2.1.5.4. сурет. Сумен жабдықтау жүйелерінің көрсеткіштері
Дереккөз: ШЖҚ «Холдинг Алматы Су» МКК мәліметтері
Суды пайдалану 2013-2015 жылдары орташа есеппен 3%-ға қысқарған және 2015 жылы 135 млн. куб. м. құраған. Экономикалық қызмет түрлері бойынша ірі су пайдаланушы болып тұрғын үй қоры мен тамақтану қызметін көрсететін кәсіпорындар (63,05 млн. куб.м) есептеледі, электрмен жабдықтау, су және бу беру және ауамен үрлеуге (кондиционирования) негізделген кәсіпорындар (49,4 млн. куб. м), қайта өңдеумен өнәркәсібі (4,2 млн. куб. м).
Сонымен қатар, есептеуіш құралдарын орнату бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде, ол суды үнемді пайдалануға көмектеседі. Ортақ суды есептейтін құралмен қамтылу деңгейі 100% немесе қажетті 8952 бірліктің 8952-сы. Жеке есептеуіш құралмен жабдықталуы 86,97% құрайды. Қосымша 76,1 мың құрал орнату керек.
Жалпықалалық кәріз қаладан келетін, маңайындағы демалыс аймақтарынан, бірқатар кенттерден және Талғар мен Қаскелең қалаларынан келетін сарқын суды қабылдау, ағызу және тазалауды жүзеге асырады. Суды ағызу жүйелерімен қамту деңгейі қарқынды түрде өсуде: жыл сайын 7%-ға. Алайда, бұл көрсеткішке қосылған Наурызбай ауданы кірмеген. Наурызбай ауданындағы су ағызатын құбырдың ұзындығы 8,9 км (басқа аудандардағы жалпы ұзындықтың 6% ) құрайды.
Коммуналдық меншіктегі кәріз желілерінің ұзындығы 1557,5 км құрайды. Жалпы ұзындық - 1629,5 км. Алматы қаласында күрделі жөндеуден өткен су ағызатын желінің үлесі салыстырып отырған қалалар деңгейінен төмен. 2013 жылы ол 0,3% құрап, 2015 жылы 0,9%-ға дейін өсті. Күрделі жөндеуден өткен су ағызатын желінің үлесі тозған желілердің өсуін жаппайды, ол тозу деңгейінің артуын жылсайын 2%-ға арттырады. Алматыда бұл деңгей 2012 жылы 59% тең болған, 2015 жылы 64%-ға жетті.
Жалпы тозу деңгейі салыстырып отырған қалалардан 3 есеге жоғары деңгейде тұр. Жоғарыда мазмұндалғандардан күрделі жөндеуден өткен су ағызатын желінің үлесі жеткіліксіз екенін байқауға болады.
Күрделі жөндеудің ағымдағы үлесін сақтау кезінде 20 жылдан кейін тозу деңгейі 90 %-ды құрайтын болады, ол келешекте апатты жағдайларға әкеліп, су ағызатын желілердің үлкен бөлігінің істен шығуына алып келеді.
Статистикалық деректер бойынша 2015 жылдың басына өткізілген судың жалпы көлемінен, билогиялық жолмен толық тазартылғаны 98,5% сарқынды су, ол 125,4 млн. куб. м. құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |