3.2.3. Ақылды қала (Smart City)
«Ақылды қала» (Smart City) тұжырымдамасын іске асыру жаңа үрдістің бірі болып табылады. Қала басқаруына ақпараттық технологияларды қолдану, Smart технологиясын енгізу Алматы қаласының басты сипаттамасы болып табылады.
Жобаның мақсаты өмір қауіпсіздігі мен сапасын арттыру, инфрақұрылымдар мен инвестициялық тартымдылықты арттыру, көлік және экологиялық мәселелерді шешу, энергия мен суды қолдану тиімділігін, коммуналдық қызметтер және ақпараттық–коммуникациялық технологияларды қызмет көрсетуге пайдалану тиімділігін арттыру болып табылады.
«Ақылды қалаларды» жүзеге асырудың тиімділігі мен заманауилығы әлемде іске асып жатқан мысалдармен расталады. Лондонда қоғамдық көліктің кешігуі 40 %-ға қысқартылды, жол сиымдылығы 15% артты, зиянды заттардың ауаға таралуы 25% төмендеді. Жылуды пайдалану 25% азайды, көшені жарықтандыру шығыны 40%, электр және жылу орташа есеппен 20%, ал ЖКО саны 20% төмендеді.
«Ақылды қала» тұжырымдамасының халықаралық тәжірибесінің есепке алынуы қаланың өндірістік үдерістері мен қызметтерінің едәуір трансформациясын талап етеді. Трансформация үдерістерді оңтайландыру бойынша ұйымдастыру кешенін қайта қарау, қаржыландыру жолдары мен қызметтер стандарттарын, сондай-ақ ықпалдастырылған ақпараттық жүйелерді енгізуді қамтыған 3 жылдан 7 жылға дейін созылады.
Достарыңызбен бөлісу: |