2.1.5.3. сурет. Жылу желілерінің көрсеткіштері
Д ереккөз: Энергетика және КШ басқармасының мәліметтері
Егер 2014 жылы жылу желілеріндегі бүліну жағдайлары шамамен 2484 рет тіркелсе, 2015 жылы - 2070 жағдай. Бұл жылу желілерінің тозуы 64%. Шығын деңгейі 18,51%-ды құрайды.
2.1.5.2. кесте. Жылу энергиясын өндіру
Энергия көзі. атауы/жылдар
|
Өлшем бірл.
|
2013
|
2014
|
2015
|
1- ЖЭО
|
Гкал
|
1 416 061
|
1 316 824
|
1 214 605
|
2- ЖЭО
|
Гкал
|
2 515 473
|
3 215 565
|
3 213 137
|
3- ЖЭО
|
Гкал
|
87 774
|
104 067
|
92 458
|
БЖК
|
Гкал
|
940 205
|
943 146
|
510 893
|
«АлЭС» АҚ бойынша, жалпы
|
Гкал
|
4 959 513
|
5 579 602
|
5 031 093
|
Дереккөз: Энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасы
Сумен жабдықтау және су бұру
Алматы қаласы 4 негізгі су көзінен алынатын сумен қамтамасыз етіледі: Үлкен және Кіші Алматы өзендері (сүзгілі тазалау стансаларында тазартылып) және Алматы мен Талғардың жерасты су алатын жерлерінен су алынады.
Су құбырымен қамтамасыз етілуі деңгейі әлемдік деңгейге сәйкес келеді (Наурызбай ауданын қоспағанда). Алматы қаласының су құбырымен қамтамасыз етілу деңгейі (Наурызбай ауданын қоспағанда) , 2012 - 2014 жж. 95% құрады (жылына мөлшерімен 1%-ға өсу).
Алайда бұл мәліметтерге су құбырымен қамтамасыз етілу деңгейі 15% болатын, қосылған Наурызбай ауданы кірмеген. Сумен жабдықтаудың аудандағы жүйесі ауыз су қажеттілігі үшін кіші өзендердің (Қарғалы, Ақсай және олардың сағасы) шикі суын, сондай-ақ құмы бар терең емес ұңғымаларды пайдаланады. Судың сапасы ГОСТ талаптарына сәйкес келе бермейді. Аудандағы қолданылып жүрген су тарататын желіні тұрғындар, құрылыстың СНжЕ талаптарын сақтамай өз бетімен салған.
Күрделі жөндеу жұмыстарын арттыру сумен жабдықтау инфрақұрылымындағы апаттарды, тозуды және шығындарды азайтуға ықпал етеді. Соңғы 3 жылда күрделі жөндеуден өткен желілердің үлесі 2 есеге дейін артты 2013 жылы 0,53%-дан 2015 жылы 1,16%-ға дейін. Соның арқасында жыл сайын апаттардың саны 5%-ға қысқарды.
Бұған қарамастан, шығын деңгейі салыстырып отырған қалалардан едәуір жоғары. Мысалы, 2012 жылы тозу деңгейі 68%, ал сумен жабдықтаудағы шығындар 30% құраған. Бұл көрсеткіштер 2015 жылы тиісінше 66,5% және 26%-ға дейін төмендеген. Сондай-ақ, шығындардың негізгі көздері абоненттік желілерде (40%), иесіз желілерде (20%) және суды есептей алмау (20-40%) болғанын көрсетіп отыр.
Ағымдағы желілерді ауыстыру қадамын сақтау кезінде (1,1%) желілердің тозуы және шығыны мәселелері, келесі 60 жыл бойы сақталатын болады және мақсатты деңгейге (50% шығын) 2030 жылдарға қарай қол жеткізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |