін жоғарылайды;
Жеке сектордың субъектілері ұсынған арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтылғандардың үлесі (соның ішінде үкіметтік емес ұйымдар) 5,6% құрайды.
Өндiрiстiк жарақаттанудеңгейi (1000 адамға шаққандағы жазатайым оқиғалардың жиiлiк коэффициентi) 0,20 % құрайды.
1000 адамға шаққанда мәдениет ұйымдарына барушылардың орташа саны:
- кітапханаларға 221,4 адам;
- театрларға 285,6 адам;
- концерттік ұйымдарға 304,5 адам;
- мұражайларға 190,7 адам.
Дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын азаматтардың үлесі 30% құрайды;
Балалар – жасөспірімдердің спорт мектептерінде дене дайындығы спорт клубтарында дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын 7 -ден 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерді қамту балалар мен жасөспірімдердің жалпы санының 10% құрайды;
Ішкі туризм бойынша (резиденттер) орналастыру орындары қызмет көрсеткен келушілердің санын арттыру 5 жылда салыстырғанда 30% құрайды;
Келетін туризм бойынша (резиденттер емес) орналастыру орындары қызмет көрсеткен келушілердің санын арттыру, 5 жылда салыстырғанда 30% құрайды;
Тәулігіне ұсынылған орындар саны 5 жылда 30% құрайды;
Мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі 90% құрайды;
Ағылшын тілін меңгерген ересек тұрғындардың үлесі 20% құрайды;
Үш тілді меңгерген (мемлекеттік, орыс және ағылшын) ересек тұрғындардың үлесі 20% құрайды;